"Телекоммуникациялар мен пошта байланысының әмбебап көрсетілетін қызметтері саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің қолданысқа енгізілген активтердің реттелетiн базасына келетін пайда мөлшерлемесін есептеу жөнiндегi нұсқаулықты бекiту туралы" Қаза

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2019 жылғы 8 сәуірдегі № 119/НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 12 сәуірде № 22533 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Телекоммуникациялар мен пошта байланысының әмбебап көрсетілетін қызметтері саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің қолданысқа енгізілген активтердің реттелетін базасына келетін пайда мөлшерлемесін есептеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 105 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13296 болып тіркелген, 2016 жылғы 4 наурызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      аталған бұйрықпен бекітілген Телекоммуникациялар мен пошта байланысының әмбебап көрсетілетін қызметтері саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің қолданысқа енгізілген активтердің реттелетін базасына келетін пайда мөлшерлемесін есептеу жөніндегі нұсқаулықта:

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2 тарау. Телекоммуникациялар мен пошта байланысының әмбебап көрсетілетін қызметтері саласындағы қолданысқа енгізілген активтердің реттелетін базасына келетін пайда мөлшерлемесін есептеу тәртібі";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Қарыз қаражатына сыйлықақы мөлшерлемесі мынадай формула бойынша анықталады:

      rd = rf + БС,

      мұндағы:

      rf – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленген Ұлттық банкті базалық мөлшерлемесінен сүйене отырып анықталатын тәуекелсіз мөлшерлеме.".

      2. "Тарифтерді қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2019 жылғы 29 шілдедегі № 181/НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19117 болып тіркелген, 2019 жылғы 14 тамызда Нормативтік құқықтық актілердің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      Тарифтерді қалыптастыру қағидаларында:

      12-тармақ алып тасталсын;

      18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "18. Уақытша өтемдік тариф шешім қабылданған күнге Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық ставкасын ескере отырып бекітіледі.";

      23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "23. Уақытша өтемдік тарифтің қолданылу кезеңінде Субъект Заңға сәйкес жаңа тарифті бекітуге арналған өтініммен уәкілетті органның ведомствосына жүгіне алады.

      Бұл ретте жаңа тариф деңгейінің негіздемесіне қабылданған табыс Субъект өзінің реттеліп көрсетілетін қызметтерін тұтынушыларға өтеуін шегере отырып, шешім қабылданған күнге Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық ставкасын ескере отырып, негізсіз алынған табыс сомасына азайтылады.

      Инвестициялық бағдарламаны жүзеге асыратын және несиелік ұйымдардың заемдық қаражаттарын жұмылдыратын Субъект үшін, Субъектінің рейтингісімен тікелей байланысты міндеттемелер, инвестициялық бағдарламаны және (немесе) тарифтік сметаны орындамау нәтижесінде орын алған сомалар кіріс бөлігін кеміту арқылы тариф деңгейін өзгертуге өтінімді қарау сәтінде ескеріледі.

      Бұл ретте тарифтік сметада тарифтік сметаның және (немесе) инвестициялық бағдарламаның орындалмау сомасы жеке жолмен көрсетіледі.

      Уәкілетті органның ведомствосы Субъектінің жаңа тарифті бекітуге арналған өтінімін қарау кезінде уәкілетті органның ведомствосы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық ставкасын ескеру арқылы негізсіз кірістің сомасын айқындаған сәтте, оны жаңа тарифтің деңгейін негіздеу нәтижесінде қабылданған кірістен алып тастайды.

      Уәкілетті органның ведомствосы жаңа тарифті бекітуде және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық ставкасын ескеру арқылы негізсіз кірістің сомасын айқындауда бас тартса, уәкілетті органның ведомствосы уақытша өтемдік тарифті бекіту туралы шешім қабылдайды.";

      32-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "32. Негізсіз алынған табыстың түпкілікті сомасы шешім қабылдау күніне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық ставкасын ескере отырып, мынадай формула бойынша айқындалады:

      НТк=НТх(100+к), 100

      мұндағы:

      НТк – Субъектінің негізсіз алған табысы;

      НТк – базалық ставкасын ескере отырып, негізсіз алынған табыс сомасы, теңге;

      НТ – бұзушылықтардың түрлері бойынша негізсіз алынған табыстың жалпы сомасы;

      к – шешім қабылдаған күніне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық ставкасы, %.";

      101-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "101. Негізгі қорлардың тозу тәуекелі (rІn) келесі өрнектің көмегімен бағаланады:



      мұндағы:

      І – амортизациялық аударымдармен жабылмайтын, і-қызметке (жұмысқа) негізгі құралдарды қалпына келтіру үшін инвестицияларға қажеттілік (өтіп кеткен тозу);

      Zз – табиғи монополия субъектісінің инвестициялық жоспарына сәйкес реттеу кезеңінде і-қызметке (жұмысқа) негізгі құралдарды қалпына келтіруге бағытталған қарыз қаражатының көлемі;

      Zсуб – табиғи монополия субъектісінің инвестициялық жоспарына сәйкес жоспарланатын кезеңге арналған і-қызметке (жұмысқа) негізгі құралдарды қалпына келтіруге арналған мемлекеттік субсидиялардың орташа жылдық көлемі;

      Се – меншікті капиталдың құны;

      Сuі – негізгі құралдардың бастапқы және қалдық құнының айырмасы ретінде і-қызметке (жұмысқа) арналған негізгі құралдардың і-тобының жинақталған тозуы;

      tі – негізгі құралдардың і-тобының нормативтік қызмет мерзімі. Мұнда TNІ әр топтың ішіндегі орташа өлшенген шамалар ретінде анықталған.

