"Жануарлар дүниесі объектілерін алып қою квоталарын бөлу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-04/149 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 14 мамырдағы № 142 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 19 мамырда № 22771 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      "Жануарлар дүниесі объектілерін алып қою квоталарын бөлу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-04/149 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттiк тіркеу тізілімінде № 10865 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 15 мамырда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген жануарлар дүниесі объектілерін алып қою квоталарын бөлу қағидаларында:

      2-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) ведомство – уәкілетті органның құзыреті шегінде жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы стратегиялық, реттеуші, іске асыру және бақылау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік орган.";

      25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "25. Егер, балық шаруашылығы субъектісінің ағымдағы жылдың 31 желтоқсанына дейін балық ресурсы және басқа да су жануарларын аулауға лимиттердің игерілмеген 25%-дық бөлігіне жануарлар дүниесін пайдалану туралы шешім болмаған жағдайда, балықшылар қауымдастығы квотаның қалған бөлігін қосымша өтінім бойынша, сондай-ақ балық шаруашылығы учаскелерінің резервтік қорының квоталарын осы балық шаруашылығы су айдынында учаскелері бар балық шаруашылығы субъектілері арасында бөлінеді.";

      көрсетілген Қағидаларға 3-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      көрсетілген Қағидаларға 6-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Экология, геология және табиғи
ресурстар министрі
М. Мирзагалиев
     
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы Цифрлық даму,
инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Экология, геология және табиғи
ресурстар министрінің
2021 жылғы 14 мамырдағы
№ 142 Бұйрығына
1 қосымша
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
міндетін атқарушының
2015 жылғы 27 ақпандағы
№ 18-04/149 бұйрығымен
бекітілген
Жануарлар дүниесі
объектілерін алып қою
квоталарын бөлу қағидаларына
3-қосымша

Балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде балық ресурстарын және басқа да су жануарларын алып қою квоталарын алуға арналған өтінім

      Бекітіліп берілген балық шаруашылығы су айдынының және (немесе) учаскесінің атауы
______________________________________________________
Ведомствоның аумақтық бөлімшелерімен жасалған балық шаруашылығын жүргізуге
арналған ______ жылғы "___" _____________ № ______шарт.
Ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап келесі жылдың 1 шілдесіне дейін балық ресурстарын
молайту (балықтандыру), оның ішінде:
Бір жазғы (миллион дана), оның ішінде:
_____0,05-ке дейін, _______0,05-тен 0,1-ге дейін, _________0,1-ден жоғары;
Дернәсілдермен (миллион дана), оның ішінде:
_________3-ке дейін, _______3-тен жоғары.
Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын және дұрыс емес мәліметтер ұсынғаным
үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік жайында хабардармын.
Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді
пайдалануға келісемін.
Өтінімнің берілген күні 20___жылғы "__"____________________________
(балық шаруашылығы субъектісі
басшысының аты, әкесінің аты
(бар болса), тегі)
Қолы_____________ Мөр орны (жеке кәсіпкерлер болып табылатын тұлғаларды қоспағанда)

  Бұйрығына 2 қосымша
Жануарлар дүниесі
объектілерін алып қою
квоталарын бөлу қағидаларына
6-қосымша
  Нысан

Рейтингтік бағалауды есептеу парағы

      Балық шаруашылығы субъектісі _________________________________

      Балық шаруашылығы су айдыны және (немесе) учаскесі_____________

Көрсеткіштің атауы

Пайыздық жоғарғы бағалау көрсеткіші

Өтінімге сәйкес көрсеткіш саны

20 балдық жүйе бойынша баға

Балық шаруашылығы субъектісінің рейтингтік бағасы

1

2

3

4

5

6

1

Ағымдағы жылдың
1 шілдесінен бастап келесі жылдың 1 шілдесіне дейін балық ресурстарын молайту (балықтандыру), оның ішінде:

70




Бір жазғы (миллион дана), оның ішінде:

50




0,05-ке дейін

10




0,05-тен 0,1-ге дейін

15




0,1-ден жоғары

25




Дернәсілдермен (миллион дана), оның ішінде:

20




3-ке дейін

5




3-тен жоғары

15




2

Ағымдағы жылдың
1 шілдесінен бастап келесі жылдың 1 шілдесіне дейін балықтарды және басқа да су жануарларын алып коюға бөлінген квоталарды игеру

30




Барлығы:

100