Медициналық ұйымдарды аккредиттеу стандарттарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2021 жылғы 5 қарашадағы № ҚР ДСМ - 111 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 9 қарашада № 25057 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 5 т. қараңыз

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 25-бабының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Медициналық ұйымдарды аккредиттеу стандарттары бекітілсін.

      2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
міндетін атқарушы
М. Шоранов

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
міндетін атқарушы
2021 жылғы 5 қарашадағы
№ ҚР ДСМ – 111 бұйрығына
1-қосымша

Медициналық ұйымдарды аккредиттеу стандарттары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Медициналық ұйымдарды аккредиттеу стандарттары (бұдан әрі – Стандарт) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі (бұдан әрі – Кодекс) 25-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленді және медициналық ұйымдарды аккредиттеуге қойылатын талаптарды белгілейді.

      2. Осы Стандартта пайдаланылатын терминдер мен анықтамалар:

      1) амбулаториялық жағдайлар – тәулік бойы медициналық байқау мен емдеу көзделмейтін жағдайлар, оның ішінде тәулік бойы жұмыс істейтін стационарлардың қабылдау бөлімшелерінде, медициналық қызметтер көрсету кезінде көрсетіледі;

      2) мейіргерлік күтім – денсаулықты насихаттауды, аурулардың профилактикасын және науқастардың, мүгедектер мен хал үстіндегі адамдардың күтімін қамтитын, барлық жастағы, топтар мен қоғамдастықтардың адамдарына, науқастарға немесе сау адамдарға мейіргерлер және кеңейтілген практиканың мейіргерлері көрсететін медициналық қызметтер кешені;

      3) паллиативтік медициналық көмек – радикалды емдеу жүргізуге көрсетілімдері болмаған кезде жазылмайтын ауру пациенттің ауырсынуын және ауруының (жай-күйінің) ауыр көріністерін жеңілдетуге бағытталған медициналық көрсетілетін қызметтер кешені;

      4) стационарлық жағдайлар – тәулік бойы медициналық байқау, емдеу, күтім, сондай-ақ тамақпен бірге төсек-орын беру көзделетін жағдайлар, оның ішінде емдеу басталғаннан кейін алғашқы тәуліктер ішінде тәулік бойы байқау көзделетін "бір күннің"терапиясы және хирургиясы жағдайларында медициналық қызметтер көрсету кезінде көрсетіледі;

      5) стационарды алмастыратын жағдайлар – тәулік бойы медициналық байқау мен емдеу қажет етілмейтін және төсек-орын беріле отырып, күндізгі уақытта медициналық байқау мен емдеу көзделетін жағдайларда медициналық қызметтер көрсету кезінде көрсетіледі.

2-тарау. Медициналық ұйымдарды аккредиттеу стандарттары

      3. Медициналық ұйымдарды аккредиттеу "Денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-299/2020 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21852 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады.

      4. Аккредиттеуден өту үшін амбулаториялық жағдайларда медициналық көмек, медициналық авиацияны тарта отырып, жедел медициналық жәрдем көрсететін, қан қызметі саласындағы қызметті жүзеге асыратын медициналық ұйымдар:

      1) медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын;

      2) халыққа дәрігерге дейінгі, алғашқы медициналық-санитарлық, мамандандырылған немесе жедел медициналық көмек көрсетуді;

      3) халықтың сырқаттанушылығын, мүгедектігін және өлімін төмендетуге бағытталған профилактикалық іс-шаралар кешенін ұйымдастыру және өткізуді;

      4) созылмалы аурулардан зардап шегетін адамдарды динамикалық байқауды ұйымдастыруды және жүзеге асыруды;

      5) профилактиканың, диагностиканың, емдеу мен оңалтудың жаңа технологияларының қызметін жетілдіру және енгізуді;

      6) басқа денсаулық сақтау ұйымдарымен сабақтастық және ведомствоаралық өзара іс-қимылды;

      7) неғұрлым кең таралған ауруларды, сондай-ақ жарақаттарды, улануларды немесе басқа да кезек күттірмейтін жай-күйлерді диагностикалау мен емдеуді;

      8) Кодекске сәйкес дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысын;

      9) күтім және емдеу рәсімдерін құжаттау кезінде медициналық ақпараттық жүйелерді қолдануды;

      10) "Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 703 қаулысына сәйкес құжаттаманы жүргізуді;

      11) отбасын, ананы, әкені және баланы қорғауды, оның ішінде отбасын жоспарлауды (алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсетілген жағдайда);

      12) профилактикалық іс-шаралар және тәуекел факторларын анықтауды (алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсетілген жағдайда);

      13) ауруларды ерте анықтауға скринингтік зерттеулер жүргізуді (алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсетілген жағдайда);

