"Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 5 мамырдағы № 430 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 6 мамырда № 22698 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9756 болып тіркелген) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:

      кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Бюджет кодексiн iске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасында:

      бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасында:

      08 "Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістiк" функционалдық тобында:

      9 "Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңiстiктi ұйымдастыру жөнiндегi өзге де қызметтер" функционалдық кіші тобында:

      мынадай мазмұндағы 001, 002 және 003 бюджеттік бағдарламалары және 011 және 015 бюджеттік кіші бағдарламалары бар 304 бюджеттік бағдарламалар әкімшісімен толықтырылсын:

      "304 Республикалық маңызы бар қаланың, астананың креативтік индустриялар басқармасы

      001 Жергілікті деңгейде креативті индустрия саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер

      011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебiнен

      015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен

      002 Мемлекеттік органның күрделі шығыстары

      011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебiнен

      015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен

      003 Қаланың креативті индустриясын қолдау бойынша қалалық іс-шаралар өткізу

      011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебiнен

      015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен";

      мынадай мазмұндағы 100, 106, 107, 108, 109, 115, 118, 119, 123, 124, 139, 165, 166 және 167 бюджеттік бағдарламалармен толықтырылсын:

      "100 Қазақстан Республикасы Үкіметінің төтенше резерві есебінен іс-шаралар өткізу

      106 Әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою үшін жергілікті атқарушы органның төтенше резерві есебінен іс-шаралар өткізу

      107 Жергілікті атқарушы органның шұғыл шығындарға арналған резервінің есебінен іс-шаралар өткізу

      108 Бюджеттік инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін және мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалардың, оның ішінде концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамаларын әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ қажетті сараптамаларын жүргізу, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларды, оның ішінде концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу

      109 Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінің есебінен ағымды іс-шаралар өткізу

      115 Жергілікті атқарушы органы резервінің қаражаты есебінен соттардың шешімдері бойынша жергілікті атқарушы органдардың міндеттемелерін орындау

      118 Қазақстан Республикасы Үкіметінің табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою кезінде халықтың тіршілігін қамтамасыз етуге арналған резервінің есебінен іс-шаралар өткізу

      119 Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң арнайы резервi есебінен іс-шаралар өткізу

      123 Облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттерінен берілетін нысаналы трансферттердің есебінен әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарын жою, әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң саяси, экономикалық және әлеуметтiк тұрақтылығына, адамдардың өмiрi мен денсаулығына қауіп төндiретiн жалпы республикалық немесе халықаралық маңызы бар жағдайларды жою бойынша ағымдағы шығыстарға іс-шаралар өткізу

      124 Облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттерінен берілетін нысаналы трансферттердің есебінен әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарын жою, әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң саяси, экономикалық және әлеуметтiк тұрақтылығына, адамдардың өмiрi мен денсаулығына қауіп төндiретiн жалпы республикалық немесе халықаралық маңызы бар жағдайларды жою бойынша даму шығыстарына іс-шаралар өткізу

      139 Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінің есебінен дамуға бағытталған іс-шаралар өткізу

      165 Қазақстан Республикасы Президентінің бастамаларына арналған резервінің есебінен ағымды іс-шаралар өткізу

      166 Қазақстан Республикасы Президентінің бастамаларына арналған резервінің есебінен заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыру немесе ұлғайту

      167 Қазақстан Республикасы Президентінің бастамаларына арналған резервінің есебінен бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру";

      13 "Басқалар" функционалдық тобында:

      9 "Басқалар" функционалдық кіші тобында:

      мынадай мазмұндағы 065 және 096 бюджеттік бағдарламалары және 011 және 015 бюджеттік кіші бағдарламалары бар 304 бюджеттік бағдарламалар әкімшісімен толықтырылсын:

      "304 Республикалық маңызы бар қаланың, астананың креативтік индустриялар басқармасы

      065 Заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыру немесе ұлғайту

      011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебiнен

      015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен

      096 Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалар бойынша мемлекеттік міндеттемелерді орындау

      011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебiнен

      015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен".

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджет заңнамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Е. Жамаубаев