"Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақтан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 600 бұйрығына

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 24 мамырдағы № 241 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 28 мамырда № 22861 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 600 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17650 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 2 қарашада жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларында:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен жоғары білімнің білім беру грантын беру конкурсына қатысу және (немесе) ақылы оқуға қабылдау үшін қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін жоғары білімі бар кадрларды даярлаудың ұқсас бағыттары бойынша түсушілерді қоспағанда, орта, техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білімі бар, ҰБТ-дан өткен және оның нәтижесі бойынша:

      – ұлттық ЖЖОКБҰ-ға – кемінде 65 балл, ал "Педагогикалық ғылымдар" білім беру саласы бойынша – кемінде 75 балл, "Денсаулық сақтау" білім беру саласы бойынша – кемінде 70 балл, "Ауыл шаруашылығы және биоресурстар", "Ветеринария" білім беру салалары бойынша – кемінде 60 балл;

      – басқа ЖЖОКБҰ-ға – кемінде 50 балл, ал "Педагогикалық ғылымдар" білім беру саласы бойынша – кемінде 75 балл, "Денсаулық сақтау" білім беру саласы бойынша – кемінде 70 балл жинаған адамдар жіберіледі.

      Бұл ретте ҰБТ-ның әр пәні бойынша және (немесе) шығармашылық емтиханнан кемінде 5 балл алу қажет.

      Республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен қысқартылған оқу мерзімін көздейтін жоғары білімі бар кадрларды даярлаудың ұқсас бағыттары бойынша оқуға арналған жоғары білімнің беру грантын беру конкурсына қатысу үшін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар, ҰБТ-дан өткен және оның нәтижелері бойынша кемінде 25 балл, оның ішінде ҰБТ-ның әрбір пәні және (немесе) шығармашылық емтихан бойынша кемінде 5 балл жинаған адамдар жіберіледі.

      ҰБТ-ны электрондық форматта өту кезінде республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен жоғары білімнің білім беру грантын беру конкурсына оқуға түсуші осы тармақта көрсетілген қажетті балл саны бар ҰБТ-ның екі нәтижесінің бірімен қатыса алады.";

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Арнаулы және (немесе) шығармашылық дайындықты талап ететін жоғары білімнің білім беру бағдарламалары топтары бойынша, оның ішінде "Педагогикалық ғылымдар" және "Денсаулық сақтау" білім беру салалары бойынша оқуға қабылдау арнаулы және (немесе) шығармашылық емтихандар нәтижелерін ескере отырып жүзеге асырылады.";

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Арнаулы және (немесе) шығармашылық емтиханды ұйымдастыру және өткізу үшін ЖЖОКБҰ басшысының немесе оның міндетін атқарушы тұлғаның шешімімен емтиханды өткізу кезеңіне емтихан комиссиясы құрылады.

      Комиссияның құрамына профессорлық-оқытушылық құрамның қатарынан ЖЖОКБҰ өкілдері, қоғамдық ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері кіреді. "Өнер" және "Жалпы дамудың пәндік мамандандырылған мұғалімдерін даярлау" даярлау бағыттары бойынша шығармашылық емтихандар жөніндегі комиссияның құрамына тиісті бейінді білімі бар және мәдениет және спорт саласындағы жергілікті уәкілетті орган ұсынған адамдар да кіреді.

      Емтихан комиссиясының құрамына апелляциялық комиссияның мүшелері кірмейді.

      Комиссия тақ саннан тұрады және комиссия мүшелерінің көпшілік дауысымен комиссиясының төрағасы сайланады. Комиссия шешімі оның құрамының кемінде үштен екісі отырысқа қатысса заңды деп саналады. Комиссия шешімі емтиханға қатысушылар санының көпшілік дауысымен қабылданады. Комиссия мүшелерінің дауыстары тең болған жағдайда, төрағаның дауысы шешуші болып табылады.";

      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Шығармашылық емтихан тапсыру үшін түсушілерден өтініштерді қабылдау ЖЖОКБҰ-да күнтізбелік жылдың 20 маусымы мен 7 шілдесі аралығында жүзеге асырылады.

      Шығармашылық емтихан күнтізбелік жылғы 8-13 шілде аралығында өткізіледі.

      ҰБТ-ны электрондық форматта өткізу кезінде шығармашылық емтихан тапсыру үшін оқуға түсушілерден өтініштерді қабылдау ЖЖОКБҰ-да күнтізбелік жылдың 20 маусымы мен 7 шілдесі аралығында жүзеге асырылады.

      ҰБТ-ны электрондық форматта өткізу кезінде шығармашылық емтихан күнтізбелік жылғы 8-13 шілде аралығында өткізіледі.";

      18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "18. ЖЖОКБҰ-ға "Педагогикалық ғылымдар" білім беру саласы бойынша, "Денсаулық сақтау" білім беру саласы бойынша оқуға түсушілердің құжаттарын қабылдау және оқуға түсу үшін арнайы емтихан өткізу денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымының немесе ЖЖОКБҰ-ның медицина факультеттерінің (бөлімшелерінің) орналасқан жері бойынша күнтізбелік жылдың 20 маусымы мен 24 тамызы аралығында жүзеге асырылады.

      ҰБТ-ны электрондық форматта өткізу кезінде түсушілердің құжаттарын қабылдау және "Педагогикалық ғылымдар" білім беру саласы бойынша ЖЖОКБҰ-ға, "Денсаулық сақтау" білім беру саласы бойынша оқуға түсу үшін арнайы емтихан өткізу күнтізбелік жылдың 20 маусымы мен 20 тамызы аралығындағы кезеңде денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымының немесе ЖЖОКБҰ-ның медициналық факультеттерінің (бөлімшелерінің) орналасқан жері бойынша жүзеге асырылады.";

      20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "20. "Педагогикалық ғылымдар" және "Денсаулық сақтау" білім беру салалары бойынша ЖЖОКБҰ-ға түсуші адамдар ЖЖОКБҰ-ның қабылдау комиссиялары өткізетін бір арнаулы емтихан тапсырады.

      "Педагогикалық ғылымдар" және "Денсаулық сақтау" білім беру салалары бойынша ЖЖОКБҰ-ға түсуші адамдар үшін Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы (оқу тілі), екі бейіндік пән бойынша балдар ескеріледі.

      Қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін жоғары білімі бар кадрларды даярлаудың ұқсас бағыттары бойынша "Педагогикалық ғылымдар" және "Денсаулық сақтау" білім беру салалары бойынша ЖЖОКБҰ-ға түсуші адамдар үшін жалпы кәсіптік және арнайы пәндер бойынша балдар ескеріледі.";

      22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "22. Арнаулы және (немесе) шығармашылық емтихан кестесін (емтиханды өткізу нысаны, күні, уақыты, емтихан тапсыру орны, консультациялар) қабылдау комиссиясының төрағасы бекітеді және құжаттарды қабылдау басталғанға дейін оқуға түсушілердің назарына жеткізіледі және ЖЖОКБҰ-ның ресми интернет-ресурсында жарияланады.";

      25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "25. Жалпы орта немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім туралы құжаты бар оқуға түсушілер үшін шығармашылық емтихандар 45 балдық жүйе бойынша бағаланады.

      Қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін жоғары білім кадрларын даярлаудың ұқсас бағыттары бойынша оқуға түсушілер үшін шығармашылық емтихан 20 балдық жүйе бойынша бағаланады.

      "Педагогикалық ғылымдар" және "Денсаулық сақтау" білім беру салалары бойынша оқуға түсушілер үшін арнаулы емтихан "өтті" немесе "өтпеді" деген нысанда бағаланады.";

      28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "28. "Педагогикалық ғылымдар" және "Денсаулық сақтау" білім беру салалары бойынша арнаулы емтихандардың нәтижелері бойынша түсушіге арнаулы емтихан тапсыру орнына қарамастан ЖЖОКБҰ-ға ұсыну үшін рұқсат беру ведомосынан үзінді беріледі.";

      35-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "35. Республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен жоғары білімнің білім беру грантының иегерлері куәлікте көрсетілген ЖЖОКБҰ-ға қабылдау туралы өтініш береді және ЖЖОКБҰ басшысының немесе оның міндетін атқарушы тұлғаның бұйрығымен студенттер қатарына қабылданады.

      Шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламаларының топтары бойынша жоғары білімнің білім беру грантының иегерлері өздері шығармашылық емтихан тапсырған ЖЖОКБҰ-ға қабылданады.

      Мемлекеттік грант негізінде оқуға түскен Қазақстан Республикасының азаматтары "Маманды жұмысқа жіберу, өз бетімен жұмысқа орналасу құқығын беру, мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алған азаматтарды жұмысын өтеу жөніндегі міндетінен босату немесе олардың міндетін тоқтату қағидаларын бекіту және "Білім беру грантын беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 58 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 390 қаулысында белгіленген тәртіппен кемінде 3 (үш) жыл жұмыспен өтеу туралы шарт жасайды.";

      38-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "38. ЖЖОКБҰ-ға қабылдау жоғары білімнің білім беру бағдарламалары мен тілдік бөлімдері бойынша жеке жүргізіледі.

      Шығармашылық емтихандар белгіленген жоғары білімнің білім беру бағдарламаларына қабылдау, қысқартылған оқу мерзімін көздейтін жоғары білімі бар кадрларды даярлаудың ұқсас бағыттары бойынша түсушілерді қоспағанда, осы емтихандар бойынша алынған балдар есепке алына отырып жүргізіледі.

      "Педагогикалық ғылымдар" және "Денсаулық сақтау" білім беру салалары бойынша қабылдау арнаулы емтихан нәтижелері есепке алына отырып жүргізіледі.";

      Үлгілік қағидаларға 3-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларында:

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. ЖЖОКБҰ магистратурасына түсушілердің өтініштерін қабылдауды ЖЖОКБҰ қабылдау комиссиялары және (немесе) ақпараттық жүйе арқылы күнтізбелік жылдың 1 маусымы мен 15 шілдесі аралығында жүргізіледі.

      Магистратураға түсушілерге арналған араб тілінен түсу емтиханы және шығармашылық емтихандар ЖЖОКБҰ-да күнтізбелік жылдың 16 - 25 шілдесі аралығында өткізіледі.

      Денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарының, сондай-ақ ЖЖОКБҰ резидентурасына түсушілердің өтініштерін қабылдауды ЖЖОКБҰ қабылдау комиссиялары күнтізбелік жылдың 3-25 шілдесі аралығында жүргізеді. Қабылдау емтихандары күнтізбелік жылдың 8-16 тамызы аралығында өткізіледі.

      ЖЖОКБҰ докторантурасына өтініштерді қабылдау күнтізбелік жылдың 3 шілдесі мен 3 тамызы аралығында жүргізіледі. Докторантураға білім беру бағдарламаларының тобы бойынша түсу емтихандары күнтізбелік жылдың 4-20 тамызы аралығында өткізіледі.

      Магистратураға, резидентураға және докторантураға қабылдау күнтізбелік жылдың 28 тамызына дейін жүргізіледі.";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Магистратураға немесе резидентураға түсуші адамдар күнтізбелік жылдың 20 -28 тамызы аралығында көрсетілетін қызметті берушіге (ЖЖОКБҰ-ның қабылдау комиссиясы арқылы) немесе "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы осы Үлгілік қағидаларға 1-1-қосымшаға сәйкес "Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша оқыту үшін жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты) 8-тармағында көзделген құжаттар топтамасын тапсырады.

      Қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында келтірілген.

      Жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтер, жоғары білім туралы құжат, медициналық анықтама, интернатураны бітіргені туралы куәлік көрсетілетін қызметті берушіге тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы беріледі.

      Көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері құжаттар топтамасын қабылдауды, оларды тіркеуді және көрсетілетін қызметті алушыға өтініш келіп түскен күні "Білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың түрлері мен нысандарын және оларды беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 28 қаңтардағы № 39 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10348 болып тіркелген) (бұдан әрі – № 39 бұйрық) бекітілген нысан бойынша құжаттар топтамасын қабылдау туралы қолхат беруді жүзеге асырады не көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда құжаттарды қабылдаудан бас тартады.

      Портал арқылы жүгінген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік қызмет көрсетуге арналған сұраудың қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі.

      Көрсетілетін қызметті беруші олар түскен сәттен бастап ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді, құжаттар толық болмаған жағдайда өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды дайындайды, ол өтініш берушінің порталдағы "жеке кабинетіне" электрондық құжат нысанында жіберіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға ЖЖОКБҰ-ға қабылдау үшін құжаттардың қабылданғаны туралы хабарлама жіберіледі, хабарламаны алғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге құжаттардың түпнұсқаларын күнтізбелік жылдың 28 тамызына дейінгі мерзімде ұсынады.

      Құжаттарды қабылдағаннан кейін ЖЖОКБҰ басшысы көрсетілетін қызмет алушыны ЖЖКОБҰ-ға магистранттардың немесе резиденттердің қатарына қабылдау туралы бұйрық шығарады.

      Көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады.";

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. КТ өткізу Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 8 мамырдағы № 190 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18657 болып тіркелген) бекітілген Кешенді тестілеу өткізудің қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

      КТ-ны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі - ҚР БҒМ) айқындайтын КТ өткізу пункттерінде ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығы (бұдан әрі – ҰТО) өткізеді.

      КТ нәтижелері бойынша электрондық сертификат беріледі, ол ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығының сайтында расталады.

      Түсу (шығармашылық) емтихандарын және КТ-ны тапсырған жылы қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.

      Білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша шығармашылық емтихандар осы Үлгілік қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес өткізіледі.

      Шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша шығармашылық емтихандарды жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларына қабылдау жүргізетін ЖЖОКБҰ дербес өткізеді. Бұл ретте түсушілер шығармашылық емтиханды жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша оқуға түсетін ЖЖОКБҰ-да тапсырады.

      Магистратураға шығармашылық емтиханды өткізу кезеңінде ЖЖОКБҰ-да шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламаларының тобы бойынша емтихан комиссиялары құрылады. Кадрларды даярлаудың ұқсас бағыттары бойынша бір емтихан комиссиясын құруға жол беріледі.

      Емтихан комиссияларының құрамы тиісті бейінге сәйкес ғылым докторы немесе кандидаты ғылыми дәрежесі бар немесе философия докторы (PhD) дәрежесі бар ЖЖОКБҰ профессор-оқытушылық құрамының қатарынан құрылады және комиссия төрағасын комиссия мүшелерінің арасынан сайлай отырып, ЖЖОКБҰ басшысының немесе оның міндетін атқарушы тұлғаның бұйрығымен бекітіледі.

      Емтихан комиссиясының құрамына апелляциялық комиссияның мүшелері кірмейді.

      Шығармашылық емтихандарын өткізу бағдарламаларын ЖЖОКБҰ әзірлейді және ЖЖОКБҰ-ның қабылдау комиссиясының төрағасы бекітеді.

      Шығармашылық емтихандардың кестесін (емтихан өткізу нысаны, күні, уақыты мен өткізу орны, консультациялар) қабылдау комиссиясының төрағасы бекітеді және түсушілердің назарына құжат қабылдау басталғанға дейін жеткізіледі.

      Шығармашылық емтихандар бейне және (немесе) аудиожазбамен жабдықталған аудиторияларда (орындарда) өткізіледі.

      Шығармашылық емтихан өткізу қорытындысы баға ведомосымен және комиссияның еркін нысандағы хаттамасымен ресімделеді, нәтижелерді хабарлау үшін қабылдау комиссиясының жауапты хатшысына (оның орынбасарына) беріледі. Комиссия хаттамасына төрағаның және барлық қатысқан комиссия мүшелерінің қолы қойылады.

      ЖЖОКБҰ меншік нысанына қарамастан, күнтізбелік 3 (үш) күн ішінде білім беру саласындағы уәкілетті органға еркін нысанда шығармашылық емтихандарды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қорытынды есепті, сондай-ақ шығармашылық емтихан қорытындылары туралы бұйрықтардың көшірмелерін ұсынады.

      Шығармашылық емтиханның нәтижелері бойынша ЖЖОКБҰ-ның қабылдау комиссиясы түсушіге шығармашылық емтиханды тапсыру орнына қарамастан, ЖЖОКБҰ-ға ақылы негізде түсу үшін ведомостан үзінді береді.

      Араб тілінен түсу емтихандарын жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларына қабылдау жүргізетін ЖЖОКБҰ дербес жазбаша түрде өткізеді. Бұл ретте түсушілер араб тілінен түсу емтиханын оқуға түсетін ЖЖОКБҰ-да тапсырады.

      Араб тілінен түсу емтиханын өткізу кезеңінде ЖЖОКБҰ-да емтихан комиссиясы құрылады.

      Емтихан комиссиясының құрамы тиісті бейінге сәйкес ғылым докторы немесе кандидаты ғылыми дәрежесі бар немесе философия докторы (PhD) дәрежесі бар ЖЖОКБҰ профессор-оқытушылық құрамының қатарынан құрылады және комиссия төрағасын комиссия мүшелерінің арасынан сайлай отырып, ЖЖОКБҰ басшысының немесе оның міндетін атқарушы тұлғаның бұйрығымен бекітіледі.

      Емтихан комиссиясының құрамына апелляциялық комиссияның мүшелері кірмейді.

      Араб тілінен түсу емтихандарын өткізу бағдарламаларын ЖЖОКБҰ әзірлейді және ЖЖОКБҰ-ның қабылдау комиссиясының төрағасы бекітеді.

      Араб тілі бойынша емтихандардың кестесін (емтихан өткізу күні, уақыты мен өткізу орны, консультациялар) қабылдау комиссиясының төрағасы бекітеді және түсушілердің назарына құжат қабылдау басталғанға дейін жеткізіледі.

      Араб тілінен түсу емтихандары бейне және (немесе) аудиожазбамен жабдықталған аудиторияларда (орындарда) өткізіледі.

      Араб тілінен емтиханды өткізу қорытындылары баға ведомосымен және комиссияның еркін нысандағы хаттамасымен ресімделеді, нәтижелерді хабарлау үшін қабылдау комиссиясының жауапты хатшысына (оның орынбасарына) беріледі. Комиссия хаттамасына төрағаның және барлық қатысқан комиссия мүшелерінің қолы қойылады.

      ЖЖОКБҰ меншік нысанына қарамастан, араб тілі бойынша емтихан аяқталғаннан кейін күнтізбелік 3 (үш) күн ішінде білім беру саласындағы уәкілетті органға еркін нысанда араб тілінен емтиханды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қорытынды есепті, сондай-ақ емтихан қорытындылары туралы бұйрықтардың көшірмелерін ұсынады.

      ЖЖОКБҰ-ның қабылдау комиссиясы араб тілінен түсу емтиханының нәтижелері бойынша түсушіге араб тілінен емтихан тапсыру орнына қарамастан, ЖЖОКБҰ-ға ақылы негізде түсу үшін ведомостан үзінді береді.";

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Резидентураға түсуші тұлғалар білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша түсу емтихандарын тапсырады.

      Резидентураның білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша түсу емтиханын жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларына қабылдауды жүзеге асыратын денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдары, ЖЖОКБҰ және ғылыми ұйымдар дербес өткізеді. Бұл ретте, түсуші жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламасы бойынша түсу емтиханын түсетін денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарында, ЖЖОКБҰ-да немесе ғылыми ұйымдарда тапсырады.

      Резидентураға түсу емтихандарын өткізу кезеңінде денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарында, ЖЖОКБҰ-да немесе ғылыми ұйымдарда білім беру бағдарламаларының топтары бойынша емтихан комиссиялары құрылады. Кадрларды даярлаудың мәндес бағыты бойынша бір емтихан комиссиясын құруға жол беріледі.

      Емтихан комиссиясының құрамына апелляциялық комиссияның мүшелері кірмейді.";

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Шет тілін меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттеріне (стандарттарына) сәйкес шет тілін меңгергенін растайтын бір халықаралық сертификаттары бар тұлғалар мынадай тілдер бойынша магистратураға КТ-ның шет тілі бойынша тестінен босатылады:

      ағылшын тілі: International English Language Tests System (Интернашнал Инглиш Лангудж Тестс Систем (IELTS (АЙЛТС), шекті балл – кемінде 6.0;

      IELTS INDICATOR (АЙЛТС Индикатор), шекті балл – кемінде 6,0;

      Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm (Тест ов Инглиш аз а Форин Лангудж Инститьюшнал Тестинг программ) (TOEFL ITP (ТОЙФЛ АйТиПи), шекті балл – кемінде 543;

      Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm (Тест ов Инглиш аз а Форин Лангудж Инститьюшнал Тестинг програм) Internet-based Test (Интернет бейзид тест) (TOEFL IBT (ТОЙФЛ АЙБИТИ), шекті балл – кемінде 60;

      TOEFL PBT (Тест ов Инглиш аз а Форин Лангудж пэйпер бэйсед тэстинг) Test of English as a Foreign Language Paper-based testing, шекті балл – кемінде 498;

      неміс тілі: Deutsche Sprachpruеfung fuеr den Hochschulzugang (дойче щпрахпрюфун фюр дейн хохшулцуган) (DSH, NiveauC1/С1 деңгейі), TestDaF-Prufung (тестдаф-прюфун) (NiveauC1/С1 деңгейі);

      француз тілі: Test de Franзais International™ -Тест де франсэ Интернасиональ (TFI (ТФИ) – оқу және тыңдалым секциялары бойынша B1 деңгейден төмен емес), Diplome d’Etudes en Langue franзaise - Диплом дэтюд ан Ланг франсэз (DELF (ДЭЛФ), B2 деңгейі), Diplome Approfondi de Langue franзaise – Диплом Аппрофонди де Ланг Франсэз (DALF (ДАЛФ), C1 деңгейі), Test de connaissance du franзais - Тест де коннэссанс дю франсэ (TCF (ТСФ) – кемінде 50 балл).

      "Педагогикалық ғылымдар", "Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика", "Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар", "Инженерлік, өңдеу және құрылыс саласы" білім беру салаларының білім беру топтары бағдарламаларына, сонымен қатар "Гуманитарлық ғылымдар", "Әлеуметтік ғылымдар", "Бизнес және басқару" кадрларын даярлау бағыттары бойынша магистратураға түсуші тұлғалар осы Үлгілік қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес балдармен Graduate Record Examinations (грэдуэйт рекорд экзаменейшен) GRE стандартталған тестін тапсыру туралы халықаралық сертификаты бар болған жағдайда оқыту қазақ немес орыс тілінде жүргізілетін магистратуруға түсу үшін КТ-дан босатылады.

      "Педагогикалық ғылымдар", "Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика", "Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар", "Инженерлік, өңдеу және құрылыс саласы" білім беру салаларының білім беру топтары бағдарламаларына, сонымен қатар "Гуманитарлық ғылымдар", "Әлеуметтік ғылымдар", "Бизнес және басқару" кадрларын даярлау бағыттары бойынша магистратураға түсуші тұлғалар осы Үлгілік қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес балдармен GraduateRecordExaminations (грэдуэйт рекорд экзаменейшен) GRE стандартталған тестін тапсыру туралы халықаралық сертификаты бар болған жағдайда оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін магистратуруға түсу үшін КТ-ден босатылады.

      "Бизнес және басқару" мамандарын даярлау бағыттарының білім беру бағдарламалары топтары бойынша магистратураға түсуші тұлғалар осы Үлгілік қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес балдармен Graduate Management AdmissionTest (грэдуэйт мэнэджмент адмишен тест) GMAT стандартталған тестін тапсыру туралы халықаралық сертификаты бар болған жағдайда оқыту қазақ немес орыс тілінде жүргізілетін магистратураға түсу үшін КТ-дан босатылады.

      Білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттарды тапсыру кезінде, сондай-ақ ЖЖОКБҰ-ға қабылдау кезінде ұсынылатын сертификаттардың түпнұсқалығын және жарамдылық мерзімін ЖЖОКБҰ-ның қабылдау комиссиялары тексереді.

      Осы тармақта көрсетілген шет тілі (ағылшын, француз, неміс) бойынша тест тапсырғаны туралы сертификаттардың біреуі бар тұлғаларға республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін өтініш берген кезде, сондай-ақ ақылы негізде ЖЖОКБҰ-ға қабылданған кезде 50 балл есептеледі.

      Мемлекеттік немесе ресми тілі ағылшын тілі болып табылатын елдерде шетелдік ЖЖОКБҰ аяқтаған және экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына (ЭЫДҰ) мүше мемлекеттердің аккредиттеу органдарының тізіліміне және (немесе) қауымдастығына енгізілген шетелдік аккредиттеу органдарының мамандандырылған аккредитациясы бар тұлғалар 5 жыл ішінде оқыту қазақ немесе орыс тілінде жүргізілетін магистратураға КТ тестілеуінің "Шет тілі" (ағылшын тілі) бөлімін тапсырудан босатылады.";

      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Докторантураға "магистр" дәрежесі және кемінде 9 ай еңбек өтілі бар немесе медицина мамандықтары бойынша резидентурада оқу бітірген тұлғалар қабылданады.";

      19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "19. Докторантураға түсушілер шет тілін маңгерудің жалпыеуропалық құзыреттілікке (стандарттарына) сәйкес шет тілін меңгергендігін растайтын халықаралық сертификаттарды ұсынады:

      ағылшын тілі: International English Language Tests System (Интернашнал Инглиш Лангудж Тестс Систем (IELTS (АЙЛТС), шекті балл – кемінде 5,5;

      IELTS INDICATOR (АЙЛТС Индикатор), шекті балл – кемінде 5,5;

      Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm (Тест ов Инглиш аз а Форин Лангудж Инститьюшнал Тестинг программ) (TOEFL ITP (ТОЙФЛ АйТиПи), шекті балл – кемінде 460;

      Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm (Тест ов Инглиш аз а Форин Лангудж Инститьюшнал Тестинг програм) Internet-based Test (Интернет бейзид тест) (TOEFL IBT (ТОЙФЛ АЙБИТИ), шекті балл – кемінде 46);

      Test of English as a Foreign Language Paper-based testing (TOEFL PBT (Тест ов Инглиш аз а Форин Лангудж пэйпер бэйсед тэстинг)) шекті балл – кемінде 453;

      неміс тілі: Deutsche Sprachpruеfung fuеr den Hochschulzugang (дойче щпрахпрюфун фюр дейн хохшулцуган) (DSH, Niveau В2/В2 деңгейі), TestDaF-Prufung (тестдаф-прюфун) (Niveau В2/В2 деңгейі);

      француз тілі: Test de Franзais International™ - Тест де франсэ Интернасиональ (TFI (ТФИ) – оқу және тыңдалым секциялары бойынша B1 деңгейден төмен емес), Diplome d’Etudes en Langue franзaise - Диплом дэтюд ан Ланг франсэз (DELF (ДЭЛФ), B2 деңгейі), Diplome Approfondi de Langue franзaise - Диплом Аппрофонди де Ланг Франсэз (DALF (ДАЛФ), C1 деңгейі), Test de connaissance du franзais - Тест де коннэссанс дю франсэ (TCF (ТСФ) – кемінде 50 балл).

      Ұсынылатын сертификаттардың түпнұсқалығы мен жарамдылық мерзімін ЖЖОКБҰ-ның қабылдау комиссиялары тексереді.

      Мемлекеттік немесе ресми тілі ағылшын тілі болып табылатын елдерде шетелдік ЖЖОКБҰ-ны аяқтаған және экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына (ЭЫДҰ) мүше мемлекеттердің аккредиттеу органдарының тізіліміне және (немесе) қауымдастығына енгізілген шетелдік аккредиттеу органдарының мамандандырылған аккредитациясы бар тұлғалар 5 жыл ішінде осы тармақта көрсетілген шет тілін меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттеріне (стандарттарына) сәйкес шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификаттарды ұсынбайды.";

      20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "20. Докторантураға түсу емтиханы қағаз немесе компьютерлік форматта өткізіледі.

      Докторантураның білім беру бағдарламаларының топтары бойынша қағаз форматтағы түсу емтиханын 5-қосымшаға сәйкес докторантураның білім беру бағдарламасына қабылдауды жүзеге асыратын ЖЖОКБҰ дербес өткізеді. Бұл ретте, түсуші тұлғалар докторантура білім беру бағдарламасының тобы бойынша түсу емтиханын түсетін ЖЖОКБҰ-да ғана тапсырады.

      Докторантураның білім беру бағдарламаларының топтары бойынша компьютерлік форматтағы түсу емтиханы 5-қосымшаға сәйкес білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындаған ұйымдарда өткізіледі.

      "Денсаулық сақтау" білім беру саласындағы докторантураның білім беру бағдарламаларының топтары бойынша түсу емтиханын 5-қосымшаға сәйкес докторантураның білім беру бағдарламаларына қабылдауды жүзеге асыратын ЖЖОКБҰ дербес өткізеді. Бұл ретте, түсуші "Денсаулық сақтау" білім беру саласындағы докторантураның білім беру бағдарламаларының тобы бойынша түсу емтиханын түсетін ЖЖОКБҰ-да ғана тапсырады.";

      мынадай мазмұндағы 20-1-тармақпен толықтырылсын:

      "20-1. Докторантураға компьютерлік форматтағы түсу емтиханы:

      1) эссе жазудан;

      2) докторантурада оқуға дайындығын анықтауға арналған тесттен;

      3) білім беру бағдарламасы тобының бейіні бойынша емтихан сұрақтарына жауаптардан тұрады.

      9-қосымшаға сәйкес қорытынды баға эссе, докторантурада оқуға дайындығын анықтауға арналған тест, білім беру бағдарламасы тобының бейіні бойынша емтихан сұрақтарына берілген жауаптар нәтижелерінің қосындысынан алынған балдар жиынтығынан тұрады.

      Докторантураға түсу емтиханына 4 сағат беріледі.";

      мынадай мазмұндағы 20-2-тармақпен толықтырылсын:

      "20-2. ЖЖОКБҰ алқалық басқару органымен эссе тақырыптарын, білім беру бағдарламасы тобының бейіні бойынша сұрақтарды түсу емтихандары басталғанға дейін екі ай бұрын бекітеді және ЖЖОКБҰ-ның ресми сайтында алқалық басқару органы бекіткен эссе тақырыптарын, білім беру бағдарламасы тобының бейіні бойынша сұрақтарды орналастырады.";

      22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "22. Білім беру бағдарламаларының топтары бойынша емтихан комиссиялары тиісті бейінге сәйкес ЖЖОКБҰ профессор-оқытушылық құрамының, ғылым докторы немесе кандидаты ғылыми дәрежесі бар немесе философия докторы (PhD) дәрежесі бар ЖЖОКБҰ қызметкерлерінің қатарынан қалыптастырылады.

      Емтихан комиссиясының құрамына апелляциялық комиссияның мүшелері кірмейді.

      Емтихан комиссиясының құрамы олардың төрағалары көрсетіле отырып ЖЖОКБҰ басшысының бұйрығымен бекітіледі және білім беру және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органға жіберіледі.

      Оқуға түсуші тегін, атын және әкесінің атын (бар болған жағдайда), ЖЖОКБҰ және ББТ көрсетілген сауалнаманы толтырады және эссе жазуға көшеді, докторантурада оқуға дайындық тестінен өтеді, кездейсоқ түрде таңдалған білім беру бағдарламасы тобының бейіні бойынша емтихан сұрақтарына жазбаша жауап береді және жұмыс нәтижелерін өзі таңдаған ЖЖОКБҰ-ға жібереді. Дайындық тестінің нәтижелерін ҰТО өңдейді.

      ЖЖОКБҰ-ның емтихан комиссиялары жұмыстарды түсушінің жеке коды бойынша тексереді және қарау нәтижелерін ақпараттық жүйе арқылы ҰТО-ға нәтижелерді одан әрі жариялау үшін жібереді.

      Білім беру саласындағы уәкілетті орган нәтижені түсу емтиханы өткізілген күннен кейін келесі күні ҰТО-ның ақпараттық жүйесі арқылы хабарлайды.

      "Педагогикалық ғылымдар", "Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика", "Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар", "Инженерлік, өңдеу және құрылыс саласы" білім беру салаларының білім беру бағдарламаларының топтарына, сондай-ақ "Гуманитарлық ғылымдар", "Әлеуметтік ғылымдар", "Бизнес және басқару" кадрларын даярлау бағыттары бойынша түсуші тұлғалар осы Үлгілік қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес балдармен Graduate Record Examinations (грэдуэйт рекорд экзаменейшен) GRE стандартталған тестін тапсыру туралы халықаралық сертификаты бар болған жағдайда докторантураға түсу емтиханынан босатылады.

      Ұсынылатын сертификаттардың түпнұсқалылығын және жарамдылық мерзімін ЖЖОКБҰ-ның қабылдау комиссиялары тексереді.";

      26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "26. Докторантураға, резидентураға, магистратураға түсуші тұлғалардан апелляцияға өтініш апелляциялық комиссия төрағасының атына жеке немесе ҰТО-ның ақпараттық жүйесі арқылы беріледі.

      Өтініштер докторантураға түсу емтихандары, шығармашылық емтихандар және КТ нәтижелері жарияланғаннан кейінгі келесі күні сағат 13.00-ге дейін қабылданады және ЖЖОКБҰ-ның апелляциялық комиссиясы өтініш берілген күннен бастап бір күн ішінде қарайды.";

      30-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "30. Магистратураға тұлғаларды ақылы негізде қабылдау КТ қорытындылары бойынша осы Үлгілік қағидаларға 7-қосымшаға (бұдан әрі – 7-қосымша) сәйкес оқыту қазақ немесе орыс тілінде жүргізілетін магистратураға кешенді тестілеу үшін 150 балдық бағалау жүйесінің шәкіліне сәйкес кемінде 50 балл, бұл ретте шет тілі бойынша кемінде 25 балл, білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша: бір дұрыс жауап таңдау бойынша – кемінде 7 балл, бір немесе бірнеше дұрыс жауап таңдау бойынша – кемінде 7 балл, оқуға дайындығын анықтауға арналған тест бойынша – кемінде 7 балл жинаған жағдайда жүзеге асырылады.

      Оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін магистратураға тұлғаларды ақылы негізде қабылдау КТ қорытындылары бойынша осы Үлгілік қағидаларға 8-қосымшаға (бұдан әрі – 8-қосымша) сәйкес оқыту ағылшын тілдерінде жүргізілетін магистратурада білім алу үшін кешенді тестілеу үшін 100 балдық бағалау жүйесінің шәкіліне сәйкес кемінде 25 балл, бұл ретте оқуға дайындығын анықтауға арналған тест бойынша – кемінде 7 балл, білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша: бір дұрыс жауап таңдау бойынша – кемінде 7 балл, бір немесе бірнеше дұрыс жауап таңдау бойынша – кемінде 7 балл жинаған жағдайда жүзеге асырылады.

      Шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламаларының тобы бойынша магистратураға ақылы негізде қабылдау КТ және білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша шығармашылық емтихандардың нәтижелері бойынша 7-қосымшаға сәйкес кемінде 50 балл, бұл ретте: шет тілі бойынша – кемінде 25 балл, оқуға дайындығын анықтауға арналған тест бойынша – кемінде 7 балл және әр шығармашылық емтиханнан - кемінде 7 балл жинаған жағдайда жүзеге асырылады.

      Әр шығармашылық емтиханнан ең жоғары балл саны 35 балды құрауы тиіс.

      Араб тілін білуді талап ететін білім беру бағдарламаларының тобы бойынша магистратураға ақылы негізде қабылдау араб тілі бойынша түсу емтихандарының және КТ нәтижелері бойынша 7-қосымшаға сәйкес кемінде 50 балл, бұл ретте араб тілі бойынша – кемінде 25 балл, білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша: бір дұрыс жауап таңдау бойынша – кемінде 7 балл, бір немесе бірнеше дұрыс жауап таңдау бойынша – кемінде 7 балл, оқуға дайындығын анықтауға арналған тест бойынша – кемінде 7 балл жинаған жағдайда жүзеге асырылады.

      Тұлғаларды резидентураға қабылдау білім беру бағдарламалары топтарының бейіні бойынша түсу емтиханының қорытындысы бойынша және мүмкін болған 100 балдан кемінде 75 балл жинаған жағдайда жүзеге асырылады.

      Докторантураға тұлғаларды қабылдау шет тілін меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттеріне (стандарттарына) сәйкес шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификатының негізінде және докторантураның білім беру бағдарламалары топтарының бейіні бойынша түсу емтиханының қорытындысы бойынша және мүмкін болған 100 балдан кемінде 50 балл жинаған жағдайда жүзеге асырылады.";

      32-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "32. Конкурстық балдардың көрсеткіштері бірдей болған жағдайда, докторантураға қабылдау кезінде басым құқық білім беру бағдарламасы тобының бейіні бойынша түсу емтиханында ең жоғары баға алған тұлғаға беріледі. Содан соң эссе, оқуға дайындығын анықтауға арналған тест балдары, білім беру бағдарламасының бейініне сәйкес ғылыми жетістіктері: ғылыми жарияланымдар, оның ішінде Clarivate Analytics компаниясының Web of science деректер базасының Journal Citation Reports деректері бойынша соңғы күнтізбелік 3 жылдағы 1, 2 квартильге кіретін рейтингтік ғылыми басылымдардағы жарияланымдар; ғылыми әзірлемелер туралы куәліктер; ғылыми стипендияларды, гранттарды тағайындау туралы сертификаттар; ғылыми конференцияларға және конкурстарға қатысқаны үшін берілген грамоталар/дипломдар ескеріледі.";

      33-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "33. Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша игерілмеген орындар, оның ішінде нысаналы орындар ЖЖОКБҰ арасында жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларының тобы бойынша одан әрі қайта бөлу үшін өтінім түрінде білім беру, денсаулық сақтау және мәдениет саласындағы уәкілетті органдарға күнтізбелік жылғы 5 қыркүйекке дейін қайтарылады.";

      35-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "35. Жергілікті бюджет қаражаты есебінен мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша конкурсқа қатысу үшін түсушілер ЖЖОКБҰ-ға күнтізбелік жылдың 25 тамызына дейін:

      1) өтініш (еркін нысанда);

      2) жоғары білімі туралы құжат (түпнұсқа);

      3) КТ сертификатын және осы Қағидалардың 14-тармағында көрсетілген бағдарламалар бойынша тест тапсырғаны туралы сертификаттың көшірмесін (бар болған жағдайда) және білім беру бағдарламалары тобы бойынша (шығармашылық) емтихан тапсырғаны туралы балы көрсетілген үзіндіні (бар болған жағдайда) (магистратура үшін);

      4) түсу емтиханын тапсырғаны туралы балы көрсетілген үзіндіні (резидентура үшін);

      5) шет тілін меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттеріне (стандарттарына) сәйкес шет тілін меңгергенін растайтын сертификат және білім беру бағдарламасының тобы бойынша түсу емтиханын тапсырғаны туралы балы көрсетілген үзіндіні (докторантура үшін);

      6) еңбек кітапшасының көшірмесін (бар болған жағдайда);

      7) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;

      8) алдын ала іріктеу нәтижелерін ("Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)" білім беру саласы бойынша докторантура үшін) тапсырады.";

      Үлгілік қағидаларға 1-1-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Үлгілік қағидаларға 9-қосымшамен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекші ететін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
А. Аймагамбетов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Денсаулық сақтау министрлігі

      "__" _______ 2021 жыл

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ауыл шаруашылығы министрлігі

      "__" _______ 2021 жыл

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Мәдениет және спорт министрлігі

      "__" _______ 2021 жыл

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2021 жылғы 24 мамырдағы
№ 241 бұйрығына 1-қосымша
  Жоғары білімнің білім беру
бағдарламаларын іске асыратын
білім беру ұйымдарына оқуға
қабылдаудың үлгілік
қағидаларына 3-қосымша

"Жоғары білім беру бағдарламалары бойынша оқыту үшін жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1.

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Мемлекеттік қызметті жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары (ЖЖОКБҰ) – (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

2.

Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдері

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:
1) көрсетілетін қызметті беруші;
2) www. egov. kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

3.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

Көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде 1 жұмыс күні.

4.

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған)) қағаз түрінде.

5.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі № 39 бұйрықпен бекітілген нысан бойынша құжаттарды қабылдау туралы қолхат беру және ЖЖОКБҰ-ға қабылдау туралы бұйрық болып табылады.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық немесе қағаз түрінде. Көрсетілетін қызметті берушіге мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі үшін қағаз жеткізгіште жүгінген кезде нәтиже қағаз жеткізгіште ресімделеді.
Портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында білім беру ұйымына қабылданғаны туралы хабарлама келеді.

6.

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

7.

Жұмыс кестесі

Көрсетілетін қызметті беруші: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, көрсетілетін қызметті берушінің белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
Портал: жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы.
Көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекен-жайлары:
1) Министрліктің интернет-ресурсында: www. edu. gov. kz;
2) порталда: www. egov. kz орналастырылған.

8.

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі

көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде:
1) ЖЖОКБҰ басшысының атына еркін нысандағы өтініш;
2) жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білімі туралы құжат (төлнұсқа);
3) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);
4) 3 х 4 сантиметр көлеміндегі 6 фотосурет;
5) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) (бұдан әрі – № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрық) бекітілген 075/у нысаны бойынша электрондық форматтағы медициналық анықтама;
Белгілі бір аумақта шектеу іс-шаралары жүзеге асырылған, төтенше жағдай енгізілген, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайларда осы іс-шаралардың алынуына қарай тікелей білім беру ұйымдарына медициналық анықтама ұсынады.
6) ҰБТ сертификатын;
7) ведомостан үзіндіні (арнаулы және (немесе) шығармашылық дайындықты талап ететін, оның ішінде "Педагогикалық ғылымдар" және "Денсаулық сақтау" білім беру салалары бойынша жоғары білімнің білім беру бағдарламаларына түсушілер үшін);
8) білім беру грантын тағайындау туралы электрондық куәлік.
Көрсетілетін қызметті алушылар – І және ІІ топтағы мүгедектер, бала кезінен мүгедектер, мүгедек балалар, жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген тұлғалар, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ тұлғалар, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, сондай-ақ кәмелетке толғанға дейін ата-анасынан айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтары басым құқық пен квота беруді растайтын құжаттарды қосымша ұсынады.
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі туралы құжаттары бар, біліктілігін растаған және мамандығы бойынша кемінде бір жыл жұмыс өтілі бар адамдар Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабында көзделген құжаттардың бірін қосымша тапсырады.
Осы 1) тармақшада көрсетілген құжат көшірмеcімен бірге салыстыру үшін олардың түпнұсқалары ұсынылады. Салыстыру жүргізілгеннен кейін түпнұсқалары көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады.
портал арқылы өтініш жасаған кезде:
1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
2) жалпы орта (орта жалпы), техникалық және кәсіптік (бастауыш және орта кәсіптік, орта білімнен кейінгі) немесе жоғары білімі туралы құжаттардың электрондық көшірмесі (ақпараттық жүйелерде мәліметтер болмаған жағдайда);
3) 3x4 көлеміндегі цифрлық фото;
4) № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрықпен бекітілген 075/у нысаны бойынша электрондық форматтағы медициналық анықтама;
Белгілі бір аумақта шектеу іс-шаралары жүзеге асырылған, төтенше жағдай енгізілген, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайларда осы іс-шаралардың алынуына қарай тікелей білім беру ұйымдарына медициналық анықтама ұсынады.;
5) ҰБТ сертификаты;
6) білім беру грантын беру туралы электрондық куәлік.
Жеке басын куәландыратын құжат туралы, жалпы орта (орта жалпы), техникалық және кәсіптік (бастауыш және орта кәсіптік, орта білімнен кейінгі) білімі туралы мәліметтерді, медициналық анықтама, ҰБТ электрондық сертификаты және білім беру грантын беру туралы электрондық куәлік (ақпараттық жүйелерде болған жағдайда) көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден ақпараттық жүйе арқылы алады.
Көрсетілетін қызметті алушы порталда "жеке кабинетінде" ЖЖОКБҰ-ға қабылдау үшін құжаттардың қабылдағаны туралы хабарламаны алғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге күнтізбелік жылдың 10-25 тамызы аралығында құжаттардың түпнұсқаларын ұсынады.

9.

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздемелер

Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсетуден келесі негіздемелер бойынша бас тартады:
1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін толық емес құжаттар топтамасын ұсынған;
3) көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын белгіленген мерзімнен кеш ұсынған.

10.

Мемлекеттік, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

1) көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын тапсыруы үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты-15 минут;
2) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты-15 минут (практиканы ескере отырып).
Көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алады.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде көрсетілетін қызметті берушінің Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтері, Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
Көрсетілетін қызметті берушінің Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Министрліктің интернет-ресурсында орналастырылған: www. edu. gov. kz және бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.
Бірыңғай байланыс орталығы "1414", 8-800-080-7777.

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2021 жылғы 24 мамырдағы
№ 241 бұйрығына 2-қосымша
  Жоғары оқу орнынан
кейінгі білімнің білім беру
бағдарламаларын іске асыратын
білім беру ұйымдарына оқуға
қабылдаудың үлгілік
қағидаларына
1-1-қосымша

"Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша оқыту үшін жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1.

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Мемлекеттік қызметті жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары (ЖЖОКБҰ) – (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

2.

Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдері

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:
1) көрсетілетін қызметті беруші;
2) www. egov. kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

3.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша түсетін көрсетілетін қызметті алушылар үшін көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап:
магистратураға – күнтізбелік жылдың 25-28 тамызы аралығында;
докторантураға – күнтізбелік жылдың 22 - 28 тамызы аралығында.
ЖЖОКБҰ қабылдау күнтізбелік жылдың
28 тамызына дейін жүзеге асырылады.

4.

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

5.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі № 39 бұйрықпен бекітілген нысан бойынша құжаттарды қабылдау туралы қолхат беру және күнтізбелік жылдың 28 тамызына қабылдау емтихандарының қорытындысы бойынша конкурстық іріктеуден өткендерге ЖЖОКБҰ-ға қабылдау туралы бұйрық шығару болып табылады.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық немесе қағаз түрінде. Көрсетілетін қызметті берушіге мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі үшін қағаз жеткізгіште жүгінген кезде нәтиже қағаз жеткізгіште ресімделеді.
Портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында білім беру ұйымына қабылданғаны туралы хабарлама келеді.

6.

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

7.

Жұмыс кестесі

Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, көрсетілетін қызметті берушінің белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
Портал-жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы.
Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекен-жайлары:
1) Министрліктің интернет-ресурсында: www. edu. gov. kz;
2) порталда: www. egov. kz орналастырылған

8.

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі

1. Магистратураға немесе резидентураға түсуші тұлғалар:
ЖЖОКБҰ-ға өтініш жасаған кезде:
1) ЖЖОКБҰ басшысының атына еркін түрде өтінішті;
2) жоғары білімі туралы құжатты (түпнұсқа);
3) интернатураны бітіргені туралы куәлік (резидентураға түсу үшін);
4) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);
5) 3x4 сантиметр өлшемді алты фотосурет;
6) № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрықпен бекітілген 075/у нысаны бойынша электрондық форматтағы медициналық анықтама;
Белгілі бір аумақта шектеу іс-шаралары жүзеге асырылған, төтенше жағдай енгізілген, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайларда осы іс-шаралардың алынуына қарай тікелей білім беру ұйымдарына медициналық анықтама ұсынады.
7) шетел тілі бойынша тест тапсырғаны туралы сертификат (ағылшын, француз, неміс) International English Language Tests System (IELTS, шекті балл - кемінде 6,0), IELTS INDICATOR (АЙЛТС Индикатор) шекті балл – кемінде 6,0, Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm (TOEFL ITP (ТОЙФЛ АйТиПи) шекті балл – кемінде 543, Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm Internet-based Test (TOEFL IBT, шекті балл – кемінде 60), Test of English as a Foreign Language paper-based testing, (TOEFL PBT, шекті балл – кемінде 498, Deutsche Sprachpruеfung fuеrden Hochschulzugang (DSH, Niveau С1/деңгейC1), TestDaF–Prufung (Niveauc1/C1 деңгейі), Test de Franзais International ™ (TFI-оқу және тыңдау секциялары бойынша В1деңгейінен төмен емес), Diplome d' Etudes en Langue Franзaise (DELF, B2 деңгейі), Diplome Approfondi de Langue franзaise (DALF, C1 деңгейі), Test de connaissance du franзais (TCF – кемінде 50 балл) (болған жағдайда) (бар болған жағдайда);
8) еңбек қызметін растайтын құжат (еңбек стажы бар адамдар үшін);
9) ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың тізімі (бар болған жағдайда).
Осы тармақтың 3), 7) және 8) тармақшаларда көрсетілген құжаттар көшірмелерімен бірге салыстыру үшін олардың түпнұсқалары ұсынылады. Салыстыру жүргізілгеннен кейін түпнұсқалары көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады.
Осы тармақта көрсетілген құжаттар тізбесін толық ұсынбаған жағдайда қабылдау комиссиясы түсушілерден құжаттарды қабылдамайды.
портал арқылы өтініш жасаған кезде:
1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
2) жоғары білім туралы электрондық құжат;
3) интернатураны бітіргені туралы электрондық куәлік (резидентураға түсу үшін);
4) шет тілінен тест тапсырғаны туралы электрондық сертификат (ағылшын, неміс, француз тілдері) International English Language Tests System (IELTS, шекті балл - кемінде 6,0), IELTS INDICATOR (АЙЛТС Индикатор) шекті балл – кемінде 6,0, Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm (TOEFL ITP (ТОЙФЛ АйТиПи) шекті балл – кемінде 543, Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm Internet-based Test (TOEFL IBT, шекті балл – кемінде 60), Test of English as a Foreign Language paper-based testing, (TOEFL PBT, шекті балл – кемінде 498, Deutsche Sprachpruеfung fuеrden Hochschulzugang (DSH, Niveau С1/деңгейC1), TestDaF–Prufung (Niveauc1/C1 деңгейі), Test de Franзais International ™ (TFI-оқу және тыңдау секциялары бойынша В1деңгейінен төмен емес), Diplome d' Etudes en Langue Franзaise (DELF, B2 деңгейі), Diplome Approfondi de Langue franзaise (DALF, C1 деңгейі), Test de connaissance du franзais (TCF – кемінде 50 балл) (болған жағдайда);
5) еңбек қызметін растайтын электрондық құжат (еңбек өтілі бар тұлғалар үшін);
6) көлемі 3x4 сантиметр сандық фото;
7) № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрықпен бекітілген 075/у нысаны бойынша электрондық форматтағы медициналық анықтама;
Белгілі бір аумақта шектеу іс-шаралары жүзеге асырылған, төтенше жағдай енгізілген, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайларда осы іс-шаралардың алынуына қарай тікелей білім беру ұйымдарына медициналық анықтама ұсынады.
8) ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың тізімі (бар болған жағдайда).
Жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтер, жоғары білім туралы құжат, медициналық анықтама, интернатураны бітіргені туралы куәлік көрсетілетін қызметті берушіге тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы беріледі.
2. Докторантураға түсуші тұлғалар мынадай құжаттар топтамасын тапсырады:
ЖЖОКБҰ-ға өтініш жасаған кезде:
1) ЖЖОКБҰ басшысының атына еркін нысандағы өтініш;
2) білім туралы құжат (құжаттарды қабылдау комиссиясына тапсырған кезде түпнұсқасы);
3) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);
4) шетел тілі бойынша тест тапсырғаны туралы сертификат (ағылшын, француз, неміс) шетел тілі бойынша тест тапсырғаны туралы сертификат (ағылшын, француз, неміс) International English Language tests System (IELTS, шекті балл кемінде – 5,5), IELTS INDICATOR (АЙЛТС Индикатор) шекті балл – кемінде 5,5, Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm (TOEFL ITP (ТОЙФЛ АйТиПи) шекті балл – кемінде 460, Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm Internet-based Test (TOEFL IBT, шекті балл – кемінде 46), Test of English as a Foreign Language paper-based testing, (TOEFL PBT, шекті балл – кемінде 453), Deutsche Sprachpruеfung fuеr den Hochschulzugang (DSH, Niveau В2/В2 деңгейі), Test DaF– Prufung (Niveau В2/В2 деңгейі), Test de Franзais international ™ (TFI – оқу және тыңдау секциялары бойынша В2 деңгейінен төмен емес), Diplome d'Etudes en Langue franзaise (DELF, B2 деңгейі), Diplome Approfondi de Langue franзaise (DALF, В2 деңгейі), Test de connaissance du franзais (TCF – кемінде 50 балл);
5) № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрықпен бекітілген 075/у нысаны бойынша электрондық форматтағы медициналық анықтама;
Белгілі бір аумақта шектеу іс-шаралары жүзеге асырылған, төтенше жағдай енгізілген, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайларда осы іс-шаралардың алынуына қарай тікелей білім беру ұйымдарына медициналық анықтама ұсынады.
6) 3x4 сантиметр көлеміндегі алты фотосурет;
7) жұмыс орны бойынша кадр қызметімен расталған кадрларды есепке алу жөніндегі жеке іс парағы немесе еңбек қызметін растайтын өзге құжат;
8) соңғы 3 күнтізбелік жылдағы ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың тізімі (ғылыми жарияланымдар, зерттеулер жүргізу жоспары, эссе және басқа құжаттар);
9) алдын ала іріктеу нәтижелері ("Денсаулық сақтау" білім саласы бойынша).
Осы тармақтың 4) және 7) тармақшаларда көрсетілген құжаттар көшірмелерімен бірге салыстыру үшін олардың түпнұсқалары ұсынылады. Салыстыру жүргізілгеннен кейін түпнұсқалары көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады.
Осы тармақта көрсетілген құжаттар тізбесін толық ұсынбаған жағдайда қабылдау комиссиясы түсушілерден құжаттарды қабылдамайды.
портал арқылы өтініш жасаған кезде:
1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
2) болжамды отандық немесе шетелдік ғылыми Консультантпен келісілген Жоспарланған диссертациялық зерттеу негіздемесінің электрондық құжаты;
3) білімі туралы электрондық құжат;
4) шет тілінен тест тапсырғаны туралы электрондық сертификат (ағылшын, неміс, француз тілдері) шетел тілі бойынша тест тапсырғаны туралы сертификат (ағылшын, француз, неміс) International English Language tests System (IELTS, шекті балл кемінде – 5,5), IELTS INDICATOR (АЙЛТС Индикатор) шекті балл – кемінде 5,5, Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm (TOEFL ITP (ТОЙФЛ АйТиПи) шекті балл – кемінде 460, Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm Internet-based Test (TOEFL IBT, шекті балл – кемінде 46), Test of English as a Foreign Language paper-based testing, (TOEFL PBT, шекті балл – кемінде 453), Deutsche Sprachpruеfung fuеr den Hochschulzugang (DSH, Niveau В2/В2 деңгейі), Test DaF– Prufung (Niveau В2/В2 деңгейі), Test de Franзais international ™ (TFI – оқу және тыңдау секциялары бойынша В2 деңгейінен төмен емес), Diplome d'Etudes en Langue franзaise (DELF, B2 деңгейі), Diplome Approfondi de Langue franзaise (DALF, В2 деңгейі), Test de connaissance du franзais (TCF – кемінде 50 балл);
5) көлемі 3x4 сантиметр сандық фото;
6) № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрықпен бекітілген 075/у нысаны бойынша электрондық форматтағы медициналық анықтама;
Белгілі бір аумақта шектеу іс-шаралары жүзеге асырылған, төтенше жағдай енгізілген, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайларда осы іс-шаралардың алынуына қарай тікелей білім беру ұйымдарына медициналық анықтама ұсынады.
7) еңбек қызметін растайтын электрондық құжат (еңбек өтілі бар тұлғалар үшін);
8) соңғы 3 күнтізбелік жылдағы ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың тізімі (ғылыми жарияланымдар, зерттеулер жүргізу жоспары, эссе және басқа құжаттар).
Жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтер, жоғары білім туралы құжат, медициналық анықтама, интернатураны бітіргені туралы куәлік көрсетілетін қызметті берушіге "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден ұсынылады.

9.

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздемелер

Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсетуден келесі негіздемелер бойынша бас тартады:
1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін толық емес құжаттар топтамасын ұсынған;
3) көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын белгіленген мерзімнен кеш ұсынған жағдайда.

10.

Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

1) көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын тапсыруы үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты-15 минут;
2) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты-15 минут (практиканы ескере отырып).
Көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ болған жағдайда Мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алады.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде көрсетілетін қызметті берушінің Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтері, Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
Көрсетілетін қызметті берушінің Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Министрліктің интернет-ресурсында орналастырылған: www. edu. gov. kz және бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.
Бірыңғай байланыс орталығы "1414", 8-800-080-7777.

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2021 жылғы 24 мамырдағы
№ 241 бұйрығына 3-қосымша
  Жоғары оқу орнынан кейінгі
білімнің білім беру
бағдарламаларын іске асыратын
білім беру ұйымдарына оқуға
қабылдаудың үлгілік
қағидаларына
9-қосымша

Докторантураға түсуге арналған бағалау жүйесінің 100-балдық шкаласы

Тест түрлері

Балл

Эссе

20

Докторантурада оқуға дайындығын анықтауға арналған тест

30

Білім беру бағдарламасы тобының бейіні бойынша емтихан сұрақтары

50

Барлығы

100