Ескерту. Күші жойылды - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 02.02.2021 № 448 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің кейбір бұйрықтарына мынадай толықтырулар енгізілсін:
1. "Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнімнің (тауарлардың) тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 695 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12565 болып тіркелген, 2016 жылғы 19 қаңтарда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнімнің (тауарлардың) тізбесінде:
мынадай мазмұндағы реттік сандары 18, және 19, жолдарымен толықтырылсын:
"
18. | Кәбілді-өткізгіш өнімі | |
19. | 8544 | Оқшауланған сымдар (эмальданған немесе анодталған сымдарды қоса алғанда), кәбілдер (коаксиальды кәбілдерді қоса алғанда) және жалғау тетіктері бар немесе жоқ оқшауланған электр өткізгіштер, олардың электр өткізгіштермен немесе жалғағыш тетіктермелері бірге жиынтықта болғанына немесе болмағанына қарамастан, жеке қабыршағы бар талшықтардан құралған талшықты-оптикалық кәбілдер. |
"; |
2) "Қалдықтарды жинауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды, пайдалануды және (немесе) кәдеге жаратуды ұйымдастырғаны үшін ақы төлеуді есептеу әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрiнің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 762 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12753 тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 19 қаңтарда жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қалдықтарды жинауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды, пайдалануды және (немесе) кәдеге жаратуды ұйымдастырғаны үшін ақы төлеуді есептеу әдістемесінде:
мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
"5-1. Кәбелді-өткізгіш өнімнің қалдықтарын жинауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды, пайдалануды және (немесе) кәдеге жаратуды ұйымдастыруға үшін ақы төлеуді (СКӨӨ) есептеу мынадай формула бойынша есептеледі:
мұнда:
СКӨӨ- кәбелді-өткізгіш өнімнің қалдықтарын жинауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды, пайдалануды және (немесе) кәдеге жаратуды ұйымдастыру үшін ақы төлеу;
N – шот-фактурада (инвойста) көрсетілетін өнімнің (тауарлардың) құны."
2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Қалдықтарды басқару департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында ресми жарияланғаннан кейін орналастырылуын;
3) Осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрдің м.а. |
А. Примкулов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі