БҰЙЫРАМЫН:
1. "Төлеушілердің жеке шоттарын жүргізудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 20 ақпандағы № 244 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде №16523 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
""Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 106-бабы 3-тармағына, 108-бабы 5-тармағына, 109-бабы 7-тармағына, 141-бабы 15-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кедендік баждардың, кедендік алымдардың, салықтардың, өсімпұлдардың, пайыздардың артық төленген, артық өндіріп алынған және қате төленген сомасын, сондай-ақ аванстық төлемдердің сомаларын есепке жатқызу және (немесе) қайтару қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Кедендік баждардың, кедендік алымдардың, салықтардың, өсімпұлдардың, пайыздардың артық төленген, артық өндіріп алынған және қате төленген сомасын, сондай-ақ аванстық төлемдердің сомаларын есепке жатқызу және (немесе) қайтару қағидалары "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 108-бабы 5-тармағына, 109-бабы 7-тармағына сәйкес әзірленді және кедендік баждардың, кедендік алымдардың, салықтардың, өсімпұлдардың, пайыздардың артық төленген, артық өндіріп алынған және қате төленген сомасын, сондай-ақ аванстық төлемдердің сомаларын есепке жатқызу және (немесе) қайтару тәртібін айқындайды.";
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Төлеуші кедендік баждарды, кедендік алымдарды, салықтарды, өсімпұлдарды, пайыздарды Кодекстің 77, 90, 124, 351, 352-баптарында және "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) (бұдан әрі – Салық кодексі) 425, 475-баптарында көзделген мерзімдерде бюджетке төлейді.";
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"14. Кедендік баждардың, кедендік алымдардың, салықтардың артық төленген және (немесе) артық өндіріп алынған сомалары кедендік баждар, кедендік алымдар, салықтар, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешектер болмаған жағдайда, төлеушінің өтініші бойынша, төлеушінің салықтық өтінішінде көрсетілген кедендік баждардың, кедендік алымдардың, салықтардың, өсімпұлдардың, пайыздардың басқа да түрлері бойынша алдағы төлемдер есебінен есепке жатқызуға жатады.";
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"16. Кедендік баждардың, кедендік алымдардың, салықтардың, өсімпұлдардың, пайыздардың артық төленген және (немесе) өндіріп алынған сомаларын есепке жатқызуды (қайтаруды) мемлекеттік кірістер органы өтініш тіркелген күннен бастап Кодекстің 110-бабының 5-тармағында және 111-бабының 2-тармағында белгіленген мерзімде жүргізеді.";
18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"18. Банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым төлеушінің бір төлем құжаты бойынша кедендік баждардың, кедендік алымдардың, салықтардың, өсімпұлдардың, пайыздардың, аванстық төлемдердің сомаларын екінші қайтара аударуға әкеп соқтырған төлем құжатын қате орындаған жағдайларда Кодекстің 112-бабына сәйкес:
төлеушінің банк шотынан ақшаны есептен шығарған немесе банкомат арқылы банк шотында төлемді жүзеге асырған жағдайда;
банкке ақшаны қолма-қол салған немесе екінші деңгейдегі банктің банк шотында – электрондық құрылғылары арқылы төлемді жүзеге асырған жағдайда қате аудару фактісі расталған кезде банктің өтініші бойынша мемлекеттік кірістер органы қате төленген сомаларды қайтаруды жүргізеді.
Кедендік баждардың, кедендік алымдардың, салықтардың, өсімпұлдардың, пайыздардың қате төленген сомаларын есепке жатқызу, қайтару:
төлеушінің өтініші, екінші деңгейдегі банктің өтініші тіркелген;
кедендік баждардың, кедендік алымдардың, салықтардың, өсімпұлдардың, пайыздардың қате сомалары түскен күннен бастап Кодекстің 112-бабының 3-тармағында белгіленген мерзімде жүзеге асырылады.";
20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"20. Төлеуші кедендік баждар, кедендік алымдар, салықтар, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешектің өндіріп алынған сомасын қайтаруға сотқа өтініш берген жағдайда мемлекеттік кірістер органы Кодекстің 111-бабының 2-тармағында белгіленген мерзім ішінде, соттың заңды күшіне енген шешімі негізінде төлеушінің шотына көрсетілген соманы қайтаруды жүзеге асырады.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Төлеушінің жеке шотын жүргізу қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Төлеушілердің жеке шоттарын жүргізу қағидалары "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 106-бабы 3-тармағына сәйкес әзірленді және төлеушінің жеке шотын жүргізу тәртібін айқындайды.";
17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"17. Мемлекеттік кірістер органы бөлімшесінің Тізілімді жасаған лауазымды адамы, бөлімше басшысының немесе оны алмастыратын адамының міндетті түрде қолын қоя отырып, оның ішінде электрондық нысанда, келісілген Тізілім жасалған күні бірінші данасын кедендік баждардың, кедендік алымдардың, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының, өсімпұлдардың, пайыздардың сомаларын есептеуді (азайтуды) жүзеге асыруға негіз болған құжаттарды қоса бере отырып, есеп жүргізу үшін жауапты бөлімшеге жібереді.
Есеп жүргізуге жауапты бөлімше басшысының келісімі бойынша есеп жүргізуге жауапты лауазымды адам жеке шотқа жазба жүргізгеннен кейін есеп жүргізуге жауапты лауазымды адам Тізілімге тегін, атын, әкесінің атын (ол болған кезде), күнін көрсете отырып және қолын қоя отырып, жеке шотта жүргізілген жазба туралы белгі қояды.";
32-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"32. Кодекстің 89, 143-баптарында белгіленген талап қою мерзімінің өтуі бойынша кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдардың, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждардың, өсімпұлдардың, пайыздардың, сондай-ақ аванстық төлемдер сомаларының артық (қате) төленген сомаларын есептен шығаруды мемлекеттік кірістер органында мемлекеттік кірістер органы басшысының не оны алмастыратын адамның бұйрығы негізінде құрылған комиссия жүзеге асырады. Мемлекеттік кірістер органының басшысы немесе оны алмастыратын адам Комиссияның төрағасы болып тағайындалады.
Кедендік баждардың, кедендік алымдардың, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждардың, өсімпұлдардың, пайыздардың, сондай-ақ аванстық төлемдердің артық (қате) төленген сомаларын есептен шығару кедендік баждар, кедендік алымдар, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждар, өсімпұлдар, пайыздар, сондай-ақ аванстық төлемдер сомаларын есептен шығару актісі негізінде жүргізіледі (бұдан әрі – артық (қате) төленген сомаларды есептен шығару актісі), ол еркін нысанда екі данада ресімделеді және комиссия төрағасы мен мүшелері қол қояды. Артық (қате) төленген сомаларды есептен шығару актісін комиссия төрағасы бекітеді.
Бекітілген Артық (қате) төленген сомаларды есептен шығару актісінің даналары "Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 703 қаулысында (бұдан әрі – Құжаттама жасау қағидалары) көзделген талаптарға сәйкес мемлекеттік кірістер органында:
біріншісі данасы – есепті жүргізуге жауапты бөлімшеде;
екіншісі дана – мұрағатта сақталады.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының сомаларын есепке жатқызуға (қайтаруға) алып келетін мән-жайлардың басталуын растау қағидаларында:
1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының сомаларын есепке жатқызуға (қайтаруға) алып келетін мән-жайлардың басталуын растау қағидалары "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 141-бабы 15-тармағына сәйкес әзірленді және арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының сомаларын есепке жатқызуға (қайтаруға) алып келетін мән-жайлардың басталуын растау тәртібін айқындайды.
2. Арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының сомаларын есепке жатқызуды (қайтаруды) мемлекеттік кірістер органы төлеушінің өтініші келіп түскен күннен бастап Кодекстің 141-бабының 3-тармағында белгіленген мерзімде жүргізеді.".
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
Е. Жамаубаев |