"Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерге қойылатын рұқсат беру талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 7 қарашадағы № 783 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 21 мамырдағы № 224 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 28 мамырда № 22843 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерге қойылатын рұқсат беру талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 7 қарашадағы №783 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9942 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерге қойылатын рұқсат беру талаптарында:

      2 – тармақтың:

      1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) осы рұқсат беру талаптарына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша меншік құқығында не лизинг алушы ретінде лизинг арқылы сатып алынған, көлік құралын тіркеу туралы куәліктермен, автомобильді техникалық қарап тексерудің диагностикалық карталарымен және негізгі өрт сөндіру автомобильдерінің өрт сөндіруге дайындығын техникалық қарап тексеру актілерімен расталған кемінде екі өрт сөндіру автомобилінің болуы*";

      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) осы рұқсат беру талаптарына 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтің бір жұмыскеріне арналған арнайы киім-кешек пен өртке қарсы жарақ тізбесі бойынша арнайы киім-кешекпен және өртке қарсы жарақтармен қамтамасыз етілген штаттық жұмыкерлердің болуы:

      кезекшілік ауысымға әр негізгі өрт сөндіру автомобиліне жүргізушіні қоса алғанда 1 бөлімше бастығы, 4 жұмыскер есебінен кемінде 17 адам*;

      кезекшілік ауысымға 1 бекет бастығы және 2 жұмыскер есебінен кемінде 9 адам **;".

      2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өртке қарсы қызмет комитеті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күннен кейін он жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрі
Ю. Ильин

      "КЕЛЕСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономикалық министірлігі

      "КЕЛЕСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ішкі істер министірлігі

      "КЕЛЕСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      цифрлық даму, инновациялар

      және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі