БҰЙЫРАМЫН:
1. "Тарифтерді қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 30 наурыздағы № 171 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18470 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2019 жылғы 12 сәуірде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
76-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"76. Уақытша өтемдік тариф шешім қабылданған күнге Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесін ескере отырып бекітіледі.";
83-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"83. Уақытша өтемдік тарифтің қолданылу кезеңінде табиғи монополия субъектісі Заңға сәйкес тарифті немесе оның шекті деңгейін бекітуге арналған өтініммен уәкілетті органға жүгіне алады.
Бұл ретте жаңа тариф деңгейінің негіздемесіне қабылданған табыс табиғи монополия субъектісі өзінің реттеліп көрсетілетін қызметтерін тұтынушыларға өтеуін шегере отырып, шешім қабылданған күнге Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесін ескере отырып, негізсіз алынған табыс сомасына азайтылады.
Бұл ретте тарифтік сметада тарифтік сметаның және (немесе) инвестициялық бағдарламаның орындалмау сомасы жеке жолмен көрсетіледі.
Уәкілетті орган табиғи монополия субъектісінің жаңа тарифті немесе олардың шекті деңгейлерін бекітуге арналған өтінімін қараған кезде уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесін ескере отырып, негізсіз табыс сомасын анықтаған кезде оны жаңа тарифтің немесе олардың шекті деңгейлерінің деңгейін негіздеуге қабылданған табыстан алып тастайды.";
92-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"92. Негізсіз алынған табыстың түпкілікті сомасы (НКк) шешім қабылданған күнге Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесін ескере отырып, мынадай формула бойынша айқындалады:
НТк = НТ * (100 + к), мұндағы
100
НТк – базалық мөлшерлемесін ескере отырып, негізсіз алынған табыс сомасы, теңгемен;
НТ – осы Қағиданың 75-тармағында көзделген бұзушылық түрлері бойынша негізсіз алынған табыстың жалпы сомасы;
к – шешім қабылданған күнге Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесі, % - бен.";
266-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"266. Кезең шығыстары тарифтің шығын бөлігіне мынадай түрде ескеріледі:
1) әкімшілік персоналға еңбекақы төлеу шығыстары субъекті персоналының нормативтік санынан аспайтын нақты санға және Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму болжамының көрсеткіштері ескеріле отырып қолданыстағы тарифтерде қабылданған орташа айлық жалақыға сүйене отырып (инфляция) анықталады.
Персонал санын қысқарту нәтижесінде әкімшілік персоналға еңбекақы төлеу шығыстарын нақты үнемдеген жағдайда, әкімшілік персоналға еңбекақы төлеу шығыстары тарифте бұрын бекітілген тарифтік сметада көзделген мөлшерде ескеріледі, ал үнемдеу сомасын субъекті әкімшілік персонал жалақысының деңгейін арттыруға бағыттауы мүмкін.
Мемлекеттік кәсіпорындарды қоспағанда, табиғи монополия субъектілері басшыларының, олардың орынбасарларының, бас (аға) бухгалтерлерінің және әкімшілік персоналдың басқа да қызметкерлерінің лауазымдық айлықақылары бойынша шығындарға енгізілетін субъектілердің әкімшілік персоналының еңбегіне ақы төлеу шығыстары штат кестесіне сәйкес табиғи монополия субъектісі қызметкерлерінің лауазымдық айлықақысының 15 (он бес) еседен аспайтын ең жоғарғы және ең төменгі деңгейінің арасындағы ара қатынасы негізінде шектеледі.
2) кезең шығындарында ескерілетін міндетті сақтандыру түрлеріне, салықтарға, алымдар мен төлемдерге арналған шығыстар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес белгіленген мөлшерлемелерге сәйкес айқындалады;
3) негізгі құралдардың және материалдық емес активтердің өндірістік емес сипаттағы амортизациялық аударымдары;
4) өзге де әкімшілік шығыстар салалық ерекшеліктерді ескере отырып, растаушы материалдардың негізінде тарифтің шығын бөлігіне енгізіледі.
Өзге де әкімшілік шығыстарға консалтингтік, маркетингтік қызметтердің және мердігерлік тәсілмен жүргізілетін жөндеу жұмыстарының, аудиторлық қызметтердің (акционерлік қоғам нысанындағы табиғи монополиялар субъектілері үшін ғана) және бөгде ұйымдар жүзеге асыратын салалық ерекшеліктерге байланысты басқа қызметтердің, сондай-ақ іссапар шығыстары және әкімшілік персоналдың байланыс, мерзімдік баспасөзге, қызметтік автокөлікті ұстауға, ақпараттық, консультациялық қызметтерге арналған шығыстар кіреді.
