"Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдар қызметінің қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2018 жылғы 29 тамыздағы № 379 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 2021 жылғы 22 қыркүйектегі № 343 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 23 қыркүйекте № 24491 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 22 маусымдағы № 230 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 22.06.2023 № 230 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдар қызметінің қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2018 жылғы 29 тамыздағы № 379 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17467 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдар қызметінің қағидаларында:

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Стационарлық үлгідегі ұйымдарда:

      қызмет алушыларға үй жағдайына жақындатылған, жасы мен денсаулық жағдайына барынша барабар тыныс-тіршілік ету жағдайын жасау;

      қызмет алушыларды стационарлық үлгідегі ұйымнан тыс жерлерде өз бетінше және ешкімнің көмегінсіз тұруға дайындау;

      қызмет алушылардың тұру жағдайларын жақсарту, келушілерді қабылдау жағдайларын қамтамасыз ету;

      қызмет алушылардың интернетке қолжетімділігі үшін жағдайлар жасау;

      қызмет алушылардың жеке және құнды заттарының сақталуын қамтамасыз ету;

      қызмет алушыларды және олардың отбасы мүшелерін арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетудің көлемі мен түрлері, стационарлық үлгідегі ұйымдардағы ішкі тәртіп қағидалары туралы хабардар ету;

      қамқорлыққа немесе қорғаншылыққа мұқтаж қызмет алушыларға қатысты стационарлық үлгідегі ұйымның әкімшілігіне жүктелген қамқоршылық және қорғаншылық функцияларын Кодекстің 122-бабының 4-тармағында, 125-бабында белгіленген тәртіппен орындау;

      ғимаратты санитариялық-эпидемиологиялық, қауіпсіздік нормаларына, оның ішінде өртке қарсы қауіпсіздік талаптарына сәйкес ұстау;

      заманауи техникалық жабдықтар;

      стационарлық үлгідегі ұйымның ғимаратын тұруға ыңғайлы болу, оған кедергісіз кіріп-шығуды, орынжай ішінде және ғимаратқа іргелес жатқан аумақта жүріп-тұруды қамтамасыз ету мақсатында құрылыс нормалары мен қағидаларына сәйкес арнаулы құралдармен жабдықтау;

      стационарлық үлгідегі ұйымның құрылтай құжаттарына сәйкес өзге де қызмет қамтамасыз етіледі.";

      мынадай мазмұндағы 10-1-тармақпен толықтырылсын:

      "10-1. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында стационарлық үлгідегі ұйымдар бейнебақылау жүйесімен қамтамасыз етіледі.

      Мыналар:

      1) ұйымға іргелес аумақтың периметрі;

      2) бас және қосалқы кіру есіктері;

      3) жалпы пайдаланудағы үй-жайлар (орындар) мен кабинеттер бейнебақылау жүйесімен жабдықталады.

      Жақын туыстарының өтініші бойынша бейнеқадағалауды көруге рұқсат беріледі.";

      23-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) "Зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Заңда белгіленген зейнеткерлік жасқа жеткен, Кодекске сәйкес өздерінің ата-аналарын, жұбайын (зайыбын) асырап-бағуға және оларға қамқорлық жасауға міндетті еңбек етуге қабілетті кәмелетке толған балалары, жұбайы (зайыбы) жоқ немесе объективті себептер бойынша (бірінші, екінші топтағы мүгедектігінің, онкологиялық, психикалық ауруларының болуына, бас бостандығынан айыру орындарында отыруына, психикалық денсаулық орталығында есепте тұруына немесе елден тыс жерге тұрақты тұруға кетуіне немесе басқа елді мекенде тұруына, қосымша жұбайы (зайыбы) үшін – егде жаста болуына байланысты), сондай-ақ отбасы ішінде жанжал болған жағдайда оларды тұрақты көмекпен және күтіммен қамтамасыз етпейтін еңбек етуге қабілетті кәмелетке толған балалары, жұбайы (зайыбы) бар, өзіне қызмет көрсетуге мүмкіндігі жоқ және денсаулық жағдайына байланысты үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге мұқтаж қарт адамдар.";

