БҰЙЫРАМЫН:
1. "Әкету кедендік бажы қолданылатын тауарлар тізбесін, мөлшерлемелер көлемін және олардың қолданылу мерзімін және Шикі мұнай мен мұнайдан өндірілген тауарларға әкету кедендік бажы мөлшерлемелерінің көлемін есептеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 17 ақпандағы № 81 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13217 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әкету кедендік бажы қолданылатын тауарлар тізбесіне, мөлшерлемелер көлеміне және олардың қолданылу мерзіміне:
"Әкету кедендік бажы қолданылатын тауарлардың жекелеген түрлері, мөлшерлемелер көлемі және олардың қолданылу мерзімі" деген 1-бөлімде:
"
5101 | Кард немесе тарақпен тарауға ұшырамаған жүн | 10 %, бірақ 1 тоннасына 50 евродан кем емес | тұрақты |
5102 | Кардтық немесе тарақпен тарауға ұшырамаған, биязы немесе қылшықты, жануарлар қылы | 10 %, бірақ 1 тоннасына 50 евродан кем емес | тұрақты |
5103 | Иіру қалдықтарын қоса алғанда, бірақ түтілген шикізатты қоспағанда, жануарлар жүнінің немесе биязы немесе қылшықты қылының қалдықтары | 10 %, бірақ 1 тоннасына 50 евродан кем емес | тұрақты |
5104 00 000 0 | Жүннен немесе жануарлардың биязы немесе қылшықты қылынан жасалған түтілген шикізат | 10 %, бірақ 1 тоннасына 50 евродан кем емес | тұрақты |
"
деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
"
5101 | Кард немесе тарақпен тарауға ұшырамаған жүн | 0 | 2023 жылғы 30 сәуірді қоса алғанға дейін |
10 %, бірақ 1 тоннасына 50 евродан кем емес | 2023 жылғы 1 мамырдан бастап | ||
5102 | Кардтық немесе тарақпен тарауға ұшырамаған, биязы немесе қылшықты, жануарлар қылы | 0 | 2023 жылғы 30 сәуірді қоса алғанға дейін |
10 %, бірақ 1 тоннасына 50 евродан кем емес | 2023 жылғы 1 мамырдан бастап | ||
5103 | Иіру қалдықтарын қоса алғанда, бірақ түтілген шикізатты қоспағанда, жануарлар жүнінің немесе биязы немесе қылшықты қылының қалдықтары | 0 | 2023 жылғы 30 сәуірді қоса алғанға дейін |
10 %, бірақ 1 тоннасына 50 евродан кем емес | 2023 жылғы 1 мамырдан бастап | ||
5104 00 000 0 | Жүннен немесе жануарлардың биязы немесе қылшықты қылынан жасалған түтілген шикізат | 0 | 2023 жылғы 30 сәуірді қоса алғанға дейін |
10 %, бірақ 1 тоннасына 50 евродан кем емес | 2023 жылғы 1 мамырдан бастап |
".
2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Сыртқы сауда қызметі департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
сауда және интеграция министрі | Б. Сұлтанов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі