"Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі әскери оқу орындарының ақылы негізде берілетін тауарларына (жұмыстарына, көрсетілетін қызметтеріне) бағаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2018 жылғы 22 қарашадағы № 752 бұйрығына

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2021 жылғы 10 маусымдағы № 370 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 17 маусымда № 23044 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі әскери оқу орындарының ақылы негізде берілетін тауарларына (жұмыстарына, көрсетілетін қызметтеріне) бағаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2018 жылғы 22 қарашадағы № 752 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17771 болып тіркелген, 2018 жылғы 29 қарашада Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі әскери оқу орындарының ақылы негізде берілетін тауарларына (жұмыстарына, көрсетілетін қызметтеріне) бағаларда:

      7-тараудағы кестеде "Тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) атауы" деген бағанда орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді.

      8-тарау мынадай редакцияда жазылсын:

      "8-тарау. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің Canon 6011 цифрлық аппаратында басып шығару қызметтері

Р/с №

Тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) атауы

Өлшем бірлігі

Өлшем бірлігінің бағасы (теңгемен)

123.

А4 форматының бір жағынан түрлі-түсті басып шығару (5-тен 20 параққа дейін)

бет

90

124.

А4 форматының бір жағынан түрлі-түсті басып шығару (21-ден 50 параққа дейін)

бет

70

125.

А4 форматының бір жағынан түрлі-түсті басып шығару (51-ден 300 параққа дейін)

бет

60

126.

А4 форматының бір жағынан түрлі-түсті басып шығару (301 парақтан)

бет

50

127.

А4 форматының екі жағынан түрлі-түсті басып шығару (5-тен 20 параққа дейін)

бет

180

128.

А4 форматының екі жағынан түрлі-түсті басып шығару (21-ден 50 параққа дейін)

бет

140

129.

А4 форматының екі жағынан түрлі-түсті басып шығару (51-ден 300 параққа дейін)

бет

120

130.

А4 форматының екі жағынан түрлі-түсті басып шығару (301 парақтан)

бет

100

131.

А3 форматының бір жағынан түрлі-түсті басып шығару (5-тен 20 параққа дейін)

бет

180

132.

А3 форматының бір жағынан түрлі-түсті басып шығару (21-ден 50 параққа дейін)

бет

140

133.

А3 форматының бір жағынан түрлі-түсті басып шығару (51-ден 300 параққа дейін)

бет

120

134.

А3 форматының бір жағынан түрлі-түсті басып шығару (301 парақтан)

бет

100

135.

А3 форматының екі жағынан түрлі-түсті басып шығару (5-тен 20 параққа дейін)

бет

350

136.

А3 форматының екі жағынан түрлі-түсті басып шығару (21-ден 50 параққа дейін)

бет

260

137.

А3 форматының екі жағынан түрлі-түсті басып шығару (51-ден 300 параққа дейін)

бет

240

138.

А3 форматының екі жағынан түрлі-түсті басып шығару (301 парақтан)

бет

200

      ";

      Ескертпеде 5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. 7, 8 және 9-тарауларда көрсетілген тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) А4 және А3 форматындағы м2-ге тығыздығы 80 грамм стандартты парақтарда әзірленеді және орындалады.".

      2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Әскери білім және ғылым департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Қорғаныс министрі Н. Ермекбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Білім және ғылым министрлігі

      2021 жылғы "___"_______

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

      2021 жылғы "___"_______