"Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақтан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 600 бұйрығына

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 9 тамыздағы № 388 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 12 тамызда № 23963 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 600 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17650 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларында:

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Әрбір ЖЖОКБҰ-да басшының немесе оның міндетін атқарушы тұлғаның шешімімен қабылдау комиссиясы құрылады. Қабылдау комиссиясының құрамына ЖЖОКБҰ-ның басшысы, проректорлар, ЖЖОКБҰ-ның құрылымдық бөлімшелерінің басшылары мен профессорлық-оқытушылық құрамының өкілдері кіреді. Қабылдау комиссиясы құрамының саны тақ санды құрайды. Қабылдау комиссиясының төрағасы ЖЖОКБҰ-ның басшысы болып табылады. ЖЖОКБҰ басшысының немесе оның міндетін атқарушы тұлғаның бұйрығымен қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы тағайындалады.

      Бұл ретте, ЖЖОКБҰ келесі жағдайларда:

      1) білім саласындағы уәкілетті орган білім беру қызметімен айналысуға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны тоқтата тұру, қайтарып алу және күшін жою туралы шешім қабылдағанда;

      2) Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдары мен әскери, арнаулы оқу орындарын қоспағанда аккредиттеу тоқтап тұрғанда, қайтарғанда немесе жарамдылық мерзімі өткенде;

      3) мемлекеттік бақылау нәтижесі және (немесе) оның қорытындысы бойынша сот ісі кезеңінде өрескел қате анықталғанда;

      4) тиісті білім беру бағдарламаларының тобына Білім беру саласындағы уәкілетті органның білім беру бағдарламалары реестрінде білім беру бағдарламасы болмағанда немесе алынып тасталғанда қабылдауды іске асырмайды.";

      Үлгілік қағидаларға 2-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларында:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының (бұдан әрі – ЖЖОКБҰ) магистранттарын, докторанттарын қабылдау ғылыми-педагогикалық және бейінді бағыттар бойынша кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру арқылы, сондай-ақ білім алушылардың өз қаражаты және өзге де көздер есебінен оқу ақысын төлеуі арқылы жүзеге асырылады.

      Денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарының, ЖЖОКБҰ мен ғылыми ұйымдардың (бұдан әрі – ғылыми ұйымдардың) резидентурасы тыңдаушыларын қабылдау мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру арқылы, сондай-ақ білім алушылардың өз қаражаты және өзге де көздер есебінен оқу ақысын төлеу арқылы жүзеге асырылады.

      Бұл ретте, ЖЖОКБҰ келесі жағдайларда:

      1) білім саласындағы уәкілетті орган білім беру қызметімен айналысуға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны тоқтата тұру, қайтарып алу және күшін жою туралы шешім қабылдағанда;

      2) Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдары мен әскери, арнаулы оқу орындарын қоспағанда аккредиттеу тоқтап тұрғанда, қайтарғанда немесе жарамдылық мерзімі өткенде;

      3) мемлекеттік бақылау нәтижесі және (немесе) оның қорытындысы бойынша сот ісі кезеңінде өрескел қате анықталғанда;

      4) тиісті білім беру бағдарламаларының тобына Білім беру саласындағы уәкілетті органның білім беру бағдарламалары реестрінде білім беру бағдарламасы болмағанда немесе алынып тасталғанда қабылдауды іске асырмайды.";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. ЖЖОКБҰ магистратурасына түсушілердің өтініштерін қабылдау ЖЖОКБҰ қабылдау комиссиялары және (немесе) ақпараттық жүйе арқылы күнтізбелік жылдың 1 маусымы мен 15 шілдесі аралығында жүргізіледі.

      Магистратураға түсушілерге арналған араб тілінен түсу емтиханы және шығармашылық емтихандар ЖЖОКБҰ-да күнтізбелік жылдың 16-25 шілдесі аралығында өткізіледі.

      Денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарының, сондай-ақ ЖЖОКБҰ резидентурасына түсушілердің өтініштерін қабылдауды ЖЖОКБҰ қабылдау комиссиялары күнтізбелік жылдың 3-25 шілдесі аралығында жүргізеді. Қабылдау емтихандары күнтізбелік жылдың 8-16 тамызы аралығында өткізіледі.

      ЖЖОКБҰ докторантурасына өтініштерді қабылдау ЖЖОКБҰ қабылдау комиссиялары және (немесе) ақпараттық жүйе арқылы күнтізбелік жылдың 3 шілдесі мен 3 тамызы аралығында жүргізіледі. Докторантураға білім беру бағдарламаларының тобы бойынша түсу емтихандары күнтізбелік жылдың 4-20 тамызы аралығында өткізіледі.

      Түсуші өтініш беру кезінде бір ЖЖОКБҰ мен бір білім беру бағдарламасының тобын көрсетеді.

      Докторантураға түсуші тұлғалар мынадай құжаттар топтамасын тапсырады:

      1) еркін нысандағы өтініш;

      2) білім туралы құжат (құжаттарды қабылдау комиссиясына тапсырған кезде түпнұсқасы);

      3) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);

      4) шетел тілі бойынша тест тапсырғаны туралы сертификат (ағылшын, француз, неміс) шетел тілі бойынша тест тапсырғаны туралы сертификат (ағылшын, француз, неміс) International English Language tests System (IELTS, шекті балл кемінде – 5,5), IELTS INDICATOR (АЙЛТС Индикатор) шекті балл – кемінде 5,5, Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm (TOEFL ITP (ТОЙФЛ АйТиПи) шекті балл – кемінде 460, Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm Internet-based Test (TOEFL IBT, шекті балл – кемінде 46), Test of English as a Foreign Language paper-based testing, (TOEFL PBT, шекті балл – кемінде 453), Deutsche Sprachpruеfung fuеr den Hochschulzugang (DSH, Niveau В2/В2 деңгейі), Test DaF– Prufung (Niveau В2/В2 деңгейі), Test de Franзais international ™ (TFI – оқу және тыңдау секциялары бойынша В2 деңгейінен төмен емес), Diplome d'Etudes en Langue franзaise (DELF, B2 деңгейі), Diplome Approfondi de Langue franзaise (DALF, В2 деңгейі), Test de connaissance du franзais (TCF – кемінде 50 балл);

      5) № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрықпен бекітілген 075/у нысаны бойынша электрондық форматтағы медициналық анықтама;

      Белгілі бір аумақта шектеу іс-шаралары жүзеге асырылған, төтенше жағдай енгізілген, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайларда осы іс-шаралардың алынуына қарай тікелей білім беру ұйымдарына медициналық анықтама ұсынады.

      6) 3x4 сантиметр көлеміндегі алты фотосурет;

      7) жұмыс орны бойынша кадр қызметімен расталған кадрларды есепке алу жөніндегі жеке іс парағы немесе еңбек қызметін растайтын өзге құжат;

      8) соңғы 3 күнтізбелік жылдағы ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың тізімі (ғылыми жарияланымдар, зерттеулер жүргізу жоспары, эссе және басқа құжаттар);

      9) алдын ала іріктеу нәтижелері ("Денсаулық сақтау" білім саласы бойынша).

      4) және 7) тармақшаларда көрсетілген құжаттар тұпнұсқада және көшірмелерде ұсынылады, салыстыру жүргізілгеннен кейін түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.

      Осы тармақта көрсетілген құжаттар тізбесін толық ұсынбаған жағдайда қабылдау комиссиясы түсушілерден құжаттарды қабылдамайды.

      Магистратураға, резидентураға және докторантураға қабылдау күнтізбелік жылдың 28 тамызына дейін жүргізіледі.";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Магистратураға немесе резидентураға түсуші адамдар күнтізбелік жылдың 25-28 тамызы аралығында көрсетілетін қызметті берушіге (ЖЖОКБҰ-ның қабылдау комиссиясы арқылы) немесе "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы осы Үлгілік қағидаларға 1-1-қосымшаға сәйкес "Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша оқыту үшін жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты) 8-тармағында көзделген құжаттар топтамасын тапсырады.

      Қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында келтірілген.

      Жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтер, жоғары білім туралы құжат, медициналық анықтама, интернатураны бітіргені туралы куәлік көрсетілетін қызметті берушіге тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы беріледі.

      Көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері құжаттар топтамасын қабылдауды, оларды тіркеуді және көрсетілетін қызметті алушыға өтініш келіп түскен күні "Білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың түрлері мен нысандарын және оларды беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 28 қаңтардағы № 39 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10348 болып тіркелген) (бұдан әрі – № 39 бұйрық) бекітілген нысан бойынша құжаттар топтамасын қабылдау туралы қолхат беруді жүзеге асырады не көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда құжаттарды қабылдаудан бас тартады.

      Портал арқылы жүгінген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік қызмет көрсетуге арналған сұраудың қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі.

      Көрсетілетін қызметті беруші олар түскен сәттен бастап ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді, құжаттар толық болмаған жағдайда өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды дайындайды, ол өтініш берушінің порталдағы "жеке кабинетіне" электрондық құжат нысанында жіберіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға ЖЖОКБҰ-ға қабылдау үшін құжаттардың қабылданғаны туралы хабарлама жіберіледі, хабарламаны алғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге құжаттардың түпнұсқаларын күнтізбелік жылдың 28 тамызына дейінгі мерзімде ұсынады.

      Құжаттарды қабылдағаннан кейін ЖЖОКБҰ басшысы көрсетілетін қызмет алушыны ЖЖКОБҰ-ға магистранттардың немесе резиденттердің қатарына қабылдау туралы бұйрық шығарады.

      Көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады.

      Келісуші мемлекеттік органның жауабы теріс болған не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін өзге де негіздер анықталған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ алдын ала шешім бойынша көрсетілетін қызметті алушыға позициясын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.

      Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

      Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші рұқсат немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тартуды береді.";

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Ғылыми-педагогикалық магистратураға түсуші тұлғалар шет тілі (таңдау бойынша ағылшын, неміс, француз) бойынша тестілеуден, білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша тестілеуден, оқуға дайындығын анықтауға арналған таңдауы бойынша қазақ немесе орыс тіліндегі тестілеуден тұратын КТ тапсырады.

      Оқыту қазақ немесе орыс тілінде жүргізілетін бейінді магистратураға түсуші тұлғалар таңдауы бойынша қазақ немесе орыс тіліндегі білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша тестілеуден және оқуға дайындығын анықтауға арналған тестілеуден тұратын КТ тапсырады.

      Оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін бейінді магистратураға түсуші тұлғалар ағылшын тіліндегі білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша тестілеуден және оқуға дайындығын анықтауға арналған таңдауы бойынша қазақ немесе орыс немесе ағылшын тіліндегі тестілеуден тұратын КТ тапсырады.

      Шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламаларының топтары бойынша магистратураға түсуші тұлғалар:

      1) шет тілі (таңдау бойынша ағылшын, неміс, француз) бойынша тесттен, оқуға дайындығын анықтауға арналған таңдауы бойынша қазақ немесе орыс тіліндегі тестілеуден тұратын КТ;

      2) білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша екі шығармашылық емтихан тапсырады.

      Араб тілін білуді талап ететін білім беру бағдарламалары тобының магистратурасына түсуші тұлғалар:

      1) араб тілі бойынша түсу емтиханын;

      2) білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша тестілеуден және оқуға дайындығын анықтауға арналған таңдауы бойынша қазақ немесе орыс тіліндегі тестілеуден тұратын КТ тапсырады.";

      20-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "20-1. Докторантураға компьютерлік форматтағы түсу емтиханы:

      1) эссе жазудан;

      2) докторантурада оқуға дайындығын анықтауға арналған тестілеуден;

      3) білім беру бағдарламасы тобының бейіні бойынша емтихан сұрақтарына жауаптардан тұрады.

      9-қосымшаға сәйкес қорытынды баға эссе, докторантурада оқуға дайындығын анықтауға арналған тест, білім беру бағдарламасы тобының бейіні бойынша емтихан сұрақтарына берілген жауаптар нәтижелерінің қосындысынан алынған балдар жиынтығынан тұрады.

      Докторантураға түсу емтиханына 4 сағат беріледі.

      Компьютерлік форматтағы түсу емтиханын бастау үшін түсушіге:

      1) логин көрсету;

      2) паролін көрсету;

      3) адам бетінің көлемдік-кеңістіктік формасының сканері арқылы авторизациялау;

      4) докторантураға компьютерлік форматтағы түсу емтиханын өткізу қағидаларымен танысу;

      5) түсу емтиханы мәліметінің дұрыстығын растау;

      6) "Кіру" батырмасын басқаннан кейін түсу емтиханын тапсыруға кірісу керек.

