"Туристік операторлық қызметті (туроператорлық қызмет) жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 29 мамырдағы № 156 бұйрығына өзгеріс енгізу т

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2021 жылғы 11 қазандағы № 303 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 13 қазанда № 24735 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 11.10.2021 бастап қолданысқа енгізіледі

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Туристік операторлық қызметті (туроператорлық қызмет) жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 29 мамырдағы № 156 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 6 тамыздағы № 259 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23910 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Осы бұйрық 2021 жылдың 11 қазанынан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.".

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық қолданысқа енгізілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде оны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы тармақта көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2021 жылдың 11 қазанынан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрі
А. Раимкулова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының Ұлттық

      экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар

      және аэроғарыш өнеркәсіп

      министрлігі