"Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарына жеке тұлғаларды бекіту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 13 қарашадағы № ҚР ДСМ-194/2020 бұйрығына өзгерістер мен толықт

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 28 шілдедегі № ҚР ДСМ - 66 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 29 шiлдеде № 23753 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарына жеке тұлғаларды бекіту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 13 қарашадағы № ҚР ДСМ-194/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21642 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарына жеке тұлғаларды бекіту қағидаларында:

      2-тармақ мынадай мазмұндағы 5-1), 5-2) және 7-1) тармақшалармен толықтырылсын:

      "5-1) еңбекші көшіп-қонушы – Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің азаматы болып табылатын, өзі азаматы болып табылмайтын және тұрақты тұрмайтын басқа мүше мемлекеттің аумағында заңды түрде жүрген және заңды негізде еңбек қызметін жүзеге асыратын адам;

      5-2) қандас – бұрын Қазақстан Республикасының азаматтығында болмаған, тарихи отанына келген және "Халықтың көші-қоны туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен тиісті мәртебе алған этникалық қазақ және (немесе) оның ұлты қазақ отбасы мүшелері;

      7-1) сақтандырылған адам – өзіне қатысты ерікті медициналық сақтандыру жүзеге асырылатын тұлға;";

      мынадай мазмұндағы 3-1-тармағымен толықтырылсын:

      "3-1. Қазақстан Республикасының азаматтарын, қандастарды, босқындарды, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен (немесе) азаматтығы жоқ адамдарды МСАК ұйымдарына бекіту тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (бұдан әрі – ТМККК) шеңберінде медициналық көмек алуға құқығын іске асыру үшін жүзеге асырылады.

      Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдіктер мен (немесе) азаматтығы жоқ адамдарды, баспана іздеген адамдарды МСАК ұйымдарына бекіту:

      ерікті медициналық сақтандыру (бұдан әрі – ЕМС) шеңберінде МСАК;

      "Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін алуға құқығы бар Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалардың, баспана іздеген тұлғалардың айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулардың тізбесін және медициналық көмектің көлемін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 9 қазандағы № ҚР ДСМ-121/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21407 болып тіркелген) бекітілген тізім бойынша және көлемде ТМККК шеңберінде медициналық көмек;

      "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 2-бабы 3-тармағына сәйкес МӘМС жүйесінде медициналық көмек көрсету үшін жүзеге асырылады.";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. ТМККК шеңберінде және МӘМС жүйесінде медициналық көмек алуға құқығын іске асыру үшін жеке тұлғаларды бекіту бір МСАК ұйымына жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) бойынша жүзеге асырылады.

      Қазақстан Республикасының азаматтары, қандастар, босқындар, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға ТМККК шеңберінде, Еуразиялық экономикалық одаққа (бұдан әрі – ЕАЭО) мүше мемлекеттердің азаматтары болып табылатын еңбекші көшіп-қонушылар мен олардың отбасы мүшелеріне ЕМС шарты бойынша МСАК көрсету ТМККК шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (бұдан әрі – МӘМС) жүйесінде медициналық көмек көрсетуге қормен медициналық қызметтерді сатып алу шарты (бұдан әрі – медициналық қызметті сатып алу шарты) және (немесе) МӘМС жүйесінде медициналық қызмет көрсету үшін мәліметтерді алу (немесе) беру мақсатында Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйесімен интеграцияланған медициналық ақпараттық жүйесі бар МСАК ұйымы жүзеге асырады.

      МСАК ұйымына жеке тұлғаны бекіту кезінде алдыңғы МСАК ұйымынан бекітуден шығару автоматты түрде жүзеге асырылады.";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. ТМККК шеңберінде МСАК көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарына жеке тұлғаларды бекіту медициналық ұйымды еркін таңдау құқығы бойынша жақын маңдағы әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында орналасқан МСАК ұйымына бекітілетін шекара маңындағы аумақтарда тұратын адамдарды қоспағанда, бір әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде (ауыл, кент, ауылдық округ, қаладағы аудан, қала, аудан, облыс) МСАК ұйымын еркін таңдау құқығы ескеріле отырып, тұрақты немесе уақытша тұратын жері бойынша жүзеге асырылады.

      МСАК маманын еркін таңдау учаскеге (МСАК маманына бекітілген МСАК субъектілерінің халыққа қызмет көрсету аумағының бөлігі) бекітілген халықтың санын ескере отырып, бекітілген жері бойынша МСАК ұйымының шегінде жүзеге асырылады.

      ЕМС шеңберінде жеке тұлғаларды бекіту ЕМС шартында көзделген МСАК көрсететін денсаулық сақтау ұйымына тұрақты немесе уақытша тұратын жері бойынша жүзеге асырылады.";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Тұрақты немесе уақытша тұратын жері бойынша МСАК ұйымына бекіту үшін ТМККК шеңберінде медициналық көмек көрсету үшін "Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымға бекіту" мемлекеттік қызмет (бұдан әрі – көрсетілетін мемлекеттік қызмет) іске асырылды.

      МСАК ұйымы жеке тұлғаларға өз бетінше немесе "Электронды үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – ЭҮП) арқылы жүгінген кезде мемлекеттік қызметтерді ұсынады.

      Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді МСАК ұйымы ЭҮП арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      Процестің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызметті ұсыну ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын көрсетілетін мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес келтірілген.

      Көрсетілетін мемлекеттік қызметке тікелей жүгінген кезде ұйымның бірінші басшысының атына жазбаша нысанда өтінімді мынадай жеке тұлғалар бере алады:

      1) зейнеткерлер;

      2) мүгедектер;

      3) бала кезінен мүгедек баланың заңды өкілдері, сондай-ақ қорғаншылар немесе қамқоршылар, патронаттық тәрбиешілер және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес балаға қамқорлық жасауды, білім, тәрбие беруді, баланың құқықтары мен мүдделерін қорғауды жүзеге асыратын басқа да оларды алмастыратын адамдар (заңды өкілдер);

      4) сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жүрген, колонияларда өтеп жүрген сотталғандар (өтеу орны бойынша), облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті денсаулық сақтау мемлекеттік басқару органының бірінші басшысының бұйрығымен құрылған "Бекітілген халық тіркелімі" ақпараттық жүйесіне халықтың МСАК-қа бекітілуін (босатуын) тіркеу мәселелерін қарастыру жөніндегі комиссияның хаттамасы болса;

      5) студенттер, сондай-ақ медреседе оқитын студенттер, МСАК-қа жоғары оқу орны ректорының жазған өтініші және оқу орны мен МСАК арасындағы комиссияның хаттамасы болса;

      6) мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер;

      7) шет мемлекеттерде туған балалар;

      8) сәбилер, жетімдер, қарттар үйлерінің және басқалардың қамқорлығындағылар;

      9) бекітуді сенімхат бойынша ресімдейтіндер;

      10) бекітуді шарт болған кезде ЕМС шарты бойынша ресімдейтіндер.

      МСАК ұйымына тікелей жүгінген кезде МСАК ұйымының мамандары "Бекітілген халық тіркелімі" ақпараттық жүйесіне бекітуге сұрау салуды ресімдейді. Цифрлық денсаулық сақтау субъектісінің маманы бекітуге арналған сұрау салуды қарайды және өтінімді мақұлдау туралы не дәлелді бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      Көрсетілетін мемлекеттік қызмет құжаттарды тапсырған сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетіледі. Көрсетілетін мемлекеттік қызметті көрсетуге сұрау салу МСАК ұйымының жұмысы аяқталғанға дейін 2 (екі) сағат бұрын қабылданады (жұмыс күндері сағат 18.00-ге дейін).

      Көрсетілетін мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі тіркеу немесе "Жеке кабинетіне" электрондық құжат нысанында дәлелді бас тарту туралы хабарлама болып табылады.

      ЭҮП арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызмет ЭҮП жүгінген күні көрсетіледі.

      МСАК ұйымы Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді көрсетуге мониторинг жүргізу мақсатында көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсету туралы деректерді көрсетілетін мемлекеттік қызмет мониторингі ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.";

      мынадай мазмұндағы 9-1-тармақпен толықтырылсын:

      "9-1. Қазақстан Республикасының аумағында уақытша болатын шетелдіктердің және (немесе) азаматтығы жоқ адамдардың, баспана іздеген адамдардың ЕМС шеңберінде МСАК ұйымына бекітілуі ЕМС шартының, еркін нысандағы қазақ немесе орыс тіліндегі өтініштің және жеке басын куәландыратын құжаттың (шетелдік паспорт) негізінде МСАК ұйымының жұмыс кестесіне сәйкес кез келген күнтізбелік уақытта жүзеге асырылады.

      "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша медициналық ұйымға бекіту талоны Қазақстан Республикасының аумағында уақытша болатын шетелдіктердің және (немесе) азаматтығы жоқ адамдардың, баспана іздеген адамдардың ЕМС шеңберінде МСАК ұйымына бекітілгені туралы куәландыратын құжат болып табылады. Бекіту талонын медициналық ұйымның медициналық тіркеушісі береді.

      МСАК ұйымына бекіту ЕМС шартының қолданылу мерзіміне жүзеге асырылады.

      МСАК ұйымдары бекітуді сақтандырылушының өзі немесе ЕМС шарты жасалған сақтандырушы ұйым жүгінген кезде жүзеге асырады.

      Отбасы мүшелерін бекіту ЕМС шартын және отбасының әрбір мүшесінің жеке басын куәландыратын құжатты ұсынған кезде еркін нысандағы қазақ немесе орыс тіліндегі өтініш негізінде отбасы мүшелерінің біреуінің жазбаша келісімі болған кезде жүзеге асырылады.

      Он сегіз жасқа толмаған тұлғаларды бекіту бекітілетін тұлғаның және оның заңды өкілінің жеке басын куәландыратын құжат болған кезде жүзеге асырылады.";

      10-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) сақтандырылған адам мен сақтандыру ұйымының арасында жасалған ЕМС шарты бойынша, оның шеңберінде МСАК ұйымы сақтандырылған тұлғаға медициналық қызмет көрсетеді;";

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Осы Қағидалардың 10-тармағының 1), 2), 3), 5) тармақшаларымен көзделген негіздемелер бойынша Қазақстан Республикасының азаматтарын, қандастарды, босқындарды, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдікті және (немесе) азаматтығы жоқ адамды МСАК ұйымдарына бекіту тұлғаның ЭҮП арқылы электрондық өтініш беру жолымен жүзеге асырылады.

      Осы Қағидалардың 10-тармағының 4) тармақшасында көзделген негіз бойынша МСАК ұйымдарына Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдіктер және (немесе) азаматтығы жоқ адамдарды, баспана іздеген адамдарды бекіту бекітуге еркін нысандағы қазақ немесе орыс тіліндегі тұлғаның арыз немесе сақтандырылушыға ЕМС шарты жасалған сақтандырушы ұйыммен өтініш беруі арқылы жүзеге асырылады.";

      17-баптың 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) қайтыс болуы туралы куәлігінің негізінде бекітілген тұлғаның өлімі фактісі белгілі болғанда;

      2) бекітілген тұлғаның Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Жеке тұлғалар" деректерінің мемлекеттік базасынан алынған мәліметтер негізінде елдің шегінен тыс тұрақты тұрған жері өзгергенде;".

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды үйлестіру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
А. Цой

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Сыртқы істер министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Еңбек және халықты әлеуметтік

      қорғау министрлігі

       "КЕЛІСІЛДІ"

       Қазақстан Республикасы

       Ішкі істер министрлігі

       "КЕЛІСІЛДІ"

       Қазақстан Республикасы

       Цифрлық даму, инновациялар

       және аэроғарыш өнеркәсібі

       министрлігі