      Түсу емтиханы аяқталған соң түсушінің эссе және білім беру бағдарламасы тобының бейіні бойынша емтихан сұрақтарының бөлімдері бойынша жауаптары өзі таңдаған ЖЖКОБҰ-ға өңдеу және бағалау үшін жіберіледі. Докторантурада оқуға дайындығын анықтауға арналған тест бөлімі бойынша түсушінің жауаптарын ҰТО өңдейді.

      Компьютерлік форматтағы түсу емтиханының нәтижесі түсу емтиханы өткізілгеннен кейін келесі күні жарияланады.

      Түсу емтиханының және (немесе) апелляцияға өтінішті қарау (апелляцияға өтініш берген жағдайда) нәтижелері бойынша түсушіге ҰТО-ның сайтында жарияланатын және түсушінің жеке кабинетіне жолданатын электрондық сертификат беріледі.

      Докторантураға компьютерлік форматтағы түсу емтиханының электрондық сертификаты ҰТО-ның сайтында расталады және күнтізбелік жылғы 31 желтоқсанға дейін жеке куәлігін ұсынған жағдайда жарамды болып табылады.";

      мынадай мазмұндағы 20-3, 20-4 және 20-5-тармақтармен толықтырылсын:

      "20-3. Компьютерлік форматтағы түсу емтиханының өткізу қағидаларының сақталуын бақылауды жүзеге асыру үшін уәкілетті орган айқындаған ұйымдарға түсу емтихандарының әкімшілері және білім беру саласындағы уәкілетті органның, басқа да мүдделі мемлекеттік органдар мен ведомстволар қызметкерлерінің, азаматтық қоғам институттары, үкіметтік емес ұйымдар өкілдерінің қатарынан бақылаушылар жіберіледі. Түсу емтихандарының әкімшілері аудитория мен дәліз бойынша кезекші қызметін атқарады.

      Түсушілер компьютерлік форматтағы түсу емтиханына бір-бірден кіргізіледі және жеке басын куәландыратын құжаты немесе төлқұжаты негізінде түсушілердің жеке басы бетінің көлемдік-кеңістіктік формасының сканерленуі арқылы сәйкестендіріледі.

      Компьютерлік форматтағы түсу емтиханына кіргізу кезінде қол және рамалық металл іздегіштер пайдаланылады.

      Компьютерлік форматтағы түсу емтиханына кіргізу барысында металл іздегішпен тексеру кезінде тыйым салынған заттар (ақпараттарды тасымалдау функциясымен жабдықталған ұялы байланыстар, смарт сағаттар, калькулятор, сымды және сымсыз құлаққаптар, шпаргалкаларды, оқу-әдістемелік әдебиеттер) табылған жағдайда түсу емтиханының әкімшісі осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Докторантураға компьютерлік форматтағы түсу емтиханына кіргізу барысында тыйым салынған заттарды табу бойынша акт жасайды және түсуші ағымдағы жылы түсу емтиханына жіберілмейді.

      Түсу емтиханына кіргізу барысында бөгде адам анықталған жағдайда түсу емтиханының әкімшісі осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Докторантураға компьютерлік форматтағы түсу емтиханына кіргізу барысында бөгде тұлғаның анықталуы туралы акт жасайды, түсуші осы түсу емтиханына кіргізілмейді.

      Өз орнына "бөтен тұлғаны" кіргізуге талпынған түсушілерге ағымдағы жылы докторантураға түсу емтиханына кіруге рұқсат етілмейді.

      20-4. Докторантураға компьютерлік форматтағы түсу емтиханын өткізу барысында түсушіге:

      1) аудиториядан дәліз кезекшісінің функциясын атқаратын түсу емтиханы әкімшісінің рұқсатынсыз және алып жүруінсіз шығуға;

      2) аудиториядан 2 рет және ұзақтығы 10 минуттан артық шығуға;

      3) сөйлесуге, орын ауыстыруға;

      4) құжаттармен және бейінді білім беру бағдарламаларының тобы бойынша емтихан сұрақтарының жауаптарына арналған түсушіге берілетін А4 форматындағы парағымен алмасуға;

      5) құжаттарды және бейінді білім беру бағдарламаларының тобы бойынша емтихан сұрақтарының жауаптарына арналған түсушіге берілетін А4 форматындағы парақты аудиториядан шығаруға;

      6) аудиторияға шпаргалкаларды, оқу-әдістемелік әдебиеттерді, калькулятор, фотоаппарат, ақпараттарды тасымалдау функциясымен жабдықталған кез келген ұялы байланыс құралдарын (ұялы телефондар, планшеттер, iPad (Айпад), iPod (Айпод), SmartPhone (Смартфон), ноутбуктер, плейерлер, модемдер (мобильді роутерлер), радио-электрондық байланыстың барлық түрлері, оның ішінде (Wi-Fi (Вай-фай), Bluetooth (Блютуз), Dect (Дект), 3G (3 Джи), 4G (4 Джи), 5G (5 Джи), смарт сағаттар, сымды және сымсыз құлаққаптар және тағы басқалар) алып кіруіне және қолдануына;

      7) түсу емтиханына пайдаланылатын техникаға және қауіпсіздік жүйесіне қасақана зиян келтіруге рұқсат етілмейді.

      Бұл ретте түсу емтиханы өткізілетін компьютердің интерфейсіндегі калькуляторларды, Менделеев кестесін және тұздардың ерігіштігі кестесін пайдалануға рұқсат етіледі.

      Түсу емтиханында осы тармақта көрсетілген заттар түсушіден табылған кезде, сондай-ақ, түсуші осы тармақты бұзған жағдайда түсу емтиханының әкімшісі бақылаушылармен бірге осы Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Докторантураға компьютерлік форматтағы түсу емтиханын өткізу барысында тыйым салынған заттардың тәркіленуі және тәртіп сақтау ережесін бұзған түсушіні аудиториядан шығару туралы акт жасайды. Түсуші аудиториядан шығарылады. Түсу емтиханының нәтижелері өңделмейді және жойылады.

      Түсу емтиханын өткізу барысында бөгде тұлға анықталған жағдайда, түсу емтиханының әкімшісі бақылаушылармен бірге осы Қағидаларға 13-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Докторантураға компьютерлік форматтағы түсу емтиханы барысында бөгде тұлғаның анықталуы туралы акт жасайды. Бөгде тұлға аудиториядан шығарылады. Түсу емтиханының нәтижелері өңделмейді және жойылады.