      14) кең таралған патологиялық жай-күйлер туралы халықтың хабардар болу деңгейін арттыру және саламатты өмір салтын қалыптастыруды (алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсетілген жағдайда);

      15) негізгі инфекциалық ауруларға қарсы иммундауды(алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсетілген жағдайда);

      16) халықты гигиеналық оқыту және халықты қауіпсіз сумен қамтамасыз ету және ұтымды тамақтандыру бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуді (алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсетілген жағдайда);

      17) инфекциялық аурулар ошақтарындағы санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды (алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсетілген жағдайда);

      18) "Қанды, оның компоненттерін дайындау, қайта өңдеу, сапасын бақылау, сақтау, өткізу номенклатураларын, қағидаларын, сондай-ақ қанды, оның компоненттерін құю қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 20 қазандағы № ҚР ДСМ - 140/2020 бұйрығының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21478 болып тіркелген) талаптарын (қан қызметі саласындағы қызметті жүзеге асыратын ұйымдар үшін) қамтамасыз етеді.

      5. Аккредиттеуден өту үшін стационарды алмастыратын және стационарлық жағдайларда медициналық көмек көрсететін медициналық ұйымдар:

      1) медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын;

      2) мамандандырылған, оның ішінде жоғары технологиялық медициналық көмек көрсетуді;

      3) халықтың сырқаттанушылығын, мүгедектігін және өлімін төмендетуге бағытталған профилактикалық іс-шаралар кешенін ұйымдастыру және өткізуді;

      4) созылмалы аурулардан зардап шегетін адамдарды динамикалық байқауды ұйымдастыруды және жүзеге асыруды;

      5) профилактиканың, диагностиканың, емдеу мен оңалтудың жаңа технологияларының қызметін жетілдіру және енгізуді;

      6) басқа денсаулық сақтау ұйымдарымен сабақтастық және ведомствоаралық өзара іс-қимылды;

      7) неғұрлым кең таралған ауруларды, сондай-ақ жарақаттарды, улануларды және басқа да кезек күттірмейтін жай-күйлерді диагностикалау мен емдеуді;

      8) Кодекске сәйкес дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысын;

      9) күтім және емдеу рәсімдерін құжаттау кезінде медициналық ақпараттық жүйелерді қолдануды;

      10) "Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 703 қаулысына сәйкес құжаттаманы жүргізуді;

      11) дәрігердің қарап-тексеруін, медициналық көрсетілімдер бойынша бейінді мамандардың консультацияларын;

      12) диагностикалау және емдеу хаттамаларына сәйкес диагностикалық, оның ішінде зертханалық және патологиялық-анатомиялық (операциялық және биопсиялық материалды гистологиялық зерттеу, цитологиялық зерттеу) қызметтер көрсетуді;

      13) дәрілік заттарды және хирургиялық операцияларды пайдалана отырып, стационарды алмастыратын терапияға себеп болған негізгі ауруды емдеуді;

      14) гемодиализ және перитонеалдық диализ жүргізуді;

      15) химиялық және сәулелік терапия жүргізуді (онкологиялық көмек көрсетілген жағдайда);

      16) медициналық оңалтуды (медициналық оңалту көрсетілген жағдайда);

      17) пациенттің емханаға өз бетінше келуіне мүмкіндік бермейтін жіті және созылмалы жағдайларда оған үйден стационарды ұйымдастыруды;

      18) "Қанды, оның компоненттерін дайындау, қайта өңдеу, сапасын бақылау, сақтау, өткізу номенклатураларын, қағидаларын, сондай-ақ қанды, оның компоненттерін құю қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 20 қазандағы № ҚР ДСМ - 140/2020 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21478 болып тіркелген) сәйкес пациенттерді қанмен, оның компоненттерімен;

      19) паллиативтік көмекті және мейіргерлік күтімді ұйымдастыруды (паллиативтік медициналық көмек көрсетілген жағдайда) қамтамасыз етеді.

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
міндетін атқарушы
2021 жылғы 5 қарашадағы
№ ҚР ДСМ – 111 Бұйрығына
2-қосымша

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің күші жойылған кейбір бұйрықтарын тізбесі

      1. "Медициналық ұйымдарды аккредиттеу стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2012 жылғы 2 қазандағы № 676 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8064 болып тіркелген).

      2. "Денсаулық сақтау субъектілеріне арналған аккредиттеу стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2012 жылғы 2 қазандағы № 676 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 8 сәуірдегі № 266 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13702 болып тіркелген).

      3. "Медициналық ұйымдарды аккредиттеу стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2012 жылғы 2 қазандағы № 676 бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2018 жылғы 5 маусымдағы № 325 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17115 болып тіркелген).