"Күзет қызметі саласындағы мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 28 наурыздағы № 261 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2021 жылғы 10 қыркүйектегі № 542 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 15 қыркүйекте № 24359 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Күзет қызметі саласындағы мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 28 наурыздағы № 261 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20224 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Күзет қызметімен айналысу құқығына лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында:

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Көрсетілетін қызметті беруші ұсынылған құжаттарды алған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде олардың толықтығын тексереді.

      Жеке басын куәландыратын құжаттар, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы, заңды тұлғаның жарғысынан, лицензия туралы, көрсетілетін қызметті алушы басшысының жоғарғы заңгерлік білімі туралы (Порталдағы тиісті ақпараттық жүйелерден мәліметтерді алу мүмкіндігі болмаған жағдайда көрсетілетін қызметті алушыдан өтініш келіп түскеннен кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде жоғарғы заңгерлік білімді растайтын құжаттың (диплом) электрондық көшірмесі талап етіледі), соттылығының болмауы туралы, қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылмағандығы туралы, көрсетілетін қызметті алушы басшысының еңбек қызметін растайтын (Порталдағы тиісті ақпараттық жүйелерден мәліметтерді алу мүмкіндігі болмаған жағдайда көрсетілетін қызметті алушыдан өтініш келіп түскеннен кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде еңбек қызметін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі талап етіледі), психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдардан (медициналық анықтамалар), меншік құқығындағы жылжымайтын мүлік туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкіметтің" шлюзі арқылы, лицензиялық алымның, оның ішінде лицензияны қайта ресімдегені үшін төленгені туралы "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық пакетін тапсырмаған және (немесе) мерзімі өтіп кеткен құжаттарды тапсырған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-мен қол қойылған электрондық құжат нысанында өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тарту жолдайды.";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық пакетін тапсырған кезде көрсетілетін қызметті беруші 7 (жеті) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттарды зерделейді және көрсетілетін қызметті алушыны "Күзет қызметін жүзеге асыру үшін біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 959 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10371 болып тіркелген) сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің басқармасына талаптарды жолдау жолымен біліктілік талаптарына сәйкестігіне тексереді.

      Стандарттың 9-тармағында көзделген негіздер болған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ алдын ала шешім бойынша көрсетілетін қызметті алушыға позициясын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.

      Тыңдау туралы хабарлама алдын ала, бірақ мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмей жолданады. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

      Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті алушыға көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-мен қол қойылған электрондық құжат нысанында оң нәтиже не мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту жолданады.";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Көрсетілетін қызметті алушы лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін өтінішті тапсырған кезде көрсетілетін қызметті беруші ұсынылған құжаттарды алған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде оларды қарайды және толықтығын тексереді. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық пакетін тапсырмаған және (немесе) мерзімі өтіп кеткен құжаттарды тапсырған жағдайда не стандарттың 9-тармағында көзделген негіздер бойынша көрсетілетін қызметті алушыға көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-мен қол қойылған электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту жолданады.

      Көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды қарағаннан және тиісті тексеріс жүргізілгеннен кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу құқығына құжаттарын қоса бере отырып, өзінің басшысының атына қағаз форматта баянат (еркін нысанда) жазады және "Е-лицензиялау" МДБ" АЖ-да мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін қалыптастырады және ол көрсетілетін қызметті берушінің басшысы қол қойғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-мен қол қойылған электрондық құжат нысанында жолданады.";

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Көрсетілетін қызметті алушы лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқасын беру үшін өтінішті тапсырған кезде көрсетілетін қызметті беруші ұсынылған құжаттарды алған сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде оларды қарайды және толықтығын тексереді. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық пакетін тапсырмаған және (немесе) мерзімі өтіп кеткен құжаттарды тапсырған жағдайда не стандарттың 9-тармағында көзделген негіздер бойынша көрсетілетін қызметті алушыға көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-мен қол қойылған электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту жолданады.

      Көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды қарағаннан және тиісті тексеріс жүргізілгеннен кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқасын беру құқығына құжаттарын қоса бере отырып, өзінің басшысының атына қағаз форматта баянат (еркін нысанда) жазады және "Е-лицензиялау" МДБ" АЖ-да мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін қалыптастырады және ол көрсетілетін қызметті берушінің басшысы қол қойғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-мен қол қойылған электрондық құжат нысанында жолданады.";

      3-тарау мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      14. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.

      Шағым көрсетілетін қызметті берушіге, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі.

      Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей осы шағым мен әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жолдайды.

      Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам, егер ол үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын қолайлы шешім қабылдаса, әкімшілік әрекет жасаса, шағымды қарайтын органға шағымды жолдамауға құқылы.

      Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 25-бабының 2-тармағына сәйкес оны тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарауға жатады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.";

      1-қосымшада:

      реттік нөмірі 8-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

8

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

1) лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаны алу, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін:
мәліметтер нысанымен толтырылған көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен қол қойылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
2) лицензия жоғалған, бүлінген кезде көрсетілетін қызметті алушы порталдағы тиісті ақпараттық жүйелерден лицензия туралы мәліметтерді алу мүмкіндігі болмаған жағдайда ғана көрсетілетін қызметті берушіге лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқасын алу үшін жүгінеді және мынадай құжаттарды ұсынады:
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен қол қойылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
3) "Террористік тұрғыдан осал объектілерді күзетуді қоспағанда, күзет қызметтерінің барлық түрі" қызметтің кіші түрі бойынша 1) тармақшаға сәйкес құжаттар қоса беріледі;
4) "Күзет қызметтерінің барлық түрі, оның ішнде террористік тұрғыдан осал объектілерді күзету" қызметтің кіші түрі бойынша 1) тармақшада көрсетілген құжаттармен бірге мынадай құжаттар:
жалдап пайдалану жағдайларында орталықтандырылған күзет пунктін орналастыру үшін офистік үй-жайдың болуын растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері;
орталықтандырылған бақылау пультінің болуын растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері:
- орталықтандырылған бақылау пульті қызметкерлерінің болуы туралы штаттық орналастырудың электрондық көшірмесі;
- күзетілетін объектілерде орнатылған қабылдау-бақылау аспаптарынан сигналдарды қабылдауды жүзеге асыратын компьютерлік техникаға және тиісті бағдарламалық қамтамасыз етуге, сондай-ақ күзетілетін объектілерден деректерді сақтауға арналған меншікті қорғалған серверге техникалық құжаттаманың (түгендеу нөмірлері, жүкқұжаттар, фискалдық чектер немесе басқа құжаттар) электрондық көшірмелері;
радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсаттың не жиілігі бар радиобайланыстарға абоненттік қызмет көрсетуге (жалға алу) арналған шарттың электрондық көшірмесі;
штаттық орналастырудың және мобильді топтарды (жедел ден қою тобын) құру және тиісті қызметкерлерді лауазымға тағайындау туралы бұйрықтардың электрондық көшірмелері;
мобильді топтардың (жедел ден қою топтарының) жүріп-тұруына арналған меншік құқығындағы кемінде екі көлік құралын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктердің электрондық көшірмелері қоса беріледі.

      ";

      реттік нөмірі 10-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

10

Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті ЭЦҚ болған жағдайда Портал арқылы электрондық нысанда алады.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты Порталда "жеке кабинеті" арқылы қашықтықтан кіру режимінде, сондай-ақ бірыңғай байланыс-орталығы арқылы алуы мүмкін.
Бірыңғай байланыс-орталығы: 1414, 8-800-080-7777.

      ";

      3-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Уәкілетті органның жеке күзет ұйымында басшы және күзетші лауазымдарын атқаратын жұмыскерлерді даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі мамандандырылған оқу орталығын айқындау" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында:

      7-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық пакетін тапсырмаған және (немесе) мерзімі өтіп кеткен құжаттарды тапсырған жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері көрсетілген мерзімде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-мен қол қойылған электрондық құжат нысанында өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тарту жолдайды.";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық пакетін тапсырған кезде көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері күнтізбелік 3 (үш) күні ішінде ұсынылған құжаттарды зерделейді және көрсетілетін қызметті алушыны "Күзет қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкестігіне тексереді.

      Стандарттың 9-тармағында көзделген негіздер болған кезде көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ алдын ала шешім бойынша көрсетілетін қызметті алушыға позициясын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.

      Тыңдау туралы хабарлама алдын ала, бірақ мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмей жолданады. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

      Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті алушыға көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-мен қол қойылған электрондық құжат нысанында оң нәтиже не мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту жолданады.";

      3-тарау мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      13. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.

      Шағым көрсетілетін қызметті берушіге, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі.

      Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей осы шағым мен әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жолдайды.

      Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам, егер ол үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын қолайлы шешім қабылдаса, әкімшілік әрекет жасаса, шағымды қарайтын органға шағымды жолдамауға құқылы.

      Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 25-бабының 2-тармағына сәйкес оны тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарауға жатады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.";

      1-қосымшада:

      реттік нөмірі 10-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

10

Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті ЭЦҚ болған жағдайда Портал арқылы электрондық нысанда алады.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты Порталда "жеке кабинеті" арқылы қашықтықтан кіру режимінде, сондай-ақ бірыңғай байланыс-орталығы арқылы алуы мүмкін.
Бірыңғай байланыс-орталығы: 1414, 8-800-080-7777.

      ";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Ұлттық компанияның күзет ұйымын құруын уәкілетті органмен келісу" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында:

      7-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық пакетін тапсырмаған және (немесе) мерзімі өтіп кеткен құжаттарды тапсырған жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері көрсетілген мерзімде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-мен қол қойылған электрондық құжат нысанында өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тарту жолдайды.";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық пакетін тапсырған кезде көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері 5 (бес) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттарды зерделейді және көрсетілетін қызметті алушыны "Күзет қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкестігіне тексереді.

