"Білім беру ұйымдары түрлерінің номенклатурасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 22 ақпандағы № 50 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 26 сәуірдегі № 182 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 27 сәуірде № 22630 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Білім беру ұйымдары түрлерінің номенклатурасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 22 ақпандағы № 50 бұйрығына (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8390 болып тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінің 2013 жылғы 7 тамыз № 184 санында (28123)) жарияланды) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Білім беру ұйымдары түрлерінің номенклатурасында:

      1-тармақ мынадай редакцияда 6) және 7) тармақшалармен толықтырылсын:

      "6) арнайы бөбекжай;

      7) арнайы балабақша.";

      2-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "2. Орта білім беру ұйымдары (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта), оның ішінде мамандандырылған және арнайы білім беру ұйымдары:

      1) білім беру деңгейі бойынша:

      бастауыш мектеп;

      негізгі орта мектеп;

      жалпы орта білім беретін мектеп;

      2) оқыту бейіні бойынша:

      гимназия;

      лицей;

      бейіндік мектеп (жоғары мектеп);

      3) оқуды ұйымдастыру жағдайы бойынша:

      шағын жинақты мектеп;

      тірек мектеп (ресурстық орталық);

      түзеу мекемелері жанындағы жалпы орта білім беретін мектеп;

      кешкі мектеп;

      девиантты мінез-құлықты балаларға арналған білім беру ұйымы;

      ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымы;

      аурухана жанындағы мектеп;

      4) халықаралық:

      халықаралық мектеп;

      5) интернаттық ұйымдар:

      мектеп-интернат;

      әскери мектеп-интернат;

      жалпы білім беретін мектеп жанындағы интернат;

      тірек мектеп (ресурстық орталық) жанындағы интернат;

      көп балалы және аз қамтамасыз етілген отбасылардың балаларына арналған мектеп-интернат;

      санаториялық мектеп-интернат.

      6) біріктірілген:

      "мектеп-бөбекжай" кешені;

      "мектеп-бөбекжай-балабақша" кешені;

      "бастауыш мектеп - бөбекжай – балабақша";

      мектеп-гимназия;

      мектеп-лицей;

      қосымша білім беру мектеп-орталығы;

      мектеп-интернат-колледж;

      оқу-сауықтыру орталығы (кешен);

      оқу-өндірістік комбинат (мектепаралық, курстық);

      оқу-тәрбие орталығы (кешен);

      оқу орталығы;

      дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығы;

      білім беру ұйымдарының жанындағы инклюзивтік білім беруді қолдау кабинеті;

      логопедтік пункт;

      қыздар мектеп-гимназиясы.

      7) мамандандырылған білім беру ұйымдары:

      мамандандырылған мектеп;

      мамандандырылған лицей (мамандандырылған мектеп - лицей);

      мамандандырылған гимназия (мамандандырылған мектеп - гимназия);

      мамандандырылған мектеп-интернат;

      мамандандырылған мектеп-лицей-интернат;

      мамандандырылған мектеп-гимназия-интернат;

      мамандандырылған музыка мектеп-интернаты;

      мамандандырылған спорт мектеп-интернаты (олимпиадалық резервтегі мамандандырылған мектеп-интернат-колледж);

      мамандандырылған хореография мектеп-интернаты (мамандандырылған хореография мектеп-интернат-училищесі);

      мамандандырылған әскери мектеп - интернат;

      "Білім-инновация" лицей-интернаты;

      мамандандырылған мектеп-кешендер;

      мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицейі;

      мамандандырылған ақпараттық технологиялар лицейі.

      8) арнайы білім беру ұйымдары:

      арнайы мектеп;

      арнайы мектеп-балабақша;

      арнайы мектеп - интернат;

      арнайы кешен "балабақша - мектеп – интернат";

      арнайы кешен "мектеп - интернат – колледж";

      психологиялық - медициналық - педагогикалық консультация;

      оңалту орталығы;

      психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті;

      аутизмі (аутистикалық спектрдегі бұзылыстары) бар балаларды қолдау орталығы (autism-орталығы).";

      7 және 8-тармақтар алып тасталсын.

      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім беру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметті Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
А. Аймагамбетов