"Құрылыстағы баға белгілеу жөніндегі нормативтік құжаттарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының 2017 жылғы 14 қарашадағы № 249-нқ бұйрығына

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының 2021 жылғы 27 шiлдедегi № 110-нқ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 3 тамызда № 23839 болып тіркелді. Күші жойылған - Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының 2022 жылғы 9 желтоқсандағы № 227-нқ бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының 09.12.2022 № 227-нқ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Құрылыстағы баға белгілеу жөніндегі нормативтік құжаттарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының 2017 жылғы 14 қарашадағы № 249-нқ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16073 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 6-2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 936 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі туралы ереженің 16-тармағының 506) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрыққа 1-қосымшада:

      5-тармақтың 39) тармақшасы алып тасталсын;

      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Құрылысы алдағы (келесі) күнтізбелік жылда (жылдары) жоспарланып отырған объектілер бойынша құрылыстың сметалық құны нормативтік ұзақтығы мен құрылыстағы бөлім нормаларына сәйкес күнтізбелік жылдар бойынша инвестициялардың көлемін бөлу және айлық есептік көрсеткіштің өзгеру индексі арқылы алдағы кезеңдер көлемін индекстеу жолымен анықталады. Айлық есептік көрсеткіштің мөлшері Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 61-бабына сәйкес жыл сайын әзірленетін тиісті бес жылдық кезеңге арналған Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму болжамына (бұдан әрі – Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму болжамы) сәйкес қабылданады.";

      78-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "78. Сметалық құжаттамасы ресурстық әдіспен әзірленген ұқсас объектілердің құндық көрсеткіштері ағымдағы баға деңгейіне қайта есептей отырып, сметалық есептеулерде қолданылады. Тапсырыс берушінің шешімі бойынша ағымдағы бағаларға көшу келесі тәсілдермен жүзеге асырылады:

      1) ұқсас объектінің сметалық құжаттамасы Қазақстан Республикасының өңірлері бойынша құрылыс ресурстарына ағымдағы деңгейдегі сметалық бағаларды қолдану жолымен қайта есептеледі;

      2) ұқсас объектінің жергілікті сметасының (жергілікті сметаның бөлімі) қорытындысы бойынша үстеме шығыстар мен сметалық пайданы және инженерлік жабдықтың құнын ескере отырып, тікелей шығындар қабылданады және Объектілік (жергілікті) сметалық есептің тиісті жолына позициялармен енгізіледі. Ағымдағы бағаларға көшу айлық есептік көрсеткіштің өзгеру индексін қолдану арқылы жүзеге асырылады. Жылдар бойынша айлық есептік көрсеткіштің мөлшері Қазақстан Республикасының республикалық бюджет туралы заңнамасына сәйкес қабылданады.";

      79-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "79. Құны ресурстық әдіспен анықталған тиісті ұқсас объектілер болмаған жағдайда құрылыстың есептік құнын құндық көрсеткіштері базистік-индекстік әдіспен анықталған ұқсас объектілердің жобалары бойынша анықтауға жол беріледі.

      Ұқсас объектілер жобаларының құрылыс-монтаждау жұмыстарының құндық көрсеткіштері мынадай ретпен қолданылады:

      1) ұқсас объектінің жобасынан нормаланбаған және болжанбаған шығындарды есептемегенде үстеме шығыстарды ескере отырып, жергілікті сметаның (жергілікті сметаның бөлімі) қорытындысы бойынша тікелей шығындар қабылданады және объектілік (жергілікті) сметалық есептің тиісті жолына позициямен енгізіледі;

      2) 2001 жылғы бағалардың базалық деңгейінен құрылыстың сметалық құнының ағымдағы деңгейіне көшу айлық есептік көрсеткіштің өзгеру индексін қолдану арқылы құнның объектілік (жергілікті) сметалық есебінің позициялары бойынша жүзеге асырылады. Жылдар бойынша айлық есептік көрсеткіштің мөлшері Қазақстан Республикасының республикалық бюджет туралы заңнамасына сәйкес қабылданады;

      3) тікелей шығындар мен үстеме шығыстар сомасына құнның объектілік (жергілікті) сметалық есебінің қорытындысы бойынша осы бұйрыққа 2-қосымшада келтірілген нормалар бойынша сметалық пайда есептеледі.

      Ұқсас объектілердің жобалары бойынша инженерлік жабдықтың сметалық құнының ағымдағы деңгейіне Тапсырыс берушінің шешімі бойынша 2001 жылғы базалық баға деңгейінен көшу айлық есептік көрсеткіштің өзгеру индексін қолдану жолымен немесе Қазақстан Республикасының өңірлері бойынша құрылыс ресурстарына қолданыстағы сметалық бағаларды қолдану жолымен жүзеге асырылуы мүмкін. Жылдар бойынша айлық есептік көрсеткіштің мөлшері Қазақстан Республикасының республикалық бюджет туралы заңнамасына сәйкес қабылданады.";

      87-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "87. Егер объектіні салу әртүрлі күнтізбелік жылдары (ауыспалы объект) жүзеге асырылған жағдайда, онда осы нормативтік құжаттың 15-тармағына сәйкес құрылыстың нормативтік ұзақтығына және құрылыстың басталуына байланысты жылдар бойынша бөле отырып, құрылыс құнының есебі жүргізіледі. Құрылыстың басталу мерзімі тапсырыс беруші жобалау ұйымына бастапқы деректері бар немесе сметалық құжаттаманы жасау кезінде жобалау процесінде ұсынады.

      Жылдар бойынша бөлу 1-9 (4-7-бағандар) тараулар бойынша қорытындыдан мынадай тәртіппен дәйекті түрде жүргізіледі:

      жобаны әзірлеу кезеңінде ағымдағы бағаларда 1-9-тараулар бойынша қорытынды көрсетіледі, одан кейін жылдар бойынша бөлу жүргізіледі ("оның ішінде:" айлық есептік көрсеткіштің өзгеру индексін ескере отырып, тиісті жылға), бөлінуін ескере отырып, 1-9-тараулар бойынша қорытынды көрсетіледі және одан әрі қорытындылар осы нормативтік құжаттың 70-тармағында баяндалған тәртіпке ұқсас болып есептеледі.".

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымды дамыту даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің құрылыстағы нормативтер сметалық нормалар басқармасы:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымды дамыту даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрлігі Құрылыс және тұрғын
үй-коммуналдық шаруашылық
істері комитетінің төраға - ҚР мемлекеттік
құрылыс инспекторы
Т. Карагойшин