      Түсу емтиханы барысында өз орнына "бөтен тұлғаны" кіргізген түсушілерге ағымдағы жылы докторантураға түсу емтиханын тапсыруға рұқсат етілмейді.

      20-5. Докторантураға компьютерлік форматтағы түсу емтиханы аяқталғаннан кейін ҰТО күнтізбелік жылдың 30 тамызына дейін түсу емтиханы кезіндегі бейнебақылау жазбаларын қарауды жүзеге асырады.

      Түсу емтиханында түсушілердің осы Қағидалардың 20-3 және 20-4-тармақтарында көрсетілген тыйым салынған заттарды пайдаланғандығы анықталған жағдайда ҰТО Докторантураға компьютерлік форматтағы түсу емтиханына барысында тыйым салынған затты пайдаланғаны туралы акт жасайды және растайтын материалдарымен бірге білім беру саласындағы уәкілетті органға ұсынады.

      Докторантураға компьютерлік форматтағы түсу емтиханы барысында тыйым салынған затты пайдаланғаны туралы акт және растайтын материалдар білім беру саласындағы уәкілетті органмен құрылған комиссияның қарауына ұсынылады.

      Комиссияның шешімімен түсу емтихандарының сертификаттары білім беру саласындағы уәкілетті органның бұйрығымен жойылады.

      Түсу емтиханының сертификаты жойылғаннан кейін ЖЖОКБҰ түсушіге хабарлама жібереді.";

      22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "22. Білім беру бағдарламаларының топтары бойынша емтихан комиссиялары тиісті бейінге сәйкес ЖЖОКБҰ профессор-оқытушылық құрамының, ғылым докторы немесе кандидаты ғылыми дәрежесі бар немесе философия докторы (PhD) дәрежесі бар ЖЖОКБҰ қызметкерлерінің қатарынан қалыптастырылады.

      Емтихан комиссиясының құрамына апелляциялық комиссияның мүшелері кірмейді.

      Емтихан комиссиясының құрамы олардың төрағалары көрсетіле отырып ЖЖОКБҰ басшысының бұйрығымен бекітіледі және білім беру және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органға жіберіледі.

      ЖЖОКБҰ-ның емтихан комиссиялары жұмыстарды түсушінің жеке коды бойынша тексереді және қарау нәтижелерін ақпараттық жүйе арқылы ҰТО-ға нәтижелерді одан әрі жариялау үшін жібереді.

      "Педагогикалық ғылымдар", "Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика", "Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар", "Инженерлік, өңдеу және құрылыс саласы" білім беру салаларының білім беру бағдарламаларының топтарына, сондай-ақ "Гуманитарлық ғылымдар", "Әлеуметтік ғылымдар", "Бизнес және басқару" кадрларын даярлау бағыттары бойынша түсуші тұлғалар осы Үлгілік қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес балдармен Graduate Record Examinations (грэдуэйт рекорд экзаменейшен) GRE стандартталған тестін тапсыру туралы халықаралық сертификаты бар болған жағдайда докторантураға түсу емтиханынан босатылады.

      Ұсынылатын сертификаттардың түпнұсқалылығын және жарамдылық мерзімін ЖЖОКБҰ-ның қабылдау комиссиялары тексереді.";

      26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "26. Докторантураға, резидентураға, магистратураға түсуші тұлғалардан апелляцияға өтініш апелляциялық комиссия төрағасының атына жеке немесе ҰТО-ның ақпараттық жүйесі арқылы беріледі.

      Өтініштер докторантураға түсу емтихандары, шығармашылық емтихандар және КТ нәтижелері жарияланғаннан кейінгі келесі күні сағат 13.00-ге дейін қабылданады және ЖЖОКБҰ-ның апелляциялық комиссиясы өтініш берілген күннен бастап бір күн ішінде қарайды.

      Докторантураға компьютерлік форматтағы түсу емтиханы бойынша апелляцияға өтініш нәтижелері жарияланғаннан кейін келесі күні сағат 13.00-ден 13.30-ға дейін білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындаған ұйымдардың базасында қабылданады.

      Докторантураға түсуші тұлғалардан докторантурада оқуға дайындығын анықтауға арналған тест бөлімінде тест тапсырмаларының мазмұны және техникалық себеп бойынша апелляцияны Республикалық апелляциялық комиссия қарастырады.

      Докторантурада оқуға дайындығын анықтауға арналған тест бөлімінде техникалық себептер бойынша апелляцияға өтінішті түсуші түсу емтиханы өткізу барысында береді.

      Техникалық себеп бойынша апелляция тест тапсырмасы шартының фрагменті (мәтін, сызба, суреттер, кестелер) болмаса, соның нәтижесінде дұрыс жауапты анықтау мүмкін болмағанда қабылданады.

      Апелляцияға арналған өтініште көрсетілген нақты фактілер қарастырылуға жатады.

      Тест тапсырмаларының мазмұны бойынша апелляция мынадай жағдайларда қаралады:

      1) дұрыс жауап дұрыс жауаптар кодымен сәйкес келмейді (дұрыс жауаптың нұсқасы көрсетіледі);

      2) дұрыс жауап жоқ;

      3) барлық ұсынылған жауаптардың ішінен бір дұрыс жауапты таңдау арқылы тест тапсырмаларында бір бірден артық дұрыс жауап бар (дұрыс жауаптардың барлық нұсқалары көрсетіледі));

      4) тест тапсырмасы дұрыс құрастырылмаған.

      Тест тапсырмаларын қайта қарау үшін мазмұны бойынша өтініш берген кезде түсуші дәлелді негіздемені (толық түсініктеме) көрсетеді.

      Барлық тест тапсырмаларын қайта қарастыру бойынша апелляцияға арналған өтініште әрбір тест тапсырмасы бойынша дәлелді негіздемені көрсетпей (толық түсіндірме, тапсырманың толық шешімі) берілсе, қарастыруға жатпайды.

      Эссе жазудан және білім беру бағдарламасы тобының бейіні бойынша емтихан сұрақтарына жауаптар нәтижесі бойынша апелляцияны ЖЖОКБҰ-ның апелляциялық комиссиясы өткізеді.";

      30-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "30. Ғылыми-педагогикалық магистратураға тұлғаларды ақылы негізде қабылдау КТ қорытындылары бойынша осы Үлгілік қағидаларға 7-қосымшаға (бұдан әрі – 7-қосымша) сәйкес оқыту қазақ немесе орыс тілінде жүргізілетін магистратураға кешенді тестілеу үшін 150 балдық бағалау жүйесінің шәкіліне сәйкес кемінде 50 балл, бұл ретте шет тілі бойынша кемінде 25 балл, білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша: бір дұрыс жауап таңдау бойынша – кемінде 7 балл, бір немесе бірнеше дұрыс жауап таңдау бойынша – кемінде 7 балл, оқуға дайындығын анықтауға арналған тест бойынша – кемінде 7 балл жинаған жағдайда жүзеге асырылады.

      Оқыту қазақ немесе орыс тілінде жүргізілетін бейінді магистратураға тұлғаларды ақылы негізде қабылдау КТ қорытындылары бойынша осы Үлгілік қағидаларға 7-1-қосымшаға (бұдан әрі – 7-1-қосымша) сәйкес оқыту қазақ немесе орыс тілінде жүргізілетін бейінді магистратурада білім алу үшін кешенді тестілеу үшін 100 балдық бағалау жүйесінің шәкіліне сәйкес кемінде 25 балл, бұл ретте оқуға дайындығын анықтауға арналған тест бойынша – кемінде 7 балл, білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша: бір дұрыс жауап таңдау бойынша – кемінде 7 балл, бір немесе бірнеше дұрыс жауап таңдау бойынша – кемінде 7 балл жинаған жағдайда жүзеге асырылады.

      Оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін бейінді магистратураға тұлғаларды ақылы негізде қабылдау КТ қорытындылары бойынша осы Үлгілік қағидаларға 8-қосымшаға (бұдан әрі – 8-қосымша) сәйкес оқыту ағылшын тілдерінде жүргізілетін бейінді магистратурада білім алу үшін кешенді тестілеу үшін 100 балдық бағалау жүйесінің шәкіліне сәйкес кемінде 25 балл, бұл ретте оқуға дайындығын анықтауға арналған тест бойынша – кемінде 7 балл, білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша: бір дұрыс жауап таңдау бойынша – кемінде 7 балл, бір немесе бірнеше дұрыс жауап таңдау бойынша – кемінде 7 балл жинаған жағдайда жүзеге асырылады.

      Шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламаларының тобы бойынша магистратураға ақылы негізде қабылдау КТ және білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша шығармашылық емтихандардың нәтижелері бойынша 7-қосымшаға сәйкес кемінде 50 балл, бұл ретте: шет тілі бойынша – кемінде 25 балл, оқуға дайындығын анықтауға арналған тест бойынша – кемінде 7 балл және әр шығармашылық емтиханнан - кемінде 7 балл жинаған жағдайда жүзеге асырылады.

      Әр шығармашылық емтиханнан ең жоғары балл саны 35 балды құрауы тиіс.

      Араб тілін білуді талап ететін білім беру бағдарламаларының тобы бойынша магистратураға ақылы негізде қабылдау араб тілі бойынша түсу емтихандарының және КТ нәтижелері бойынша 7-қосымшаға сәйкес кемінде 50 балл, бұл ретте араб тілі бойынша – кемінде 25 балл, білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша: бір дұрыс жауап таңдау бойынша – кемінде 7 балл, бір немесе бірнеше дұрыс жауап таңдау бойынша – кемінде 7 балл, оқуға дайындығын анықтауға арналған тест бойынша – кемінде 7 балл жинаған жағдайда жүзеге асырылады.

      Магистратураға түсушілер ЖЖОКБҰ белгілеген шекті өту балын жинаған жағдайда ЖЖОКБҰ-ға қабылданады.

      Тұлғаларды резидентураға қабылдау білім беру бағдарламалары топтарының бейіні бойынша түсу емтиханының қорытындысы бойынша және мүмкін болған 100 балдан кемінде 75 балл жинаған жағдайда жүзеге асырылады.

      Докторантураға тұлғаларды қабылдау шет тілін меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттеріне (стандарттарына) сәйкес шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификатының негізінде және докторантураның білім беру бағдарламалары топтарының бейіні бойынша түсу емтиханының қорытындысы бойынша және мүмкін болған 100 балдан кемінде 50 балл жинаған жағдайда жүзеге асырылады.";

      31-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "31. Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім алу үшін КТ және (немесе) түсу емтиханының және (немесе) шығармашылық емтихандар бойынша ең жоғары балл жинаған тұлғалар конкурстық негізде қабылданады:

      1) Ғылыми-педагогикалық магистратура үшін, оның ішінде шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламаларының топтары, араб тілін білуді талап ететін білім беру бағдарламалары топтары үшін 7-қосымшаға сәйкес – кемінде 75 балл;

      2) оқыту қазақ немесе орыс тілінде жүргізілетін бейінді магистратура үшін 7-1-қосымшаға сәйкес – кемінде 50 балл;

      3) оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін бейінді магистратура үшін 8-қосымшаға сәйкес – кемінде 50 балл;

      4) резидентура үшін – кемінде 75 балл.

      Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша докторантурада білім алу үшін түсу емтиханынан кемінде 75 балл жинаған тұлғалар конкурстық негізде қабылданады.";

      Үлгілік қағидаларға 5-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Үлгілік қағидаларға 7-1-қосымшамен толықтырылсын;

      осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес Үлгілік қағидаларға 10-қосымшамен толықтырылсын;

      осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес Үлгілік қағидаларға 11-қосымшамен толықтырылсын;

      осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес Үлгілік қағидаларға 12-қосымшамен толықтырылсын;

      осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес Үлгілік қағидаларға 13-қосымшамен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекші ететін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
А. Аймагамбетов

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2021 жылғы 9 тамыздағы
№ 388 бұйрығына
1-қосымша
  Жоғары білімнің білім беру
бағдарламаларын іске асыратын
білім беру ұйымдарына оқуға
қабылдаудың үлгілік
қағидаларына
2-қосымша

Арнаулы және (немесе) шығармашылық емтиханның өткізу формасы

Білім беру бағдарламалары топтарының нөмірі

Білім беру бағдарламалары топтарының атауы

Арнаулы және (немесе) шығармашылық емтиханның өткізу формасы

1

2

3

Арнаулы дайындықты талап ететін білім беру бағдарламалары топтары

В001

Педагогика және психология

Педагогикалық жағдаятты шешу

В002

Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу

Педагогикалық жағдаятты шешу

В003

Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі

Педагогикалық жағдаятты шешу

В008

Құқық және экономика негіздері мұғалімдерін даярлау

Педагогикалық жағдаятты шешу

В009

Математика мұғалімдерін даярлау

Педагогикалық жағдаятты шешу

В010

Физика мұғалімдерін даярлау

Педагогикалық жағдаятты шешу

В011

Информатика мұғалімдерін даярлау

Педагогикалық жағдаятты шешу

В012

Химия мұғалімдерін даярлау

Педагогикалық жағдаятты шешу

В013

Биология мұғалімдерін даярлау

Педагогикалық жағдаятты шешу

В014

География мұғалімдерін даярлау

Педагогикалық жағдаятты шешу

В015

Гуманитарлық пәндер мұғалімдерін даярлау

Педагогикалық жағдаятты шешу

В016

Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау

Педагогикалық жағдаятты шешу

В017

Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау

Педагогикалық жағдаятты шешу

В018

Шет тілі мұғалімдерін даярлау

Педагогикалық жағдаятты шешу

В019

Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану мамандарын даярлау

Педагогикалық жағдаятты шешу

В020

Арнайы педагогика

Педагогикалық жағдаятты шешу

В084

Мейіргер ісі

Психометрикалық емтихан

В086

Жалпы медицина

Психометрикалық емтихан

В087

Стоматология

Психометрикалық емтихан

В088

Педиатрия

Психометрикалық емтихан

Шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламалары топтары

1

2

3*

4

В004

Бастапқы әскери дайындық мұғалімдерін даярлау

Спорт түрлері бойынша нормативтер

Спорт ойындары

В005

Дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау

Мамандану бойынша нормативтер

Жалпы дене даярлығы бойынша нормативтер

В006

Музыка мұғалімдерін даярлау

Орындау шеберлігі

Жалпы музыкалық қабілетін көрсету

В007

Көркем еңбек және сызу мұғалімдерін даярлау

Сурет (адам бетінің гипстен жасалған маскасының суреті)

Кескіндеме (натюрморт)

В021

Орындаушылық өнер

Жеке (соло) бағдарламасын орындау

Музыкалық-теориялық пәндер бойынша ауызша және/немесе жазбаша емтихан (музыканың қарапайым теориясы/ гармония/ сольфеджио / этносольфеджио)

В022

Музыкатану

Музыкалық әдебиеттен ауызша емтихан. Музыкалық тақырыптарды орындау

Гармония бойынша ауызша емтихан; сольфеджио бойынша Диктант

В023

Режиссура, арт-менеджмент

Жазбаша жұмыс эссе / реферат немесе Арт-жобаның презентациясы

Коллоквиум.

В024

Өнертану

Жазбаша жұмыс: Кинотеледраматургия бойынша эссе және өнер туындыларын талдау

Өнер тарихы бойынша ауызша емтихан.

В025

Дирижерлеу

Дирижерлеу және коллоквиум.

Гармония бойынша ауызша емтихан. Сольфеджио бойынша диктант.

В026

Композиция

Өз шығармаларын ұсыну және коллоквиум.

Гармония бойынша ауызша емтихан.
Сольфеджио бойынша диктант

В027

Театр өнері

Актерлік шеберлік, сахна тілі

Би, вокал

В028

Хореография

Орындау шеберлігі

Коллоквиум. Балетмейстер өнері бойынша тәжірибелік жұмыс.

В029

Аудиовизуалды құрылғылар және медиа өндіріс

Жазбаша жұмыс-аудиовизуалды немесе медиа жұмысты талдау

Коллоквиум және портфолио

В030

Бейнелеу өнері

Сурет, кескіндеме 1

Композиция 1

В031

Сән, дизайн

Сурет, кескіндеме 2

Композиция 2 немесе сызу

В033

Дінтану және теология

Кәсіпке жарамдылығын анықтау үшін әңгімелесу

Дін негіздері бойынша ауызша емтихан

В042

Журналистика және репортер ісі

Шығарма

Кәсіпке жарамдылығын анықтау үшін әңгімелесу

В073

Сәулет

Сурет

Сызу

В092

Тынығу

Орындау шеберлігі

Ұйымдастыру-қойылым жұмысының негіздері

      * қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін жоғары білімі бар кадрларды даярлаудың ұқсас бағыттары бойынша "В029 - Аудиовизуалды құрылғылар және медиа өндіріс" білім беру бағдарламалары тобын қоспағанда

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2021 жылғы 9 тамыздағы
№ 388 бұйрығына
2-қосымша
  Жоғары оқу орнынан кейінгі
білімнің білім беру
бағдарламаларын іске асыратын
білім беру ұйымдарына оқуға
қабылдаудың үлгілік
қағидаларына
5-қосымша

Докторантура білім беру бағдарламалары топтарының тізбесі

Білім беру бағдарламасы тобының нөмірі

Докторантура білім беру бағдарламасы тобының атауы

D001

Педагогика және психология

D002

Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу

D003

Пәнсіз мамандандырылған педагогтерді даярлау

D004

Бастапқы әскери дайындық педагогтерін даярлау

D005

Дене шынықтыру педагогтерін даярлау

D006

Музыка педагогтерін даярлау

D007

Көркем еңбек, графика және жобалау педагогтерін даярлау

D008

Кәсіптік оқыту педагогтерін даярлау

D009

Құқық және экономика негіздері

D010

Математика педагогтерін даярлау

D011

Физика педагогтерін даярлау (қазақ, орыс, ағылшын тілі)

D012

Информатика педагогтерін даярлау (қазақ, орыс, ағылшын тілі)

D013

Химия педагогтерін даярлау (қазақ, орыс, ағылшын тілі)

D014

Биология педагогтерін даярлау (қазақ, орыс, ағылшын тілі)

D015

География педагогтерін даярлау

D016

Тарих педагогтерін даярлау

D017

Қазақ тілі мен әдебиетінің педагогтерін даярлау

D018

Орыс тілі мен әдебиетінің педагогтерін даярлау

D019

Шет тілдері педагогтерін даярлау

D020

Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану бойынша кадрларын даярлау

