"Шетелде азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу саласында мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2020 жылғы 12 маусымдағы № 11-1-4/192 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2021 жылғы 31 наурыздағы № 11-1-4/114 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 2 сәуірде № 22479 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Шетелде азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу саласында мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2020 жылғы 12 маусымдағы № 11-1-4/192 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2020 жылғы 15 маусымда № 20857 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2020 жылғы 17 маусымда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Шетелде азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларында:

      жоғарғы оң жақ бұрыш мынадай редакцияда жазылсын:

  "Қазақстан Республикасы
  Сыртқы істер министрінің
  2020 жылғы 12 маусымдағы №11-1-4/192 бұйрығымен бекітілген";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Баланың тууын мемлекеттік тіркеу туралы өтінішті осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес жазбаша нысанда көрсетілетін қызметті берушіге, немесе "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы электрондық түрде (қазақстандық үлгідегі неке қию туралы куәлігі бар, ата-анасы Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын баланың тууын тіркеу үшін) "Шетелде баланың тууын мемлекеттік тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көзделген қажетті құжаттармен қоса көрсетілетін қызметті берушіге ата-аналары немесе басқа да мүдделі адамдар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) баланы туған күннен бастап екі айдан кешіктірмей, ал бала өлі туған жағдайда, туу сәтінен бастап бес тәуліктен кешіктірмей береді.

      Өтініште баланың тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) Кодекстің 63 және 194-баптарындағы талаптарына сәйкес көрсетіледі.

      Құжаттарды қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті беруші "салыстыру үшін" белгісімен мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде көрсетілген құжаттардың көшірмелерін жасайды, содан кейін құжаттардың түпнұсқаларын көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады.

      Мемлекеттік қызмет көрсетудің жалпы мерзімі көрсетілетін қызметті берушіге өтініш берген кезде бес жұмыс күнін және портал арқылы өтініш берген кезде үш жұмыс күнін құрайды.

      Көрсетілетін қызметті алушы порталға жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсетуге сұрау салудың қабылдану мәртебесі туралы ақпарат, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін алу күні мен уақытын көрсетумен хабарлама көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жолданады.";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Көрсетілетін қызметті алушы тізімде көзделген құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес қабылдауды және өтініштерді есепке алу журналында тіркеуді жүзеге асырады және өтініш берушіге оны алған күні, қабылдаған адамның тегі, аты және әкесінің аты (бар болса) және құжаттар топтамасын қабылдау уақыты көрсетілген тіркеу туралы белгісі бар өтініш бланкісінің жыртып алынатын талонын береді.

      Көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде алынған құжаттардың осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігін тексереді және екі жұмыс күні ішінде деректерді "АХАЖ тіркеу пункті" ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі-АХАЖ АЖ) енгізеді. АХАЖ АЖ-ға қолжетімділік болмаған жағдайда көрсетілетін қызметті алушыдан қабылданған құжаттардың сканерленген нұсқаларын Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Консулдық қызмет департаментінің (бұдан әрі – ҚР СІМ КҚД) жауапты қызметкеріне деректерді АХАЖ АЖ-ға енгізу үшін электрондық пошта арқылы жібереді.

      АХАЖ АЖ-да мемлекеттік тіркелгеннен кейін көрсетілетін қызметті беруші актілік жазбаны екі данада басып шығарады және туу туралы куәлікті қалыптастырады.

      Бір жасқа толған және одан үлкен баланың тууын мемлекеттік тіркеу осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті беруші жасаған баланың тууын мемлекеттік тіркеу туралы қорытындының негізінде жүргізіледі.

      Шетелде баланың тууын мемлекеттік тіркеу туралы өтініш портал арқылы түскен кезде көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде алынған құжаттардың осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігін тексереді және келесі жұмыс күні ішінде деректерді АХАЖ АЖ-ға енгізеді. АХАЖ АЖ мемлекеттік тіркелгеннен кейін көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде актілік жазбаны екі данада басып шығарады және туу туралы куәлікті қалыптастырады.

      Туу туралы куәлікте көрсетілген мәліметтер осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша "Елтаңбалық бланкілерді беру" журналына (бұдан әрі - шығыс журналы) енгізіліп, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға туу туралы куәлікті немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту жөнінде дәлелді жауап береді.";

      14 және 15-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Егер бала туған кезде туған баланың ата-анасы бір-бірімен некеде тұрмаса (ерлі-зайыпты болмаса), көрсетілетін қызметті берушіге баланың тууын мемлекеттік тіркеу туралы өтінішпен бір мезгілде осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әке болуды анықтауға байланысты тууды мемлекеттік тіркеу туралы актілік жазбаға өзгерістер, толықтырулар енгізу туралы бірлескен өтініш беріледі және оған қоса берілетін құжаттардың дұрыс толтырылуы тексеруге жатады.

      Әке болуды анықтау фактісі тиісті өзгерістер, толықтырулар енгізу арқылы тууды мемлекеттік тіркеу туралы актілік жазбада көрсетіледі.

      15. АХАЖ АЖ-да бір мезгілде тууды мемлекеттік тіркеу және әке болуды анықтауға байланысты өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезінде туу туралы актілік жазбалар әке болуды анықтауға байланысты өзгерістер мен толықтырулар енгізуден кейін екі данада басып шығарылады және АХАЖ АЖ-да "белгілер үшін" деген бағанда тиісті ақпарат енгізіледі.

      Мұндай жағдайда баланың туу туралы куәлігі әке болуды анықтауға байланысты енгізілген өзгерістер, толықтырулар ескеріле отырып беріледі.";

      17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. Некеге отыратын (ерлі-зайыпты болатын) адамдар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге "Шетелде неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттік тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсетілген қажетті құжаттарды қоса бере отырып, осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес жазбаша нысанда, немесе порталға электрондық нысанда (Қазақстан Республикасының азаматтары арасындағы некені алғашқы тіркеу үшін) некеге тұру (ерлі-зайыпты болу) туралы өтініш береді.

      Кодекстің 11- бабында көрсетілген адамдар арасында неке қиюға (ерлі-зайыпты болуға) жол берілмейді.

      Құжаттарды қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті беруші "салыстыру үшін" белгісімен мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде көрсетілген құжаттардың көшірмелерін жасайды, содан кейін құжаттардың түпнұсқаларын көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады.

      Көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсетілетін қызметті алушы өтініш берген күннен бастап бір ай мерзім өткеннен кейін көрсетіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы порталға жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсетуге сұрау салудың қабылдану мәртебесі туралы ақпарат, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін алу күні мен уақытын көрсетумен хабарлама көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жолданады.";

      19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "19. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдайды және осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес өтініштердің есебін жүргізу журналына тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға өтініш бланкісінің жыртып алынатын талонын береді.

      Өтінішті қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті беруші неке қиюға (ерлі-зайыпты болуға) ниет білдірген адамдарға оны тіркеу тәртібі мен шарттарын, олардың болашақ ерлі-зайыптылар мен ата-аналар ретіндегі құқықтары мен міндеттерін, өзара келісім бойынша медициналық тексеру жүргізу құқығы туралы, сондай-ақ ерлі-зайыптылардың некедегі (ерлі-зайыптылықта) және ол бұзылған жағдайда мүліктік құқықтары мен міндеттерін айқындайтын неке шартын жасасу құқығы туралы түсіндіреді.

      Некеге тұруға (ерлі-зайыпты болуға) ниет білдірген адамдардың келісімі бойынша көрсетілетін қызметті беруші бір ай мерзім өткеннен кейін некені (ерлі-зайыптылықты) тіркеу уақытын (күнін және уақытын) белгілейді, бұл туралы өтініште белгі қойылады.

      Неке жасына толмаған адамдардың некесін қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу кезінде некеге отыруға (ерлі-зайыпты болуға) тілек білдірушілер және олардың ата-аналары не қамқоршылары неке (ерлі-зайыптылық) жасын төмендету қажеттілігін туындататын себептерді көрсете отырып және "Шетелде неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу" көрсетілетін мемлекеттік қызмет стандартында көрсетілген қажетті құжаттармен қоса, осы Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша неке (ерлі-зайыптылық) жасын төмендету туралы өтініш береді.

      Осы құжаттарды қарау нәтижелері бойынша Кодекстің 10-бабының 2-тармағында көрсетілген дәлелді себептер бар болса, көрсетілетін қызметті беруші неке (ерлі-зайыптылық) жасын төмендету туралы шешім қабылдайды, бұл туралы көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидаларға 13-қосымшаға сәйкес нысан бойынша неке (ерлі-зайыптылық) жасын төмендету туралы қорытынды жасайды.

      Көрсетілетін қызметті беруші күнтізбелік отыз күн ішінде алынған құжаттардың осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігін тексереді және неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеудің белгіленген күні АХАЖ АЖ-да мемлекеттік тіркеуді жүзеге асырады (АХАЖ АЖ-ға қолжетімділік болған кезде), екі данада актілік жазбаны басып шығарады және неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы куәлікті немесе бас тарту туралы дәлелді жауап береді.

      Өтінішті портал арқылы берген кезде көрсетілетін қызметті беруші үш жұмыс күні ішінде алынған құжаттардың осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігін тексереді және көрсетілетін қызметті алушыға некені тіркеу күні мен уақыты көрсетілген хабарламаны не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты жолдайды. Некені тіркеудің белгіленген күні көрсетілетін қызметті беруші АХАЖ АЖ-ға деректерді енгізеді және актілік жазбаны екі данада басып шығарады және неке қию туралы куәлікті қалыптастырады.";

      26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "26. Кәмелетке толмаған ортақ балалары жоқ ерлі-зайыптылардың (бұдан әрі-көрсетілетін қызметті алушы) өзара келісімі бойынша некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу туралы өтініш бір-біріне мүліктік даулар мен өзге де наразылықтар болмаған кезде осы Қағидаларға 14-қосымшаға сәйкес жазбаша нысанда немесе порталға электрондық нысанда (қазақстандық үлгідегі неке қию туралы куәлігі бар Қазақстан Республикасының азаматтары арасындағы некені бұзуды тіркеу үшін) беріледі. Ерлі-зайыптылардың біреуінің некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу туралы өтініші (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) Қазақстан Республикасы сотының жұбайын хабар – ошарсыз кетті, әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп тану туралы заңды күшіне енген шешімі, сондай-ақ қылмыс жасағаны үшін жұбайын кемінде үш жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға соттау туралы Қазақстан Республикасы сотының үкімі негізінде осы Қағидаларға 15-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті берушіге "Шетелде некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көрсетілген қажетті құжаттарды қоса береді.

      Құжаттарды қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті беруші "салыстыру үшін" белгісімен мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде көрсетілген құжаттардың көшірмелерін жасайды, содан кейін құжаттардың түпнұсқаларын көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды бірлескен өтініш берген күннен бастап бір ай мерзім өткеннен кейін көрсетіледі.

      Хабар-ошарсыз кеткен, әрекетке қабілетсіз деп танылған немесе қылмыс жасағаны үшін кемінде үш жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталған адаммен некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу екінші жұбайының көрсетілетін қызметті берушіден қамаудағы не әрекетке қабілетсіз жұбайының қорғаншысынан немесе хабар-ошарсыз кеткен деп танылған жұбайының мүлкіне қорғаншыдан хабарлама алған күннен бастап қырық бес күн мерзім өткен соң жүзеге асырылады.

      Көрсетілетін қызметті алушы порталға жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсетуге сұрау салудың қабылдану мәртебесі туралы ақпарат, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін алу күні мен уақытын көрсетумен хабарлама көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жолданады.";

      28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "28. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы өтінішті қабылдауды және осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес өтініштерді есепке алу журналында тіркеуді жүзеге асырады, онда көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), өтінішті қабылдау күні, некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу үшін тағайындалған күні, сондай-ақ кейіннен некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы актілік жазбаның нөмірі көрсетіледі.

      Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы өтініш тіркелгеннен кейін көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға өтініш бланкісінің жыртып алынатын талонын береді.

