"Асыл тастарға, бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдарға сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 28 сәуірдегі № 401 бұйрығына өзгерістер енгіз

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2021 жылғы 23 маусымдағы № 324 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 3 шiлдеде № 23281 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Асыл тастарға, бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдарға сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 28 сәуірдегі № 401 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13760 болып тіркелген) бұйрыққа мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Асыл тастарға, бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдарға сараптама жүргізу қағидаларында:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) асыл тастар - табиғи алмастар, зубәржаттар, лағылдар, жақұттар және александриттер, сондай-ақ шикі (табиғи) және өңделген түрдегі табиғи інжу. Асыл тастарға бірегей кәріптас түзілімдері теңестіріледі;

      2) асыл тастардың, бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдардың сараптамасы (бұдан әрі - сараптама) - асыл тастарды сәйкестендіруді және бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдардағы бағалы металдарды сынамалауды, сынамалау таңбалары бедерлерінің төлнұсқалығын тексеруді қамтитын, уәкілетті ұйымдар жүзеге асыратын сынақтарды ұйымдастыру және жүргізу;

      3) асыл тастарды сәйкестендіру - асыл тастардың сыныптамалық және құндық сипаттамаларының нормативтік-техникалық құжаттаманың талаптарына сәйкестігін белгілеу;

      4) бағалы металдар - кез келген күйдегі және түрдегі алтын, күміс, платина және платина тобындағы металдар (палладий, иридий, родий, рутений және осмий);

      5) бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдар (бұдан әрі - зергерлік және басқа да бұйымдар) - бағалы металдардан жасалған монеталарды қоспағанда, асыл тастардан және табиғи немесе жасанды жолмен алынған басқа да материалдардан жасалған көздері бар не онсыз, әртүрлі көркемдік өңдеу түрлерін пайдалана отырып, асыл тастардан, бағалы металдардан және олардың қорытпаларынан жасалған, әртүрлі әшекейлер, тұрмыстық кәдеге жарататын заттар ретінде және (немесе) діни әрі декоративтік мақсаттарда қолданылатын бұйымдар;

      6) өтініш беруші — асыл тастарға, бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдарға сараптама жүргізуге өтініммен жүгінген жеке немесе заңды тұлғалар;

      6-1) өтінім - техникалық реттеудің ақпараттық жүйесі арқылы қалыптастырылатын, берілетін және электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қойылатын электрондық құжат;

      7) сынама — бағалы металл қорытпасының мың массалық бөлігіндегі таза бағалы металдың массалық бөліктерінің саны;

      8) сынамалау - бағалы металдардың, зергерлік және басқа да бұйымдардың сынамасын белгіленген әдістермен айқындау немесе растау;

      9) сынамалық таңба - зергерлік және басқа да бұйымдарға салынатын, осындай бұйымдардағы бағалы металл сынамасын куәландыратын белгіленген үлгідегі белгі;

      10) талдау — бұйым дайындалған метал мен оның қорытпасының химиялық құрамын, оның ішінде осы бұйымның бұзылуын қарастыратын әдістерді қолдану жолымен айқындау;

      11) таңбалау - зергерлік және басқа да бұйымдарға сынамалық таңба бедерін салу;

      12) уәкілетті орган - бағалы металдарды өндіруді және бағалы металдар мен асыл тастардың, құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларының, зергерлік және басқа да бұйымдардың айналымын реттеу саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заннамасында көзделген шектерде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      13) уәкілетті ұйым — Қазақстан Республикасының сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы заңнамасына сәйкес сараптама жүргізуге аккредиттелген заңды тұлға.";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Өтініш берушілер уәкілетті ұйымға сараптаманы ерікті түрде жүргізу үшін техникалық реттеудің ақпараттық жүйесі арқылы жүгінеді.";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Сараптама жүргізу үшін өтінім беруші уәкілетті ұйымға осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім береді.";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Өтінімде асыл тастар, зергерлік және басқа да бұйымдарда бар барлық ақаулар, олар жоқ болған жағдайда, тастардың түрін көрсетпей, жоқ тастардың (көздердің) саны көрсетіледі.";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Асыл тастарды, зергерлік және басқа да бұйымдарды қабылдау және беру кезінде өлшеудің қажетті дәлдігін қамтамасыз ететін және өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің тізіліміне енгізілген сертификатталған таразыларда жүргізіледі:

      1) алтын, платина және платиналық топтағы металдар бұйымдары үшін - 0,01 граммға дейін, күміс - 0,1 граммға дейін;

      2) асыл тастар 0,01 каратқа дейінгі нақты өлшенеді.";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Сараптама мынадай жолмен жүзеге асырылады:

      1) Асыл тастарға, бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдар партиясының ілеспе құжаттарда, оның ішінде нормативтік техникалық және (немесе) техникалық құжаттамада көрсетілген деректерге сәйкестігін салыстыру жолымен көзбен шолып қарап-тексеру;

      2) өлшеу;

      3) асыл тастарды сәйкестендіру;

      4) зергерлік және басқа да бұйымдарды сынамалық таста сынама инелерді және химиялық реактивтерді қолдана отырып сынамалау;

      5) қорытпаның рентгенофлуоресценттік (бақылау чекпен купелирендіру, потенциометриялық, химиялық) әдіспен химиялық құрамын анықтау.";

      21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "21. Осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес зергерлік және басқа да бұйымдар аккредиттеу аттестациясын алу кезінде берілетін уәкілетті ұйымдардың кодтары бар "Барыс басының" нышанын, "КZ" Қазақстанның халықаралық аббревиатурасын бейнелеу отырып, Қазақстан Республикасының бірегей сынама таңбасымен таңбаланады, олардың бедерлері уәкілетті органдарға беріледі.";

      25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "25. Зергерлік және басқа да бұйымдардың тұтастығын бұзбай сараптама жүргізу мүмкін болмаған жағдайда қорытпа талдауын жүргізуге техникалық реттеудің ақпараттық жүйесінде бұйымды сараптамаға ұсынған адамның келісімін алу кажет.";

      26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "26. Сараптама қорытындысы бойынша осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес техникалық реттеудің ақпараттық жүйесінде электрондық цифрлық қолтаңбамен қойылған нысан бойынша сараптама қорытындысы қалыптасады.";

      28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "28. Сараптамалық қорытындыға "Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 11) тармақшасы бойынша бекітілетін Техникалық реттеу тізілімін қалыптастыру, жүргізу және сүйемелдеу қағидаларына сәйкес бірегей сәйкестендіру нөмірі беріледі.";

      Қағидаларға 1 және 3-қосымшалар осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2021 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі
Б. Атамкулов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Сауда және интеграция министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Индустрия және
инфрақұрылымдық
даму министірінің
2021 жылғы 23 маусымдағы
№ 324 Бұйрыққа
1-қосымша
  Асыл тастарға, бағалы металдар
мен асыл тастардан жасалған
зергерлік және басқа да
бұйымдарға сараптама
жүргізу қағидаларына
1-қосымша

      нысан

Өтінім

      Асыл тастарға, бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдарға сараптама жүргізуді сұраймын.

      Сәйкестікке ____________________________________________________

      Өтініш берушінің заңды мәртебесі:

БСН

Толық
атауы

Мекенжайы

Есеп айырысу шоты (IBAN)

Банктік сәйкестендіру коды (БСК)

Телефон нөмірі

Веб-сайт

Электрондық пошта мекенжайы

1

2

3

4

5

6

7

8

      Басшы туралы ақпарат:

ЖСН

Тегі

Аты

Әкесінің аты
(бар болса)

Лауазымы

Ұялы телефон

Электрондық пошта мекенжайы

1

2

3

4

5

6

7

      Бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдар туралы мәліметтер:

Зергерлік және басқа да бұйымдардың атауы

Саны,
дана

Салмағы, грамм

Бағалы металл сынамасы (немесе болжамды сынама)

Қойындылардағы асыл тастардың саны
(болған жағдайда)

Тауардың шығарылған жері

Ескертпе

1

2

3

4

5

6

7

8

      Кимберлий процесінің сертификаттау схемасын ескере отырып, асыл тастар мен өңделмеген табиғи алмастар туралы мәліметтер:

Асыл тастардың атауы

Саны, дана

Салмағы, карат

Тастардың қасиеттері

Ескерту

1

2

3

4

5

6

      Өтініш берушінің ЭЦҚ - дан алынған деректер: _______

      Өтініш берушінің ЭЦҚ-мен қол қойылған күні мен уақыты:___________.

  Бұйрыққа
2-қосымша
  Асыл тастарға, бағалы металдар
мен асыл тастардан жасалған
зергерлік және басқа да
бұйымдарға сараптама
жүргізу қағидаларына
3-қосымша

      нысан

      (уәкілетті ұйымның атауы)

САРАПТАМАЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ

      20__ жыл "___" ________ бастап

      (Бірегей сәйкестендіру нөмірінің QR-коды)

      ____________________________

      (бірегей сәйкестендіру нөмірі)

      ӨТІНІШ БЕРУШІ

      (БСН / ЖСН, ұйымның атауы/Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болса) және мекенжайы)

      ДАЙЫНДАУШЫ

      (елі, БСН, ұйымның атауы және мекенжайы)

      ИНВОЙС

      (берілген инвойс)

      БҰЙЫМ

      (бұйым саны, мәлімделген сынама)

      ӨТІНІМ

      (өтінім нөмірі мен күні)

      САРАПТАУ КОМИССИЯСЫ

      (БСН және уәкілетті ұйымның атауы, ЖСН және Комиссия мүшелерінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) )

      САРАПТАМА ЖҮРГІЗДІ

      (бұйымдардың саны және атауы)

      САРАПТАМА ЖҮРГІЗІЛГЕН ҚҰЖАТТАРҒА СӘЙКЕС

      (нормативтік құжаттардың атауы)

      САРАПТАМА АНЫҚТАЛДЫ

р/с№

Зергерлік және басқа да бұйымдардың атауы

Саны, дана

Салмағы, грамм

Бағалы металдың (қорытпаның) атауы кірістіру

Сынамасының сәйкестігі

Салыным(саны, карат, тастың атауы)

Атаулы таңба (сипаттамасы, тиесілігі)

Тауардың шығуы

Ескерту

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10


р/с

Асыл тастардың атауы

Саны, дана

Салмағы, карат

Асыл тастың қасиеттері

Ескерту

1

2

3

4

5

6

      САРАПТАМА (ӘДІСПЕН) ЖҮРГІЗІЛДІ

      (әдістің атауы)

      Комиссия мүшелерінің ЭЦҚ деректері: _______

      Комиссия мүшелерінің ЭЦҚ-ға қол қою күні мен уақыты:__________.

      ____________________________________________________________

      Осы құжат "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы"

      ҚРЗ 7-бабының 1-тармағына сәйкес қағаз жеткізгіштегі құжатпен бірдей.

      Құжат техникалық реттеудің ақпараттық жүйесімен қалыптастырылды.