"Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу және "Ұлттық бірыңғай тестілеу тапсырғаны туралы сертификат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 2 мамырдағы № 204 бұйрығына өзге

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 3 маусымдағы № 264 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 3 маусымда № 22926 болып тіркелді.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу және "Ұлттық бірыңғай тестілеу тапсырғаны туралы сертификат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 2 мамырдағы № 204 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15173 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу және "Ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсыру туралы сертификат беру" мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларында:

      32-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "32. Түсушілер тестілеуге кіргізу барысында ғимаратқа бір-бірден кіргізіледі.

      Түсушілердің жеке басын сәйкестендіру тестілеуге рұқсаттама мен жеке басын куәландыратын құжаты негізінде, ал жасы он алтыға толмаған адамдар ағымдағы жылы орта білім беру ұйымын аяқтағаны туралы анықтама негізінде жүргізіледі.

      Бұл ретте, жеке басын куәландыратын құжаты немесе паспорты бар және өтінішті онлайн тіркелу жолымен автоматтандырылған жүйе арқылы берген түсушілердің жеке басы бетінің көлемдік-кеңістіктік формасының сканерленуі арқылы сәйкестендіріледі және тестілеуге жіберіледі.

      Тестілеуге кіргізу кезінде қол және рамалық металл іздегіштер пайдаланылады. Тестілеуге кіргізу кезінде металл іздегіштерді қолдану тестілеу өткізу барысында түсушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ олардың ғимаратқа төмендегі тыйым салынған заттарды: ақпараттарды тасымалдау функциясымен жабдықталған ұялы байланыстар, оның ішінде пейджер, ұялы телефондар, планшеттер, iPad (Айпад), iPod (Айпод), SmartPhone (Смартфон), ноутбуктер, плейерлер, модемдер (мобильді роутерлер), радио-электрондық байланыстың барлық түрлері, оның ішінде (Wi-Fi (Вай-фай), Bluetooth (Блютуз), Dect (Дект), 3G (3 Джи), 4G (4 Джи), 5G (5 Джи), смарт сағаттар, калькулятор, сымды және сымсыз құлаққаптар, шпаргалкаларды, оқу-әдістемелік әдебиеттерді алып кіруіне жол бермеу үшін рұқсат етілмейді.

      Тестілеуге кіргізу барысында металл іздегішпен тексеру кезінде осы тармақта көрсетілген тыйым салынған заттар табылған жағдайда, тестілеу әкімшісі осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша "ҰБТ өткізу пунктінің ғимаратына кіргізу барысында металл іздегішпен тыйым салынған заттар табылған тестіленушіні ғимараттан шығару туралы" акт жасайды және түсуші осы тестілеуге жіберілмейді";

      34-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "34. Мемлекеттік комиссияның төрағасы болып ҰБТ-ны ұйымдастыру мен өткізуді қамтамасыз ететін, сонымен қатар металліздегіштер, аудиторияның (компьютерлік сыныптың) ауданына сәйкес рұқсат етілген магниттік толқындар шегінде радиоэлектрондық және ұялы байланыс сигналдарын өшіретін және бейнебақылау құралдарын қолдануды жүзеге асыратын жоғары оқу орындарының басшылары немесе қалалық, аудандық білім бөлімдерінің (басқармаларының) басшылары тағайындалады";

      35-тармақта:

      2) тармақша жаңа редакцияда жазылсын:

      "2) құқық қорғау органдарының өкілдерімен бірлесіп, тестілеу өткізу кезеңінде қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етеді";

      5) тармақша жаңа редакцияда жазылсын:

      "5) "Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы есепке алу және есеп беру құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 мамырдағы № 415 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11626 болып тіркелген) 135-қосымшаға сәйкес аудиторияның (компьютерлік сыныптың) ауданына сәйкес рұқсат етілген магниттік толқындар шегінде ұтқыр және радиоэлектрондық байланыс сигналдарын беретін құрылғыларды пайдалануды, сондай-ақ электромагниттік өрісті өлшеу хаттамасын алуды ұйымдастырады";

      75-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "75. ҰБТ-ны электрондық форматта өткізу кезінде оқуға түсушілер ғимаратқа бір-бірден кіргізіледі, бұл ретте оқуға түсушінің жеке басын көлемді-кеңістіктік нысандағы сканер арқылы сәйкестендіру жүргізіледі.

      Тестілеуге қосу кезінде қолмен және рамалық типтегі металл детекторлар қолданылады. Тестілеуге кіргізу кезінде металл іздегіштерді қолдану тестілеу өткізу кезінде түсушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ олардың ғимаратқа ақпаратты тасымалдау функцияларымен жабдықталған ұялы байланыстың мынадай тыйым салынған заттарын, оның ішінде пейджерді, ұялы телефондарды, планшеттерді, iPad (Айпад), iPod (Айпод), SmartPhone (Смартфон)), ноутбуктерді, плейерлерді, модемдерді (мобильді роутерлерді), радио-электрондық байланыстың кез келген түрлерін, соның ішінде Wi-Fi (Вай-фай), Bluetooth (Bluetooth), Dect (Дект), 3G (3 Джи), 4G (4 Джи), 5G (5 Джи) смарт сағат, калькулятор, сымды және сымсыз құлаққаптар, шпаргалкалар, оқу-әдістемелік әдебиеттер.

      Тестілеуге жіберу барысында металл іздегішпен тексеру жүргізу кезінде осы тармақта көрсетілген тыйым салынған заттар анықталған жағдайда, тестілеу әкімшісі осы Қағидаларға 31-қосымшаға сәйкес нысан бойынша "ҰБТ өткізу пунктінің ғимаратына (электрондық форматта) металл іздегішпен анықталған кезде түсушіні ғимараттан шығару туралы" акт жасайды және түсуші осы тестілеуге және осы Қағидалардың 74-тармағында көрсетілген ҰБТ өткізу кезеңінде өтетін тестілеуге жіберілмейді, сондай-ақ білім беру грантын беру жөніндегі конкурсқа жіберілмейді.

      Осы Қағидалардың 74-тармағында көрсетілген ҰБТ өткізу кезеңінде екінші рет қатысқан кезде тестілеуге кіргізу барысында металліздегішпен тексеру жүргізу кезінде түсушіде осы тармақта көрсетілген тыйым салынған заттар анықталған жағдайда бірінші рет тапсырған ҰБТ-ның нәтижелері жойылады және білім беру грантын тағайындау конкурсына жіберілмейді.

      Тестілеуге кіргізу барысында бөгде адам анықталған жағдайда тестілеу әкімшісі осы Қағидалардың 32-қосымшасына сәйкес нысан бойынша "Тестілеуге кіргізу барысында бөгде адамды анықтау актісін (электрондық форматта)" жасайды, оқуға түсуші ағымдағы жылы тестілеуге жіберілмейді.

      Тестілеуді өткізу кезінде аудиторияның (компьютерлік сыныптың) және бейнебақылаудың ауданына байланысты рұқсат етілген магниттік толқындар шегінде ұтқыр және радиоэлектрондық байланыс сигналдарын басатын құрылғылар пайдаланылады";

      79-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "79. ҰБТ ұзақтығы - 240 минут (4 сағат).

      Тестілеудің 60 минуты өткеннен кейін көзге арналған жаттығулар және дене жаттығуларына арналған 2 минут көлемінде үзіліс жүзеге асырылады.

      120 минут тестілеу аяқталғаннан кейін 15 минут көлемінде үзіліс беріледі.

      180 минут тестілеу аяқталғаннан кейін 3 минут көлемінде үзіліс беріледі.

      Шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламалары тобына түсушілер үшін тестілеу ұзақтығы – 65 минут.

      Шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламалары тобы бойынша ЖЖОКБҰ – ның білім алушылары және басқа білім беру бағдарламалары топтарына ауысқысы келетіндер үшін тестілеу ұзақтығы-130 минут.

      Қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түсушілер үшін ҰБТ-ға 120 минут (2 сағат) бөлінеді.

      Шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламалары тобына қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін білім беру бағдарламалары бойынша ұқсас даярлау бағыттары бойынша түсушілер үшін-80 минут";

      81-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "81. Түсуші осы Қағидалардың 80-тармағын бұзған жағдайда, тестілеу әкімшісі тестілеуді бақылаушылармен бірлесіп тыйым салынған заттарды табу және аудиторияда (компьютерлік сыныпта) мінез-құлық қағидаларын бұзған түсушіні аудиториядан (компьютерлік сыныптан) шығару актісін осы Қағидаларға 34-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасайды. Оқуға түсуші осы тестілеуге және осы Қағидалардың 74-тармағында көрсетілген ҰБТ өткізу кезеңінде өтетін тестілеуге, сондай-ақ білім беру грантын беру жөніндегі конкурсқа жіберілмейді.

      Оқуға түсушілер осы Қағидалардың 80-тармағын бұзған кезде осы Қағидалардың 74-тармағында көрсетілген ҰБТ өткізу кезеңінде екінші рет ҰБТ нәтижелері бірінші рет жойылады және білім беру грантын беру жөніндегі конкурсқа жіберілмейді";

      83-тармақта:

      1) тармақша алып тасталсын;

      86-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "86. Осы Қағидалардың 81 және 82-тармақтарында көрсетілген тұлғалардың тестілеу нәтижелері өңделмейді және жойылуға жатады. Электр қуаты ажыратылған жағдайда, тестіленушінің жұмыс орнында тестілеу процесі туралы деректер (тест тапсырмаларына бұрын белгіленген жауаптар, тестілеудің пайдаланылған уақытының саны) сақталады. Тестілеуді одан әрі жалғастырған кезде тестіленуші тестілеу процесі үзілген жерден тестілеу процесін жалғастырады";

      "Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу және "Ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсыру туралы сертификат беру" мемлекеттік қызметтер көрсету қағидалардың 1 және 2-қосымшалары осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес редакцияда жазылсын;

      "Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу және "Ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсыру туралы сертификат беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалардың 8 және 30-қосымшалар алып тасталсын.

      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Респуликасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Білім және ғылым министрі А. Аймагамбетов

  Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
2021 жылғы 3 маусымдағы
№ 264 бұйрығына қосымша
  Ұлттық бірыңғай тестілеуді
өткізу және "Ұлттық бірыңғай
тестілеу тапсырғаны туралы
сертификат беру" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
қағидаларына
1-қосымша

Ұлттық бірыңғай тестілеудің бейіндік пәндері көрсетілген білім беру бағдарламалары топтарының тізбесі