      1-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік қызметтер саясатын дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Е.М. Әукеновке жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрінің міндетін атқарушы
А. Сарбасов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Білім және ғылым министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Денсаулық сақтау министрлігі

  2021 жылғы 22 қыркүйектегі
№ 343 бұйрығына қосымша
  Арнаулы әлеуметтік қызметтер
көрсететін ұйымдар қызметінің
қағидаларына
1-қосымша

Стационарлық үлгідегі ұйымдардағы персоналдың ең төмен штат нормативтері

Лауазым атауы

Қызмет алушылардың саны

6-301

25-ке дейін

26- 50

51-100

101-150

151-200

201-250

251-300

301-400

401-500

500-ден артық

Басшы жұмыскерлер мен қызмет көрсетуші-шаруашылық персоналдың штат нормативтері

1

Директор

-

мекемеге 1 бірлік

2

Директордың әкiмшiлiк-шаруашылық жұмыс жөнiндегi орынбасары

-

-

-

-

-

1

1

1

1

1

1

3

Директордың әлеуметтік жұмыс жөніндегі орынбасары

-

-

мекемеге 1 бірлік

4

Директордың медициналық жұмыс жөніндегі орынбасары (кем дегенде 6 дәрігерлік лауазым болған кезде)

-

-

-

-

-

-

-

-


-

1

5

Медициналық бөлімнің меңгерушісі (кем дегенде 6 дәрігерлік лауазым болған кезде)

-

-

-

1

1

1

1

1

1

1

-

6

Бас бухгалтер

-

мекемеге 1бірлік

7

Бухгалтерлік есеп және шаруашылық қызметті талдау жөніндегі экономист

-

-

-

0,5

1

1

1

1

1

1

1

8

Бухгалтер

-

-

1

1

1

1

1

1

1

1

1

9

Мемлекеттік сатып алу жөніндегі менеджер

-

0,5

0,5

мекемеге 1 бірлік

10

Кадрлар жөнiндегi инспектор

-

0,5

0,5

1

1

1

1

2

2

3

3

11

Жұртшылықпен жұмыс жөніндегі маман

-

-

-

мекемеге 1 бірлік

12

Бөлімше меңгерушісі

1

-

-

-

-

-

-

-

-

-

-

13

Шаруашылық меңгерушiсi

-

мекемеге 1 бірлік

14

Қойма меңгерушiсi

-

-

-

мекемеге 1 бірлік

15

Қойма (көкөніс сақтау қоймасы) меңгерушісі (азық-түлік қоймасы, көкөніс сақтау қоймасы болса)

-

-

-

мекемеге 1 бірлік

16

Хатшы-машинистка (референт)

-

0,5

0,5

мекемеге 1 бірлік

17

Дезинфектор



0,5

0,5

1

1

1,5

2

2

2

2

18

Вахтер

-

-

-

1 мекемеге 1 бірлік

19

Лифтер (лифт болса)

-

Қазақстан Республикаы Еңбек кодексінің 101-бабы 7-тармағына сәйкес бекітілген әкімшілік және қоғамдық ғимараттарда қызмет көрсетумен айналысатын жұмыскерлер саны бойынша салааралық үлгілік нормативтерге сәйкес (бұдан әрі – үлгілік нормативтер)

20

Күзетші

-

3

3

мекемеге 4 бірлік

21

Жүргізуші

-

1 техникалық жүріп тұрған көлік құралына 1 бірлік

22

Тракторшы (трактор болса)

-

1 техникалық жүріп тұрған көлік құралына 1 бірлік

23

Бағбан (тазаланатын алаң 0,75 га кем емес)

