БҰЙЫРАМЫН:
1. "Аң аулау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-03/157 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11091 болып тіркелген, 2015 жылғы 12 маусымда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Аңшылық шаруашылығында ұя салатын үйректердің аталығын, көктемгі аң аулауды жүргізу кезінде жыныстық жағынан өзгеруі анық байқалатын үйректердің аталық түрлерін олжалауды аңшы алдамшы үйрек немесе тұлып болған кезде жүзеге асырады.";
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Тұяқты жануарларды, қоңыр аюды олжалау аңшылық шаруашылығының тиісті субъектісі қорықшысының қатысуымен, ал резервтік қордың алқаптарында жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану жөніндегі мемлекеттік инспектордың қатысуымен жүргізіледі.";
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"12. Қасқырларды, шибөрiлердi, қарғаларды, сауысқандарды, тағандарды, қаңғыбас иттерді аулау (атып алу) кезінде жануарлар дүниесін пайдалануға берілген рұқсат талап етiлмейдi:
1) жануарлар дүниесін қорғауды жануарлар дүниесiн қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкiлеттi орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері және оның мамандандырылған ұйымдарының лауазымды адамдары, сондай-ақ аңшылық шаруашылығы субъектісінің қорықшылық қызметi қызметтік қаруды пайдалана және авиа-, автомото-, көлік құралдарын, оның ішінде қарда жүретін техниканы қолдана отырып жүзеге асырған;
2) жануарлардың басқа түрлерiн аулау (авиа-, автомото-, көлік құралдарын, оның ішінде қарда жүретін техниканы қолданбай) аң аулауға берілген жануарлар дүниесін пайдалану рұқсаты қолданылатын аңшылық шаруашылығы субъектісінің аумағында жүргізілген кезде жануарлар дүниесін пайдалануға берілген рұқсат талап етiлмейдi.";
11-қосымша осы Бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшыларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрдің м.а |
С. Брекешев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігі
Бұйрыққа қосымша
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрдің м.а. 2021 жылғы 2 сәуірдегі № 87 |
|
Аң аулау қағидаларына 11-қосымша |
|
Нысан |
Аң аулауды өткізу мерзiмдерi
Жануарлар түрлері | Аң аулау мерзiмдерi |
Су тышқан (ондатра) | 1 қазан - 15 ақпан |
Кәдiмгi тиiн | 20 қазан - 15 ақпан |
Жанат тектес ит, қарсақ, түлкi, бұлғын, құну, сарғыш күзен, ақ қалақ, ақкiс, сары күзен, сасық күзен, американ су күзенi, кәмшат (ортаазиялықтан басқасы), Сiлеусiн (түркістандықтан басқасы), жанат, қоян (құм қоян, ақ қоян, ор қоян) | 1 қараша - 15 ақпан (аң аулайтын ит түрлерімен және аушы жыртқыш құстармен қарсақ, түлкі және қоян аулау солтүстiк аймақта** 15 қазаннан бастап аулау) |
Зорман (сары тышқан) | ұйқыдан шыққаннан бастап - 30 сәуiрге дейін |
Суырлар* | 15 маусымнан бастап ұйқыға жатқанға дейін |
Шалшықшылар, жылқышы | 1 шілдеден бастап 30 қарашаға дейін (аталық жылқышыны көктемгі аулауға 1 наурыз - 30 сәуір кезеңінде 15 күнтізбелік күннен аспайтын мерзімге рұқсат етіледі) |
Бөдене, кептер, түркептер | 20 тамыздан бастап 30 қарашаға дейін (аң аулайтын иттермен және қыран құстармен 15 шілдеден бастап ұшып кеткенге дейін бөдене аулау) |
Маймаққаз, қаз*, қарашақаз, үйрек*, қасқалдақ | қыркүйектің алғашқы сенбісінен бастап 30 қарашаға солтүстік өңірлер бойынша**, 15 желтоқсанға дейін оңтүстік өңірлер бойынша*** (аталық үйректерді көктемгі аулауға 1 наурыз - 15 мамыр кезеңінде 15 күнтізбелік күннен аспайтын мерзімге рұқсат етіледі) |
Шiл (аққұр, тундралық, сұр, далашiлi, сақалдышiл), шіл | қыркүйектің алғашқы сенбісінен - 15 қарашаға дейін (аулайтын иттермен және аушы құстармен 15 тамыздан бастап) |
Құр | қыркүйектің алғашқы сенбісінен - 30 қарашаға дейін солтүстік аймақтар бойынша**, 15 желтоқсанға дейін оңтүстік аймақтар бойынша*** (аталық құрларды көктемгі аулауға1 наурыз - 5 мамыр кезеңінде 15 күнтізбелік күннен аспайтын мерзімге рұқсат етіледі) |
Қоңыраю (тянь-шаньаюынанбасқа) | қыркүйектің алғашқы сенбісінен - 30 қараша аталықтарымен қысыр қалған аналықтарын көктемгi аулауға 15 сәуір - 15 мамыр кезеңiнде 15 күнтізбелік күннен аспайтын мерзiмге рұқсат етiледi |
Борсық | қыркүйектің алғашқы сенбісінен - 31 желтоқсан |
Марал, аскания бұғысы, қабан, құдыр, бұлан | 1 қыркүйек - 31 желтоқсан |
Сібір елігі | 20 қыркүйектен бастап 31 желтоқсанға дейін (аталығына 1 тамыздан бастап) |
Сібір тау ешкісі | 1 қыркүйектен бастап 31 желтоқсанға дейін (аталығына 1 тамыздан бастап) |
Саңырау құр | 1 қазан - 30 қараша аталықтарын көктемгi аулауға 1 наурыз - 15 мамыр кезеңiнде 15 күнтiзбелiк күннен аспайтын мерзiмге рұқсат етіледi |
Гималай ұлары, кекiлiк | 1 қазан - 15 желтоқсан |
Құндыз | 15 қазан - 31 желтоқсан |
Қырғауыл | 15 қазан - 31 желтоқсан (аңаулайтын иттермен және аушы құстармен 1 қазаннан бастап) |
Ескертпе:
* - Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген түрлерден басқа.
** - солтүстік аймақ: Ақмола, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары, Қарағанды облысының Осакаров, Бұқар жырау, Нұра, Қарқаралы, Абай аудандары, Шығыс Қазақстан облысының Күршім, Көкпекті, Катонқарағай, Жарма, Ұлан, Абай, Зырян, Глубокое, Шемонаиха, Бородулиха, Бесқарағай аудандары, сондай-ақ Семей және Риддер қалаларының әкімшіліктеріне бағынысты жерлер.
*** - оңтүстік аймақ: Алматы, Атырау, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан облыстары, Қарағанды облысының Жаңаарқа, Шет, Ақтоғай, Ұлытау аудандары, Шығыс Қазақстан облысының Аягөз, Тарбағатай, Зайсан, Үржар аудандары.