Қауіпті өндірістік объектілердегі авариялар мен оқыс оқиғаларға тергеп-тексеруді және есепке алуды, жарылғыш заттар мен олардың негізінде жасалған бұйымдардың жоғалу жағдайларына техникалық тергеп-тексеруді жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 17 тамыздағы № 404 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 20 тамызда № 24052 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 701 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі туралы ереженің 16-тармағының 96) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 14.07.2023 № 382 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      1. Осы бұйрыққа қоса беріліп отырған Қауіпті өндірістік объектілердегі авариялар мен оқыс оқиғаларға тергеп-тексеруді және есепке алуды, жарылғыш заттар мен олардың негізінде жасалған бұйымдардың жоғалу жағдайларына техникалық тергеп-тексеруді жүргізу қағидасы бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрі
Ю. Ильин

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрі
2021 жылғы 17 тамыздағы
№ 404 бұйрығымен
бекітілген

Қауіпті өндірістік объектілердегі авариялар мен оқыс оқиғаларға тергеп-тексеруді және есепке алуды, жарылғыш заттар мен олардың негізінде жасалған бұйымдардың жоғалу жағдайларына техникалық тергеп-тексеруді жүргізу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы қауіпті өндірістік объектілердегі авариялар мен оқыс оқиғаларға тергеп-тексеруді және есепке алуды, жарылғыш заттар мен олардың негізінде жасалған бұйымдардың жоғалу жағдайларына техникалық тергеп-тексеруді жүргізу қағидасы (бұдан әрі – Қағида) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 701 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі туралы ереженің 16-тармағының 96) тармақшасына сәйкес әзірленген және қауіпті өндірістік объектілерде болған авариялар мен оқыс оқиғаның тергеп-тексеруді тәртібін, сондай-ақ оларды есепке алу тәртібін белгілейді.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 14.07.2023 № 382 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      2. Қағидада терминдер мен олардың анықтамалары "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңында (бұдан әрі – Заң) белгіленген мәндерде қолданылады.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 14.07.2023 № 382 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      3. Қауіпті өндірістік объектілердегі авариялар мен оқыс оқиғаларды тергеп-тексерудің құрамын Заңының 84-бабына сәйкес қалыптастырылған комиссия жүргізеді.

      4. Жарылғыш заттар мен олардың негізіндегі бұйымдардың жоғалу жағдайларын техникалық тергеп-тексеру мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, өз құзыреті шегінде Заңның 15-тарауында және осы Қағидаларда белгіленген тәртіпке ұқсас жүргізіледі.

      5. Аварияны тергеп-тексеру мерзімі ол тағайындалған күннен бастап он бес жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі, аварияны тергеп-тексеру мерзімін ұзарту туралы мәселе заңның 86-бабында айқындалатын тәртіппен жүзеге асырылады.

2-тарау. Тергеп-тексеруді ұйымдастыру

      6. Комиссия төрағасы жұмысты ұйымдастырады, комиссия мүшелері арасында міндеттерді бөледі, жұмысты жоспарлауды жүзеге асырады, комиссияның қауіпсіз жұмысын қамтамасыз ету үшін комиссияның көліктегі, қызметтік үй-жайлардағы, байланыс құралдарындағы, жеке қорғану құралдарындағы қажеттілігін айқындайды.

      7. Тергеп-тексеру жөніндегі комиссия мүшелерінің өкілеттіктері Заңының 85-бабында белгіленген.

      8. Тергеп-тексеру комиссия төрағасының шешімі бойынша тергеп-тексеру үшін қажетті техникалық есептеулер, зертханалық зерттеулер, сынақтар, сараптамалар жүргізу үшін мамандар тартылуы мүмкін. Сараптамалық қорытындыны талап ететін мәселелер жазбаша нысанда баяндалады. Барлық мүшелер қол қойған сараптама комиссиясының материалдары тергеп-тексеру жөніндегі комиссияға комиссия төрағасы белгілеген мерзімде ұсынылады.

3-тарау. Тергеп-тексеру жүргізу

      9. Комиссия белгілейді:

      қауіпті өндірістік объект иесінің авария немесе оқыс оқиға салдарының кез келген әсерін жою жөнінде шұғыл шаралар қабылдауын;

      аварияны жою жоспарына сәйкес аварияның немесе оқыс оқиға пайда болуы және дамуы кезіндегі ұйымның барлық қызметтерінің іс-қимылдарының сәйкестігі;

      аварияларды жою жоспарында көзделген іс-шаралардың тиімділігі;

      авариядан немесе оқыс оқиғадан туындаған салдарлар, аварияның немесе оқыс оқиғаның салдарын жою бойынша қабылданған шаралардың жеткіліктілігі.