-

мекемеге 1 бірлік

24

Аула сыпырушы

-

Үлгілік нормативтерге сәйкес

25

Слесарь-сантехник

-

Үлгілік нормативтерге сәйкес

26

Электр жабдықтарын жөндеу және қызмет көрсету жөніндегі электромонтер

-

Үлгілік нормативтерге сәйкес

27

Электр-газ дәнекерлеуші

-

Үлгілік нормативтерге сәйкес

28

Қосалқы жұмысшы

-

Үлгілік нормативтерге сәйкес

29

Ғимараттар мен орын-жайларды ағымдағы жөндеу және қызмет көрсету жөніндегі жұмысшы (ағаш ұстасы, ағаш шебері)

-

Үлгілік нормативтерге сәйкес

30

Газ тектес, сұйық және қатты отынмен жанатын, электрмен ысып істейтін қазандықтарға қызмет көрсетумен айналысатын жұмысшылар

-

Үлгілік нормативтерге сәйкес

31

Қазылған орлардан қатты шөгінділерден болған қоқысты шығару жөніндегі тасушы

-

-

-

4 бірлік кәріз болмаған жағдайда және егер қазылған орларды тазарту орталықтандырылған тәртіпте жүргізілмесе

32

Су сорғы станциясының машинисі (моторшысы)

-

-

-

мекемеге 1 бірлік

Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету жөніндегі персоналдың штат нормативтері

33

Әлеуметтiк жұмыс жөнiндегi маман

1

1,5

2

2,5

3,5

4,5

5,5

6,5

8

9,5

10

Әлеуметтік-тұрмыстық қызмет көрсету жөніндегі персоналдың штат нормативтері

34

Шаштараз 1, 3, 4 (жабдықталған шаштараз бар болса)

-

0,5

0,5

әдеттегі шаштараздарда қызмет көрсету қиын болғанда немесе мүмкін болмаған жағдайда әрбір 100 қызмет алушыға 1 бірлік

35

Санитар-палатадығы 2

Мыналардан:
өзіне-өзі қызмет ету және жеке гигиенаның қарапайым дағдылары болмаған кезде – 6 адамнан (өздігінен қозғала және тамақтана алмайды), үнемі күтімді қажет етеді; өзіне-өзі қызмет ету және жеке гигиена дағдыларының қалыптасуы жағдайында – 8 адамнан (ішінара қалыптасқан) үнемі қадағалауды қажет етеді; тұрмыстық дағдылардың қалыптасуы жағдайында – 10 адамнан (ішінара қалыптасқан); қолының ептілігі дағдыларының қалыптасуы жағдайында – 12 адамнан (еңбек бағдары бағдарламасын іске асыру үшін топ 6 адамнан шағын топқа бөлінеді) тұратын топқа 5,25 ставка

36

Санитар-палатадағы 3,4,5

әрбір тәулік бойы жұмыс істейтін постқа 5,25 ставка. Бiр тәулiк бойғы пост орналасатын алаңның болуын, қажеттiлiгi мен мүмкiндiктердi ескере отырып, кемiнде 50 төсек-орынға қалыптастырылады

37

Бақылау жөніндегі санитар 4

-

әрбір тәулік бойы жұмыс істейтін постқа 5,25 ставка. Бiр тәулiк бойғы пост орналасатын алаңның болуын, қажеттiлiгi мен мүмкiндiктердi ескере отырып, кемiнде 100 төсек-орынға қалыптастырылады

38

Күтім жөніндегі санитар (полиативті көмек палаталарында)

-

Жеке күтімді қажет ететін 6 ауыр науқасқа – 1 бірлік

39

Бас аспазшы

-

-

-

-

0,5

1

1

1

1

1

1

40

Аспазшы

-

1

2

2

3

4

4

5

7

7

8

41

Ыдыс-аяқ жуушы

-

0,5

0,5

1

1

1

1

1,5

2

2

3

42

Жеміс-көкөніс және картоп тазалаушы

-

0,5

0,5

1

2

2

3

3,5

4

5

6

43

Нан кесуші, асхана жұмысшысы

-

-

-

0,5

1

1

1

1

2

3

4

44

Буфетші

-

0,5

0,5

50 қызмет алушыға 1 бірлік

45

Шаруашылық бикесі

-

-

-

әрбір 100 төсек-орынға 1 бірлік, бірақ 1 мекемеге кемінде 1 бірлік

46

Кір жуатын орынның меңгерушісі (машинистердің қатарынан)

-

-

-

-

-

-

-

1

1

1

1

47

Киім және ішкиім жуатын машинист

-

0,5

1

1,5

2

2,5

3

5

7

7

8

48

Санитар (тазалаушы)

-

Үлгілік нормативтерге сәйкес

49

Ваннашы-санитар

-

0,5

1

2

3

4

5

6

6

7

7

Әлеуметтік-медициналық қызмет көрсету жөніндегі персоналдың штат нормативтері

50

Педиатр дәрігер 2,3

-

0,5

0,5

1

1,5

2

2

2

3

3

4

51

Терапевт дәрігер 4,5

-

-

-

1

1,5

1,5

1,5

1,5

2

2

3

52

Невропатолог дәрігер

-

-

-

1

1,5

1,5

1,5

1,5

2

2

2

53

Психиатр дәрігер (психотерапевт) 2,4,5

-

0,5

0,5

1

1,5

2

2

2

2

2

2

54

Травматолог-ортопед дәрігер 3

-

-

-

0,5

1

1

1

1

2

2

3

55

Дәрігер

-

0.5

1

мекемеге 1 бірлік

56

Райттерапия (иппотерапия) жөніндегі инструктор 3,5

-

мекемеге 1 бірлік (тиісті жағдай болғанда)

57

Жүзу жөніндегі инструктор (гидрокинезотерапия) 3,5

-

мекемеге 1 бірлік (бассейн болса )

58

Диеталық тамақ жөніндегі мейіргер

-

0,5

0,5

мекемеге 1 бірлік

59

Дәріхана меңгерушісі (дәріхана болған жағдайда)

-

-

-

0,5

0,5

1

1

1

1

1

1

60

Фармацевт

-

-

-

0,5

1

1

1

1

1

1

1

61

Емдік дене шынықтыру инструкторы

-

тірек-қимыл аппараттары бұзылуының ауыр түріне қызмет алушы 20 адамға немесе тірек-қимыл аппараттары функцияларының орташа бұзылуына байланысты қызмет алушы 40 адамға 1 бірлік, бірақ бір емдік дене шынықтыру инструкторы кабинетіне 2 бірліктен көп емес

62

Бас мейіргер (аға мейіргер)

-

-

-

мекемеге 1 бірлік

63

Мейіргер

-

әрбір тәулiк бойғы постқа – 5,25 ставка. Бiр тәулiк бойғы пост орналасатын алаңның болуын, қажеттiлiгi мен мүмкiндiктердi ескере отырып, кемiнде 50 төсек-орынға қалыптастырылады

