"Ішкі істер органдарының әскери қызметшісін қызметтік қажеттілік жағдайында жыл сайынғы негізгі демалысынан шақыртып алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 29 қыркүйектегі № 653 бұйрығына өзгеріс енгізу тур

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2021 жылғы 13 тамыздағы № 478 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 16 тамызда № 24003 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Ішкі істер органдарының әскери қызметшісін қызметтік қажеттілік жағдайында жыл сайынғы негізгі демалысынан шақыртып алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 29 қыркүйектегі № 653 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21355 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ішкі істер органдарының әскери қызметшісін қызметтік қажеттілік жағдайында жыл сайынғы негізгі демалысынан шақыртып алу қағидаларында:

      4-тармақтың алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "басқа қызметтік қажеттілік жағдайларында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы Бас қолбасшысының, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының өңірлік қолбасшылықтары қолбасшыларының шешімі бойынша.".

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығы:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майоры А.Д. Калайчидиге жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ішкі істер Министрі
Е. Тургумбаев