"Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында құрметті атақтар, төс белгілерін және құрмет грамоталарын беру қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 26 наурыздағы № 25-03-02/120 бұйрығы

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 30 шiлдедегі № 278 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 3 тамызда № 23811 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында құрметті атақтар, төс белгілерін және құрмет грамоталарын беру қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 26 наурыздағы № 25-03-02/120 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық аткілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7602 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында құрметті атақтар, төсбелгілер және құрмет грамоталарын беру қағидасында:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "Аңшылық шаруашылығы саласында еңбек сіңірген қызметкер", "Балық шаруашылығы саласында еңбек сіңірген қызметкер" құрметті атақтары (бұдан әрі – құрметті атақтар), "Жануарлар дүниесін қорғаудағы мінсіз қызметі үшін", "Балық шаруашылығы саласындағы мінсіз қызметі үшін" төсбелгілері (бұдан әрі – төсбелгілер) және құрмет грамоталары:

      1) Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті, Балық шаруашылығы комитеті (бұдан әрі – Комитеттер) мен олардың аумақтық бөлімшелерінің қызметкерлеріне;

      2) Комитеттердің қарамағындағы ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметкерлеріне;

      3) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы жергілікті мемлекеттік басқару органдарының қызметкерлеріне;

      4) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы ғылыми қызметкерлерге;

      5) аңшылық және балық шаруашылығы субъектілерінің қызметкерлеріне;

      6) аңшылар мен аңшылық шаруашылығы субъектілерінің республикалық қауымдастықтарының, сондай-ақ балықшылар мен балық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктерінің қызметкерлеріне;

      7) аңшылық және балық шаруашылығының дамуына үлес қосқан адамдарға, аңшылық және балық шаруашылықтары саласындағы белсенді ынтымақтастығы және ғылыми әзірлемелерді енгізгені үшін, осы салада мінсіз жұмыс істеген адамдарға, соның ішінде зейнеткерлік жасқа толуына байланысты құрметті демалысқа шыққан адамдарға, сондай-ақ осы саланың ардагерлеріне беріледі.";

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Құрметті атақтар, төсбелгілерін және құрмет грамоталарын беруге ұсынымдарды Комитеттерге:

      1) Комитеттердің аумақтық бөлімшелерінің;

      2) жергілікті мемлекеттік басқару органдарының;

      3) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және тұрақты пайдалануды қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік мекемелері мен республикалық мемлекеттік кәсіпорындарының;

      4) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы ғылыми ұйымдарының;

      5) аңшылық және балық шаруашылықтары субъектілерінің;

      6) аңшылардың және аңшылық шаруашылық субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықтары, сондай-ақ балықшылардың және балық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің басшылары ұсынады.";

      12-1− тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12-1. Құрметті атақтар, төсбелгілерін және құрмет грамоталарын беруге ұсынымдарды Комитеттер Министрлікке жолдайды.";

      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Құрметті атақтар, төсбелгілерін және құрмет грамоталарын беруге ұсынымдарды Комитеттер Министрлікке мерекелік, мүшелтойлық күндерге дейін 30 күнтізбелік күннен кешіктірмей жібереді.";

      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Қызметкерлер мен еңбек ұжымдарын ынталандырудың барлық түрін есепке алуды Комитеттердің кадр қызметі жүзеге асырады.";

      20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "20. Құрмет грамоталарын жасау осы Қағидаға 8 және 9-қосымшаларына сәйкес жүргізіледі.";

      Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында құрметті атақтар, төс белгілерін және құрмет грамоталарын беру қағидасының 2-қосымшасы осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жазылсын.

      Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында құрметті атақтар, төс белгілерін және құрмет грамоталарын беру қағидасының 7-қосымшасы осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жазылсын.

      осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес 9-қосымшамен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Экология, геология және
табиғи ресурстар министрі
М. Мирзагалиев

  Қазақстан Республикасының
Экология, геология және
табиғи ресурстар министрінің
2021 жылғы 30 шілдедегі
№ 278 Бұйрыққа
1-қосымша
  "Жануарлар дүниесін қорғау,
өсімін молайту және пайдалану
саласында құрметті атақтар,
төсбелгілер және құрмет
грамоталарын беру қағидасына
2-қосымша

      Үлгі

"Балық шаруашылығы саласында еңбек сіңірген қызметкер" төсбелгісінің сипаттамасы



      "Балық шаруашылығы саласында еңбек сіңірген қызметкер" құрметті атағына төсбелгісінің емен жапырақты екі бұтақтан өрілген көк түсті кестеленген формасы алтын сияқты жапсырылған.

      Қалқанын былайша бедерленіп салынған:

      орта бөлігінде – "Балық шаруашылығы саласында еңбек сіңірген қызметкер" деген жазу – шрифты алтын түстес (сырт жағы дөңес);

      төменгі бөлігі – шеңбердің ішінде көк түсті толқын бейнеленген, оған шығып келе жатқан күн бейнеленген. Негізгі шеңберде "бекіре" балығы ирек жолақпен бейнеленген.

