БҰЙЫРАМЫН:
1. "Арнайы экономикалық аймақ құру мақсаттарына сәйкес келетін, арнайы экономикалық аймақ бөлінісінде қызметтің басым түрлерінің тізбесін, сондай-ақ арнайы экономикалық аймақ құру мақсаттарына сәйкес келетін, арнайы экономикалық аймақ бөлінісінде қызметтің басым түрлерінің тізбесіне қызметтің басым түрлерін енгізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 27 ақпандағы № 142 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16588 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Арнайы экономикалық аймағын құру мақсаттарына сәйкес келетін арнайы экономикалық аймақтар бөлінісінде қызметтің басым түрлерінің тізбесінде:
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"12. "Qyzyljar" арнайы экономикалық аймағы:
1) тамақ өнімдерін өндіру және қайта өңдеу;
2) құрылыс материалдары мен жиһаз өндіру;
3) электроника өнімдерін және электр жабдықтарын өндіру;
4) машина жасау өнімдерін өндіру;
5) көп бейінді аурухана салу;
6) кең бейінді ауруханалар мен мамандандырылған ауруханалардың қызметі;
7) "ағаш массасы мен целлюлоза өндірісі";
8) "қағаз және картон өндірісі";
9) "гофрленген картон өндірісі";
10) қағаз және картон ыдыстарын өндіру;
11) "шаруашылық-тұрмыстық және санитариялық-гигиеналық мақсаттағы қағаз бұйымдарын өндіру";
12) "негізгі фармацевтикалық өнімдер өндірісі";
13) "фармацевтикалық препараттар өндірісі";
14) "ветеринарияға арналған дәрілік препараттар өндірісі".".
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі |
Б. Атамкулов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі