"Электр энергиясының көтерме нарығын ұйымдастыру мен оның жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 106 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің м.а. 2021 жылғы 30 сәуірдегі № 160 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 11 мамырда № 22732 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Электр энергиясының көтерме нарығын ұйымдастыру мен оның жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 106 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10531 болып тіркелген) мынадай толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Электр энергиясының көтерме сауда нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеу қағидаларында:

      2-тармақ мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:

      "7) эскроу-шот – клиент айқындаған шарттардың басталуына немесе орындалуына дейін банктік шот бойынша шығыс операцияларын жасауға үшінші тұлғаның құқығын шектей отырып, клиент осы тұлғаның атына ашатын ағымдағы немесе жинақ шоты.";

      мынадай мазмұндағы 6-3 және 6-4-тармақтармен толықтырылсын:

      "6-3. Энергия өндіруші ұйым электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығының қорытындылары бойынша ол туралы ақпаратты өзінің интернет-ресурсында орналастырған өзінің генерациялайтын қондырғыларының электр қуатын желіге босату үшін бос электр қуаты болған кезде бірыңғай сатып алушымен электр қуатының жүктемені көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету жөнінде қызметтер көрсетуге арналған шарты бар көтерме сауда нарығында электр энергиясын жекелеген сатып алушылармен шарт жасасудан бас тартпайды немесе жалтармайды, сондай-ақ электр энергиясын өндіру көлемін, оның ішінде бір сағаттық көлемін негізсіз қысқартпайды, не тұтынушылардың сұранысы мен тапсырыстары бар электр энергиясын өндіруді тоқтатпайды.

      Бұл ретте шарт жасасудан бас тарту немесе жалтару, сондай-ақ электр энергиясын өндіруді қысқарту не тоқтату мынадай жағдайлардың бірінде, егер:

      энергия өндіруші ұйымда тұтынушы өтініш жасаған кезде электр энергиясын өндірудің, берудің жүйелік оператор растаған техникалық мүмкіндігі болмаса;

      энергия өндіруші ұйым жүйелік операторға шарттық көлемнің (реттеу диапазонының) шамасында қуатты реттеу бойынша қызметтер көрсетсе;

      энергия өндіруші ұйым Тиісті тұлғалар тобының тізіліміне енгізілген тұтынушыларды электр энергиясымен қамтамасыз ету үшін қолда бар қуаттың он пайызынан аспайтын мөлшерде электр қуаты резервінің қажетті шамасын ұстап тұрса;

      көтерме сауда нарығында электр энергиясын сатып алушы өтініш жасау кезінде төлем қабілеттілігін растамаса, негізді болып есептеледі.

      Өзінің төлем қабілеттілігін растау үшін тұтынушы мынадай шарттардың бірін орындайды:

      1) өтініш жасаудан 10 (он) жұмыс күні бұрын екінші деңгейдегі банкте арнайы шоты (эскроу-шоты) болады, онда берешек пайда болған жағдайда жасалған шарт шеңберінде тұтынушыға босатылған электр энергиясының нақты көлемі үшін энергия өндіруші ұйым ғана есептен шығаратын, өтініш жасалған кездегі тұтынудың мәлімделген көлемінің негізінде белгіленген электр энергиясын тұтынудың орташа айлық көлемін төлеу үшін жеткілікті ақша сомасы болады.

      Бұл ретте тұтынушы қажет болған жағдайда эскроу-шоттың ақшалай қаражатынан электр энергиясы үшін соңғы төлемді өтейді;

      2) өтініш жасаудан 10 (он) жұмыс күні бұрын тұтынушы электр энергиясын сатып алу-сату шартын жасасуды жоспарлап отырған энергия өндіруші ұйымның есеп айырысу шотына өтініш жасалған кездегі тұтынудың мәлімделген көлемінің негізінде белгіленген электр энергиясын тұтынудың орташа айлық көлемін төлеу үшін жеткілікті кепілдік жарна түріндегі ақша сомасын енгізеді.

      6-4. Энергия өндіруші ұйымдар меншікті генерациялайтын қондырғылардың келісімшарт жасалған, орталықтандырылған сауда-саттықта сатуға жоспарланатын және желіге босату үшін бос электр қуаты туралы әрбір күнге арналған ақпаратты осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өздерінің интернет-ресурстарында орналастырады.";

      мынадай мазмұндағы 7-2-тармақпен толықтырылсын:

      "7-2. Энергия беруші ұйымдар осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ай сайын өздерінің интернет-ресурстарында меншікті электр беру желілерінің өткізу қабілеті және кіші станциялардың электр қуатының бос көлемі туралы ақпаратты орналастырады.";

      осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес 1 және 2-қосымшалармен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электр энергетикасын дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеген күннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министрдің міндетін атқарушы М. Журебеков

  Министрдің міндетін атқарушы
2021 жылғы 30 сәуірдегі
№ 160 Бұйрыққа
1-қосымша
  Электр энергиясының
көтерме нарығын ұйымдастыру
мен оның жұмыс істеу
қағидаларына
1-қосымша
  Нысан

Меншікті генерациялайтын қондырғылардың келісімшарт жасалған, орталықтандырылған сауда-саттықта сатуға жоспарланатын және желіге босату үшін бос электр қуаты туралы әрбір күнге арналған ақпарат

Күні

Негізгі жабдық

Энергия өндіруші ұйымдардың қуаты туралы ақпарат, МВт:

Агрегаттар саны

Қуат

Жағдайы

Келісімшарт жасалған қуат

Орталықтандырылған сауда-саттықта сатуға жоспарланатын

Желіге босату үшін бос электр қуаты

қысқа мерзімді жеткізу

ұзақ мерзімді жеткізу









  Министрдің міндетін атқарушы
2021 жылғы 30 сәуірдегі
№ 160 Бұйрыққа
2-қосымша
  Электр энергиясының көтерме
нарығын ұйымдастыру мен
оның жұмыс істеу қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

Меншікті электр беру желілерінің өткізу қабілеті және кіші станциялардың электр қуатының бос көлемі туралы ақпарат

  1-кесте

№ р/с

Кіші станция атауы

Енгізу №

Орналасқан мекенжайы

Кернеу деңгейі, кВ

Трансформатордың қуаты, кВА

Жүктеу, МВт

Бос қуат,МВт









  2-кесте

№ р/с

Электр беру желісінің атауы

Электр беру желісінің ұзындығы, км

Электр беру желісінің қимасы, мм

Кернеу деңгейі, кВ

Номиналды өткізу қабілеті, МВт

Жүктеу, МВт

Бос қуат,МВт