Дайындау бағытының атауы және нөмірі

Білім беру бағдарламалары тобы

Бейіндік пәндер

1 бейіндік пән

2 бейіндік пән

В001

Педагогика және психология

Биология

География

В002

Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу

Биология

География

В003

Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі

Биология

География

В004

Бастапқы әскери дайындық мұғалімдерін даярлау

Шығармашылық емтихан

Шығармашылық емтихан

В005

Дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау

Шығармашылық емтихан

Шығармашылық емтихан

В006

Музыка мұғалімдерін даярлау

Шығармашылық емтихан

Шығармашылық емтихан

В007

Көркем еңбек және сызу мұғалімдерін даярлау

Шығармашылық емтихан

Шығармашылық емтихан

В008

Құқық және экономика негіздері мұғалімдерін даярлау

Дүниежүзі тарихы

География

В009

Математика мұғалімдерін даярлау

Математика

Физика

В010

Физика мұғалімдерін даярлау

Физика

Математика

В011

Информатика мұғалімдерін даярлау

Математика

Физика

В012

Химия мұғалімдерін даярлау

Химия

Биология

В013

Биология мұғалімдерін даярлау

Биология

Химия

В014

География мұғалімдерін даярлау

География

Дүниежүзі тарихы

В015

Гуманитарлық пәндер мұғалімдерін даярлау

Дүниежүзі тарихы

География

В016

Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау

Қазақ тілі

Қазақ әдебиеті

В017

Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау

Орыс тілі

Орыс әдебиеті

В018

Шет тілі мұғалімдерін даярлау

Шетел тілі

Дүниежүзі тарихы

В019

Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану мамандарын даярлау

Биология

География

В020

Арнайы педагогика

Биология

География

В021

Орындаушылық өнер

Шығармашылық емтихан

Шығармашылық емтихан

В022

Музыкатану

Шығармашылық емтихан

Шығармашылық емтихан

В023

Режиссура, арт-менеджмент

Шығармашылық емтихан

Шығармашылық емтихан

В024

Өнертану

Шығармашылық емтихан

Шығармашылық емтихан

В025

Дирижирлеу

Шығармашылық емтихан

Шығармашылық емтихан

В026

Композиция

Шығармашылық емтихан

Шығармашылық емтихан

В027

Театр өнері

Шығармашылық емтихан

Шығармашылық емтихан

В028

Хореография

Шығармашылық емтихан

Шығармашылық емтихан

В029

Аудиовизуалды құрылғылар және медиа өндіріс

Шығармашылық емтихан

Шығармашылық емтихан

В030

Бейнелеу өнері

Шығармашылық емтихан

Шығармашылық емтихан

В031

Сән, дизайн

Шығармашылық емтихан

Шығармашылық емтихан

В032

Философия және этика

Дүниежүзі тарихы

География

В033

Дінтану және теология

Шығармашылық емтихан

Шығармашылық емтихан

В034

Тарих және археология

Дүниежүзі тарихы

География

В035

Түркітану және шығыстану

Дүниежүзі тарихы

Шетел тілі

В036

Аударма ісі

Шетел тілі

Дүниежүзі тарихы

В037

Филология

Қазақ/Орыс тілі

Қазақ/Орыс әдебиеті

В038

Әлеуметтану

Математика

География

В039

Мәдениеттану

Дүниежүзі тарихы

Шетел тілі

В040

Саясаттану

Дүниежүзі тарихы

Шетел тілі

В140

Халықаралық қатынастар және дипломатия

Дүниежүзі тарихы

Шетел тілі

В041

Психология

Биология

География

В042

Журналистика және репортер ісі

Шығармашылық емтихан

Шығармашылық емтихан

В043

Кітапхана ісі, ақпараттарды өңдеу және мұрағат ісі

Қазақ/Орыс тілі

Қазақ/Орыс әдебиеті

В044

Менеджмент және басқару

Математика

География

В045

Аудит және салық салу

Математика

География

В046

Қаржы, экономика, банк және сақтандыру ісі

Математика

География

В047

Маркетинг және жарнама

Математика

География

В048

Еңбек дағдылары

Математика

География

В049

Құқық

Дүниежүзі тарихы

Құқық негіздері

В050

Биологиялық және сабақтас ғылымдар

Биология

Химия

В051

Қоршаған орта

Биология

География

В052

Жер туралы ғылым

Математика

География

В053

Химия

Химия

Биология

В054

Физика

Физика

Математика

В055

Математика және статистика

Математика

Физика

В056

Механика

Математика

Физика

В057

Ақпараттық технологиялар

Математика

Физика

В058

Ақпараттық қауіпсіздік

Математика

Физика

В059

Коммуникациялар және коммуникациялық технологиялар

Математика

Физика

В060

Химиялық инженерия және процестер

Химия

Физика

В061

Материалтану және технологиялар

Математика

Физика

В062

Электр техникасы және энергетика

Математика

Физика

В063

Электр техникасы және автоматтандыру

Математика

Физика

В064

Механика және металл өңдеу

Математика

Физика

В065

Автокөлік құралдары

Математика

Физика

В165

Магистральды желілер және инфрақұрылым

Математика

Физика

В066

Теңіз көлігі және технологиялары

Математика

Физика

В166

Көліктік имараттар

Математика

Физика

В067

Әуе көлігі және технологиялары

Математика

Физика

В167

Ұшу аппараттары мен қозғалтқыштарды ұшуда пайдалану

Математика

Физика

В068

Азық-түлік өнімдерінің өндірісі

Биология

Химия

В069

Материалдар өндірісі (шыны, қағаз, пластик, ағаш)

Математика

Физика

В070

Тоқыма: киім, аяқ киім және былғары бұйымдары

Математика

Физика

В071

Тау-кен ісі және пайдалы қазбаларды өндіру

Математика

Физика

В072

Фармацевтикалық өндіріс технологиясы

Химия

Биология

В073

Сәулет

Шығармашылық емтихан

Шығармашылық емтихан

В074

Қала құрылысы, құрылыс жұмыстары және азаматтық құрылыс

Математика

Физика

В075

Кадастр және жерге орналастыру

Математика

География

В076

Стандарттау, сертификаттау және метрология (сала бойынша)

Математика

Физика

В077

Өсімдік шаруашылығы

Биология

Химия

В078

Мал шаруашылығы

Биология

Химия

В079

Орман шаруашылығы

Биология

География

В080

Балық шаруашылығы

Биология

Химия

В081

Жерге орналастыру

Математика

Физика

В183

Агроинженерия

Математика

Физика

В082

Су ресурстары және суды пайдалану

Математика

Физика

В083

Ветеринария

Биология

Химия

В084

Мейіргер ісі

Биология

Химия

В085

Фармация

Биология

Химия

В086

Жалпы медицина

Биология

Химия

В087

Стоматология

Биология

Химия

В088

Педиатрия

Биология

Химия

В089

Қоғамдық денсаулық сақтау

Биология

Химия

В090

Әлеуметтік жұмыс

Биология

География

В091

Туризм

География

Шетел тілі

В092

Тынығу

Шығармашылық емтихан

Шығармашылық емтихан

В093

Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі

География

Шетел тілі

В094

Санитарлық-профилактикалық іс-шаралар

Математика

Физика

В095

Көлік қызметтері

Математика

География

В096

Құқық қорғау қызметі

Дүниежүзі тарихы

Құқық негіздері

В097

Өрт қауіпсіздігі

Математика

Физика

  бұйрығына қосымша
  Ұлттық бірыңғай тестілеуді
өткізу және "Ұлттық бірыңғай
тестілеу тапсырғаны туралы
сертификат беру" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
қағидаларына
2-қосымша

Оқытудың қысқартылған мерзімін көздейтін жоғары білім берудің білім беру бағдарламаларына түсушілер үшін ұлттық бірыңғай тестілеудің жалпы кәсіптік және арнайы пәндері көрсетілген білім беру бағдарламалары топтарының тізбесі