      Тәуекелсіз ставка (rf) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық ставкасының деңгейіне тең қабылданады.";

      125-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "125. Кезең шығыстары тарифтің шығын бөлігінде былайша есептеледі:

      1) әкімшілік персоналдың еңбегіне ақы төлеуге арналған шығыстар Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму болжамының (инфляция) көрсеткіштерін ескере отырып, іс жүзіндегі саны, бірақ Субъект персоналының нормативтік санынан аспайтын және қолданыстағы тарифтерде қабылданған орташа айлық жалақысы негізге алына отырып айқындалады.

      Әкімшілік қызметкердің санын қысқарту нәтижесінде әкімшілік қызметкердің еңбегіне ақы төлеуге арналған шығыстар нақты үнемделген жағдайда, әкімшілік қызметкердің еңбегіне ақы төлеуге арналған шығыстар тарифте бұрын бекітілген тарифтік сметада көзделген мөлшерде ескеріледі, ал үнемдеу сомасын Субъект әкімшілік қызметкердің жалақысы деңгейін ұлғайтуға жібере алады.

      Субъектілер басшыларының, олардың орынбасарларының, бас (аға) бухгалтерлерінің және әкімшілік қызметкердің басқа да қызметкерлерінің лауазымдық айлықақылары бойынша шығындарға енгізілетін мемлекеттік кәсіпорындарды қоспағанда, субъектілердің әкімшілік қызметкерінің еңбегіне ақы төлеуге арналған шығыстар штат кестесіне сәйкес Субъект қызметкерлерінің он бес реттен аспайтын лауазымдық айлықақыларының ең жоғары және ең төменгі деңгейінің арасындағы ара қатынасты негізге ала отырып шектеледі.

      2) кезең шығыстарында ескерілетін міндетті сақтандыру түрлеріне, салыққа, алымдар мен төлемдерге арналған шығыстар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес белгіленген ставкаларға сәйкес анықталады;

      3) өндірістік емес сипаттағы негізгі құралдар мен материалдық емес активтердің амортизациялық аударымдары;

      4) өзге де әкімшілік шығыстар салалық ерекшеліктерді ескере отырып, растайтын құжаттар негізінде тарифтің шығын бөлігіне енгізіледі.

      Өзге әкімшілік шығыстарға консалтингтік, маркетингтік қызметтерге және мердігерлік тәсілмен жүргізілетін жөндеу жұмыстарына арналған шығыстар, аудиторлық қызметтерге (тек акционерлік қоғам нысанындағы субъектілер үшін) және басқа ұйымдар жүзеге асыратын салалық ерекшеліктерге байланысты басқа да қызметтерге арналған шығыстар, сондай-ақ іссапар шығыстары мен әкімшілік қызметкердің байланыс қызметтеріне арналған шығыстар, мерзімді баспа, қызметтік автокөлікті ұстау, ақпараттық, консультациялық қызметтер кіреді.

      Табиғатты қорғауға арналған шығыстар, табиғи ресурстарды пайдаланғаны үшін ақы басқа шығыстарға енгізіледі және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген ставкалар мен алымдар мөлшері ескеріле отырып айқындалады.

      Өндірістік қажеттілікке байланысты әкімшілік қызметкердің біліктілігін арттыруға арналған шығыстар осындай қажеттілікті растайтын құжаттарды ұсынған кезде кезең шығыстарында ескеріледі.

      Реттеліп көрсетілетін қызметтер шеңберінде өндірістің өнертапқыштық және рационализаторлығына байланысты шығыстар экономикалық негізделген материалдар болған кезде кезең шығыстарына енгізіледі;

      5) Субъектінің инвестициялық жобасын іске асыру үшін қарыз қаражаты үшін сыйақы төлеуге арналған шығыстар Субъект қарыз қаражатын тарту туралы жасалған шарттарды ұсынған кезде кезең шығыстарына қосылады және былайша айқындалады:

      инвестициялық жобаны іске асыру үшін ұлттық валютада алынатын қарыз қаражаты бойынша сыйақыларды төлеуге арналған шығыстар Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген базалық 2,5 еселенген ресми ставкасын қолдана отырып, есептелген сома шегінде тарифті есептеу кезінде ескеріледі;

      инвестициялық жобаны іске асыру үшін шетел валютасында алынған қарыз қаражаты бойынша сыйақы төлеуге арналған шығыстар Лондон банкаралық нарығының 4 еселенген ставкасын қолдана отырып, есептелген сома шегінде тарифті есептеу кезінде ескеріледі.

      Шетел валютасында алынған қарыз қаражаты үшін сыйақы Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму болжамының негізгі көрсеткіштері және Қазақстан Республикасының республикалық бюджетінің болжамды көрсеткіштері негізінде шетел валютасына теңге бағамының болжамды өзгеруін ескере отырып, тарифтің шығын бөлігі кезеңінің шығыстарында ескеріледі.

      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық ставкасы және Лондон банкаралық нарығының ставкасы Субъектінің тарифі мен тарифтік сметаларын бекіту жөнінде шешім қабылданған күні қолданылады.".

      3. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Телекоммуникациялар комитеті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрі
Б. Мусин

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі