"Сотталған адамның әлеуметтік пайдалы байланыстарын қолдау үшін ауыстыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 31 мамырдағы № 375 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2021 жылғы 29 қыркүйектегі № 584 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 4 қазанда № 24603 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Сотталған адамның әлеуметтік пайдалы байланыстарын қолдау үшін ауыстыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 31 мамырдағы № 375 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №15332 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сотталған адамның әлеуметтік пайдалы байланыстарын қолдау үшін ауыстыру қағидаларында:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Ауыстыру мәселесін қарау үшін сотталғанның немесе оның туыстарының өтініштері (бұдан әрі - өтініш) негіз болып табылады.";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "Өтінішті Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне (бұдан әрі - ӘРПК) сәйкес ҚАЖ комитеті қарайды.";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Мекеме әкімшілігі сотталғанға ҚАК, ӘРПК, сондай-ақ осы Қағидалардың талаптарын түсіндіреді және қажет болған кезде оған құжаттармен толықтыруды немесе өтініштің мазмұнын түзетуге ұсыныс жасайды.";

      15-тармақ алып тасталсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ішкі істер Министрі
Е. Тургумбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Бас прокуратурасы

      "___"____ 2021 жыл