БҰЙЫРАМЫН:
1. "Геология және су ресурстарын пайдалану саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 22 мамырдағы № 117 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20723 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген, "Су объектілерінің сарқылуына жол бермеуге бағытталған су қорғау іс-шараларын келісу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларында:
4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Көрсетілетін қызметті алушылар мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге өтінішті "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы жібереді www.egov.kz (бұдан әрі - Портал) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық түрде жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1) көрсетілетін қызметті берушіге осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
2) су объектілерінің сарқылуына жол бермеуге бағытталған су қорғау іс-шаралары бағдарламасының электрондық көшірмесі қоса беріледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес "су объектілерінің сарқылуына жол бермеуге бағытталған су қорғау іс-шараларын келісу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында (бұдан әрі - Стандарт) жазылған.
Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті ақпараттық жүйелерден алады.
Көрсетілетін қызметті алушы өтініш берген кезде, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім береді.
Көрсетілетін қызметті алушы Портал арқылы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе жіберіледі.
5. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі құжаттар келіп түскен күні оларды қабылдауды, тіркеуді жүзеге асырады және көрсетілетін қызметті берушінің қарауына жібереді.
Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде құжаттарды қабылдау келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды тіркеген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда, жауапты бөлімшенің қызметкері көрсетілген мерзімде көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында өтінімді одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды дайындайды және көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жібереді.
Ұсынылған құжаттардың толықтығы фактісі анықталған кезде жауапты бөлімшенің қызметкері 5 (бес) жұмыс күні ішінде оларды осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігі тұрғысынан қарайды және осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша келісу-хатты қалыптастырады, не мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тартады.
Порталда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі және сақталады.";
3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі";
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.
Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі.
Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.
Бұл ретте, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам егер үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағымды жібермеуге құқылы.
Сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.";
Қағидаларға 1 және 2-қосымшалар осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
Қағидаларға 3-қосымша алып тасталсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген, "су объектілерінің жай-күйіне әсер ететін объектілерді салуға, реконструкциялауға (кеңейту, жаңғырту, техникалық қайта жарақтандыру, қайта бейіндеу), пайдалануға, консервациялауға, жоюға (кейіннен кәдеге жаратуға) қорытынды беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында:
4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Көрсетілетін қызметті алушылар мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге өтінішті "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы жібереді www.egov.kz (бұдан әрі - Портал) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық түрде жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1) көрсетілетін қызметті берушіге осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
2) жобалау құжаттамасының электрондық көшірмесі.
Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес "су объектілерінің жай-күйіне әсер ететін объектілерді салуға, реконструкциялауға (кеңейтуге, жаңғыртуға, техникалық қайта жарақтандыруға, қайта бейіндеуге), пайдалануға, консервациялауға, жоюға (кейіннен кәдеге жаратуға) қорытынды беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында (бұдан әрі - Стандарт) жазылған.
Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті ақпараттық жүйелерден алады.
Көрсетілетін қызметті алушы өтініш берген кезде, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім береді.
Көрсетілетін қызметті алушы Портал арқылы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе жіберіледі.
5. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі құжаттар келіп түскен күні оларды қабылдауды, тіркеуді жүзеге асырады және көрсетілетін қызметті берушінің қарауына жібереді.
Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде құжаттарды қабылдау келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды тіркеген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда, жауапты бөлімшенің қызметкері көрсетілген мерзімде көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында өтінімді одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды дайындайды және көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жібереді.
Ұсынылған құжаттардың толықтығы фактісі анықталған кезде жауапты бөлімшенің қызметкері 5 (бес) жұмыс күні ішінде оларды осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігі тұрғысынан қарайды және осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қорытындыны қалыптастырады, не мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тартады.
Порталда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі және сақталады.";
3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі";
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.
Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі.
Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.
Бұл ретте, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам егер үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағымды жібермеуге құқылы.
Сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.";
Қағидаларға 1 және 2-қосымшалар осы бұйрыққа 3 және 4-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
Қағидаларға 3-қосымша алып тасталсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген, "Отын-энергетикалық және минералды шикізат аудандары мен кен орындары бойынша жер қойнауы туралы ақпараттың экспортына лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында:
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.
Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі.
Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.
Бұл ретте, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам егер үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағымды жібермеуге құқылы.
Сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген, "Жер қойнауы кеңістігін пайдалануға лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында:
4, 5, 6 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушылар көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі немесе "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы көрсетілетін қызметті берушіге береді www.egov.kz (бұдан әрі-портал) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш.
Өтінішке құжаттардың түпнұсқалары немесе нотариалды куәландырылған көшірмелері онда көрсетілген мәліметтерді растайтын құжаттармен қоса беріледі
Көрсетілетін қызметті алушы мынадай құжаттарды жібереді арқылы:
көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі:
осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес "жер қойнауы кеңістігін пайдалануға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі-Стандарт) 1 және 2-тармақтарында көрсетілген мәліметтерді растайтын құжаттардың көшірмелері;
өтініш берген кезде өтініш берушінің атынан әрекет ететін тұлғаның өкілеттігін растайтын құжат, егер мұндай тұлғаны өтініш беруші тағайындаған болса;
"геологиялық есептің нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 31 мамырдағы № 418 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17069 болып тіркелген) нысан бойынша жерасты құрылысы объектісінің сипаттамасын, оны оқшаулау сипаттамасын, тау жыныстарының типін, коллектор қабатының орналасу тереңдігі мен тиімді қуатын, оның алаңын, кеуектілік коэффициентін, төселетін және жабылатын су тірегінің сипаттамасын қамтитын геологиялық есеп, "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 252-бабы 1-тармағының 3-бөлігіне сәйкес мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алған жерасты суларының табиғи ағынының жылдамдығы, көмудің, қоймалаудың және төгудің тау-кен техникалық, арнайы инженерлік-геологиялық, гидрогеологиялық және экологиялық жағдайлары);
өнімнің атауын, ол түзілетін техникалық өндірісті немесе процесті, оның физикалық сипаттамасын, толық химиялық құрамын, уытты компоненттердің құрамын, өрт қауіптілігін, жарылыс қауіптілігін, ерігіштігін, сақтау кезінде басқа заттармен үйлесімділігін, негізгі ластаушы радионуклидтерді, олардың белсенділігін, сондай-ақ тасымалдау жүйесінің сипаттамаларын көрсете отырып, зиянды, улы заттардың, қатты және сұйық қалдықтардың, сарқынды және өнеркәсіптік сулардың сипаттамасы;
Кодекстің 257-бабының 2-тармағында және 260-бабының 4-тармағында көзделген сараптамалар мен келісулерді қоса бере отырып, Жер қойнауы кеңістігін пайдалану жобасы және жою жоспары;
портал:
осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес жер қойнауы кеңістігін пайдалануға лицензия беру туралы өтініштің 1 және 2-тармақтарында көрсетілген мәліметтерді растайтын құжаттардың электронды көшірмелері;
өтініш берген кезде өтініш берушінің атынан әрекет ететін тұлғаның өкілеттігін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі, егер мұндай тұлғаны өтініш беруші тағайындаған болса;
"Геологиялық есеп нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 31 мамырдағы № 418 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17069 болып тіркелген) нысан бойынша жерасты құрылысы объектісінің сипаттамасын, оны оқшаулау сипаттамасын, тау жыныстарының типін, коллектор қабатының орналасу тереңдігі мен тиімді қуатын, оның алаңын, кеуектілік коэффициентін, төселетін және жабылатын су тірегінің сипаттамасын қамтитын геологиялық есептің электрондық көшірмесі, Кодекстің 252-бабы 1-тармағының 3-бөлігіне сәйкес мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алған жерасты суларының табиғи ағынының жылдамдығы, көмудің, қоймалаудың және төгудің тау-кен техникалық, арнайы инженерлік-геологиялық, гидрогеологиялық және экологиялық жағдайлары;
өнімнің атауын, ол түзілетін техникалық өндірісті немесе процесті, оның физикалық сипаттамасын, толық химиялық құрамын, уытты компоненттердің құрамын, өрт қауіптілігін, жарылыс қауіптілігін, ерігіштігін, сақтау кезінде басқа заттармен үйлесімділігін, негізгі ластаушы радионуклидтерді, олардың белсенділігін, сондай-ақ тасымалдау жүйесінің сипаттамаларын көрсете отырып, зиянды, улы заттардың, қатты және сұйық қалдықтардың, сарқынды және өнеркәсіптік сулардың сипаттамасының электрондық көшірмесі;
Кодекстің 257-бабының 2-тармағында және 260-бабының 4-тармағында көзделген сараптамалар мен келісулерді қоса бере отырып, Жер қойнауы кеңістігін пайдалану жобасының және жою жоспарының электрондық көшірмесі.
