БҰЙЫРАМЫН:
1. "Құқықтық кадастрдан ақпарат ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 28 наурыздағы № 131 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7586 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Құқықтық кадастрдан ақпарат беру қағидаларында:
6-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"6. Адвокаттың нақты істі жүргізуге өкілеттіктері адвокат куәлігімен және қорғау (өкілдік ету) туралы жазбаша хабарламамен расталады.
Уақытша, банкроттық және оңалту басқарушыларының өкілеттігі соттың борышкерді дәрменсіз деп тану туралы шешімімен және сыртқы бақылауды енгізу туралы ұйғарымымен және банкроттық саласындағы уәкілетті органның уақытша, банкроттық және оңалту басқарушыларын тағайындау туралы бұйрығымен расталады.
Мәжбүрлі таратылатын заңды тұлғаның тарату комиссиясының (таратушы) өкілеттігі тарату комиссиясының құрамын тағайындау туралы бұрығымен және тарату комиссиясының төрағасы берген сенімхатпен расталады.
Мұрагерлердің жылжымайтын мүлікке мұра берушіге тіркелген құқықтары туралы ақпарат алуға өкілеттігі мұраға құқығы туралы куәлікпен немесе мүліктік емес құқықтардан тұратын мұраға құқығы туралы куәлікпен расталады.
Кондоминиум объектісі қатысушының өкілеттігі құқық белгілейтін құжатты не кондоминиумның осы қатысушысына меншік құқығының негізінде жататын жылжымайтын мүліктің кейінгі объектісіне құқық белгілейтін құжатының нотариалды куәландырылған көшірмесін немесе кондоминиум қатысушыларының жалпы жиналысының кондоминиум қатысушылары өкілдерінің өкілеттігін растайтын хаттамасын ұсынумен расталады.
Өзге тұлғалардың өкілеттігі құқық иесінің жазбаша нотариалды куәландырылған келісімімен расталады.
Кондоминиум объектісі қатысушыларына жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы ақпарат ғана беріледі.".
9-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"9. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы ақпарат төмендегі анықтамаларды беру түрінде жүзеге асырылады:
1) осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы ақпарат.
Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтамада жылжымайтын мүліктің нақты объектісіне бар құқық (ауыртпалық) көрсетіледі;
2) осы Ереженің 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жылжымайтын мүлкінің жоқ (бар) екендігі туралы ақпарат.
Жылжымайтын мүлкінің жоқ (бар) екендігі туралы анықтамада жеке немесе заңды тұлғаға тиесілі жылжымайтын мүлік объектілері туралы барлық мәліметтер (оның ішінде иеліктен айырылған) көрсетіледі;
3) осы ереженің жылжымайтын мүлік объектісінің жоспарын (сызбасын) қоса алғанда тіркеуші орган куәландырған тіркеу ісі құжатының көшірмелері.".
13-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"13. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) "электрондық үкімет" веб-портал www.egov.kz (бұдан әрі - Портал) арқылы 5-қосымшаға сәйкес нысанда сұрау салады (бұдан әрі – сұрау салу).
Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі осы мемлекеттік қызмет стандартында келтірілген:
"Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы ақпарат беру" көрсетілетін мемлекеттік қызмет осы Қағиданың 6-қосымшасына сәйкес;
"Жылжымайтын мүліктің болмауы (болуы) туралы ақпарат беру" көрсетілетін мемлекеттік қызмет осы Қағиданың 8-қосымшасына сәйкес.".
17-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"17. Электрондық құжат түрінде ЖМТ МДҚ қалыптастырған тиісті ақпарат көрсетілген қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі:
жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы;
жылжымайтын мүліктің болмауы (болуы) туралы".
24-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"24. Құжаттарды қабылдау кезіндекөрсетілетін қызметті берушінің қызметкері жеке басын куәландыратын құжатты некөрсетілетін қызметті алушының цифрлық құжаттамалары сервисіненэлектрондық құжатты мемлекеттік ақпараттық жүйелердегіқамтылған мәліметтермен тексереді (сәйкестендіру үшін).".
1, 3, 5, 6 және 8 қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2, 3, 4 және 5 қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Әділет вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Әділет министрі |
М. Бекетаев |
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2021 жылғы 7 шілдедегі № 565 бұйрығына қосымша |
|
Құқықтық кадастрдан ақпарат ұсыну туралы қағидаға 1- қосымша |
|
Нысан |
___________________________________________________________________________
("Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕ АҚ филиалы)
Жеке тұлға үшін жылжымайтын мүлікке құқықтарды (құқықтық ауыртпалықтарды) және оның техникалық сипаттамалары мемлекеттік тіркеу туралы №_____________ ақпарат
(Т.А.Ә. (болған жағдайда - әкесінің аты) бұдан әрі – Т.А.Ә)
___________________________________________________________________________
_______________________
тұған жылы және жеке тұлғаніңЖСН; заңды тұлғаның атауы және БСН, оның өкілінің тегі, аты, әкесінің аты) жылжымайтын мүлікобъектілеріне растама:
Жылжымайтын мүліктің түрі | Кадастрлық нөмірі | Нысаналы мақсаты (жоспары бойынша литер) | Мекен-жай, мекен-жайдың тіркеу коды (бар болған жағдайда | Құрамдарының саны | Қабаттылығы, қабаты | Жалпы ауданы/ көлемі/ ұзындығы | Тұрғын/ негізгі/ пайдалы алаңы | Бөлінуі (ЖУ) | Ескертпе |
1) құқығы тіркелді:
Құқықтық түрі | Мазмұны | Құқық иесі | Ортақ меншік нысаны, үлесі | Құқықтың туындау негіздемесі | Тіркелген күні, уақыты |
2) құқықтық ауыртпалығы тіркелді:
Ауыртпалықтың түрі | Мазмұны | Құқық иесі немесе уәкілетті орган (мүдделі тұлға) | Ортақ меншік нысаны, үлесі | Ауыртпалықтың пайда болуының негіздемесі | Тіркелген күні, уақыты |
3) жылжымайтын мүлікке құқықтардың немесе құқықтық ауыртпалықтардың туындауына әкеп соқтырмайтын заңдық талаптар және мәмілелер тіркелді:
Заңдық талаптар және мәмілелер | Мазмұны | Өтініш беруші (мүдделі тұлға) | Туындау негіздемесі | Тіркелген күні, уақыты |
Орындаушы: ______________ _______________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты)
Бөлім бастығы: ____________ _______________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты)
Басшысы: ______________ _________________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты)
Мөр орны (болған жағдайда)
_________________________________________________________________
Ескертпе: ақпараттар берген сәтінде жарамды болып табылады.
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2021 жылғы 7 шілдедегі № 565 бұйрығына 2 - қосымша |
|
Құқықтық кадастрдан ақпарат ұсыну туралы қағидаға қосымша-3 |
|
Нысан |
_________________________________________________________________
(Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің аумақтық органы)
Жылжымайтын мүлкінің бар (жоқ) екендігі туралы ақпарат
№ ________ "___" ________ ____ жыл
Берілді
_________________________________________________________________
(жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты, туған күні және ЖСН;
_________________________________________________________________
заңды тұлғаның атауы және БСН, оның өкілінің тегі, аты, әкесінің аты)
_________________________________________________________________
тұлғаға (жеке тұлға үшін - тегі, аты, әкесінің аты, туған күні және ЖСН)
_________________________________________________________________
заңды тұлға үшін - атауы және БСН)
1. Жылжымайтын мүлік тіркелді:
1) Мекенжайда орналасқан жылжымайтын мүлікке құқық:
_________________________________________________________________
(мекенжай, мекенжайдың тіркеу коды - бар болған жағдайда)
Жылжымайтын мүлік объектісі (объект түрі, нысаналы мақсаты, кадастрлық нөмірі) | |
Құқықтың түрі, меншік нысаны (дара немесе жалпы үлес) | |
Құқықтың пайда болу негізі, тіркеу күні және уақыты | |
Тіркелген ауыртпалықтардың болуы (ауыртпалықтың түрі, мүдделі тұлға, ауыртпалықтың туындау негізі, тіркеу күні және уақыты) | |
Жылжымайтын мүлікке құқықтардың немесе құқықтық ауыртпалықтардың туындауына әкеп соқтырмайтын заңдық талаптар мен мәмілелердің тіркелуі |
2) мекенжайы бойынша:
__________________________________________________________________________
__________________
(мекенжай, мекенжайдың тіркеу коды - бар болған жағдайда).........
2. Жылжымайтын мүлікке жалға беру, өтеусіз пайдалану, сенімгерлікпен басқару құқығы тіркелген, құқық иесі (меншік иесі) басқа тұлға болып табылады.
1) мекенжайы бойынша:
__________________________________________________________________________
_____________________
(мекенжай, мекенжайдың тіркеу коды - бар болған жағдайда)
Жылжымайтын мүлік объектісі (объект түрі, нысаналы мақсаты, кадастрлық нөмірі) | |
Құқық иеленуші, (меншік иесі) | |
Меншік құқықтың пайда болу негізі, тіркеу күні және уақыты | |
Жалға беру, өтеусіз пайдалану, сенімгерлікпен басқару негізі, тіркеу күні және уақыты |
2) мекенжайы бойынша:
__________________________________________________________________________
____________________
(мекенжай, мекенжайдың тіркеу коды - бар болған жағдайда)...........
3. Бұрын осы тұлғаға жылжымайтын мүлікке құқықтары тіркелген:
1) Мекенжайы бойынша:
__________________________________________________________________________
____________________
(мекенжай, мекенжайдың тіркеу коды - бар болған жағдайда)
Жылжымайтын мүлік объектісі (объект түрі, нысаналы мақсаты, кадастрлық нөмірі) | |
Құқықтың түрі, меншік нысаны (дара немесе жалпы, үлес) | |
Құқықтың пайда болу негізі, тіркеу күні және уақыты | |
Құқықты тоқтату негізі, тіркеу күні және уақыты |
2) мекенжайы бойынша:
_________________________________________________________________
(мекенжай, мекенжайдың тіркеу коды - бар болған жағдайда)
...........
4. Бұрын осы тұлғаға жылжымайтын мүлікке жалға беру, өтеусіз пайдалану, сенімгерлікпен басқару құқығы тіркелген, құқық иесі (меншік иесі) басқа тұлға болып табылады.
1) мекенжайы бойынша:
_________________________________________________________________
(мекенжай, мекенжайдың тіркеу коды - бар болған жағдайда)
Жылжымайтын мүлік объектісі (объект түрі, нысаналы мақсаты, кадастрлық нөмірі) | |
Құқық иеленуші, (меншік иесі) | |
Жалға беру, өтеусіз пайдалану, сенімгерлікпен басқару құқығының пайда болу негізі, тіркеу күні және уақыты | |
Жалға беру, өтеусіз пайдалану, сенімгерлікпен басқару құқығының тоқтату негізі, тіркеу күні және уақыты |
2) мекенжайы бойынша:
__________________________________________________________________________
(мекенжай, мекенжайдың тіркеу коды - бар болған жағдайда)
...........
Орындаушы: ______________________________________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты)
Бөлім бастығы:
_________________________________________________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты)
Басшысы:
__________________________________________________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты)
Мөр орны (болған жағдайда)
__________________________________________________________________________
______________
Ескертпе: ақпараттар берген сәтінде жарамды болып табылады.
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2021 жылғы 7 шілдедегі № 565 бұйрығына 3 – қосымша |
|
Құқықтық кадастрдан ақпарат ұсыну туралы қағидаға қосымша-5 |
|
Нысан |
____________________________________________________________________
("Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ филиалы)
Құқықтық кадастардан жылжымайтын мүлікке құқықтарды (құқықтық ауыртпалықты)мемлекеттік тіркеу туралы ақпарат алуға сауал №_________
Мен,_________________________________________________________________
___________________
(Т.А.Ә. (егер қолжетімді болса)(бұдан әрі - Т.А.Ә.)паспорт деректері (жеке куәлігінің деректері) және жеке тұлғаның тұратынжері, заңды тұлғаның атауы және деректемелері)
__________________________________________________________ атынан әрекет етуші (уәкілетті өкіл толтырылады)
____________________________________________________________негізінде
(өкілеттігін куәландыратын құжатының деректері)
Маған беруіңізді сұраймын: керегіне белгі қою
- жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы ақпарат;
- жылжымайтын мүлкінің жоқ (бар) екендігі туралы ақпарат.
- жылжымайтын мүліктің меншік иесі (құқық иесі) туралы мәлімет қамтылған техникалық паспортқа қосымша;
- жылжымайтын мүлік объектілерінің жоспарын (сызбасын) қоса алғанда тіркеуші орган растаған тіркеу істері құжаттарының көшірмесін.
Жылжымайтын мүлік объектісінің
түрі___________________________________________________________________
Объектінің тұрған
жері__________________________________________________________________
Мына құжаттарды қоса
беремін:______________________________________________________________
Күні_______,________________________________________/______________ _____
(өтініш берушінің/уәкілетті өкілдің Т.А.Ә. және қолы)
______________________________________________________________________ ____
(өтінішті қабылдаған маманның Т.А.Ә. және қолы)
Өтінішті орындау /қарау/ нәтижесі:______тексерілді: күні__20_____ж.
_______________________________________________________________________ __
(маманның Т.А.Ә. және қолы)
Ескертпе:
Сауалда арыз берушінің мәліметтері (тегі, аты, әкесінің аты, туған күні, жеке сәйкестендіру нөмірі, құжат мәліметтері, жеке басын растайтын төлқұжат деректер, жеке тұлғаның тұрған жері, заңды тұлғаның атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі және деректемелері, берілетін ақпараттар түрі, жылжымайтын мүлік объектісінің түрі, мекенжай, нақты жылжымайтын мүлік объектісіне ақпарат алу үшін кадастрлік нөмір көрсетіледі.
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2021 жылғы 7 шілдедегі № 565 бұйрығына 4 - қосымша |
|
Құқықтық кадастрдан ақпарат ұсыну туралы қағидаға қосымша-6 |
|
Нысан |
"жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы ақпарат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты | ||
1 | Қызмет берушінің атауы | "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы" Коммерциялық емес акционерлік қоғамы |
2 | Мемлекеттік қызметті ұсыну түрі | 1) "Электрондық үкімет" веб-порталы www. egov. kz; |
3 | Мемлекеттік қызметтің көрсетілу мерзімі | Көрсетілетін қызметті алушы өтінішті берген кезден бастап қызмет мемлекеттік ақпараттық жүйеде мәліметтер болған кезде 20 (жиырма) минут ішінде көрсетіледі. |
4 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің формасы | Электрондық (толық автоматтандырылған); |
5 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі | жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы тиісті ақпарат көрсетілген қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі |
6 | Көрсетілетін қызметті алушыдан мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде өндіріп алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны жинау тәсілдері | Тегін |
7 | Жұмыс уақыты |
көрсетілетін қызметті беруші: |
8 | Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі |
Порталға: |
9 | Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамада Мемлекеттік қызметті көрсетудегі бас тарту үшін негіз | Жоқ. |
10 | Мемлекеттік қызметтерді, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы ұсыну ерекшеліктерін ескеретін өзге де талаптар |
Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы электрондық нысанда мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуына мүмкіндігі бар. Көрсетілетін қызметті алушының порталдың "жеке кабинеті", көрсетілетін қызметті берушінің ақпарат қызметтерінің, сондай-ақ 1414, 8 800 080 777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қолжетімділік режимінде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты алу мүмкіндігі бар. Мемлекеттік қызмет үшінші тұлғаларға көрсетілуі мүмкін Үшінші тұлғалардың электрондық сұрау салуы порталдағы "жеке кабинетінен" ұсынылған мәліметтер сұратылатын тұлғаның келісімі болған кезде, сондай-ақ біржолғы парольді беру арқылы немесе порталдың хабарламасына жауап ретінде қысқаша мәтіндік хабар жіберу арқылы субъектінің ұялы байланысының порталда тіркелген абоненттік нөмірі арқылы орындалады. |
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2021 жылғы 7 шілдедегі № 565 бұйрығына 5 - қосымша |
|
Құқықтық кадастрдан ақпарат ұсыну туралы қағидаға қосымша-8 |
|
Нысан |
"Жылжымайтын мүліктің болмауы (болуы) туралы ақпарат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты | ||
1 | Қызмет берушінің атауы | "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы" Коммерциялық емес акционерлік қоғамы |
2 | Мемлекеттік қызметті ұсыну түрі | 1) "Электрондық үкімет" веб-порталы www. egov. kz; |
3 | Мемлекеттік қызметтің көрсетілу мерзімі | Көрсетілетін қызметті алушы өтінішті берген кезден бастап қызмет мемлекеттік ақпараттық жүйеде мәліметтер болған кезде 20 (жиырма) минут ішінде көрсетіледі. |
4 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің формасы | Электрондық (толық автоматтандырылған); |
5 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі | жылжымайтын мүліктің болмауы (болуы) туралы тиісті ақпарат көрсетілген қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі |
6 | Көрсетілетін қызметті алушыдан мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде өндіріп алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны жинау тәсілдері | тегін |