Табиғатты қорғау шығыстары, табиғат ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы өзге де шығыстарға кіреді және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген мөлшерлемелер мен алымдар мөлшері ескеріле отырып анықталады.
Өндірістік қажеттілікке байланысты әкімшілік персоналдың біліктілігін арттыруға арналған шығыстар мұндай қажеттілікті растайтын құжаттарды ұсынған кезде кезең шығыстарында ескеріледі.
Өндірістегі өнертапқыштыққа және өнертабыстыққа байланысты шығыстар реттеліп көрсетілетін қызметтердің шеңберінде экономикалық негізделген материалдар болған кезде кезең шығыстарына қосылады.
Табиғи монополия субъектісінің инвестициялық жобасын іске асыру үшін сыйақы төлеуге арналған шығыстар табиғи монополия субъектісі қарыз қаражатын тарту туралы жасалған шарттарды ұсынған кезде кезең шығыстарына қосылады және былайша айқындалады:
инвестициялық жобаны іске асыру үшін ұлттық валютада алынған қарыз қаражаттары бойынша сыйақы төлеуге арналған шығыстар тарифті есептеу кезінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген 2,5 еселік базалық мөлшерлемесі қолданыла отырып есептелген сома шегінде ескеріледі.
инвестициялық жобаны іске асыру үшін шетелдік валютада алынған қарыз қаражаттары бойынша сыйақы төлеуге шығыстар тарифті есептеу кезінде Лондон банкаралық нарығының 4 еселік мөлшерлемесі қолданыла отырып есептелген сома шегінде ескеріледі.
Шетелдік валютада алынған қарыз қаражаттары үшін сыйақы Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму болжамының негізгі көрсеткіштерінің және Қазақстан Республикасы республикалық бюджетінің болжамды көрсеткіштерінің негізінде шетелдік валютаға теңге бағамының болжамды өзгеруі ескеріле отырып, тарифтің шығын бөлігінің кезең шығыстарында ескеріледі.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесі мен Лондон банкаралық нарығының мөлшерлемесі табиғи монополия субъектісінің тарифін және тарифтік сметасын бекіту жөнінде шешім қабылданған күніне қолданылады.";
299-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"299. Тәуекелсіз ставка Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлеме деңгейіне тең қабылданады.";
306-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"306. Әуежайлар саласындағы табиғи монополия субъектілері үшін пайда мөлшерлемесі орташа өлшенген капитал кұны әдісі арқылы есептеледі және мынадай формула бойынша анықталады:
АҚ = ((1 - g) х re) + (g * rd),
мұндағы:
g – леверидж, қаржыландырудың жалпы құрылымында табиғи монополия субъектісінің қарыз және меншікті капиталының ара қатынасын сипаттайтын шама, яғни негізгі кұралдарға соңғы жүргізген қайта бағалауды ескере отырып, барлық капиталдың кұрылымындағы нақты қарызға алған каражаттың үлесі (меншікті және қарыз капиталының сомасы). Леверидждің деңгейі нөлден кем емес шама болып табылады. Табиғи монополия субъектісінің меншікті капиталының теріс мәні болған жағдайда леверидждің деңгейі 1-ге тең шаманы алады;
re – меншікті капиталға сыйақы мөлшерлемесі (%);
rd – қарыз қаражатына сыйақы мөлшерлемесі (%).
Меншік капиталға арналған сыйақы мөлшерлемесі мынадай формула бойынша айқындалады:
Re = rf + ra,
мұндағы,
ra – тәуекел үшін сыйақы. Тәуекелге арналған сыйақы өндірістік-технологиялық (rmex), операциялық (rop) және қаржылық (rfіn) тәуекелдерден тұрады.
Әуежайдың өндірістік құзыреттілігіне байланысы жоқ себептермен болған технологиялық авариялардан болған табыстың шығынын жабуға арналған өндірістік-технологиялық (rmex) тәуекел саланың, олар көзделген табыстың, негізгі құралдардың және тауар-материалдық қордың шығынына алып келуі мүмкін тәуекелдерге ұшырау дәрежесін көрсетеді.
Осы көрсеткішті есептеу мынадай формула бойынша жүргізіледі:
rmex = Za/Ce,
мұндағы,
Za – бір жыл ішінде орта есеппен авариялар мен зілзала салдарларын жоюға арналған шығындар.