Дайындау бағытының атауы және нөмірі

Білім беру бағдарламаларының тобы

Жалпы кәсіптік пән

Арнайы пән

В001

Педагогика және психология

Педагогика және психология негіздері

Тәрбие қызметінің теориясы мен практикасы

В002

Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу

Мектепке дейінгі педагогика және психология негіздері

Тәрбие қызметінің теориясы мен практикасы

В003

Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі

Педагогика және психология негіздері

Тәрбие қызметінің теориясы мен практикасы

В004

Бастапқы әскери дайындық мұғалімдерін даярлау

Шығармашылық емтихан

Педагогика және психология негіздері

В005

Дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау

Шығармашылық емтихан

Педагогика және психология негіздері

В006

Музыка мұғалімдерін даярлау

Шығармашылық емтихан

Педагогика және психология негіздері

В007

Көркем еңбек және сызу мұғалімдерін даярлау

Шығармашылық емтихан

Педагогика және психология негіздері

В008

Құқық және экономика негіздері мұғалімдерін даярлау

Педагогика және психология негіздері

Құқық және экономика негіздері

В009

Математика мұғалімдерін даярлау

Педагогика және психология негіздері

Математика

В010

Физика мұғалімдерін даярлау

Педагогика және психология негіздері

Физика

В011

Информатика мұғалімдерін даярлау

Педагогика және психология негіздері

Информатика

В012

Химия мұғалімдерін даярлау

Педагогика және психология негіздері

Химия

В013

Биология мұғалімдерін даярлау

Педагогика және психология негіздері

Биология

В014

География мұғалімдерін даярлау

Педагогика және психология негіздері

География

В015

Гуманитарлық пәндер мұғалімдерін даярлау

Педагогика және психология негіздері

Қазақстан тарихы

В016

Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау

Педагогика және психология негіздері

Қазақ тілі

В017

Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау

Педагогика және психология негіздері

Орыс тілі

В018

Шет тілі мұғалімдерін даярлау

Педагогика және психология негіздері

Шетел тілі

В019

Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану мамандарын даярлау

Педагогика және психология негіздері

Тәрбие қызметінің теориясы мен практикасы

В020

Арнайы педагогика

Педагогика және психология негіздері

Биология

В023

Режиссура, арт-менеджмент

Шығармашылық емтихан

Өнер тарихы

В024

Өнертану

Шығармашылық емтихан

Өнер тарихы

В027

Театр өнері

Шығармашылық емтихан

Театр тарихы

В028

Хореография

Шығармашылық емтихан

Хореография тарихы

В029

Аудиовизуалды құрылғылар және медиа өндіріс

Шығармашылық емтихан

Қазақ тілі/Орыс тілі

В030

Бейнелеу өнері

Шығармашылық емтихан

Қазақстан бейнелеу өнері тарихы

В031

Сән, дизайн

Шығармашылық емтихан

Бейнелеу өнері тарихы

В032

Философия және этика

Қазақстан тарихы

Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар негіздері (Философия, мәдениеттану, әлеуметтану және саясаттану негіздері)

В033

Дінтану және теология

Шығармашылық емтихан

Қазақстан тарихы

В034

Тарих және археология

Қазақстан тарихы

Дүниежүзі тарихы

В035

Түркітану және шығыстану

Қазақ тілі/Орыс тілі

Дүниежүзі тарихы

В036

Аударма ісі

Қазақ тілі/Орыс тілі

Шет тілі

В037

Филология

Қазақ тілі/Орыс тілі

Қазақ әдебиеті/Орыс әдебиеті

В038

Әлеуметтану

Қазақстан тарихы

Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар негіздері (Философия, мәдениеттану, әлеуметтану және саясаттану негіздері)

В039

Мәдениеттану

Қазақстан тарихы

Әлеуметтік мекемелердің жұмысын ұйымдастыру

В040

Саясаттану және азаматтық құқықтану

Қазақстан тарихы

Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар негіздері (Философия, мәдениеттану, әлеуметтану және саясаттану негіздері)

В041

Психология

Қазақстан тарихы

Психология негіздері

В042

Журналистика және репортер ісі

Шығармашылық емтихан

Қазақ тілі / Орыс тілі

В043

Кітапхана ісі, ақпараттарды өңдеу және мұрағат ісі

Қазақ тілі / Орыс тілі

Іс қағаздарын жүргізуді ұйымдастыру

В044

Менеджмент және басқару

Экономика негіздері

Менеджмент

В045

Аудит және салық салу

Қаржы және несие

Ұйым экономикасы

В046

Қаржы, экономика, банк және сақтандыру ісі

Қаржы және несие

Ұйым қаржысы

В047

Маркетинг және жарнама

Экономика негіздері

Маркетинг

В048

Еңбек дағдылары

Экономикалық теория негіздері

Қаржылық және экономикалық есепті талдау

В049

Құқық

Мемлекет және құқық теориясы

Қазақстан Республикасыныңазаматтық құқығы

В050

Биологиялық және сабақтас ғылымдар

Химия

Биология

В051

Қоршаған орта

Химия

Биология

В052

Жер туралы ғылым

География

Физика

В053

Химия

Биология

Химия

В054

Физика

Математика

Физика

В055

Математика және статистика

Қаржы және несие

Математика

В056

Механика

Математика

Физика

В057

Ақпараттық технологиялар

Математика

Алгоритмдеу және бағдарламалау негіздері

В058

Ақпараттық қауіпсіздік

Математика

Информатика

В059

Коммуникациялар және коммуникациялық технологиялар

Физика

Электроника және схемотехника негіздері

В060

Химиялық инженерия және процестер

Химия

Жалпы химиялық технология

В061

Материалтану және технологиялар

Физика

Материалтану негіздері

В062

Электр техникасы және энергетика

Электротехниканың теориялық негіздері

Еңбекті қорғау (электр қауіпсіздік негіздері)

В162

Жылу энергетикасы

Жылу техникасының теориялық негіздері

Еңбекті қорғау (электр қауіпсіздік негіздері)

В063

Электр техникасы және автоматтандыру

Математика

Саланың технологиялық процестерін автоматтандыру

В064

Механика және металл өңдеу

Материалтану

Еңбекті қорғау

В164

Аспап жасау

Автоматика негіздері

Технологиялық өлшем және бақылау өлшем жабдықтары

В065

Автокөлік құралдары

Физика

Еңбекті қорғау

В165

Магистральды желілер және инфрақұрылым

Физика

Еңбекті қорғау

В066

Теңіз көлігі және технологиялары

Кеменің теориясы, құрлысы және пайдалану мерзімін арттыру үшін күрес

Кеменің энергетикалық қондырғылары

В166

Көліктік имараттар

Физика

Еңбекті қорғау

В067

Әуе көлігі және технологиялары

Физика

Авиациялық қауіпсіздік

В068

Азық-түлік өнімдерінің өндірісі

Химия

Микробиология

В069

Материалдар өндірісі (шыны, қағаз, пластик, ағаш)

Физика

Материалтану негіздері

В070

Тоқыма: киім, аяқ киім және былғары бұйымдары

Химия

Тігін өндірісінің материалдары

В071

Тау-кен ісі және пайдалы қазбаларды өндіру

Жалпы геология

Қауіпсіздік техникасы, еңбекті қорғау

В171

Металлургия

Металл тану

Металл өндіру негіздері

В271

Мұнай-газ ісі

Гидравлика

Еңбекті қорғау және өндірістік экология негіздері

В072

Фармацевтикалық өндіріс технологиясы

Химия

Жалпы химиялық технология

В073

Сәулет

Шығармашылық емтихан

Сызу

В074

Қала құрылысы, құрылыс жұмыстары және азаматтық құрылыс

Құрылыс материалдары

Еңбекті қорғау

В174

Геодезия және картография

Физикалық география

Геодезия

В075

Кадастр және жерге орналастыру

География

Геодезия

В076

Стандарттау, сертификаттау және метрология (сала бойынша)

Физика

Стандарттау

В077

Өсімдік шаруашылығы

Биология

Агрономия негіздері

В078

Мал шаруашылығы

Биология

Мал шаруашылығы

В079

Орман шаруашылығы

Ормантану

Дендрология

В179

Аң шаруашылығы жәнеаң аулау

Құстар мен аңдардың биологиясы

Аң шаруашылығы

В080

Балық шаруашылығы

Биология

Табиғатты қолданудың экологиялық негіздері

В081

Жерге орналастыру

Физика

Ауылшаруашылық машиналары

В082

Су ресурстары және суды пайдалану

География

Биология

В083

Ветеринария

Биология

Жануарлар анатомиясы мен физиологиясы

В084

Мейіргер ісі

Биология

Мейіргер ісі негіздері

В085

Фармация

Химия

Фармакология негіздері

В090

Әлеуметтік жұмыс

Қазақстан тарихы

Әлеуметтік мекемелердің жұмысын ұйымдастыру

В091

Туризм

География

Туристік қызметті ұйымдастыру

В092

Тынығу

Шығармашылық емтихан

Қазақстан тарихы

В093

Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі

Қазақстан тарихы

Мейрамхана мен қонақ үй шаруашылығындағы қызмет көрсетуді ұйымдастыру

В094

Санитарлық-профилактикалық іс-шаралар

Электротехника

Материалтану негіздері

В095

Көлік қызметтері

Физика

Еңбекті қорғау

В096

Құқық қорғау қызметі

Мемлекет және құқық теориясы

Қазақстан Республикасыныңқылмыстық құқығы

В097

Өрт қауіпсіздігі

Математика

Физика