Кодекстің 251-бабы 5-тармағына сәйкес өтініш және оған қоса берілетін құжаттар қазақ және орыс тілдерінде жасалуға тиіс. Егер өтінішті шетелдік немесе шетелдік заңды тұлға берсе, оған қоса берілетін құжаттар әрбір құжатқа дұрыстығын нотариус куәландырған қазақ және орыс тілдеріндегі аудармасы міндетті түрде қоса беріле отырып, өзге тілде жасалуы мүмкін.
Шетелдіктің немесе шетелдік заңды тұлғаның өтінішіне қоса берілетін құжаттар консулдық заңдастыру туралы талаптар сақтала отырып немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес апостиль қоя отырып ұсынылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі Стандартта жазылған.
Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті ақпараттық жүйелерден алады.
5. Көрсетілетін қызметті алушы өтініш берген кезде, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім береді.
Көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері құжаттарды қабылдайды және өтініштің дұрыс толтырылуын және ұсынылған құжаттар топтамасының толықтығын тексереді.
Көрсетілетін қызметті алушы Қағидалардың 4-тармағына сәйкес барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:
көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне – көшірмесінде құжаттар топтамасын қабылдау күні мен уақыты көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркелгені туралы белгі қағаз түріндегі өтініштің қабылданғанын растау болып табылады;
портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе жіберіледі.
6. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі құжаттар келіп түскен күні оларды қабылдауды, тіркеуді жүзеге асырады және орындауға жібереді.
Жауапты орындаушы 2 (екі) жұмыс күні ішінде жер қойнауы кеңістігін пайдалануға лицензия алу үшін құжаттар топтамасын толықтығын және қойылатын талаптарға сәйкестігін тексереді.
Ұсынылған құжаттардың толық еместігі және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттар анықталған жағдайда, орындаушы өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы дәлелді жауап дайындайды.
Портал арқылы жүгінген жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің жауапты бөлімшесінің қызметкері өтініш тіркелген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді, көрсетілген мерзімде толық болмаған жағдайда өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды дайындайды, ол порталдағы "жеке кабинетіне" өтініш берушіге электрондық құжат нысанында жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын және (немесе) мәліметтерді ұсынған жағдайда, жауапты орындаушы 3 (үш) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушінің басшысы дайындайды, қол қояды және кеңсеге Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін жібереді.
Кеңсе осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша лицензияны тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға (сенімхат бойынша оның өкіліне) береді.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі және сақталады.".
Берілген өтініш туралы мәліметтер мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасында: www.gov.kz "Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі" бөлімінде өтініш берілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде мыналарды қамтиды:
1) өтініш берушінің атауы (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);
2) өтініш беруші пайдалануға беруді өтінетін жер қойнауы учаскесін айқындайтын аумақтың координаттары;
3) өтініштің келіп түскен күні мен уақыты көрсетіледі.
Көрсетілетін қызметті беруші Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы мәліметтерді Мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.
7. Лицензия келесі жағдайларда қайта ресімдеуге жатады:
жер қойнауын пайдаланушы туралы мәліметтерді өзгерту: жеке тұлғалар үшін-тегін, атын, әкесінің атын (бар болған жағдайда) және (немесе) азаматтығын өзгерту;
заңды тұлғалар үшін – атауын немесе орналасқан жерін өзгерту;
жер қойнауын пайдалану құқығының және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлестің ауысуы;
лицензия мерзімін ұзарту;
жер қойнауы учаскесі аумағының шекараларын өзгерту.
Лицензияны қайта ресімдеу осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес белгіленген нысан бойынша берілетін көрсетілетін қызметті алушының өтініші бойынша (портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған) жүргізіледі.
Лицензияны қайта ресімдеу кезінде өтінішке құжаттардың түпнұсқалары немесе нотариалды куәландырылған көшірмелері онда көрсетілген мәліметтерді растайтын құжаттармен қоса беріледі.";
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.
Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі.
Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.
Бұл ретте, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам егер үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағымды жібермеуге құқылы.
Сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.";
Қағидаларға 1,2 және 4-қосымшалар осы бұйрыққа 5,6 және 7-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Геология комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министрдің м.а. | А. Примкулов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Өтініш
Сізден жерасты су объектілерінің сарқылуына жол бермеуге бағытталған қорғау іс-шараларын келісуіңізді сұраймын.
Объектінің орналасқан жері: _________________________ (облыс)
Қосымша:
______________________________________________________________
______________________________________________________________
Ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
Өтініш берілген күн: "___" ______________ 20 ___ жыл.
________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), электрондық цифрлық қолтаңба)
Бұйрыққа 2-қосымша |
|
"Су объектілерінің сарқылуына жол бермеуге бағытталған су қорғау іс-шараларын келісу" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына 2-қосымша |
"Су объектілерінің сарқылуына жол бермеуге бағытталған су қорғау іс-шараларын келісу" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандарты
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Геология комитетiнiң өңiраралық департаменттерi (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) |
2 | Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері (қол жеткізу арналары) | Өтініштерді қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру www. egov. kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі-Портал) арқылы жүзеге асырылады. |
3 | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі | Қызмет көрсету мерзімі – 7 жұмыс күні |
4 | Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны | Электрондық (толық автоматтандырылған). |
5 | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі |
Су объектілерінің сарқылуын болғызбауға бағытталған су қорғау іс-шараларын келісім-хат немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап |
6 | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға тегін негізде көрсетіледі |
7 | Жұмыс кестесі |
1) көрсетілетін қызметті берушілер – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбі-жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін. |
8 | Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі |
1) көрсетілетін қызметті берушіге осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш; |
9 |
Мемлекеттік қызмет |
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау; |
10 | Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар |
Көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ болған жағдайда Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Портал арқылы электрондық нысанда алады. |
Өтініш
Сізден Су объектілерінің жай-күйіне әсер ететін объектілерді салуға, реконструкциялауға (кеңейтуге, жаңғыртуға, техникалық қайта жарақтандыруға, қайта бейіндеуге), пайдалануға, консервациялауға, жоюға (кейіннен кәдеге жаратуға) қорытынды беруді сұраймын.
Объектінің орналасқан жері: _________________________
Қосымша:_____________________________________________________________
Ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
Өтініш берілген күн: "___" ______________ 20 ___ жыл.
________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), электрондық цифрлық қолтаңба)
"Су объектілерінің жай-күйіне әсер ететін объектілерді салуға, реконструкциялауға (кеңейтуге, жаңғыртуға, техникалық қайта жарақтандыруға, қайта бейіндеуге), пайдалануға, консервациялауға, жоюға (кейіннен кәдеге жаратуға) қорытынды беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандарты
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Геология комитетiнiң өңiраралық департаменттерi (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) |
2 | Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері (қол жеткізу арналары) | Өтініштерді қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру www. egov. kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі-Портал) арқылы жүзеге асырылады. |
3 | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі | Қызмет көрсету мерзімі – 7 жұмыс күні |
4 | Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны | Электрондық (толық автоматтандырылған). |
5 | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі |
Су объектілерінің жай-күйіне әсер ететін объектілерді салуға, реконструкциялауға (кеңейтуге, жаңғыртуға, техникалық қайта жарақтандыруға, қайта бейіндеуге), пайдалануға, консервациялауға, жоюға (кейіннен кәдеге жаратуға) қорытынды немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. |
6 | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға тегін негізде көрсетіледі. |
7 | Жұмыс кестесі |
1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбі-жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін. |
8 | Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі |
1) көрсетілетін қызметті берушіге осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш; |
9 | Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген негіздер |
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау; |
10 | Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар |
Көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ болған жағдайда Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Портал арқылы электрондық нысанда алады. |
Жер қойнауы кеңістігін пайдалануға лицензия беру туралы өтініш
"__"_________20__жыл |
Жер қойнауы кеңістігін пайдалануға лицензия беруді сұраймын
№ | Өтініш беруші туралы мәліметтер | |
1 | жеке тұлғалар үшін – өтініш берушінің тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда), тұрғылықты жері, азаматтығы, өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтер | |
2 | заңды тұлғалар үшін-өтініш берушінің атауы, орналасқан жері, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтер (сауда тізілімінен үзінді немесе өтініш беруші шет мемлекеттің заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатынын куәландыратын басқа да заңдастырылған құжат немесе құжаттарды берген елдің апостиль мөрін қою) | |
3 | өтініш беруші пайдалануға беруді өтінген жер қойнауының тиісті учаскесін анықтайтын аумаққа нұсқау (жер қойнауы учаскесінің алаңы мен географиялық координаттары) | |
4 | сұратылған жер қойнауы учаскесін пайдалану мерзімін көрсету | |
5 | "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 249-бабына сәйкес жер қойнауы кеңістігін пайдалану мақсатын көрсету |
Қоса берілетін құжаттардың тізбесі:
1)___________________________________________________________________
2)___________________________________________________________________
3)___________________________________________________________________
4)___________________________________________________________________
(құжаттардың атауы және парақтар саны)*
Ескертулер: * құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері қоса беріледі Ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
Өтініш берілген күн: "___" ______________ 20 ___ жыл.
________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), қолы/ электрондық цифрлық қолтаңба (қағаз нысанын қамтымайды)
Бұйрыққа 6-қосымша |
|
"Жер қойнауы кеңістігін пайдалануға арналған лицензияны беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына 2-қосымша |
"Жер қойнауы кеңістігін пайдалануға арналған лицензияны беру" мемлекеттік қызмет көрсету стандарты
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Геология комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) |
2 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері |
1) www. egov. kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі - Портал); |
3 | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі | 5 (бес) жұмыс күні |
4 | Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны | Электрондық (ішінара автоматтандырылған)/ қағаз түрінде |
5 | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі |
Жер қойнауы кеңістігін пайдалануға арналған лицензияны беру немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. |
6 | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Көрсетілетін қызметті алушы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасы Кодексінің 726 – бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес 400 (төрт жүз) айлық есептік көрсеткіш қол қойылатын бонус төлейді. |
7 | Жұмыс кестесі |
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі-жұма аралығында, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес Нұр-Сұлтан қаласы уақыты бойынша сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі, түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін. |
8 | Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі |
1) лицензия алу үшін: |
9 | Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту кезінде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға бас тарту себептерін көрсете отырып жауап жолдайды. |
10 | Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қойылатын өзге де талаптар |
Көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті Портал арқылы электрондық нысанда алады. |
Жер қойнауы кеңістігін пайдалануға арналған лицензияны қайта ресімдеуге өтініш
"__"_________20__жыл |
Лицензияны қайта ресімдеуді сұраймын
№ | Өтініш беруші туралы мәліметтер | |
1 | жеке тұлғалар үшін-өтініш берушінің тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда), азаматтығы, өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі және берілген күні, Өтініш берушінің салық төлеуші ретінде тіркелгені туралы мәліметтер | |
2 | заңды тұлғалар үшін-өтініш берушінің атауы, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтер | |
3 | лицензияның нөмірін (лерін), лицензияны берілген күнін, берушіні көрсету | |
4 | қызмет түрінің толық атауын көрсету | |
5 | лицензияны қайта ресімдеу негіздемесі немесе себептерін көрсету |
Қоса берілетін құжаттардың тізбесі:
1)______________________________________________________________
2)______________________________________________________________
3)______________________________________________________________
4)______________________________________________________________
(құжаттардың атауы және беттер саны)*
Ескертулер:
* құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері қоса беріледі
Ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
Өтініш берілген күн: "___" ______________ 20 ___ жыл.
________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде), қолы/ электрондық цифрлық қолтаңба (қағаз нысанын қамтымайды)