Авариялардың саны бойынша деректер болмаған және авариялардың болу ықтималдығын анықтау мүмкін болмаған кезде негізгі құралдардың тозу дәрежесі бойынша технологиялық тәуекелді бағалау үшін амортизациялық аударымдардың үлестерін ранжирлеу шәкілін пайдалану ұсынылады:
Негізгі құралдардың тозу дәрежесіне қарай технологиялық тәуекелді айқындау шәкілі осы Қағидалардың 31-қосымшасында көрсетілген.
(rop) Жұмыстардың көлемін төмендетуден алынған табыстың шығынын жабуға арналған операциялық тәуекелдер (жұмыстардың көлемдері ұлғайған жағдайда осы тәуекел қолданылмайды) мынадай формула бойынша айқындалады:
rор = 0.5 * (V-Znep)/Ce * DV/V, мұндағы,
V – есепті кезең ішіндегі осы көрсетілетін қызметтерден алынған пайда (табыс),
Znep – есепті кезең ішіндегі ауыспалы (қызметтердің көлеміне қарай) шығындар немесе і-й көрсетілетін қызметіне болжамдалған мән,
Се – қызметке жатқызылған негізгі құралдардың баланстық құны,
DV – болжамдалған жыл ішінде і-қызметінен алынған табыстың өзгеруі.
Операциялық тәуекелдің нысаны тәуекел түрлерінің көпшілігі үшін қабылданғанындай, 0-ден 5% дейінгі шектерде шектелген.
Ұйымның қаржылық ресурстарының шығыны ықтималдығына байланысты қаржылық тәуекел (rfіn), мынадай формула бойынша анықталады:
rfin = pбаз * (1-H) * D|p / Ce, мұндағы,
pбаз – ұйымның есепті жыл ішіндегі жалпы табысы,
Н – пайдаға салық мөлшерлемесі,
D|p – қызмет пайдасаның түсу деңгейі,
D|p = 0.5 * DV/V * (V-Znep)/ pбаз,
Қаржылық тәуекелдің мәні тәуекел түрлерінің көпшілігі үшін қабылданғанындай, 0-ден 5% дейінгі шектерде шектелген.
Акционерлік капиталға арналған сыйақының құны қарыз қаражатына арналған сыйақы құнынан кем емес шама болып табылады.
rd = rf+ДП,
мұндағы,
rf – тәуекелсіз мөлшерлеме, ол Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің базалық мөлшерлемесінің деңгейіне тең қабылданады;
ДП – егер борыштық міндеттемелерді шығару орын алса, табиғи монополия субъектісі шығарған және сол мерзімде айналымдағы мемлекеттік бағалы қағаздарға қатысты айналымда болатын борыштық міндеттемелерге сыйлықақы негізінде айқындалатын табиғи монополия субъектісі бойынша тәуекел үшін борыштық сыйлықақы. Өзге жағдайда, ол көрсетілетін қызметтің осындай түрімен айналысатын, Қазақстан Республикасының аумағында ұқсас кредиттік рейтингісі бар басқа табиғи монополиялар субъектілерінің тәуекелі үшін борыштық сыйлықақыларды ескере отырып айқындалады.";
3-қосымшаны осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі |
Б. Атамкулов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министірінің 2021 жылғы 30 наурыздағы № 140 бұйрығына қосымша |
|
Тарифтерді қалыптастыру қағидаларына 3-қосымша |
Уақытша өтемдік тарифті есептеу үлгісі
Бекітілген тариф Т – 1000 теңге/тонна.
Бекітілген тарифте қабылданған реттеліп көрсетілетін қызметтердің көлемі V-500 тонна.
1. Негізсіз алынған кіріс (НТ) сомасы – 10 000 теңге.
2. Шешім қабылдау күніне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесін ескере отырып, негізсіз алынған кіріс сомасы айқындалады (НТк):
НТк = НТ х (100+к) = 10 000 х 100+7,5% = 10 750 теңге, 100 100 мұндағы: 10 000 теңге – негізсіз алынған кіріс сомасы; к – 7,5% – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесі; НТк – 10 075 теңге – базалық мөлшерлемесін ескере отырып, негізсіз алынған кіріс сомасы.
3. Уақытша өтемдік тарифтің деңгейі мынадай формула бойынша айқындалады:
Төтем = Т х V – НТк = 1000 x 500 – 10 750 = 978,5 теңге, V 500 мұндағы: 978,5 теңге/тонна – уақытша өтемдік тарифтің деңгейі.