"Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 16 тамыздағы № 813 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 17 тамызда № 24014 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9934 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесінде:

      708-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "708. Инвестициялық жобаның экономикалық сараптамасы қорғаныс мұқтаждарына, қауіпсіздік пен құқықтық тәртіптік қамтамасыз етуге арналған әскери мақсаттағы тауарлардың (өнімдердің), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарлардың (өнімдердің), әскери мақсаттағы жұмыстар мен әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтердің импорты кезінде инвестициялық жобаны қоспағанда - жоба ТЭН әзірлеу шеңберінде, осы Ережеде көзделген сараптамалар бойынша қорытындылар негізінде жүргізілген инвестициялық жобаны экономикалық талдауды кешенді бағалау, ол мыналарды:

      жоба Мақсаттарының басым мемлекеттік инвестицияларға сәйкестігін бағалауды;

      экономикалық талдауды бағалауды;

      инвестициялық жоба іске асырылған жағдайда республикалық және жергілікті бюджеттерге салық түсімдерінің ағынын талдауды қамтиды.";

      мынадай мазмұндағы 708-1-тармағымен толықтырылсын:

      "708-1. Инвестициялық жоба сараптамасының экономикалық қорытындысы қорғаныс мұқтаждарына, қауіпсіздік пен құқықтық тәртіптік қамтамасыз етуге арналған әскери мақсаттағы тауарлардың (өнімдердің), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарлардың (өнімдердің), әскери мақсаттағы жұмыстар мен әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтердің импорты кезінде орталық және арнаулы мемлекеттік органдардың оң салалық қорытындыларының болуын бағалауды қамтуы тиіс.";

      722-1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "722-1. Бюджет кодексінің 215 және 216-баптарына сәйкес ол үшін жеңілдететін шарттар көзделген қарыз алушы іске асыратын ннвестициялық жобаның сараптамасы бойынша бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның қорытындысы мыналарды:

      мемлекеттік кепілдікпен берілген мемлекеттік емес қарыздың қаржылық шарттарын;

      республикалық бюджеттен қаражат бөлу жолымен қарыз беруші алдында мемлекет кепілдік берген қарыздары бойынша қарыз алушы міндеттемелерін қамтамасыз ету тетігін;

      мемлекеттік кепілдікті алуға үміткер тұлғаларға қойылатын Бюджет кодексінің талаптарына қарыз алушының сәйкестігін бағалауды қамтиды.".

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік қарыз алу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер беруді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Е. Жамаубаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі