БҰЙЫРАМЫН:
1. "Құтқарушыларды аттестаттау және қайта аттестаттау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 11 шілдедегі № 507 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17233 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Құтқарушыларды аттестаттау және қайта аттестаттау қағидаларында:
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"1-тарау. Жалпы ережелер";
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"2-тарау. Аттестаттауды өткізу тәртібі";
5-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген 075/у нысанындағы медициналық анықтамамен расталған медициналық куәландыру;";
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"13. Мерзімді аттестаттаудың қорытындысы бойынша мынадай сыныптылық беру жүргізіледі:
1) "3-сыныпты құтқарушы маман" құтқарушы ретінде кемінде үш жыл жұмыс өтілі бар және дене шынықтыру даярлығы бойынша "жақсы" бағасынан төмен емес шекті нәтижелерге қол жеткізген құтқарушыға беріледі;
2) "2-сыныпты құтқарушы маманы" 3-сыныпты құтқарушы ретінде кемінде үш жыл жұмыс өтілі бар және дене шынықтыру даярлығы бойынша "жақсы" бағасынан төмен емес шекті нәтижелерге қол жеткізген құтқарушыға беріледі;
3) "1-сыныпты құтқарушы маманы" 2-сыныпты құтқарушы ретінде кемінде үш жыл жұмыс өтілі бар және дене шынықтыру даярлығы бойынша "жақсы" бағасынан төмен емес шекті нәтижелерге қол жеткізген құтқарушыға беріледі;
4) "халықаралық сыныпты құтқарушы" 1-сыныпты құтқарушы ретінде кемінде үш жыл жұмыс өтілі бар, қызметтің барлық кезеңінде халықаралық құтқару жұмыстарына немесе Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде кемінде үш рет оқу-жаттығуларға қатысқан және дене шынықтыру даярлығы бойынша "жақсы" бағасынан төмен емес шекті нәтижелерге қол жеткізген құтқарушыға беріледі.
Ескертпе:
Халықаралық құтқару жұмыстары – Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде адамдарды, материалдық және мәдени құндылықтарды құтқаруға, ТЖ аймағындағы табиғи ортаны қорғауға, ТЖ-ны оқшаулауға және адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін қауіпті әсерлерді басуға немесе ықтимал ең төменгі деңгейге дейін жеткізуге бағытталған іс-әрекеттер;
Халықаралық құтқару оқу-жаттығулары – бұл құтқару бөлімшелерінің өзара іс-қимылы мен әзірлігі деңгейін арттыруға байланысты дайындық іс-шаралары, сондай-ақ авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу процесінде пайдаланылатын тактикалық дағдыларды жетілдіру.";
осы Қағидаларға 1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
осы Қағидаларға 6-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Төтенше жағдайларды жою департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрі |
Ю. Ильин |
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрі 2021 жылғы 21 маусымдағы № 297 бұйрығына 1-қосымша |
|
Құтқарушыларды аттестаттау және қайта аттестаттау қағидаларына 1-қосымша |
Дене шынықтыру даярлығы бойынша нормативтер ерлерге арналған
№ | Жаттығудың атауы | Бағалау | Медициналық-жас топтары | |||||
I | II | III | IV | V | VI | |||
23 дейін | 24-31 | 32-39 | 40-49 | 50-59 | 60 жас және одан жоғары | |||
1. | Белтемірге тартылу (рет саны) |
өте жақсы |
17 |
16 |
12 |
10 |
7 |
5 |
2. | Белтемірдегі күштік жаттығулар кешені (қайталау саны) |
өте жақсы |
5 |
4 |
3 | - | - | - |
3. | 100 метрге жүгіру (секунд) |
өте жақсы |
13,0 |
13,5 |
13,8 |
- |
- |
- |
4. | 60 метрге жүгіру (секунд) |
өте жақсы |
- |
- |
- |
12,2 |
- |
- |
5. | 50 метрге жүзу (секунд) |
өте жақсы |
40,0 |
43,0 |
43,0 |
45,0 |
50,0 |
25,0 |
6. | 1000 метрге жүгіру (минут секунд) |
өте жақсы |
3,10 |
4,00 |
4,30 |
4,35 |
4,40 |
5,10 |
әйелдерге арналған
№ | Жаттығудың атауы | Бағалау | Медициналық-жас топтары | |||||
I | II | III | IV | V | VI | |||
23 дейін | 24-31 | 32-39 | 40-49 | 50-59 | 60 жас және одан жоғары | |||
1. | Арқада жатып денені көтеру (минутына рет саны) |
өте жақсы |
50 |
45 |
40 |
35 |
35 |
25 |
2. | 100 метрге жүгіру (секунд) |
өте жақсы |
15,5 |
16,0 |
16,3 |
- |
- |
- |
3. | 60 метрге жүгіру (секунд) |
өте жақсы |
- |
- |
- |
13,0 |
- |
- |
4. | 50 метрге жүзу (секунд) |
өте жақсы |
0,50 |
0,52 |
0,52 |
0,55 |
1,05 |
0,30 |
5. | 1000 метрге жүгіру (минут секунд) |
өте жақсы |
4,20 |
4,45 |
5,00 |
5,00 |
5,10 |
2,30 |
Ескертпе:
Ерлерге арналған кешенді күштік жаттығулар айналып көтерілуден, белтемірге күшпен шығудан, іш тығыршығынан (белтемірге аяқпен түрту) тұрады.
Әр элементті орындағаннан кейін-бастапқы қалпына келу.
Олар белтемірге тиген кезде аяқты бүгуге рұқсат етіледі:
1) белтемірге екі қолда ілініп тұру бастапқы қалыпқа келу деп саналады;
2) бастапқы қалыпқа түсу белтемірге көтерілу жағынан жүзеге асырылады;
3) Кешенді күштік жаттығуларды орындау процесінде қатысушыларға белтемірде демалуға рұқсат етіледі (5 секундтан артық емес).
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрі 2021 жылғы 21 маусымдағы № 297 бұйрығына 2-қосымша |
|
Құтқарушыларды аттестаттау және қайта аттестаттау қағидаларына 6-қосымша |
|
Нысан |
Құтқарушы жетоны
Құтқарушының жетоны тот баспайтын құрыштан жасалған, тік бұрышты жолақ, жандары дөңгелектенген және өлшемдері: ось сызығы бойынша ұзындығы - 50 миллиметр, ені - 25 миллиметр, қалыңдығы - 1,5 миллиметр. Карабині бар металл шынжырдағы жетонды денеге, кеудеге немесе қолға білезік ретінде тағу үшін ось сызығы бойынша жанында диаметрі 3 миллиметр екі тесік бар. Шынжыр ұзындығы - 700 миллиметр, баудың және карабиннің материалы-тот баспайтын құрыш.
Жетонның беткі жағында жазу ойылып жасалған:
1-жол – "Қазақстан";
2-жол – "Құтқарушы";
3-жол құтқарушының тегі;
4-жол – құтқарушының аты және әкесінің аты (ол болған кезде);
5-жол – құтқарушының қан тобы;
6-жол – құтқарушының тіркеу нөмірі.