64

Массаж жасау жөнiндегi мейiргер

-

0,5

0,5

1

1

2

2

3

4

5

6

65

Акушер, фельдшер 4,5

-

-

-

0,5

1

1

1

1

1

1

1

Әлеуметтік-психологиялық қызмет көрсету жөніндегі персоналдың штат нормативтері

66

Психолог

1

0,5

0,5

1

1,5

2

2

2

2

2

3

Әлеуметтік-педагогикалық қызмет көрсету жөніндегі персоналдың штат нормативтері

67

Әдіскер 2,3

-

-

-

мекемеге 1 бірлік

68

Тәрбиеші 2,3

-

оқу тобына 1,5 бірліктен *

69

Логопед 2,3

-

0,5

0,5

1

1,5

2

2

3

4

4

5

70

Дефектолог мұғалім 2,3,4

-

оқу тобына 1 бірлік *

71

Музыка мұғалімі 2,3,4

-

0,5

0,5

мекемеге 1 бірлік

72

Дене шынықтыру мұғалімі 2,3,4

-

0,5

0,5

мекемеге 1 бірлік

73

Еңбек терапиясы жөніндегі инструктор (еңбекке оқыту мұғалімі) 2,3

-

оқу тобына 1 бірлік *

Әлеуметтік-еңбек қызметін көрсету жөніндегі персоналдың штат нормативтері

74

Еңбек терапиясы жөніндегі инструкторы 4,5

-

1 профильге 1 бірлік (профиль кемінде 6 қызмет алушыны оқытқанда қалыптастырылады)

Әлеуметтік-мәдени қызмет көрсету жөніндегі персоналдың штаттық нормативтері

75

Мәдени ұйымдастырушы

-

0,5

0,5

1

1

1

2

2

2

2

2

76

Музыкалық жетекші

-

-

-

мекемеге 1 бірлік

77

Кітапханашы (кітапхана, лекотека болғанда)

-

мекемеге 1 бірлік

Әлеуметтік-құқықтық қызмет көрсету жөніндегі персоналдың штат нормативтері

78

Заңгер

-

0,5

1

мекемеге 1 бірлік

      Ескертпе:

      1 – стационарлық үлгідегі ұйымдардың жанынан құрылған жоба қуаты 6-дан 30-ға дейін өз бетінше тұруды сүйемелдеу бөлімшелерінде енгізіледі;

      2 – стационарлық үлгідегі балалар психоневрологиялық ұйымдарында енгізіледі;

      3 – ТҚА бұзылған балалар үшін стационарлық үлгідегі ұйымдарға енгізіледі;

      4 – стационарлық үлгідегі психоневрологиялық ұйымдарға енгізіледі;

      5 – қарттар мен мүгедектерге арналған стационарлық үлгідегі ұйымдарға енгізіледі;

      * – оқу топтары "Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 26 наурыздағы № 165 бұйрығына сәйкес қалыптастырылады (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2355 болып тіркелген).

      Жабдықталған мамандандырылған кабинеттер болған кезде ең төмен штат нормативіне енгізілмеген тиісті мамандар қабылданады, алайда бір кабинетке 2 маманнан артық емес.

      Қажеттігіне қарай белгіленген лауазымдар еңбекақы төлеу қоры шегінде бірін-бірі алмастырады.

      Басшы қызметкерлер мен қызмет көрсетуші-шаруашылық персоналды ұстау бойынша шығыстар 1 бірлік қызметтің құнын есептеуге қосылмаған.

      Стационарлық үлгідегі мекемелерде қызметтік автокөлік құралдарының лимиті мынадай көлемде белгіленеді:

      бір жеңіл автомобиль;

      екі санитариялық автомобиль;

      бір жолаушылар автобусы (100 немесе одан көп қызмет алушы болған кезде);

      бір автокөлік құралы (350 немесе одан көп қызмет алушы болған кезде);

      орталық кәрізге қосылу мүмкіндігі жоқ жерлерде орналасқан стационарлық үлгідегі ұйым үшін айына кем дегенде 200 куб қоқыс шығару көлемі болған кезде қоқыс шығаруға арналған бір автомобиль;

      қар, күл шығару, көмірді қазандарға жеткізу және басқа да маусымдық жұмыстарды және басқа да жұмыстарды орындайтын бір трактор;

      сыйымдылығы шағын үйлер үшін қызметкерді алушылардың санына сәйкес бір микроавтобус.

      Бөлімшеде тұратын мүгедектерге қызметтер көрсету қажеттілігі бойынша өзінің лауазымдық өкілеттігі шегінде стационарлық үлгідегі ұйымдардың басқа қызметкерлері тартылады.