"Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде салық салынатын импорттың мөлшерін түзету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 1 ақпандағы № 103 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 16 шiлдедегі № 685 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 19 шiлдеде № 23587 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде салық салынатын импорттың мөлшерін түзету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 1 ақпандағы № 103 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16384 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 444-бабының 7-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде салық салынатын импорттың мөлшерін түзету қағидаларында:

      1 және 2-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде салық салынатын импорттың мөлшерін түзету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінің (Салық кодексі) (бұдан әрі – Кодекс) 444-бабының 7-тармағына сәйкес әзірленді және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағына тауарларды әкелу кезінде салық салынатын импорттың мөлшерін түзету тәртібін айқындайды.

      2. Салық төлеушілер Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген (әкелінетін) тауарлардың құнын растайтын құжаттарды ұсынбаған жағдайда мемлекеттік кірістер органдары Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде салық салынатын импорттың мөлшерін түзетеді.

      Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген (әкелінетін) тауарлардың құнын растайтын құжаттарға мынадай кезектіліктегі құжаттардың бірі:

      1) Кодекстің 456-бабының 2-тармағының 4) тармақшасында көрcетiлген шарттар (келiсiмшарттар);

      2) Кодекстің 456-бабының 2-тармағының 3) тармақшасында көрcетiлген шот-фактуралар;

      3) Кодекстің 456-бабының 2-тармағының 2) тармақшасында көрcетiлген тауарға iлеспе және (немесе) өзге де құжаттар;

      4) осы Қағидалардың 3-тармағында көзделген құжаттар жатады.".

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәлеметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Е. Жамаубаев