      Стандарттың 9-тармағында көзделген негіздер болған кезде көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ алдын ала шешім бойынша көрсетілетін қызметті алушыға позициясын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.

      Тыңдау туралы хабарлама алдын ала, бірақ мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмей жолданады. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

      Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті алушыға көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-мен қол қойылған электрондық құжат нысанында оң нәтиже не мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту жолданады.";

      3-тарау мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      13. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.

      Шағым көрсетілетін қызметті берушіге, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі.

      Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей осы шағым мен әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жолдайды.

      Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам, егер ол үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын қолайлы шешім қабылдаса, әкімшілік әрекет жасаса, шағымды қарайтын органға шағымды жолдамауға құқылы.

      Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 25-бабының 2-тармағына сәйкес оны тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарауға жатады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.";

      1-қосымшада:

      реттік нөмірі 10-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

10

Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті ЭЦҚ болған жағдайда Портал арқылы электрондық нысанда алады.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты Порталда "жеке кабинеті" арқылы қашықтықтан кіру режимінде, сондай-ақ бірыңғай байланыс-орталығы арқылы алуы мүмкін.
Бірыңғай байланыс-орталығы: 1414, 8-800-080-7777.

      ".

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Күзет қызметін бақылау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ішкі істер Министрі
Е. Тургумбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар

      және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер Министрінің
2021 жылғы 10 қыркүйектегі
№ 542 бұйрығына
қосымша
  "Күзет қызметімен айналысу
құқығына лицензия беру"
мемлекеттік қызмет көрсету
қағидаларына 3-қосымшамен
бекітілген

Күзет қызметімен айналысу құқығына лицензия беру/лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу бойынша мәліметтер нысаны

      1. Жалпы ақпарат

      1) ___________________________________________________________________
(бизнес-сәйкестендіру нөмірі)

      2) ___________________________________________________________________
(заңды тұлғаның атауы)

      2. Күзет ұйымы басшысының, сондай-ақ олардың филиалдары мен өкілдіктері басшыларының біліктілік талаптары туралы мәліметтер

      1) ____________________________________________________________________
(мамандығы және біліктілігі)

      2) ____________________________________________________________________
(лицензияланатын қызмет түрінің бейіні бойынша жоғарғы білім туралы дипломның нөмірі және берілген күні)

      3) ____________________________________________________________________
(оқу орнының атауы)

      4) ____________________________________________________________________
(жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың/жеке еңбек шартының нөмірі және күні)

      5) ____________________________________________________________________
(арнайы бағдарлама бойынша курстан өткені туралы куәліктің нөмірі және берілген күні)

      6) ____________________________________________________________________
(даярлау және біліктілікті арттыру жөніндегі мамандандырылған оқу орталығының атауы және заңды мекенжайы)

      7) ___________________________________________________________________
(теріс себептер бойынша босатылғаны туралы мәліметтер)

      8) ___________________________________________________________________
(Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 52-бабы 1-тармағының 9), 10), 11), 12), 15), 16) және 17) тармақшалары бойынша еңбек шартын бұзу туралы мәліметтер)

      3. Террористік тұрғыдан осал объектілерді күзету үшін жеке күзет ұйымына, сондай-ақ оның филиалдары мен өкілдіктеріне қойылатын біліктілік талаптары туралы мәліметтер ("Күзет қызметтерінің барлық түрі, оның ішнде террористік тұрғыдан осал объектілерді күзету" қызметтің кіші түрін алған кезде толтырылады)

      1) ____________________________________________________________________
(меншік құқығында кеңсе үй-жайдың болуы (ия/жоқ))

      2) ____________________________________________________________________
(кеңсе үй-жайға құжаттың кадастрлық нөмірі (меншік құқығында болған жағдайда толтырылады)

      3) ____________________________________________________________________
(радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсаттың болуы (ия/жоқ))

      4) ____________________________________________________________________
(радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсаттың нөмірі және күні (болған жағдайда толтырылады))

      5) _____________________________________________________________________
(мобильді топтардың (жедел ден қою топтарының) саны)

      6) _____________________________________________________________________
(мобильді топтарға (жедел ден қою топтарына) арналған көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктердің нөмірі мен күні)

      7) _____________________________________________________________________
(қару мен оның патрондарын сатып алуға, сақтауға, сақтауға және алып жүруге рұқсаттың нөмірі мен күні)

      4. Ұлттық компанияның күзет ұйымын құруын уәкілетті органмен келісу туралы мәліметтер

      1) _____________________________________________________________________
(Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің келісу хатының нөмірі және күні)

      5. Лицензиялық алымды төлеу

      1) _____________________________________________________________________
(сомасы және төлеу туралы түбіртектің нөмірі және күні)

      6. Әкімшілік жауапкершілік туралы ескерту

      1) _____________________________________________________________________
(Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі 464-бабының 2-бөлігі бойынша лицензия алған кезде көрінеу анық емес (жалған) ақпарат бергені үшін)