"Жобалау және құрылыс салу процесіне қатысушы инженер-техник жұмыскерлерді аттестаттау жөніндегі қағидаларды және рұқсат беру талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 26 қарашадағы № 734 бұйрығына өзгерістер

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2021 жылғы 19 мамырдағы № 242 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 26 мамырда № 22806 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жобалау және құрылыс салу процесіне қатысушы инженер-техник жұмыскерлерді аттестаттау жөніндегі қағидаларды және рұқсат беру талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 26 қарашадағы № 734 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12620 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жобалау және құрылыс салу процесіне қатысушы инженерлік-техникалық жұмыскерлерді аттестаттау қағидалары мен рұқсат беру талаптарында:

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Жобалау және құрылыс-монтаждау ұйымдарының инженерлік-техникалық жұмыскерлердің құрамы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № 553 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22003 болып тіркелген) Басшылар, мамандар және өзге де қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығына сәйкес мамандықтарға бөлінеді.";

      21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "21. Аттестаттау орталығы берілген аттестаттар туралы ақпаратты сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органға есептік айдан кейінгі айдың 5-күніне дейін ай сайын осы Қағидалар мен рұқсат беру талаптарына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Аттестатталған инженерлік-техникалық жұмыскерлердің тізіліміне енгізілген, берілген аттестаттары туралы ақпарат ұсынады.".

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі
Б. Атамкулов