БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының ротацияға жататын басшылық лауазымдардың тізбесін және оларды ауыстыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 26 қарашадағы № 966 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12558 болып тіркелген) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының ротацияға жататын басшылық лауазымдардың тізбесінде:
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Облыстардың, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Нұр-Сұлтан қаласының, Алматы, Жезқазған және Шымкент қалаларының және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің (Нұр-Сұлтан) мамандандырылған күзет қызметі басқармасының бастығы;";
мынадай мазмұндағы 8-1-тармақпен толықтырылсын:
"8-1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Үкіметтік мекемелерді күзету және дипломатиялық өкілдіктерді күзету жөніндегі полиция полктерінің командирі;".
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Кадр саясаты департаменті (О.Ж. Жолдасов) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Кадр саясаты департаментіне (О.Ж. Жолдасов) жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрі |
Е. Тургумбаев |