"Атом энергиясын пайдалану саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 747 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің м.а. 2021 жылғы 19 шілдедегі № 236 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2021 жылғы 26 шілдедегі № 72 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылы 3 тамызда № 23837 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. "Атом энергиясын пайдалану саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 747 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 811 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12678 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 86-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына, 141-бабының 2-тармағына және 143-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:";

      көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген Атом энергиясын пайдалану саласындағы субъектілердің тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Атом энергиясын пайдалану саласындағы субъектілердің тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары (бұдан әрі – Өлшемшарттар) қызметін ядролық қондырғыларды қоспағанда, ықтимал радиациялық қауіптілігі III және IV санаттардағы объектілермен жүзеге асыратын субъектілерді (бұдан әрі – атом энергиясын пайдалану саласындағы субъектілер) тәуекел дәрежелері бойынша жатқызу мақсатында Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 141-бабы 4-тармағына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 31 шiлдедегi №3 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17371 болып тіркелген) бекітілген Мемлекеттік органдардың тәуекелдерді бағалау жүйесін қалыптастыру және тексеру парақтарының нысанын бекіту қағидаларына сәйкес әзірленген.";

      Атом энергиясын пайдалану саласындағы субъектілердің тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттарында:

      реттік нөмірі 5-жол алып тасталсын;

      реттік нөмірі 18-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

18.

Радиациялық шоғырларға калибрлеу жүргізуге және иондаушы сәулелену көздері жұмысының сапасын бақылауға жауапты медициналық физиктердің:
1) медициналық физиктердің шоғырға калибрлеу жүргізу және сапаны бақылау бойынша дипломдарының және арнайы даярлығы туралы құжаттарының;
2) радиотерапиялық қондырғының сапасын бақылау бағдарламасының және шоғырларға калибрлеу жүргізу және сапасын бақылау соңғы хаттамасының болуы

Елеулі

      ";

      көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген Қызметін ядролық қондырғыларды қоспағанда, ықтимал радиациялық қауіптілігі III санаттағы объектілермен жүзеге асыратын субъектілерге қатысты атом энергиясын пайдалану саласындағы тексеру парағында:

      реттік нөмірі 5-жол алып тасталсын;

      реттік нөмірі 18-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

18.

Радиациялық шоғырларға калибрлеу жүргізуге және иондаушы сәулелену көздері жұмысының сапасын бақылауға жауапты медициналық физиктердің:
1) медициналық физиктердің шоғырға калибрлеу жүргізу және сапаны бақылау бойынша дипломдарының және арнайы даярлығы туралы құжаттарының;
2) радиотерапиялық қондырғының сапасын бақылау бағдарламасының және шоғырларға калибрлеу жүргізу және сапасын бақылау соңғы хаттамасының болуы

Елеулі

      ";

      көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген Қызметін ядролық қондырғыларды қоспағанда, ықтимал радиациялық қауіптілігі IV санаттағы объектілермен жүзеге асыратын субъектілерге қатысты атом энергиясын пайдалану саласындағы тексеру парағында:

      реттік нөмірі 2-жол алып тасталсын.

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрінің м.а.
__________А. Абдыкадыров

Министрдің м.а
__________ М. Журебеков

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Бас прокуратурасының

      Құқықтық статистика және арнайы

      есепке алу жөніндегі комитеті

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Сауда және интеграция министрлігі