D021

Арнайы педагогика

D022

Музыкатану

D023

Аспаптық орындаушылық

D024

Вокалдық өнер

D025

Дәстүрлі музыка өнері

D026

Композиция

D027

Дирижирлеу

D028

Режиссура

D029

Театр өнері

D030

Эстрада өнері

D031

Хореография

D032

Аудиовизуалды құралдар және медиа өндіріс

D033

Бейнелеу өнері

D034

Өнертану

D035

Сән, дизайн

D036

Полиграфия

D037

Арт-менеджмент

D050

Философия және әдеп

D051

Дінтану және теология

D052

Исламтану

D053

Тарих және археология

D054

Түркітану

D055

Шығыстану

D056

Аударма ісі, ілеспе аударма

D057

Лингвистика

D058

Әдебиет

D059

Шетел филологиясы

D060

Филология

D061

Әлеуметтану

D062

Мәдениеттану

D063

Саясаттану және конфликтология

D064

Халықаралық қатынастар

D065

Аймақтану

D066

Психология

D067

Журналистика және репортерлық іс

D068

Қоғаммен байланыс

D069

Кітапхана ісі, ақпаратты өңдеу және архив ісі

D070

Экономика

D071

Мемлекеттік және жергілікті басқару

D072

Менеджмент және басқару

D073

Аудит және салық салу

D074

Қаржы, банктік және сақтандыру ісі

D075

Маркетинг және жарнама

D076

Еңбек дағдылары

D077

Бағалау

D078

Құқық

D079

Сот сараптамасы

D080

Биология

D081

Генетика

D082

Биотехнология

D083

Геоботаника

D084

География

D085

Гидрология

D086

Метеорология

D087

Қоршаған ортаны қорғау технологиясы

D088

Гидрогеология және инженерлік геология

D089

Химия

D090

Физика

D091

Сейсмология

D092

Математика және статистика

D093

Механика

D094

Ақпараттық технологиялар

D095

Ақпараттық қауіпсіздік

D096

Коммуникация және коммуникациялық технологиялар

D097

Химиялық инженерия және процесстер

D098

Жылу энергетикасы

D099

Энергетика және электр техникасы

D100

Автоматтандыру және басқару

D101

Материалтану және жаңа материалдар технологиясы

D102

Роботты техника және мехатроника

D103

Механика және металл өңдеу

D104

Көлік, көліктік техника және технология

D105

Авиациалық техника және технологиялар

D106

Ұшатын аппараттар мен қозғалтқыштарды ұшуда пайдалану

D107

Ғарыштық инженерия

D108

Наноматериалдар және нанотехнологиялар (сала бойынша)

D109

Мұнай және кен геофизикасы

D110

Теңіз техникасы және технологиялары

D210

Магистральды желілер және инфрақұрылым

D310

Көліктік имараттар

D111

Тамақ өнімдерін өндіру

D112

Ағаш өңдеу және ағаштан жасалған бұйымдар технологиясы (қолдану саласы бойынша)

D113

Материалдарды қысыммен өңдеу технологиясы

D114

Тоқыма: киім, аяқ-киім және былғары бұйымдар

D115

Мұнай инженериясы

D116

Тау-кен инженериясы

D117

Металлургиялық инженерия

D118

Пайдалы қазбалар байыту

D119

Фармацевтикалық өндіріс технологиясы

D120

Маркшейдерлік іс

D121

Геология

D122

Сәулет

D123

Геодезия

D124

Құрылыс

D125

Құрылыс материалдарының, бұйымдарының және құрастырылымдарының өндірісі

D126

Көлік құрылысы

D127

Инженерлік жүйелер мен желілер

D128

Жерге орналастыру

D129

Гидротехникалық құрылыс

D130

Стандарттау, сертификаттау және метрология (сала бойынша)

D131

Өсімдік шаруашылығы

D132

Мал шаруашылығы

D133

Орман шаруашылығы

D134

Балық шаруашылығы

D135

Ауыл шаруашылығын энергиямен қамтамасыз ету

D136

Автокөлік құралдары

D137

Су ресурстары және суды пайдалану

D138

Ветеринария

D139

Қоғамдық денсаулық

D140

Фармация

D141

Медицина

D142

Әлеуметтік жұмыс

D143

Туризм

D144

Бос уақыт

D145

Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі

D146

Санитарлық-профилактикалық іс-шаралар

D147

Көлік қызметі

D148

Логистика (сала бойынша)

D149

Құқық қорғау қызметі

D150

Өрт қауіпсіздігі

D151

Мейіргер ғылымы

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2021 жылғы 9 тамыздағы
№ 388 бұйрығына
3-қосымша
  Жоғары оқу орнынан кейінгі
білімнің білім беру
бағдарламаларын іске асыратын
білім беру ұйымдарына оқуға
қабылдаудың үлгілік
қағидаларына
7-1-қосымша

Оқыту қазақ немесе орыс тілінде жүргізілетін бейінді магистратурада білім алу үшін кешенді тестілеудің 100 балдық бағалау жүйесінің шкаласы

Тест түрлері

Тапсырма нысаны

Тапсыру тілі

Тест саны

Балл

Оқуға дайындығын анықтауға арналған тест

Бір дұрыс жауапты таңдау

Қазақ/Орыс

30

30

Білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша тест

Бір дұрыс жауапты таңдау

Қазақ/Орыс

30

30

Бір немесе бірнеше дұрыс жауапты таңдау

Қазақ/Орыс

20

40

Барлығы

80

100

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2021 жылғы 9 тамыздағы
№ 388 бұйрығына
4-қосымша
  Жоғары оқу орнынан кейінгі
білімнің білім беру
бағдарламаларын іске асыратын
білім беру ұйымдарына оқуға
қабылдаудың үлгілік
қағидаларына
10-қосымша

Докторантураға компьютерлік форматтағы түсу емтиханына кіргізу барысында тыйым салынған заттарды табу бойынша акт

      ________________________________________________________________________________

      (код) (ұйымның атауы)

      "______"_______________202____жыл

      "______" сағат "______" минут

      Түсу емтиханының әкімшісі

      ________________________________________________________________________________

      (Т.А.Ә.(болған жағдайда))

      Бақылаушы

      ________________________________________________________________________________

      (Т.А.Ә. (болған жағдайда))

      Ғимаратқа кіреберісте түсушіден: Т.А.Ә. (болған жағдайда)

      ________________________________________________, ЖСН _________________________

      Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларының 20-3 тармағының бұзылғандығын дәлелдейтін төмендегі заттар табылды:

      ________________________________________________________________________________

      (табылған заттың атауы, маркасы, саны.)

