"Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 10 маусымдағы № 555 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 17 маусымда № 23046 болып тіркелді

      2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 82-бабы 8-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9934 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      кіріспесі келесі жаңа редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 82-бабының 8-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесінде:

      705-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "705-1. Жобаны іске асыру үшін, оның ішінде мемлекеттік кепілдік берілген бұрын тартылған мемлекеттік емес қарызды өтеу үшін ішкі нарықта мемлекеттік кепілдікпен жаңа мемлекеттік емес қарызды тарту инвестициялық жобаның ТЭН-ін түзету және жаңа ТЭН әзірлеу үшін негіз болып табылмайды.

      Бұрын мемлекеттік кепілдік берілген инвестициялық жобалар бойынша мемлекеттік кепілдікпен мемлекеттік емес қарыз тартылған, сондай-ақ тиісті қорытындылар берілген инвестициялық жобаның ТЭН негізінде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның қорытындысы беріледі.

      Бұл ретте, қарыз алушы ішкі нарықта мемлекеттік кепілдікпен мемлекеттік емес қарыз тартылғаннан кейін бір ай ішінде мемлекеттік кепілдікпен бұрын тартылған қарызды толық көлемде өтеуді жүзеге асырады. Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 216-бабына сәйкес бекітілетін тиісті жылдың мемлекеттік кепілдіктерімен мемлекеттік емес қарыздардың қаражаты есебінен қаржыландыруға ұсынылатын инвестициялық жобалардың тізбесіне енгізу үшін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның қорытындысы негіз болып табылады.";

      мынадай мазмұндағы 705-2-тармақпен толықтырылсын:

      "705-2. Жобаны іске асыру үшін, оның ішінде мемлекеттік кепілдік берілген бұрын тартылған мемлекеттік емес қарызды өтеу үшін несие капиталының сыртқы нарықта мемлекеттік кепілдікпен жаңа мемлекеттік емес қарызды тарту инвестициялық жобаның ТЭН-ін түзету және жаңа ТЭН әзірлеу үшін негіз болып табылмайды.

      Бұрын мемлекеттік кепілдік берілген инвестициялық жобалар бойынша мемлекеттік кепілдікпен мемлекеттік емес қарыз тартылған, сондай-ақ тиісті қорытындылар берілген инвестициялық жобаның ТЭН негізінде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның қорытындысы беріледі.";

      707-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "707. Осы Ереженің 705-1 және 705-2-тармақтарында көрсетілген инвестициялық жобаларды қоспағанда, осы Ереженің 705-тармағына сәйкес өтінімді ұсынғаннан кейін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган инвестициялық жобаның экономикалық сараптамасын жүргізуді ұйымдастырады және екі ай ішінде экономикалық сараптамасын әзірлейді.";

      711 және 712-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "711. Осы Ереженің 705-1 және 705-2-тармақтарында көрсетілген инвестициялық жобаларды қоспағанда, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган мемлекеттік кепілдіктерді беру үшін инвестициялық жобалар бойынша ТЭН экономикалық сараптаманы есепке ала отырып қарайды және олар бойынша экономикалық қорытындыны мемлекеттік кепілдікті алуға үміткер заңды тұлғаларға жібереді.

      712. Осы Ереженің 705-1 және 705-2-тармақтарында көрсетілген инвестициялық жобаларды қоспағанда, мемлекеттік кепілдікті алуға үміткер заңды тұлғалар мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға мемлекеттік кепілдіктерді беру үшін инвестициялық жобалар бойынша бекітілген ТЭН-ді, ол бойынша оң экономикалық қорытындыны және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қажет басқа да қорытындыларды ұсынады.";

      714 және 714-1-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "714. Осы Ереженің 705-1 және 705-2-тармақтарында көрсетілген инвестициялық жобаларды қоспағанда, осы Ереженің 705-тармағында көрсетілген сараптамаларға оң қорытындылардың бары-жоғы мемлекеттік кепілдіктермен мемлекеттік емес қарыздардың қаражаты есебінен қаржыландыруға ұсынылатын инвестициялық жобалардың тізбесіне инвестициялық жобаны енгізу үшін шарт болып табылады.