      Сырт жағында шеңбер бейнеленген, оның ортасында "ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі" деп және одан төмен сызық астында "№" және сегіз санды нөмірден тұратын белгіден тұратын төсбелгісінің реттік нөмірі жазылған

      Төсбелгінің мөлшері: биіктігі – 45 миллиметр, ені – 35 миллиметр, күмістен жасалады.

      Тік бұрышты тағанның мөлшері: ені 35 миллиметр және биіктігі 15 миллиметр, көгілдір түсті жібек қатқыл лентамен қапталған.

      Олар құлақша мен ою-өрнек арқылы жалғанады

      Төсбелгі киімге визорлы бекіткіші бар түйреуіш арқылы бекітіледі.

      Құрметті атақтың куәлігі

      Куәлік көлемі 110х80 миллиметр көк түсті бүктемелі кітапша түрінде жасалып, мундиор материалынан орындалады.

      Сыртқы бетінде ортада Қазақстан Республикасының елтаңбасы, төменгі жағында мынадай жазба бар:

      Куәлік

      Ішкі сол жақ жапсырмада мынадай жазбалар бар:

      жоғарғы жағында – Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі

      Куәлік № _____

      Төс белгінің суреті

      Оң жақ жапсырмада мынадай мазмұндағы жазба бар:

      ______________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

      әрі қарай мәтін:

      "Балық шаруашылығы саласында еңбек сіңірген қызметкер" құрметті атағы беріледі

      "Министр____________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), қолы)

      М.О.                   ____________________",

      (қолы)

      төменде мәтін:

      "20___жылғы "___" ________ №____ бұйрығы".

  Бұйрыққа
2-қосымша
  "Жануарлар дүниесін қорғау,
өсімін молайту және пайдалану
саласында құрметті атақтар,
төсбелгілер және құрмет
грамоталарын беру қағидасына
7-қосымша

      Үлгі

"Балық шаруашылығы саласындағы мінсіз қызметі үшін" төсбелгісінің сипаттамасы



      Латуннан жасалған және диаметрі 44 миллиметр дұрыс металл шеңбер.

      Төсбелгісінің сырт жағында ортада шеңбер орналасқан. Шеңбердің ішінде үстінде шығып келе жатқан күн бейнеленген су айдынын білдіретін көгілдір түсті толқындар салынған. Шеңбердің бетінде ирек сызықтар астында "бекіре" балығы бейнеленген.

      Шеңберді айнала "Балық шаруашылығы саласындағы мінсіз қызметі үшін" деп жазылған.

      Сырт жағында шеңбер бейнеленген, оның ортасында "ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі" деп және одан төмен сызық астында "№" және сегіз санды нөмірден тұратын белгіден тұратын төсбелгісінің реттік нөмірі жазылған.

      Белгі құлақша мен сақинаның көмегімен бес бұрышты тартпаға қосылған, ол латуннан жасалып, ені 42 миллиметр, ұзындығы 60 миллиметр сарытүсті 3 жолақпен Қазақстан Республикасының жалауы түстес жібек муарлы лентамен көмкерілген.

      Төсбелгісіндегі барлық бейнелер мен жазбалар бедерлі.

      Белгі түйреуішпен киімге бекітіледі.

      Төсбелгісі куәлігінің сипаттамасы

      "Балық шаруашылығы саласындағы мінсіз қызметі үшін" төсбелгісінің куәлігі 110х80 миллиметр көлемінде көк түсті бүктемелі кітапша түрінде жасалады және мундиор материалынан орындалады.

      Сыртқы бетінде ортада Қазақстан Республикасының елтаңбасы, төменгі жағында мынадай жазба бар:

      Куәлік

      Ішкі сол жақ жапсырмада мынадай жазбалар бар:

      жоғарғы жағында – Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі

      Төс белгінің суреті

      Ішкі оң жақ жапсырмада мынадай жазбалар бар: "№ ____ КУӘЛІК", оның астында марапатталушының тегі, аты, әкесінің аты жазылатын орын бар, ал одан кейін:

      "Балық шаруашылығы саласындағы мінсіз қызметі үшін" төсбелгісімен марапатталады" деп жазылған.

      Төмендегі мәтін:

      "Министр"____________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

      М.О.             ____________________",

      (қолы)

      Төмендегі мәтін:

      "20___ жылғы "___"_____________ №____ бұйрық"

  Бұйрыққа
3-қосымша
  Жануарлар дүниесін қорғау,
өсімін молайту және
пайдалану саласында құрметті
атақтар, төсбелгілер және
құрмет грамоталарын
беру қағидасына
9-қосымша
  Үлгі



Қазақстан Республикасы
Экология, геология және табиғи
ресурстар министрлігі
ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫ
______________________________
______________________________
______________________________
М А Р А П А Т Т А Л А Д Ы
Министр
Нұр-Сұлтан қаласы 20__жыл


Министерство экологии, геологии и
природных ресурсов
Республики Казахстан
ПОЧЕТНАЯ ГРАМОТА
Н А Г Р А Ж Д А Е Т С Я
___________________________
___________________________
___________________________
Министр
город Нур-Султан 20__ год