      Аталған деректі ескере отырып шешім қабылдады: түсушіні

      ________________________________________________________________________________

      (Т.А.Ә. (болған жағдайда))

      ғимараттан шығару және түсу емтиханына жібермеу.

      Актімен таныстым:

      ________________________________________________________________

      (түсушінің Т.А.Ә. (болған жағдайда) және қолы)

      ________________________________________________________________

      (түсу емтиханы әкімшісінің Т.А.Ә. (болған жағдайда) және қолы)

      ________________________________________________________________

      (бақылаушының Т.А.Ә. (болған жағдайда) және қолы)



      Күні:_________

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2021 жылғы 9 тамыздағы
№ 388 бұйрығына
5-қосымша
  Жоғары оқу орнынан кейінгі
білімнің білім беру
бағдарламаларын іске асыратын
білім беру ұйымдарына оқуға
қабылдаудың үлгілік
қағидаларына
11-қосымша

Докторантураға компьютерлік форматтағы түсу емтиханына кіргізу барысында бөгде тұлғаның анықталуы туралы акт

      ________________________________________________________________________________

      (код) (ұйымның атауы)

      "______"_______________202____жыл

      "______" сағат "______" минут

      Түсу емтиханының әкімшісі

      ________________________________________________________________________________

      (Т.А.Ә.(болған жағдайда))

      Бақылаушы

      ________________________________________________________________________________

      (Т.А.Ә. (болған жағдайда))

      Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларының 20-3 тармағының бұзылғандығын дәлелдейтін ғимаратқа кіреберісте

      Түсуші _______________________________________________________________________

      (Т.А.Ә. (болған жағдайда), ЖСН)

      орнына азамат/азаматша ___________________________________________________________

      (Т.А.Ә. (болған жағдайда))

      кіру фактісі анықталды.

      Аталған деректі ескере отырып шешім қабылдады: түсушіні

      ________________________________________________________________________________

      (Т.А.Ә. (болған жағдайда))

      ғимараттан шығару және түсу емтиханына жібермеу.

      Актімен таныстым:

      ________________________________________________________________

      (түсуші-бөгде тұлғаның Т.А.Ә. (болған жағдайда) және қолы)

      ________________________________________________________________

      (түсу емтиханы әкімшісінің Т.А.Ә. (болған жағдайда) және қолы)

      ________________________________________________________________

      (бақылаушының Т.А.Ә. (болған жағдайда) және қолы)



      Күні:_________

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2021 жылғы 9 тамыздағы
№ 388 бұйрығына
6-қосымша
  Жоғары оқу орнынан кейінгі
білімнің білім беру
бағдарламаларын іске асыратын
білім беру ұйымдарына оқуға
қабылдаудың үлгілік
қағидаларына
12-қосымша

Докторантураға компьютерлік форматтағы түсу емтиханын өткізу барысында тыйым салынған заттардың тәркіленуі және тәртіп сақтау ережесін бұзған түсушіні аудиториядан шығару туралы акт

      ________________________________________________________________________________

      (код) (ұйымның атауы)

      "______"_______________202____жыл

      "______" сағат "______" минут

      Түсу емтиханының әкімшісі

      ________________________________________________________________________________

      (Т.А.Ә.(болған жағдайда))

      Бақылаушы

      ________________________________________________________________________________

      (Т.А.Ә. (болған жағдайда))

      Түсу емтиханын өткізу барысында түсушіден: Т.А.Ә. (болған жағдайда)

      ________________________________________,

      ЖСН ________________ №___ аудитория, №___ орын,

      Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларының 20-4 тармағының бұзылғандығын дәлелдейтін төмендегі заттар табылды:

      ________________________________________________________________________________

      (табылған заттың атауы, маркасы, саны.)

      Аталған деректі ескере отырып шешім қабылдады: түсуші

      ________________________________________________________________________________

      (Т.А.Ә. (болған жағдайда))

      №_____ аудиториядан шығару және түсу емтиханының нәтижелерін жою.

      Актімен таныстым:

      ________________________________________________________________

      (түсушінің Т.А.Ә. (болған жағдайда) және қолы)

      ________________________________________________________________

      (түсу емтиханы әкімшісінің Т.А.Ә. (болған жағдайда) және қолы)

      ________________________________________________________________

      (бақылаушының Т.А.Ә. (болған жағдайда) және қолы)



      Күні:_________

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2021 жылғы 9 тамыздағы
№ 388 бұйрығына
7-қосымша
  Жоғары оқу орнынан кейінгі
білімнің білім беру
бағдарламаларын іске асыратын
білім беру ұйымдарына оқуға
қабылдаудың үлгілік
қағидаларына
13-қосымша

Докторантураға компьютерлік форматтағы түсу емтиханы барысында бөгде тұлғаның анықталуы туралы акт

      ________________________________________________________________________________

      (код) (ұйымының атауы)

      "______"_______________202____жыл

      "______" сағат "______" минут

      Түсу емтиханының әкімшісі

      ________________________________________________________________________________

      (Т.А.Ә.(болған жағдайда))

      Бақылаушы

      ________________________________________________________________________________

      (Т.А.Ә. (болған жағдайда))

      Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларының 20-4 тармағының бұзылғандығын дәлелдейтін түсу емтиханын өткізу барысында:

      Түсуші _________________________________________________________________________

      (Т.А.Ә. (болған жағдайда), ЖСН)

      орнына азамат/азаматша ___________________________________________________________

      (Т.А.Ә. (болған жағдайда))

      түсу емтиханын тапсыру фактісі анықталды.

      Аталған деректі ескере отырып шешім қабылдады: түсушіні

      ________________________________________________________________________________

      (Т.А.Ә. (болған жағдайда))

      №_____ аудиториядан шығару және тестілеу нәтижелерін жою.

      Актімен таныстым:

      ________________________________________________________________

      (Түсуші-бөгде тұлғаның Т.А.Ә. (болған жағдайда) және қолы)

      ________________________________________________________________

      (Түсу емтиханы әкімшісінің Т.А.Ә. (болған жағдайда) және қолы)

      ________________________________________________________________

      (Бақылаушының Т.А.Ә. (болған жағдайда) және қолы)



      Күні:_________