      714-1. Осы Ереженің 705-1 және 705-2-тармақтарында көрсетілген инвестициялық жобалар бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның қорытындысы және республикалық бюджет комиссиясының шешімі тиісті жылдың мемлекеттік кепілдігімен мемлекеттік емес қарыздардың қаражаты есебінен қаржыландыруға ұсынылатын инвестициялық жобалардың тізбесіне өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу үшін негіз болып табылады.";

      721-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "721-1. Жобаны іске асыру үшін, оның ішінде мемлекеттік кепілдік берілген бұрын тартылған мемлекеттік емес қарызды өтеу үшін мемлекеттік кепілдікпен ішкі нарықта жаңа мемлекеттік емес қарызды тарту кезінде қарыз алушы бұрын мемлекеттік кепілдікпен мемлекеттік емес қарыз тартылған инвестициялық жобаның ТЭН-ін, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның қорытындысын, сондай-ақ бұрын берілген салалық сараптаманың және заңнамаға сәйкес қажетті басқа да сараптамалардың оң қорытындыларын ұсынғаннан кейін бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган тиісті қорытындыны әзірлейді.

      Бұл ретте, қарыз алушы мемлекеттік кепілдікпен ішкі нарықта мемлекеттік емес қарыз тартылғаннан кейін бір ай ішінде мемлекеттік кепілдікпен бұрын тартылған қарызды толық көлемде өтеуді жүзеге асырады.";

      мынадай мазмұндағы 721-2-тармақпен толықтырылсын:

      "721-2. Жобаны іске асыру үшін, оның ішінде мемлекеттік кепілдік берілген бұрын тартылған мемлекеттік емес қарызды өтеу үшін мемлекеттік кепілдікпен несие капиталының сыртқы нарығында жаңа мемлекеттік емес қарызды тарту кезінде қарыз алушы бұрын мемлекеттік кепілдікпен мемлекеттік емес қарыз тартылған инвестициялық жобаның ТЭН-ін, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның қорытындысын, сондай-ақ бұрын берілген салалық сараптаманың және заңнамаға сәйкес қажетті басқа да сараптамалардың оң қорытындыларын ұсынғаннан кейін бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган тиісті қорытындыны әзірлейді.";

      733-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "733. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының қарыз алуы кезекті қаржы жылына арналған Қазақстан Республикасы Үкіметінің резерві есебінен қолма-қол ақшаның тапшылығын жабуға республикалық бюджеттен бюджеттік кредиттер Қазақстан Республикасының Үкіметінен қарыз алу және республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының республикалық маңызы бар қалаланың, астананың бюджетінің тапшылығын қаржыландыруға ішкі нарықта айналысы үшін мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару түрінде, сондай-ақ облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде тұрғын үй құрылысын қаржыландыру үшін, жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жөніндегі жекелеген іс-шараларды белгіленген тәртіппен қаржыландыру үшін ішкі нарықта айналысқа жіберу үшін мемлекеттік бағалы қағаздар шығаруы түрінде жүзеге асырылады.";

      735-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "735. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органы жергілікті атқарушы органның борыш лимитін және басым (республикалық және жергілікті) бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тізбесін ескере отырып, тиісті бюджет комиссиясының қарауына ішкі нарықта айналысы үшін мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару жолымен облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының қарыз алуы жөніндегі ұсыныстарын жібереді, сондай-ақ мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде тұрғын үй құрылысын қаржыландыру үшін, жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жөніндегі жекелеген іс-шараларды белгіленген тәртіппен қаржыландыру үшін және белгіленген тәртіппен облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың кезекті қаржы жылына арналған бюджеті туралы мәслихат шешімінің жобасын жасайды.";

      740-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "740. Бюджет комиссиясының шешімі және бекітілген жергілікті бюджеттер тапшылығы өлшемдерінің негізінде, сондай-ақ облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде тұрғын үй құрылысын қаржыландыру үшін, жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жөніндегі жекелеген іс-шараларды белгіленген тәртіппен қаржыландыру үшін ішкі нарықта айналысқа жіберу үшін мемлекеттік бағалы қағаздар шығаруы үшін бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті орган Бюджет кодексінің 211-бабына сәйкес қарыз алу көлемі мен шарттарын, сондай-ақ кезекті қаржы жылына арналған жергілікті бюджеттерде бекітілетін борышты өтеу мен оған қызмет көрсету мөлшерін айқындайды және бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен келіседі.".

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік қарыз алу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер беруді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Е. Жамаубаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі