БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында қызмет өткеру үшін адамдар денсаулық жағдайына қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2020 жылғы 22 желтоқсандағы № 722 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21863 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында қызмет өткеру үшін адамдар денсаулық жағдайына қойылатын талаптарға 6-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Бас әскери-медициналық басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3) алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрі |
М. Бектанов |
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі |
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі |
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі |
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі |
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті |
Әскерге шақыру учаскелеріне тіркеу, мерзімді әскери қызметке шақыру кезінде азаматтардың Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің түрлері мен әскер тектері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары бойынша әскери қызметке жарамдылық санаттары
Тағайындау көрсеткіші* | А-1 | А-2 | А-3 | А-4 | Б-1 | Б-2 | Б-3 | Б-4 | ||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Дене бітімі дамуының көрсеткіштері, аурулардың, бағандар бойынша талаптар тармақтары мен тармақшаларының тізбесі | Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің Айрықша мақсаттағы күштері | ҚР ҚК ДШӘ, барлау, тау-егерьлік бөлімдері, теңіз жаяу әскері, арнайы мақсаттағы бөлімдері | Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының (бұдан әрі – ҚР ҰҰ) арнайы және жедел мақсаттағы бөлімдері | Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің бөлімдері, ӘТК | ҚР ҚК әскери полициясы, химиялық, инженерлік, жалпыәскери, артиллериялық бөлімдері | Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімдері, жаяу әскер жауынгерлік машиналары, танкілер мен тартқыштар жүргізушілері, экипаж мүшелері | Әуе қорғанысы күштерінің, ҚР ҰҰ байланыс, айдауыл бөлімдері | Қазақстан Республикасы ҚК, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының қалған бөлімдері | ||
Бойы (см) | мынадан ұзын емес | 195 | - | - | ӘТК– 186 | - | 175** | - | - | |
мынадан төмен емес | 180 | 170 | 165*** | 160 | 165 | 160 | 160 | 155 | ||
ДСИ | мынадан аз емес | 18,5 | 18,5 | 18,5 | 18,5 | - | - | - | - | |
Мынадан төмен емес қашықтықтан көру өткірлігі | түзетусіз | 0,6/0,6 | 0,5/0,4 | 0,5/0,4 | 0,5/0,4 | 0,5/0,2 | 0,5/0,2 жүргізушілер – 0,8/0,4 | 0,5/0,1 | - | |
түзетумен | - | - | - | - | - | - | - | 0,5/0,2 немесе 0,4/0,4 | ||
Түсті сезу | дихромазия | ЖЗ | ЖЗ | ЖЗ | ЖЗ | Жүргізушілер – ЖЗ | ||||
Түсті әлсіз сезіну |
ІІІ дәр. (А) немесе | ЖЗ | ЖЗ | Жүргізушілер – ЖЗ | ||||||
І дәр. (С) | - | - | - | - | хим – ЖЗ | - | - | - | ||
Есту: мынадан кем емес сыбырлап сөйлеу (м) | 6/6 | 6/6 | 6/6 | 6/6 | 5/5 | 6/6 | 5/5 | 3/4 | ||
Инфекциялық және паразитарлық аурулар | ||||||||||
Толық сауығу нәтижесімен және он екі ай бойы ремиссия тұрақтылығымен вирусты гепатиттерге, сүзектік-қылаулық ауруларға шалдыққаннан кейінгі жай-күй | ЖЗ | ЖЗ | ЖЗ | ЖЗ | - | ЖЗ | - | - | ||
анамнезде 6-тармақ, 3) тармақша | ЖЗ | - | - | - | - | - | - | - | ||
Эндокриндік жүйе аурулары, тамақтанудың және зат алмасудың бұзылуы | ||||||||||
12-тармақ, 3) тармақша | ЖЗ | ЖЗ | ЖЗ | ЖЗ | - | - | - | - | ||
жеткіліксіз дене салмағы | ЖЗ | ЖЗ | ЖЗ | ЖЗ | ДСИ кемінде 18,0 кг/м² | |||||
I дәрежелі семіздік | ЖЗ | ЖЗ | ЖЗ | ЖЗ | - | - | - | - | ||
Психикалық бұзылу | ||||||||||
14-тармақ, 4) тармақша | ЖЗ | ЖЗ | ЖЗ | ЖЗ | ЖЗ | ЖЗ | ЖЗ | - | ||
Нерв жүйесінің аурулары | ||||||||||
21-тармақ, 3) тармақша | ЖЗ | ЖЗ | ЖЗ | ЖЗ | - | - | - | - | ||
26-тармақ, 4) тармақша | ЖЗ | ЖЗ | ЖЗ | ЖЗ | - | ЖЗ | - | - | ||
Көз және оның қосалқы аппараты аурулары | ||||||||||
29-тармақ, 3) тармақша | ЖЗ | ЖЗ | ЖЗ | ЖЗ | хим – ЖЗ | ЖЗ | - | - | ||
33-тармақ, 2) тармақша | ЖЗ | ЖЗ | ЖЗ | ЖЗ | - | ЖЗ | - | - | ||
Құлақ пен емізік тәрізді өсінді аурулары | ||||||||||
37-тармақ | ЖЗ | ЖЗ | ЖЗ | ЖЗ | хим – ЖЗ | - | - | - | ||
38-тармақ, 3) тармақша | ЖЗ | ЖЗ | ЖЗ | ЖЗ | - | ЖЗ | - | - | ||
39-тармақ, 3) тармақша | ЖЗ | ЖЗ | ЖЗ | ЖЗ | - | ЖЗ | - | - | ||
Қан айналымы жүйесі аурулары | ||||||||||
42-тармақ, 4) тармақша | ЖЗ | ЖЗ | ЖЗ | ЖЗ | - | - | - | - | ||
45-тармақ, 4) тармақша | ЖЗ | ЖЗ | ЖЗ | ЖЗ | - | - | - | - | ||
46-тармақ, 2) тармақша | ЖЗ | ЖЗ | ЖЗ | ЖЗ | - | ЖЗ | - | - | ||
Тыныс алу ағзасы аурулары | ||||||||||
48-тармақ, 3), 4), 5) тармақшалар | ЖЗ | ЖЗ | ЖЗ | ЖЗ | хим – ЖЗ | - | - | - | ||
50-тармақ, 3) тармақша | ЖЗ | ЖЗ | ЖЗ | ЖЗ | хим – ЖЗ | ЖЗ | - | - | ||
Ас қорыту ағзасы аурулары | ||||||||||
53-тармақ, 2), 3) тармақшалар | ЖЗ | ЖЗ | ЖЗ | ЖЗ | - | - | - | - | ||
54-тармақ, 3) тармақша | ЖЗ | ЖЗ | ЖЗ | ЖЗ | - | - | - | - | ||
55-тармақ, 3) тармақша | ЖЗ | ЖЗ | ЖЗ | ЖЗ | - | - | - | - | ||
55-тармақ, 4) тармақша | ЖЗ | ЖЗ | - | - | - | - | - | - | ||
58-тармақ, 4) тармақша | ЖЗ | ЖЗ | ЖЗ | ЖЗ | хим – ЖЗ | - | - | - | ||
59-тармақ, 3) тармақша | ЖЗ | ЖЗ | ЖЗ | ЖЗ | - | - | - | - | ||
60-тармақ, 4) тармақша | ЖЗ | ЖЗ | ЖЗ | ЖЗ | - | ЖЗ | - | - | ||
Тері және теріасты шелмайы аурулары | ||||||||||
62-тармақ, 4) тармақша | ЖЗ | ЖЗ | ЖЗ | ЖЗ | хим – ЖЗ | - | - | - | ||
Сүйек-бұлшықет жүйесі және дәнекер тін аурулары | ||||||||||
65-тармақ, 4) тармақша | ЖЗ | ЖЗ | ЖЗ | ЖЗ | - | - | - | - | ||
Буындар функциясының бұзылуынсыз Осгуд-Шлаттер ауруы (соңғы сатысы) | ЖЗ | ЖЗ | ЖЗ | ЖЗ | - | - | - | - | ||
68-тармақ, 4) тармақша | ЖЗ | ЖЗ | ЖЗ | ЖЗ | - | - | - | - | ||
69-тармақ, 4) тармақша | ЖЗ | ЖЗ | ЖЗ | ЖЗ | - | ЖЗ | - | - | ||
Несеп-жыныс жүйесі аурулары | ||||||||||
71-тармақ, 4) тармақша | ЖЗ | ЖЗ | ЖЗ | ЖЗ | ЖЗ | ЖЗ | - | - | ||
72-тармақ, 4) тармақша | ЖЗ | ЖЗ | ЖЗ | ЖЗ | ЖЗ | ЖЗ | - | - | ||
73-тармақ, 4) тармақша | ЖЗ | ЖЗ | ЖЗ | ЖЗ | - | - | - | - | ||
Туа біткен аномалиялар, өзгеріс пен хромосоманың бұзылуы | ||||||||||
80-тармақ, 4) тармақша | ЖЗ | ЖЗ | ЖЗ | ЖЗ | - | - | - | - | ||
Жарақаттану, улану және басқа да сыртқы факторлардың әсер ету салдары | ||||||||||
82-тармақ, 4) тармақша | ЖЗ | ЖЗ | ЖЗ | ЖЗ | ЖЗ | ЖЗ | - | - | ||
83-тармақ, 4) тармақша | ЖЗ | ЖЗ | ЖЗ | ЖЗ | ЖЗ | ЖЗ | - | - |
Ескертпелер:
1) * – оқу-жаттығу бөлімдеріндегі әскери қызмет үшін тағайындау көрсеткіші Қарулы Күштер түріне және әскер тегіне, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарға сәйкес белгіленеді;
2) ** – Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімдері үшін бойдың 175 см болу көрсеткіші қолданылмайды;
3) *** – Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 5573 және 5571 әскери бөлімдерінде мерзімді әскери қызмет өткеру үшін іріктелетін азаматтар үшін бойы 170 см төмен емес.