      Көрсетілетін қызметті беруші күнтізбелік отыз күн ішінде алынған құжаттардың осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігін тексереді және некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеудің белгіленген күні АХАЖ АЖ-да мемлекеттік тіркеуді жүзеге асырады (АХАЖ АЖ-ға қолжетімділік болған кезде), екі данада актілік жазбаны басып шығарады және некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы куәлікті не бас тарту туралы дәлелді жауапты қалыптастырады.

      Өтінішті портал арқылы берген кезде көрсетілетін қызметті беруші үш жұмыс күні ішінде алынған құжаттардың осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігін тексереді және көрсетілетін қызметті алушыға некені бұзу күні мен уақыты көрсетілген хабарламаны не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты жолдайды. Некені бұзудың белгіленген күні көрсетілетін қызметті беруші ерлі-зайыптылардың екеуінің қатысуымен АХАЖ АЖ-ға деректерді енгізеді, актілік жазбаны екі данада басып шығарады және некені бұзу туралы куәлікті қалыптастырады.";

      36-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "36. Атын, әкесінің атын (бар болса), тегін ауыстыру туралы өтінішті жеке тұлғалар (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге осы Қағидаларға 16-қосымшаға сәйкес жазбаша нысанда немесе "Шетелде атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды мемлекеттік тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында (бұдан әрі-мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсетілген қажетті құжаттарды қоса бере отырып, порталға (Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары жүргізген некенің (ерлі-зайыптылықтың) бұзылуына байланысты некеге дейінгі тегін беру үшін) электрондық нысанда береді.

      Құжаттарды қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті беруші "салыстыру үшін" белгісімен мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде көрсетілген құжаттардың көшірмелерін жасайды, содан кейін құжаттардың түпнұсқаларын көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады.

      Мемлекеттік қызмет көрсетудің жалпы мерзімі күнтізбелік отыз күнді құрайды, қосымша зерделеу немесе тексеру жүргізу қажет болған жағдайда қызмет көрсету мерзімі күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімге ұзартылады. Порталға жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі бес жұмыс күнін құрайды.

      Көрсетілетін қызметті алушы порталға жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсетуге сұрау салудың қабылдану мәртебесі туралы ақпарат, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін алу күні мен уақытын көрсетумен хабарлама көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жолданады.";

      38-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "38. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші атын, әкесінің атын (бар болса), тегін ауыстыру туралы өтінішті қабылдауды және осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес өтінішті есепке алу журналында тіркеуді жүзеге асырады және көрсетілетін қызметті алушыға өтініш бланкісінің жыртылып алынатын талонын береді.

      Атын, әкесінің атын (бар болса), тегін ауыстыру туралы өтініш тіркелгеннен кейін көрсетілетін қызметті беруші күнтізбелік отыз күн ішінде ұсынылған құжаттардың осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігін қарауды және талдауды жүзеге асырады және осы Қағидаларға 17-қосымшаға сәйкес нысан бойынша атын, әкесінің атын (бар болса), тегін ауыстыру туралы қорытынды жасайды, оны көрсетілетін қызметті берушінің басшысы бекітеді. Қорытынды бекітілгеннен кейін көрсетілетін қызметті беруші АХАЖ АЖ-да атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды мемлекеттік тіркеуді жүргізеді (АХАЖ АЖ-да қол жетімділік болған кезде), содан кейін актілік жазбаны екі данада басып шығарады және атын, әкесінің атын (бар болса), тегін ауыстыру туралы куәлікті қалыптастырады.

      Атын, әкесінің атын (бар болса), тегін ауыстыру туралы куәлікте көрсетілген мәліметтер шығыстар журналына енгізіледі, одан кейін куәлік немесе бас тарту туралы дәлелді жауап беріледі.

      Өтінішті портал арқылы берген кезде көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде алынған құжаттардың осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігін тексереді және келесі жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алу күнін көрсете отырып хабарлама жібереді. Екі жұмыс күні ішінде атын, әкесінің атын (бар болса), тегін ауыстыру туралы қорытынды жасайды, оны көрсетілетін қызметті берушінің басшысы бекітеді, деректерді АХАЖ АЖ-ға енгізеді және актілік жазбаны екі данада басып шығарады және тегін, атын, әкесінің атын ауыстыру туралы куәлікті қалыптастырады.";

      43-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "43. Қайтыс болу туралы өтінішті осы Қағидаларға 18-қосымшаға сәйкес Кодекстің 270, 273-баптарында көрсетілген адамдар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) "Шетелде қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында (бұдан әрі-мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсетілген қажетті құжаттармен қоса, жазбаша нысанда көрсетілетін қызметті берушіге немесе порталға электрондық нысанда береді.

      Құжаттарды қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті беруші "салыстыру үшін" белгісімен мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде көрсетілген құжаттардың көшірмелерін жасайды, содан кейін құжаттардың түпнұсқаларын көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады.

      Мемлекеттік қызмет көрсетудің жалпы мерзімі көрсетілетін қызметті берушіге өтініш берген кезде үш жұмыс күнін, портал арқылы өтініш берген кезде бір жұмыс күнін құрайды.

      Көрсетілетін қызметті алушы порталға жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсетуге сұрау салудың қабылдану мәртебесі туралы ақпарат, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін алу күні мен уақытын көрсетумен хабарлама көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жолданады.";

      45-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "45. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдауды және осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес өтініштерді есепке алу журналында тіркеуді жүзеге асырады және өтініш берушіге оны алған күні, қабылдаған адамның тегі, аты және әкесінің аты (бар болса) және құжаттар топтамасын қабылдау уақыты көрсетілген тіркеу туралы белгісі бар өтініш бланкісінің жыртып алынатын талонын береді.

      Көрсетілетін қызметті беруші екі жұмыс күні ішінде алынған құжаттардың осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігін тексереді және деректерді АХАЖ АЖ-ға енгізеді. АХАЖ АЖ-ға қолжетімділік болмаған жағдайда көрсетілетін қызметті алушыдан қабылданған құжаттардың сканерленген нұсқаларын ҚР СІМ КҚД жауапты қызметкеріне деректерді АХАЖ АЖ-ға енгізу үшін электрондық пошта арқылы жібереді.

      "Белгілер үшін" деген бағанда АХАЖ АЖ-да көрсетілетін қызметті алушының туыстық дәрежесі немесе Кодекстің 273-бабында көрсетілген адамдардың санаты, сондай-ақ Кодекстің 270-бабына сәйкес қайтыс болған адамның құжаттарын (жеке куәлігін, ұлттық паспортын және әскери билетін) алу туралы мәліметтер мен деректемелері көрсетіледі, олар кейіннен тиісті органдарға жіберіледі.

      Егер қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу адамды қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімінің негізінде жүргізілген жағдайда, ол қайтыс болған күні қайтыс болу туралы актілік жазбада сот шешімінің заңды күшіне енген күні немесе сот шешімімен белгіленген күн көрсетіледі.

      АХАЖ АЖ-да мемлекеттік тіркеуден кейін көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде актілік жазбаны екі данада басып шығарады және қайтыс болу туралы куәлікті немесе бас тарту туралы дәлелді жауапты қалыптастырады.

      Өтінішті портал арқылы берген кезде көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде алынған құжаттардың осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігін тексереді, көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алу күнін көрсете отырып хабарлама жібереді, деректерді АХАЖ АЖ енгізеді, актілік жазбаны екі данада басып шығарады және қайтыс болу туралы куәлікті қалыптастырады.

      Қайтыс болу туралы куәлік Кодекстің 273-бабында көрсетілген адамдарға беріледі.

      Қайтыс болу туралы куәлікте көрсетілген мәліметтер шығыстар журналына енгізіледі, содан кейін өтініш берушіге куәлік беріледі.";

      1, 2, 3, 4, 5 қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2, 3, 4, 5 қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Цифрландыру департаменті:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрі
М. Тілеуберді

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Әділет министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасы
  Сыртқы істер министрінің
  2021 жылғы 31 наурыздағы
  № 11-1-4/114
  Бұйрыққа 1-қосымша
  Шетелде азаматтық хал
  актілерін тіркеу саласында
  Мемлекеттік қызметтерді
  көрсету қағидаларға
  №1-қосымша

"Шетелде баланың тууын мемлекеттік тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші)

2

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері (қол жеткізу арналары)

1) көрсетілетін қызметті беруші арқылы;
2) қазақстандық үлгідегі неке қию туралы куәлігі бар, ата-анасы Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын баланың тууын тіркеу кезінде – "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:

Жеке тұлғалар (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап – 5 (бес) жұмыс күні.
Порталға жүгінген кезде – 3 (үш) жұмыс күні.

4

Мемлекеттік қызмет көрсету түрі

Электронды (ішінара автоматтандырылған) / қағаз түрінде

5

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

Туу туралы куәлік немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.

6

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу әдісі

Көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызмет "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық Кодексі)" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне және "Шет мемлекеттің аумағындағы консулдық іс-әрекеттер үшін консулдық алым ставкаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2019 жылғы 20 мамырдағы № 11-1-4/227 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18702 болып тіркелген) сәйкес консулдық алым мөлшерлемелері бойынша ақылы негізде көрсетіледі.
Консулдық алымды төлеу қолма-қол ақшамен немесе қолма-қол ақшасыз екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының белгілі бір түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы жүзеге асады.

7

Жұмыс кестесі

1) көрсетілетін мемлекеттік қызметті берушінің - Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек Кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін. Құжаттарды қабылдауды көрсетілетін қызметті беруші сағат 09.30-дан 12.30-ға дейін, ал мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беруді сағат 16.00-ден 17.00-ге дейін жүзеге асырады. Сәрсенбі – қабылдамайтын күн.
2) порталдың – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Кодекске сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

8

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет үшін қажетті құжаттар тізбесі

Баланың тууын тіркеу үшін екі ай ішінде, ал бала өлі туылған жағдайда – туған сәттен бастап бес тәуліктен кешіктірмей, көрсетілетін қызметті берушіге мыналарды беру қажет:
Көрсетілетін қызметті берушіге:
1) Шетелде азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу саласында мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидаларының (бұдан әрі - Қағидалар) 6-қосымшасына сәйкес баланың тууын мемлекеттік тіркеу туралы өтініш;
2) ата-анасының жеке басын куәландыратын құжаттар (салыстыру үшін);
3) көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген жағдайда нотариалды куәландырылған сенімхат;
4) егер баланың ата-анасының бірі шет мемлекеттің азаматы болып табылса, қазақстандық үлгідегі куәлік алуға нотариалды расталған келісім;
5) егер ата-анасының біреуі шет мемлекеттің азаматы болып табылса, құжаттың мемлекеттік немесе орыс тіліне нотариалды расталған аудармасы;
6) ата-анасының неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы куәлігінің көшірмесі (салыстыру үшін);
7) баланың туу туралы медициналық куәлігі немесе баланың туу фактісін анықтау туралы сот шешімінің көшірмесі не туу туралы куәліктің түпнұсқасы (салыстыру үшін) не баланың туу туралы актілік жазбаның көшірмесі;
8) консулдық алымның төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы.
Баланың тууын тіркеу мерзімі бұзылған жағдайда ата-аналардың еркін түрде жазылған жазбаша түсініктемесі қосымша ұсынылады.
Әке болуды анықтаумен байланысты туу туралы акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар енгізу қажет болған жағдайда:
1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес әкелікті анықтауға байланысты тууды мемлекеттік тіркеу туралы актілік жазбаға өзгерістер, толықтырулар енгізу туралы өтініш;
2) консулдық алымның төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы.
Порталға (қазақстандық үлгідегі неке қию туралы куәлігі бар, ата-анасы Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын баланың тууын тіркеу кезінде):
1) көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған Қазақстан Республикасында тіркелген азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтерді көрсете отырып, баланың тууын шетелде мемлекеттік тіркеу туралы электрондық өтініш;
2) туу туралы медициналық куәліктің не шетелдік үлгідегі туу туралы куәліктің электрондық көшірмесі не туу туралы актілік жазбаның немесе баланың туу фактісін анықтау туралы сот шешімінің көшірмесі;
3) консулдық алым төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі.
Шет мемлекеттің құзыретті мекемесі не оған арнайы уәкілетті тұлға өз құзыреті шегінде және белгіленген нысан бойынша берген немесе куәландырған шет мемлекеттің елтаңбалы мөрімен бекітілген құжаттар арнайы куәлік (заңдастыру немесе апостильдеу) рәсімінен өткеннен кейін ғана қабылданады (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің 1993 жылғы 31 наурыздағы қаулысымен ратификацияланған, 1993 жылғы 22 қаңтарда Минск қаласында жасалған Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы конвенцияға және Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 10 наурыздағы Заңымен ратификацияланған, 2002 жылғы 7 қазанда Кишинев қаласында жасалған Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы конвенцияға қатысушы елдер үшін талап етілмейді).
Қазақстан Республикасынан тыс тиісті шет мемлекеттің тілінде берілген құжаттар мемлекеттік немесе орыс тіліне аударылуға жатады.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту негіздері

1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) анық еместігінің белгілі болуы;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған деректердің және мәліметтердің осы Қағидалардың 2-тараудағы талаптарына сәйкес келмеуі.

10

Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметтерінің байланыс телефондары www.​gov.​kz интернет-ресурсында "Мемлекеттік көрсетілетін қызмет" бөлімінде көрсетілген, мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының нөмірі – 1414, 8 800 080 7777.

  Бұйрыққа 2-қосымша
  Шетелде азаматтық хал
  актілерін мемлекеттік тіркеу
  саласында мемлекеттік қызметтерді
  көрсету қағидаларға
  № 2-қосымша

"Шетелде неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші)

2

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері (қол жеткізу арналары)

1) көрсетілетін қызметті беруші арқылы;
2) Қазақстан Республикасының азаматтары арасындағы некені алғашқы тіркеу кезінде -www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:

1) жеке тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап қызмет көрсету мерзімі – бір ай өткен соң;
2) некеге отыратын (ерлі-зайыпты болатын) адамдардың бірлескен өтініші бойынша тиісті құжаттармен расталған ерекше мән-жайлар (жүктілік, бала туу, тараптардың бірінің өміріне тікелей қатер төнген және басқа да ерекше мән-жайлар) болған кезде көрсетілетін қызметті беруші неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу орны бойынша бір ай өткенге дейін неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) тағайындайды не көрсетілетін қызметті алушылардың жазбаша өтініші негізінде бұл мерзімді бір айдан асырмай ұзартады;
3) ерекше мән-жайлар (жүктілік, бала туу, тараптардың бірінің өміріне тікелей қауіп төнген және басқа да ерекше мән-жайлар) болған кезде некеге отыратын (ерлі-зайыпты болатын) адамдардың қалауы бойынша неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеудің себептері және растайтын құжаттарын міндетті түрде көрсете отырып, өтініш берілген күні жүргізіледі.

4

Мемлекеттік қызмет көрсету түрі

Электронды (ішінара автоматтандырылған) / қағаз түрінде

5

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

Неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы куәлік немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.

6

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу әдісі

Көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызмет "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық Кодексі)" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне және "Шет мемлекеттің аумағындағы консулдық іс-әрекеттер үшін консулдық алым ставкаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2019 жылғы 20 мамырдағы № 11-1-4/227 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18702 болып тіркелген) сәйкес консулдық алым мөлшерлемелері бойынша ақылы негізде көрсетіледі.
Консулдық алымды төлеу қолма-қол ақшамен немесе қолма-қол ақшасыз екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының белгілі бір түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы жүзеге асырылады.

7

Жұмыс кестесі

1) көрсетілетін мемлекеттік қызметті берушінің - Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек Кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін. Құжаттарды қабылдауды көрсетілетін қызметті беруші сағат 09.30-дан 12.30-ға дейін, ал мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беруді сағат 16.00-ден 17.00-ге дейін жүзеге асырады. Сәрсенбі – қабылдамайтын күн.
2) порталдың – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Кодекске сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

8

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет үшін қажетті құжаттар тізбесі

Неке жасына жеткен адамдар көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде:
1) шетелде азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу саласында мемлекеттік қызмет көрсету Қағидаларына (бұдан әрі - Қағида) 11-қосымшаға сәйкес некеге тұру (ерлі-зайыпты болу) туралы өтініш;
2) некеге отыратын (ерлі-зайыпты болатын) адамдардың жеке басын куәландыратын құжаттар (салыстыру үшін);
3) Қазақстан Республикасының азаматы мен шетелдіктің некесін тіркеу кезінде, жеке басын куәландыратын құжаттарды ұсынумен қатар, құжат мәтінінің қазақ немесе орыс тілдеріндегі нотариалды куәландырылған аудармасы ұсынылады;
4) некеге тұрушылардың (ерлі-зайыпты болушылардың) некеге құқықтық қабілеттілігі туралы уәкілетті органдар берген анықтамалар;
5) бұрынғы некенің тоқтатылғанын растайтын құжат (бар болса): некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы куәлік немесе заңды күшіне енгені туралы белгісі бар некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы сот шешімі, жұбайының қайтыс болуы туралы куәлік не некені жарамсыз деп тану туралы сот шешімі, ерлі-зайыптылардың бірін қайтыс болды деп жариялау немесе хабар-ошарсыз кетті деп тану (салыстыру үшін);
6) консулдық алымның төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген некені (ерлі-зайыптылықты) тіркеу мерзімін қысқарту немесе ұзарту қажет болған кезде мерзімді қысқарту немесе ұзарту негіздерін растайтын құжат: жүктілік туралы дәрігерлік-біліктілік комиссияның анықтамасы, денсаулық жағдайы туралы анықтама, баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі, басқа да ерекше жағдайларды растайтын қосымша құжаттар ұсынылады.
Егер некеге (ерлі-зайыптылыққа) жасы толмаған адамдар тұрса, қосымша:
1) неке (ерлі-зайыптылық) жасын төмендету туралы өтінішті Қағидалардың 12-қосымшасына сәйкес нысан бойынша ата-аналар не қорғаншылар (қамқоршылар) неке (ерлі-зайыптылық) жасын төмендету қажеттілігін туындататын себептерді көрсете отырып және осы мемлекеттік қызмет стандартында көрсетілген қажетті құжаттармен қоса береді;
2) неке (ерлі-зайыптылық) жасын төмендету себептерін растайтын құжаттар (жүктілік туралы дәрігерлік-біліктілік комиссиясының анықтамасы, баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі, кәмелетке толмаған ата-анасының туу туралы куәлігінің көшірмесі, кәмелетке толмағандардың ата-анасының неке қию/некені бұзу туралы куәлігінің көшірмесі, кәмелетке толмағандардың ата-анасының және кәмелетке толмаған азаматтардың өздерінің жеке басын куәландыратын құжаттар);
3) некеге отыратын (ерлі-зайыпты болатын) адамдардың заңды өкілдерінің келісімі);
4) кәмелетке толмаған ата-анасының туу туралы куәлігі, кәмелетке толмағандардың ата-анасының неке қию/ некені бұзу туралы куәлігі, кәмелетке толмағандардың ата-анасының және кәмелетке толмаған азаматтардың өздерінің жеке басын куәландыратын құжаттары) (салыстыру үшін).
Порталға (Қазақстан Республикасының азаматтары арасындағы некені алғашқы тіркеу кезінде):
1) көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған некеге отыру (ерлі-зайыпты болуы) туралы электрондық өтініш;
2) консулдық алым төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі.
Шет мемлекеттің құзыретті мекемесі не оған арнайы уәкілетті тұлға өз құзыреті шегінде және белгіленген нысан бойынша берген немесе куәландырған шет мемлекеттің елтаңбалы мөрімен бекітілген құжаттар арнайы куәлік (заңдастыру немесе апостильдеу) рәсімінен өткеннен кейін ғана қабылданады (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің 1993 жылғы 31 наурыздағы қаулысымен ратификацияланған, 1993 жылғы 22 қаңтарда Минск қаласында жасалған Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы конвенцияға және Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 10 наурыздағы Заңымен ратификацияланған, 2002 жылғы 7 қазанда Кишинев қаласында жасалған Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы конвенцияға қатысушы елдер үшін талап етілмейді).
Қазақстан Республикасынан тыс тиісті шет мемлекеттің тілінде берілген құжаттар мемлекеттік немесе орыс тіліне аударылуға жатады.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту негіздері

1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) анық еместігінің белгілі болуы;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған деректердің және мәліметтердің осы Қағидалардың 3-тарауындағы талаптарға сәйкес келмеуі.

10

Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметтерінің байланыс телефондары www.​gov.​kz интернет-ресурсында "Мемлекеттік көрсетілетін қызмет" бөлімінде көрсетілген, мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының нөмірі – 1414, 8 800 080 7777.

  Бұйрыққа 3-қосымша
  Шетелде азаматтық хал
  актілерін мемлекеттік тіркеу
  саласында мемлекеттік қызметтерді
  көрсету қағидаларға
  3-қосымша

"Шетелде некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші)

2

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері (қол жеткізу арналары)

1) көрсетілетін қызметті беруші арқылы;
2) кәмелетке толмаған балалары жоқ ерлі - зайыптылардың өзара келісімі бойынша некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу кезінде -www.egov.kz"электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:

1) жеке тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) көрсету мерзімі бірлескен өтініш берген күннен бастап бір ай мерзім өткен соң;
2) хабар-ошарсыз кеткен, әрекетке қабілетсіз деп танылған немесе қылмыс жасағаны үшін кемінде үш жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталған адаммен некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу екінші жұбайының көрсетілетін қызметті берушіден қамаудағы не әрекетке қабілетсіз жұбайының қорғаншысынан немесе хабар-ошарсыз кеткен деп танылған жұбайының мүлкіне қорғаншыдан хабарлама алған күннен бастап қырық бес күн мерзім өткен соң жүзеге асырылады.
3) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 8-тармағында белгіленген құжаттарды қосымша тексеру қажет болған кезде көрсетілетін қызметті алушыны қарау мерзімі ұзартылған сәттен бастап күнтізбелік 3 (үш) күн ішінде хабардар ете отырып, қызмет көрсету мерзімі күнтізбелік 30 (отыз) күннен аспайтын мерзімге ұзартылады.

4

Мемлекеттік қызмет көрсету түрі

Электронды (ішінара автоматтандырылған) / қағаз түрінде

5

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы куәлік немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.

6.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу әдісі

Көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызмет "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық Кодексі)" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне және "Шет мемлекеттің аумағындағы консулдық іс-әрекеттер үшін консулдық алым ставкаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2019 жылғы 20 мамырдағы № 11-1-4/227 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18702 болып тіркелген) сәйкес консулдық алым мөлшерлемелері бойынша ақылы негізде көрсетіледі.
Консулдық алымды төлеу қолма-қол ақшамен немесе қолма-қол ақшасыз екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының белгілі бір түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы жүзеге асырылады.

7

Жұмыс кестесі

1) көрсетілетін мемлекеттік қызметті берушінің - Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек Кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін. Құжаттарды қабылдауды көрсетілетін қызметті беруші сағат 09.30-дан 12.30-ға дейін, ал мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беруді сағат 16.00-ден 17.00-ге дейін жүзеге асырады. Сәрсенбі – қабылдамайтын күн.
2) порталдың – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Кодекске сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

8

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет үшін қажетті құжаттар тізбесі

Көрсетілетін қызметті берушіге:
Кәмелетке толмаған балалары жоқ ерлі-зайыптылардың өзара келісімі бойынша некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу үшін:
1) шетелде азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу саласында мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына (бұдан әрі-Қағидалар) 14-қосымшаға сәйкес некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу туралы өтініш);
2) некені (ерлі-зайыптылықты) бұзған адамдардың жеке басын куәландыратын құжаттар (салыстыру үшін);
3) неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы куәлік;
4) консулдық алымның төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы.
Хабар-ошарсыз кеткен немесе әрекетке қабілетсіз деп танылған адамдармен не қылмыс жасағаны үшін кемінде үш жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталған адамдармен сот шешімі негізінде некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу үшін:
1) осы Қағидаларға 15-қосымшаға сәйкес жұбайын хабар-ошарсыз кеткен, әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеттілігі шектеулі деп тану туралы заңды күшіне енген Қазақстан Республикасының сот шешімінің, сондай-ақ қылмыс жасағаны үшiн кемiнде үш жыл мерзiмге бас бостандығынан айыруға сотталғаны туралы Қазақстан Республикасының сот үкімінің негізінде жұбайлардың бірінің некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу туралы өтініші;
2) көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (салыстыру үшін);
3) жұбайын хабар-ошарсыз кеткен немесе әрекетке қабілетсіз деп тану не қылмыс жасағаны үшін кемінде үш жыл мерзімге бас бостандығынан айыру туралы соттың заңды күшіне енген сот шешімі немесе сот үкімі (салыстыру үшін);
4) неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы куәлік;
5) консулдық алымның төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы.
Порталға (кәмелетке толмаған балалары жоқ ҚР азаматтарының, ерлі-зайыптылардың өзара келісімі бойынша некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу кезінде):
1) көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған Қазақстан Республикасында тіркелген азаматтық хал актілерін тіркеу туралы мәліметтерді көрсете отырып, некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу туралы электрондық өтініш;
2) консулдық алым төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі. Шет мемлекеттің құзыретті мекемесі не оған арнайы уәкілетті тұлға өз құзыреті шегінде және белгіленген нысан бойынша берген немесе куәландырған шет мемлекеттің елтаңбалы мөрімен бекітілген құжаттар арнайы куәлік (заңдастыру немесе апостильдеу) рәсімінен өткеннен кейін ғана қабылданады (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің 1993 жылғы 31 наурыздағы қаулысымен ратификацияланған, 1993 жылғы 22 қаңтарда Минск қаласында жасалған Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы конвенцияға және Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 10 наурыздағы Заңымен ратификацияланған, 2002 жылғы 7 қазанда Кишинев қаласында жасалған Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы конвенцияға қатысушы елдер үшін талап етілмейді).
Қазақстан Республикасынан тыс тиісті шет мемлекеттің тілінде берілген құжаттар мемлекеттік немесе орыс тіліне аударылуға жатады.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту негіздері

1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) анық еместігінің белгілі болуы;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған деректердің және мәліметтердің осы Қағидалардың 4-тараудағы талаптарына сәйкес келмеуі.

10

Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметтерінің байланыс телефондары www.​gov.​kz интернет-ресурсында "Мемлекеттік көрсетілетін қызмет" бөлімінде көрсетілген, мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының нөмірі – 1414, 8 800 080 7777.

  Бұйрыққа 4-қосымша
  Шетелде азаматтық хал
  актілерін мемлекеттік тіркеу
  саласында мемлекеттік қызметтерді
  көрсету қағидаларға
  4-қосымша

"Шетелде атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды мемлекеттіктіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші)

2

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері (қол жеткізу арналары)

1) көрсетілетін қызметті беруші арқылы;
2) некенің (ерлі-зайыптылықтың) бұзылуына байланысты некеге дейінгі тегін беру кезде -www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:

Жеке тұлғаның (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) құжаттар топтамасын тапсырған күнінен бастап көрсету мерзімі – күнтізбелік 30 (отыз) күн, қосымша зерделеу немесе тексеру жүргізу қажет болған кезде қызмет көрсету мерзімі күнтізбелік 30 (отыз) күннен аспайтын мерзімге ұзартылады;
Порталға жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі 5 (бес) жұмыс күнін құрайды.

4

Мемлекеттік қызмет көрсету түрі

Электронды (ішінара автоматтандырылған) / қағаз түрінде

5

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

Тегін, атын, әкесінің атын (бар болса) ауыстыру туралы куәлік немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде

6

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу әдісі

Көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызмет "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық Кодексі)" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне және "Шет мемлекеттің аумағындағы консулдық іс-әрекеттер үшін консулдық алым ставкаларын бекіту туралы"Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2019 жылғы 20 мамырдағы № 11-1-4/227 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18702 болып тіркелген) сәйкес консулдық алым мөлшерлемелері бойынша ақылы негізде көрсетіледі.
Консулдық алымды төлеу қолма-қол ақшамен немесе қолма-қол ақшасыз екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының белгілі бір түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы жүзеге асырылады.

7

Жұмыс кестесі

1) көрсетілетін мемлекеттік қызметті берушінің - Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек Кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін. Құжаттарды қабылдауды көрсетілетін қызметті беруші сағат 09.30-дан 12.30-ға дейін, ал мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беруді сағат 16.00-ден 17.00-ге дейін жүзеге асырады. Сәрсенбі – қабылдамайтын күн.
2) порталдың – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Кодекске сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

8

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет үшін қажетті құжаттар тізбесі

Көрсетілетін қызметті берушіге:
1) шетелде азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу саласында мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына (бұдан әрі - Қағидалар) 16-қосымшаға сәйкес атын, әкесінің атын (бар болса), тегін ауыстыруды мемлекеттік тіркеу туралы өтініш;
2) көрсетілетін қызметті алушының туу туралы куәлігі (салыстыру үшін);
3) егер көрсетілетін қызметті алушы некеде тұрса (ерлі-зайыпты болса) неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы куәлік (салыстыру үшін);
4) егер көрсетілетін қызметті алушыда кәмелетке толмаған балалары бар болса, баланың туу туралы куәлігі (салыстыру үшін);
5) бала асырап алу туралы сот шешімі (немесе бала асырап алу туралы куәлік) немесе егер оларды тіркеуші органдар тіркеген болса, әке болуды анықтау туралы куәлік (салыстыру үшін);
6) егер көрсетілетін қызметті алушы некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуға байланысты оған некеге дейінгі тегін беру туралы өтініш жасаса, некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы куәлік (салыстыру үшін);
7) көрсетілетін қызметті алушының 3х4 см көлеміндегі екі фотосуреті;
8) атын, әкесінің атын және тегін ауыстыру себептерін түсіндіре отырып, көрсетілетін қызметті алушының өз қолымен жазған толық өмірбаяны;
9) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі немесе паспорты (әскери қызметшілерге – жеке басын куәландыратын құжат, ал он алты жасқа толған және паспорт алмаған адамдарға – туу туралы куәлік) (салыстыру үшін), шетел азаматтары үшін мемлекеттік не орыс тіліне нотариалды куәландырылған аудармасымен шетелдік үлгідегі паспорт (салыстыру үшін);
10) консулдық алымның төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы;
11) қажет болған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының атын, әкесінің атын (бар болса), тегін ауыстыруды өтінуіне байланысты себептерді растайтын қосымша құжаттарды талап етеді.
Порталға (некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуға байланысты некеге дейінгі тегін беру кезінде):
1) көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған Қазақстан Республикасында тіркелген азаматтық хал актілерін тіркеу туралы мәліметтерді көрсете отырып, атын, әкесінің атын (бар болса), тегін ауыстыруды мемлекеттік тіркеу туралы электрондық өтініш;
2) консулдық алым төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі.
Шет мемлекеттің құзыретті мекемесі не оған арнайы уәкілетті тұлға өз құзыреті шегінде және белгіленген нысан бойынша берген немесе куәландырған шет мемлекеттің елтаңбалы мөрімен бекітілген құжаттар арнайы куәлік (заңдастыру немесе апостильдеу) рәсімінен өткеннен кейін ғана қабылданады (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің 1993 жылғы 31 наурыздағы қаулысымен ратификацияланған, 1993 жылғы 22 қаңтарда Минск қаласында жасалған Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы конвенцияға және Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 10 наурыздағы Заңымен ратификацияланған, 2002 жылғы 7 қазанда Кишинев қаласында жасалған Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы конвенцияға қатысушы елдер үшін талап етілмейді).
Қазақстан Республикасынан тыс тиісті шет мемлекеттің тілінде берілген құжаттар мемлекеттік немесе орыс тіліне аударылуға жатады.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту негіздері

1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) анық еместігінің белгілі болуы;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған деректердің және мәліметтердің осы Қағидалардың 5-тараудағы талаптарына сәйкес келмеуі.

10

Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметтерінің байланыс телефондары www.​gov.​kz интернет-ресурсында "Мемлекеттік көрсетілетін қызмет" бөлімінде көрсетілген, мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының нөмірі – 1414, 8 800 080 7777.

  Бұйрыққа 5-қосымша
  Шетелде азаматтық хал
  актілерін мемлекеттік тіркеу
  саласында мемлекеттік қызметтерді
  көрсету қағидаларға
  5-қосымша

"Шетелде қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші)

2

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері (қол жеткізу арналары)

1) көрсетілетін қызметті беруші арқылы;
2) www.​egov.​kz"электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:

Жеке тұлғаның (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) құжаттар топтамасын тапсырған күнінен бастап көрсету мерзімі – 3 (үш) жұмыс күні көрсетілетін қызметті берушіге, портал арқылы өтініш берген кезде бір жұмыс күні.

4

Мемлекеттік қызмет көрсету түрі

Электронды (ішінара автоматтандырылған) / қағаз түрінде

5

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

Қайтыс болуы туралы куәлік немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.

6

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу әдісі

Тегін.

7

Жұмыс кестесі

1) көрсетілетін мемлекеттік қызметті берушінің - Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек Кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін. Құжаттарды қабылдауды көрсетілетін қызметті беруші сағат 09.30-дан 12.30-ға дейін, ал мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беруді сағат 16.00-ден 17.00-ге дейін жүзеге асырады. Сәрсенбі – қабылдамайтын күн.
2) порталдың – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Кодекске сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

8

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет үшін қажетті құжаттар тізбесі

Көрсетілетін қызметті берушіге:
1) шетелде азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу саласында мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына (бұдан әрі - Қағидалар) 18-қосымшаға сәйкес қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу туралы өтініш;);
2) медициналық ұйым берген қайтыс болуы туралы белгіленген нысандағы құжат немесе қайтыс болу фактісін анықтау туралы немесе адамды қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімі (салыстыру үшін);
3) Қазақстан Республикасы азаматының паспорты, қайтыс болған адамның жеке куәлігі (болған жағдайда, қайтыс болған адамның жеке куәлігі болмаған жағдайда өтініште себептері көрсетілуі тиіс);
4) көрсетілетін қызметті алушының өкілі өтініш білдірген жағдайда нотариалды куәландырылған сенімхат;
5) қайтыс болған адамның әскери билеті (болған жағдайда);
6) қажет болған жағдайда жақын туысты растайтын құжат (салыстыру үшін).
Порталға:
1) қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу туралы электрондық өтініш;
2) медициналық ұйым берген қайтыс болу туралы белгіленген нысандағы құжаттың электрондық көшірмесі не қайтыс болу фактісін анықтау туралы немесе адамды қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімі;
3) қайтыс болған адамның жеке басын куәландыратын құжат және әскери билеті туралы мәліметтер (ол болған жағдайда түпнұсқасы шет елдегі мекемеге тапсырылады, қайтыс болған адамның жеке басын куәландыратын құжат болмаған жағдайда өтініште себептері көрсетілуге тиіс);
4) қажет болған жағдайда жақын туыстықты растайтын құжаттың электрондық көшірмесі.
Шет мемлекеттің құзыретті мекемесі не оған арнайы уәкілетті тұлға өз құзыреті шегінде және белгіленген нысан бойынша берген немесе куәландырған шет мемлекеттің елтаңбалы мөрімен бекітілген құжаттар арнайы куәлік (заңдастыру немесе апостильдеу) рәсімінен өткеннен кейін ғана қабылданады (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің 1993 жылғы 31 наурыздағы қаулысымен ратификацияланған, 1993 жылғы 22 қаңтарда Минск қаласында жасалған Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы конвенцияға және Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 10 наурыздағы Заңымен ратификацияланған, 2002 жылғы 7 қазанда Кишинев қаласында жасалған Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы конвенцияға қатысушы елдер үшін талап етілмейді).
Қазақстан Республикасынан тыс тиісті шет мемлекеттің тілінде берілген құжаттар мемлекеттік немесе орыс тіліне аударылуға жатады.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту негіздері

1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) анық еместігінің белгілі болуы;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған деректердің және мәліметтердің осы Қағидалардың 6-тарауындағы талаптарға сәйкес келмеуі.