"Мемлекеттік мүлікті есепке алу саласында мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 7 сәуірдегі № 362 бұйрығына өзгерістер

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 2 тамыздағы № 742 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 3 тамызда № 23838 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мемлекеттік мүлікті есепке алу саласында мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары-Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 7 сәуірдегі № 362 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20342 болып тіркелді) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Мыналар:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес "Мемлекеттік мүлік тізілімінен ақпарат беру (мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, сондай-ақ мемлекеттік заңды тұлғалардың тізбесі; Мемлекеттік меншік объектілерін сауда-саттыққа қою кестесіне енгізілген мемлекеттік мүлік туралы ақпарат пен материалдар)" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес "Мемлекеттік мүлік тізілімінен мемлекеттік мүлікті жалға алушыға онымен жасалған жалдау шарты бойынша шарттың талаптары, осындай шарт бойынша есептеулер, өсімпұл мен бюджетке аударылған төлемдер бойынша мәліметтермен бірге ақпарат беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары бекітілсін.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Мемлекеттік мүлік тізілімінен ақпарат беру (мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, сондай-ақ мемлекеттік заңды тұлғалардың тізбесі; Мемлекеттік меншік объектілерін сауда-саттыққа қою кестесіне енгізілген мемлекеттік мүлік туралы ақпарат пен материалдар)" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы "Мемлекеттік мүлік тізілімінен ақпарат беру (мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, сондай-ақ мемлекеттік заңды тұлғалардың тізбесі; Мемлекеттік меншік объектілерін сауда-саттыққа қою кестесіне енгізілген мемлекеттік мүлік туралы ақпарат пен материалдар)" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 24) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленген және "Мемлекеттік мүлік тізілімінен ақпарат беру (мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, сондай-ақ мемлекеттік заңды тұлғалардың тізбесі; Мемлекеттік меншік объектілерін сауда-саттыққа қою кестесіне енгізілген мемлекеттік мүлік туралы ақпарат пен материалдар)" мемлекеттік қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсету тәртібін айқындайды.";

      3-тарау мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      8. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.

      Шағым шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті берушіге беріледі. Шешімі, әрекеті (әрекетсіздігі) шағымданған көрсетілетін қызметті беруші 3 (үш) жұмыс күні шағымда көрсетілген талаптарды қанағаттандыратын шешім қабылдаса, ол оны шағымды қарайтын органға жібермейді.

      Шағымды қанағаттандырусыз қалдыру туралы шешім қабылдаған кезде шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын көрсетілетін қызметті беруші шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.

      9. Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының: 8-800-080-7777 немесе 1414 телефоны бойынша алады.

      Портал арқылы шағымды жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинеттен" өтініш туралы ақпарат қолжетімді, ол көрсетілетін қызметті берушінің өтінішті өңдеуі барысында (жеткізілуі, тіркелуі, орындалуы туралы белгілер, қаралғаны немесе қараудан бас тарту туралы жауап) жаңартылады.

      10. Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      11. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы сотқа Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 4-бабының 6) тармақшасына cәйкес жүгінеді.";

      3-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Мемлекеттік мүлікті жалға алушылармен (сенімгерлік басқарушылармен) жасалған жалдау (сенімгерлік басқару) шарттары бойынша оларға мемлекеттік мүлік тізілімінен шарт бойынша есептеулер, өсімпұл мен мемлекеттік бюджетке түскен төлемдер туралы мәліметтерді қамтитын анықтама беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Е. Жамаубаев

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасы
  Қаржы министрінің
  2021 жылғы 2 тамыздағы
  № 742 Бұйрыққа
  1-қосымша
  "Мемлекеттік мүлік тізілімінен ақпарат беру (мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, сондай-ақ мемлекеттік заңды тұлғалардың тізбесі; Мемлекеттік меншік объектілерін сауда-саттыққа қою кестесіне енгізілген мемлекеттік мүлік туралы ақпарат пен материалдар)" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына
  3-қосымша

"Мемлекеттік мүлік тізілімінен ақпарат беру (мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, сондай-ақ мемлекеттік заңды тұлғалардың тізбесі; Мемлекеттік меншік объектілерін сауда-саттыққа қою кестесіне енгізілген мемлекеттік мүлік туралы ақпарат пен материалдар)" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті

2

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері

www.​egov.​kz "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы (бұдан әрі - портал)

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

10 (он) минут

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электрондық (толығымен автоматтандырылған)

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, сондай-ақ мемлекеттік заңды тұлғалардың тізбесі;
мемлекеттік меншік объектілерін сауда-саттыққа қою кестесіне енгізілген мемлекеттік мүлік туралы ақпарат пен материалдар.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.

6

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан өндіріп алынатын төлемнің мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны өндіріп алу тәсілдері

Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға тегін көрсетіледі.

7

Жұмыс кестесі

1) портал - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы;
2) көрсетілетін қызметті беруші - Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс күндері мен мереке күндерін санамағанда, дүйсенбіден - жұмаға дейін белгіленген кестеге сәйкес 9.00-ден 18.30 сағатқа дейін.

8

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі

Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, сондай-ақ мемлекеттік заңды тұлғалардың тізбесін алуға;
Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер, сондай-ақ мемлекеттік заңды тұлғалар туралы мәліметтер қарауға;
Мемлекеттік меншік объектілерін сауда-саттыққа қою кестесіне енгізілген мемлекеттік мүлік туралы ақпарат пен материалдарды алуға арналған сұрау.

9

Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер

Жоқ

10

Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдың "жеке кабинеті", сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Министрліктің www.​minfin.​gov.​kz интернет-ресурсында орналастырылған, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.
Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:
1) Министрліктің www.​minfin.​gov.​kz интернет-ресурсында;
2) порталда орналастырылған.

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2021 жылғы 2 тамыздағы
№ 742 Бұйрыққа
2-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
Бірінші орынбасары –
Қаржы министрінің
2020 жылғы 7 сәуірдегі
№ 362 бұйрығына
2-қосымша

"Мемлекеттік мүлік тізілімінен мемлекеттік мүлікті жалға алушыға онымен жасалған жалдау шарты бойынша шарттың талаптары, осындай шарт бойынша есептеулер, өсімпұл мен бюджетке аударылған төлемдер бойынша мәліметтермен бірге ақпарат беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары 1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы "Мемлекеттік мүлік тізілімінен мемлекеттік мүлікті жалға алушыға онымен жасалған жалдау шарты бойынша шарттың талаптары, осындай шарт бойынша есептеулер, өсімпұл мен бюджетке аударылған төлемдер бойынша мәліметтермен бірге ақпарат беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 24) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес әзірленген және "Мемлекеттік мүлік тізілімінен мемлекеттік мүлікті жалға алушыға онымен жасалған жалдау шарты бойынша шарттың талаптары, осындай шарт бойынша есептеулер, өсімпұл мен бюджетке аударылған төлемдер бойынша мәліметтермен бірге ақпарат беру" мемлекеттік қызметін көрсету (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды.

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызмет беруші) www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы көрсетеді.

2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін заңды және жеке тұлғалар (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес жалға алу келісім-шарттың нөмірі туралы мәліметтер көрсетілген мемлекеттік мүлікті жалға алушыға онымен жасалған жалдау шарты бойынша шарттың талаптары, осындай шарт бойынша есептеулер, өсімпұл мен бюджетке аударылған төлемдер бойынша мәліметтермен бірге ақпарат алу үшін портал арқылы сұрау (бұдан әрі - сұрау) салады және куәландыру (қол қою) үшін электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) немесе порталдың есептік жазбасына ұялы байланыс операторы ұсынған көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірі қосылғаны тіркелген жағдайда, бір рет қолданылатын пароль арқылы қолын қояды.

      Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, қызмет көрсету процессінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызметті көрсетуге негізгі талаптар тізбесі мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес көрсетілген.

      4. Сұрау www.gosreestr.kz "мемлекеттік мүлік тізілімі" веб-порталда (бұдан әрі - мемтізілім) автоматты түрде тіркеліп, 10 (он) минуттан артық емес өңделеді.

      5. Сұрауды өңдеудің қорытындысы бойынша қарау режимінде осы Қағидаларға 3-қосымшаның 1 немесе 2-нысандарына сәйкес мемлекеттік мүлікті жалға беру туралы шарт бойынша ақпарат қалыптастырылады.

      6. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті мәліметтерді қамтитын ақпараттық жүйе істен шыққан жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші қате туындаған сәттен бастап дереу "электрондық үкімет" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым операторын қателіктің нақты уақытын көрсете отырып, sd@nitec.kz электрондық поштасы бойынша бірыңғай қолдау қызметіне сұрау жолдау арқылы хабардар етеді.

      7. Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне деректер енгізу Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрі міндетін атқарушының 2013 жылғы 14 маусымдағы № 452 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету сатысы туралы деректер енгізу қағидаларымен (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8555 болып тіркелді) белгіленеді.

      Мемлекеттік қызмет көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесінде деректер енгізу автоматтандырылды.

3-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      8. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.

      Шағым шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті берушіге беріледі. Шешімі, әрекеті (әрекетсіздігі) шағымданған көрсетілетін қызметті беруші 3 (үш) жұмыс күні шағымда көрсетілген талаптарды қанағаттандыратын шешім қабылдаса, ол оны шағымды қарайтын органға жібермейді.

      Шағымды қанағаттандырусыз қалдыру туралы шешім қабылдаған кезде шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын көрсетілетін қызметті беруші шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.

      9. Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының: 8-800-080-7777 немесе 1414 телефоны бойынша алады.

      Портал арқылы шағымды жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинеттен" өтініш туралы ақпарат қолжетімді, ол көрсетілетін қызметті берушінің өтінішті өңдеуі барысында (жеткізілуі, тіркелуі, орындалуы туралы белгілер, қаралғаны немесе қараудан бас тарту туралы жауап) жаңартылады.

      10. Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      11. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы сотқа Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 4-бабының 6) тармақшасына cәйкес жүгінеді.

  "Мемлекеттік мүлік тізілімінен мемлекеттік мүлікті жалға алушыға онымен жасалған жалдау шарты бойынша шарттың талаптары, осындай шарт бойынша есептеулер, өсімпұл мен бюджетке аударылған төлемдер бойынша мәліметтермен бірге ақпарат беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына
  1-қосымша

      Нысан

Мемлекеттік мүлік тізілімінен мемлекеттік мүлікті жалға алушыға онымен жасалған жалдау шарты бойынша шарттың талаптары, осындай шарт бойынша есептеулер, өсімпұл мен бюджетке аударылған төлемдер бойынша мәліметтермен бірге ақпарат алу үшін сұрау

      Ұйымдарды іздеу өлшем шарттары

      1-қадам. Деректерді толтыру:

      1) жалдаушының бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі-БСН)/ жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі-ЖСН);

      2) шарттың нөмірі.

      2-қадам. Электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі-ЭЦҚ) немесе бір рет қолданылатын парольдің көмегі арқылы қол қою:

      1) ЭЦҚ-мен қол қою немесе бір рет қолданылатын парольді енгізу.

      3-қадам. Сұрау салудың нәтижесі (экранға шығару):

      1) жалдаушының БСН-і/ЖСН-і;

      2) сұрау салу нөмірі;

      3) қызметтің типі;

      4) сұрау салудың мәртебесі.

      Сұрауды өңдеудің қорытындысы бойынша қарау режимінде мемлекеттік мүлікті жалға беру туралы шарт бойынша ақпарат қалыптастырылады.

  "Мемлекеттік мүлік тізілімінен мемлекеттік мүлікті жалға алушыға онымен жасалған жалдау шарты бойынша шарттың талаптары, осындай шарт бойынша есептеулер, өсімпұл мен бюджетке аударылған төлемдер бойынша мәліметтермен бірге ақпарат беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына
  2-қосымша

"Мемлекеттік мүлік тізілімінен мемлекеттік мүлікті жалға алушыға онымен жасалған жалдау шарты бойынша шарттың талаптары, осындай шарт бойынша есептеулер, өсімпұл мен бюджетке аударылған төлемдер бойынша мәліметтермен бірге ақпарат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті

2

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері

www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы (бұдан әрі - портал)

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

10 (он) минут

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электрондық (толығымен автоматтандырылған)

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Мемлекеттік мүлікті жалға беру туралы шарт бойынша ақпарат.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық

6

Мемлекетік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан өндіріп алынатын төлемнің мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны өндіріп алу тәсілдері

Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға тегін көрсетіледі.

7

Жұмыс кестесі

1) портал - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы;
2) көрсетілетін қызметті беруші - Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс күндері мен мереке күндерін санамағанда, дүйсенбіден - жұмаға дейін белгіленген кестеге сәйкес 9.00-ден 18.30 сағатқа дейін.

8

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі

Мемлекеттік мүлікті жалға алушыға онымен жасалған жалдау шарты бойынша шарттың талаптары, осындай шарт бойынша есептеулер, өсімпұл мен бюджетке аударылған төлемдер бойынша мәліметтермен жалға алу шартының нөмірі және жеке тұлға үшін - жеке сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлға үшін - бизнес-сәйкестендіру нөмірі туралы мәліметті көрсете отырып, ақпарат алу үшін сұрау.

9

Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер

Жоқ

10

Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы болуы немесе порталдың есептік жазбасына ұялы байланыс операторы ұсынған көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірі тіркелген және қосылған жағдайда, бір рет қолданылатын парольді пайдалану шартында портал арқылы электрондық нысанда мемлекеттік көрсетілетін қызметті алады.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдың "жеке кабинеті", сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Министрліктің www.minfin.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.
Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:
1) Министрліктің www.minfin.gov.kz интернет-ресурсында;
2) порталда орналастырылған.

  "Мемлекеттік мүлік тізілімінен мемлекеттік мүлікті жалға алушыға онымен жасалған жалдау шарты бойынша шарттың талаптары, осындай шарт бойынша есептеулер, өсімпұл мен бюджетке аударылған төлемдер бойынша мәліметтермен бірге ақпарат беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына
  3-қосымша

      1-Нысан

Мемлекеттік мүлікті жалға беру туралы шарт бойынша ақпарат

      Құжат мемлекеттік мүлік тізілімімен қалыптастырылған

      Бірегей нөмірі:

      Сұрау салынған күні мен уақыты:

      Ақпаратты алатын күні мен уақыты:

      Құрметті мемлекеттік мүлік тізілімі веб-порталының мемлекеттік көрсетілетін қызметтерін тұтынушы!

      Сіз тапсырған іздестіру өлшемшарттары бойынша: шарттың № - ____ және бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі-БСН)/ жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі-ЖСН) - _______, мемлекеттік мүлік тізілімінің дерекқорларында мыналар тіркелген:

      1) шарт және мемлекеттік мүлік бойынша мәліметтер:

Шарт типі: мүліктік жалға алу (жалдау)


Жалға беруші:

БСН, толық атауы, мекенжайы, байланыс телефондары

Баланс ұстаушы:

БСН, толық атауы, мекенжайы, байланыс телефондары

Жалдаушы:

БСН/ЖСН, толық атауы, мекенжайы, байланыс телефондары

Шарттың нөмірі мен күні:


Мемлекеттік мүлік типі:

Көлік не ғимараттағы үй-жай немесе ғимарат не жабдық немесе басқалар

Жалға алу кезеңі:


Жалға алу объектісі:

Мемлекеттік мүліктің орналасқан орны, сипаты мен сипаттамасы

      2) шарт бойынша есептеулер, өсімпұл және мемлекеттік бюджетке түсімдер:

Есептеу күні

Есептелді, теңге

Мерзімі өткен күндер саны

Уақтылы төленбегені үшін өсімпұл, теңге (бір күнгі өсімпұл сомасы Х мерзімі өткен күндер саны)

Мемлекеттік бюджетке түсті, теңге

Төлем күні







      Барлығы есептелді:

      жалдау ақысы, теңге: _________

      өсімпұл, теңге: _________

      мемлекеттік бюджетке түсті, теңге: _________

      төлемге жиыны, теңге: _________

      2-Нысан

Мемлекеттік мүлікті жалға беру туралы шарт бойынша ақпарат

      Құжат мемлекеттік мүлік тізілімімен қалыптастырылған

      Бірегей нөмірі:

      Сұрау салынған күні мен уақыты:

      Ақпаратты алатын күні мен уақыты:

Құрметті мемлекеттік мүлік веб-портал тізілімінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтерін тұтынушы!

      Сіз тапсырған іздестіру өлшемшарттары бойынша: шарттың № - ____ және БСН/ЖСН - _______, мемлекеттік мүлік тізілімінің дерекқорларында мәліметтер табылған жоқ.

      Ескертпе:

      БСН - бизнес-сәйкестендіру нөмірі;

      ЖСН - жеке сәйкестендіру нөмірі;

      *Мемлекеттік мүлікті жалға беру туралы шарт бойынша ақпарат мәліметтер болған кезде қалыптастырылады;

      **Мемлекеттік мүлікті жалға беру туралы шарт бойынша ақпарат мәліметтер болмаған кезде қалыптастырылады.