      10. Тергеп-тексеру жөніндегі комиссия мүшелері:

      куәлардан, жұмыскерлерден және аварияға немесе оқыс оқиғаға қатысы бар өзге де адамдардан сұрау;

      зардап шеккендерден түсініктеме алады;

      мамандардың қорытындысын алады;

      зертханалық зерттеулер мен эксперименттердің нәтижелерін алады;

      зақымдану ауырлығы, денсаулыққа келтірілген залал, зардап шеккендердің қайтыс болу себептері, алкогольдік, уытқұмарлық мас болу, улану белгілерінің болуы туралы медициналық қорытынды алады;

      өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының орындалғанын растайтын құжаттардың көшірмелерін алады, оның ішінде мемлекеттік инспекторлар бұрын берген нұсқамалардың, өндірістік бақылау адамдары нұсқауларының орындалуы тексеріледі;

      авария немесе оқыс оқиғаға орнының жай-күйін, қауіпті өндірістік факторлардың болуын және оларды оқшаулау, бейтараптандыру жөніндегі шараларды (есепке алу, талдау, іс-шараларды әзірлеу, олардың орындалуы) сипаттайтын құжаттар зерттейді;

      журналдар, білімді тексеру хаттамалары, оқу бағдарламалары, емтихан билеттері, оқу дабылдарын және аварияға қарсы жаттығуларды өткізу актілерін зерттейді;

      аварияны тергеп-тексеру үшін қажетті қауіпті өндірістік объектінің жабдықтарына жөндеу-пайдалану құжаттамасын зерттейді;

      авария немесе оқыс оқиғаға орнын фотобейнетіркеу жүргізіледі;

      жоспарлар, эскиздер, схемалар жасайды.

4-тарау. Тергеп-тексеру актісін ресімдеу

      11. Тергеп-тексеру нәтижелері осы Қағиданың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша акт түрінде ресімделеді.

      12. Тергеп-тексеру актісіне комиссия мүшелері қол қояды. Комиссия мүшесі тергеп-тексеру актісіне қол қоюдан бас тартқан жағдайда, комиссия төрағасы тергеп-тексеру актісіне комиссия мүшелерінің қатысуымен тиісті жазба жүргізеді. Комиссия мүшесі өзінің ерекше пікірін жазбаша баяндайды, бұл комиссия төрағасы актіге қол қойғанға дейін тергеп-тексеру актісіне қоса беріледі.

5-тарау. Тергеп-тексеру материалдары

      13. Тергеп-тексеру материалдары келесіні қамтиды:

      авария немесе оқыс оқиға себептерін тергеп-тексеру үшін комиссия тағайындау (құру) туралы бұйрық;

      аварияны немесе оқыс оқиғаны тергеп-тексеру актісіне қоса беріледі:

      аварияның немесе оқыс оқиғаның орнын қарап-тексеру хаттамасы, жоспарлар, схемалар, фотосуреттер;

      аварияның немесе оқыс оқиғаның орнының эскизі;

      аварияны немесе оқыс оқиғаны тергеп-тексеруге қатысты мәселелер бойынша техникалық есептеулер, зертханалық зерттеулер, сынақтар, сараптамалар мен іс-шаралар жүргізу үшін мамандар тарту туралы комиссия төрағасының өкімдері және аварияны немесе оқыс оқиғаны тергеп-тексеру жөніндегі комиссия шығарған өкімдер;

      аварияның немесе оқыс оқиғаның себептері туралы мамандардың қорытындылары, зертханалық зерттеулердің, эксперименттердің, талдаулардың нәтижелері;

      өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби авариялық-құтқару қызметінің немесе өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби объектілік авариялық-құтқару қызметінің жедел құрамынан баянжазбалар;

      аварияға немесе оқыс оқиғаға қатысы бар адамдарға, өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының сақталуына жауапты лауазымды адамдарға сауалнама жүргізу және олардың түсініктемелері хаттамалары;

      аварияның немесе оқыс оқиғаның келтірілген материалдық нұқсан туралы мәліметтер;

      өндірістік персоналды оқыту туралы анықтамалар және өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері бойынша білімді тексеру хаттамалары, аварияға қарсы жаттығулар мен оқу дабылдарын жүргізу актілері;

      аварияның немесе оқыс оқиғаның салдарынан зардап шеккендердің денсаулығына келтірілген зақымның сипаты мен ауырлығы (қайтыс болу себебі) туралы медициналық қорытындылар;

      аварияның немесе оқыс оқиғаның мән-жайлары мен себептерін сипаттайтын анықтамалар, үзінділер, қорытындылар.

6-тарау. Тергеп-тексеру нәтижелері

      14. Жиналған құжаттар мен материалдардың негізінде комиссия аварияның немесе оқыс оқиғаның туындау мән–жайлары мен себептерін анықтайды, болған аварияның немесе оқыс оқиғаның қауіпті өндірістік объект иесінің қызметімен себеп-салдарлық байланысын айқындайды, Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасының бұзылуына жол берген адамдарын айқындайды, осындай аварияның немесе оқыс оқиғаның қайталануын болғызбау және салдарын жою жөніндегі іс-шараларды белгілейді.

      15. Авария техникалық құрылғылардың конструкциялық кемшіліктерінен туындаған жағдайда, қауіпті өндірістік объектіні пайдаланатын ұйым дайындаушыға – рекламацияны, ал оның көшірмесін өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне жібереді.

      16. Аварияның немесе оқыс оқиғаның салдарын жою және осындай аварияның немесе оқыс оқиғаның алдын алу жөніндегі іс-шаралар жоспарының іске асырылуын бақылауды өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі жүзеге асырады.

      17. Авариялар мен оқыс оқиғалар туралы мәліметтерді ұйым осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша авариялар мен оқыс оқиғалар есепке алу журналына енгізеді. Авариялар мен оқыс оқиғаларды есепке алудың дұрыстығын ұйым басшысы қамтамасыз етеді.

      18. Қауіпті өндірістік объектіні пайдаланатын ұйым аварияны тергеп-тексеру актісін және өзге де материалдарды Комиссияның шешімі бойынша өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органға және оның аумақтық бөлімшесіне, сондай-ақ заңды негіздер болған кезде құқық қорғау және мүдделі мемлекеттік органдарға жібереді.

  Қауіпті өндірістік объектілердегі
оқыс оқиғаларға, аварияларға
және жарылғыш
материалдардың жоғалуына
тергеп-тексеру жүргізу және
оларды есепке алу қағидаларына
1-ші қосымша

      Нысан

Акт қауіпті өндірістік объектідегі аварияны немесе оқыс оқиғаны тергеп-тексеру, болған "___ " ______________ 20 __ г.

      1. Ұйымның атауы ______________________________________________

      қауіпті өндірістік объектіні пайдаланатын ұйым туралы мәліметтер (заңды тұлғаның атауы және орналасқан жері, дара кәсіпкердің тегі, аты, әкесінің аты (тегі, аты-жөні (болған жағдайда)), тұрғылықты жері бойынша тіркелген мекенжайы)

      2. Қауіпті өндірістік объектінің атауы, оның орналасқан жері_________

      _____________________________________________________________

      Ұйымның, объектінің, учаскенің, аварияның немесе оқыс оқиғаның орнының қысқаша сипаттамасы

      3. Комиссия құрамы:

      Комиссия төрағасы ________________________________________

      (тегі, аты-жөні (болған жағдайда), лауазымы)

      Комиссия мүшелері: _________________________________________

      ___________________________________________________

      4. Аварияның немесе оқыс оқиғаның егжей-тегжейлі себептері мен мән-жайлары

      ______________________________________________________________

      5. Қызмет көрсетуші персоналдың біліктілігі туралы мәліметтер (өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша қайда және қашан оқудан, білімін тексеруден өткен)

      ________________________________________________

      6. Өнеркәсіптік қауіпсіздіктің бұзылған талаптарын көрсете отырып, аварияның немесе оқыс оқиғаның туындауының ұйымдастырушылық және техникалық себептері

      _________________________________________________

      _______________________________________________________________

      7. Аварияны немесе оқыс оқиғаны тергеп-тексеру нәтижелері бойынша жүргізілуге тиіс іс-шаралар, қауіпті өндірістік объектіні пайдалану кезінде осындай аварияларды немесе оқыс оқиғаларды болғызбау жөніндегі ұсыныстар, комиссияның шешімі бойынша авария немесе оқыс оқиға туралы өзге де мәліметтер ______________________________________________

      8. Осы лауазымды тұлға және/немесе жұмыстарды тікелей орындаушы орындамаған немесе бұзған нормативтік құжаттардың талаптарын көрсете отырып, аварияға немесе оқыс оқиғаға жол берген адамдарға қатысты тергеп-тексеру қорытындысы және ұсынылған жауапкершілік шаралары, авария немесе оқыс оқиға кезіндегі жедел қызмет көрсету персоналының іс-қимылын бағалау_____________________________________________________

      Тергеп-тексеру жүргізіліп, акт жасалды: ___________________________

      (күні, айы, жылы)

      Қосымша: тергеп-тексеру материалдары _ _ _ _ _ _ парақта

      Ерекше пікір_ _ _ _ _ _ парақта

      Комиссия мүшелерінің қолтаңбалары:___________________________

  Қауіпті өндірістік объектілердегі
оқыс оқиғаларға, аварияларға
және жарылғыш
материалдардың жоғалуына
тергеп-тексеру жүргізу және
оларды есепке алу қағидаларына
2-ші қосымша

      Нысан

Авариялар мен оқыс-оқиғаларды есепке алу журналы ________________________________________________________________ (субъектінің (қауіпті өндірістік объектінің) атауы және орналасқан жері

№ п/п

Аварияның немесе оқыс оқиғаның туындаған уақыты мен күні

Аварияның немесе оқыс оқиғаның сипаты, сыныптауы

Аварияның немесе оқыс оқиғаның болған қауіпті өндірістік объектінің атауы.

Аварияның немесе оқыс оқиғаның қысқаша сипаттама

Аварияның немесе оқыс оқиғаның нәтижесінде зардап шекендердің саны

Аварияның немесе оқыс оқиғаның зардап мөлшері және тергеп-тексеру актының уақыты

Аварияның немесе оқыс оқиғаның болу салдарлары мен себептерге қысқаша мазмұндама

Уәкілетті органға тергеп-тексеру актісінің жіберілгені туралы ақпарат

Аварияның немесе оқыс оқиғаның тергеп-тексеруден кейін берілген іс-шаралардың орындалуы жөніндегі ақпарат