БҰЙЫРАМЫН:
1. "Уәкілетті адамдарды Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерге іссапарға жіберу мақсатында республикалық бюджетте "Шетелдік іссапарлар" бағдарламасы және "Сыртқы саяси қызметтерді үйлестіру жөніндегі қызметтер", "Мемлекеттік шекараны делимитациялау және демаркациялау" және "Шет елдердегі дипломатиялық өкілдіктердің арнайы, инженерлік-техникалық және физикалық қорғалуын қамтамасыз ету" бағдарламаларының 162-ерекшелігі бойынша көзделген қаражатты пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2013 жылғы 9 сәуірдегі № 08-1-1-1/114 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімінде № 8438 болып тіркелген, 2013 жылғы 19 маусымдағы № 207-208 (27481-27482) "Егемен Қазақстан" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Уәкілетті адамдарды Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерге іссапарға жіберу мақсатында республикалық бюджетте "Шетелдік іссапарлар" бағдарламасы және "Сыртқы саяси қызметтерді үйлестіру жөніндегі қызметтер", "Мемлекеттік шекараны делимитациялау және демаркациялау" және "Шет елдердегі дипломатиялық өкілдіктердің арнайы, инженерлік-техникалық және физикалық қорғалуын қамтамасыз ету" бағдарламаларының 162-ерекшелігі бойынша көзделген қаражатты пайдалану қағидаларында:
14-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Сенімхат бір жұмыс күні мерзіміне беріледі, оған Сыртқы істер министрлігінің Аппарат басшысы мен бас бухгалтері қол қояды.";
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"4) Сыртқы істер министрлігінің Аппарат басшысымен жазбаша келісілгеннен кейін билетті қайтару/айырбастау айыппұлына (іссапар кейінге қалдырылған немесе ауыстырылған, ауырған кезде, басқа да форс-мажорлық жағдайларда);";
8) тармақшаның бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"8) Сыртқы істер министрлігінің Аппарат басшысымен жазбаша келісілгеннен кейін түбіртекке немесе чекке сәйкес визаны ресімдеуді жеделдеткені үшін алымдарға іссапар шығыстарын төлеуге қаражат бөлінеді.";
22-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"22. Іссапар шығыстарын төлеуге бөлінген қаражатты үшінші адам (бұдан әрі – есеп беретін адам) алған жағдайда, заңнамада белгіленген тәртіппен расталған сенімхат ұсыну қажет. Сенімхат мемлекеттік органның бірінші басшысының немесе орталық атқарушы органның аппарат басшысының (орталық атқарушы органның бірінші басшысының, аппарат басшысының өкілеттігі жүктелген лауазымды адамның немесе осыған уәкілетті басқа адамның) және мемлекеттік органның бас (аға) бухгалтерінің қолы қойылған мемлекеттік органның ресми бланкісінде беріледі.";
көрсетілген Қағидаларға қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Күші жойылды - ҚР Сыртқы істер министрінің м.а. 14.07.2025 № 11-1-4/420 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.3. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Валюта-қаржы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Аппарат басшысына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушы |
Ш. Нурышев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық банкі
___________ сомасына (АҚШ
доллары немесе еуро) Аванстық есеп
"Бекітемін" Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Аппарат басшысы Жүргізілген шығыстардың орындылығын растаймын ____________________________ (қолы) күні "___" _______20___жыл |
Аванстық есеп № ______________ "___" ___________20____жыл 20____жыл
______________________ № ___________ негіздеме
Іссапарға жіберілушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)_______________________
Есеп берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) ______________________________
Іссапар мерзімі __________________________________________________________
Бағдарлама ______________________________________________________________
Ерекшелік _______________________________________________________________
Елдің атауы ______________________________________________________________
Валютаның атауы _________________________________________________________
Валютадағы операцияның атауы 1еуро/АҚШ доллары үшін теңгенің Қазақстан
Республикасының Ұлттық Банктегі бағамы теңгедегі баламасы
____________________________________________________________________
20____жыл_________________ қарызы
№ шығыс кассалық ордері бойынша __________________________________ алынды.
Барлығы __________________________________________________________ алынды
Шығыстар ________________________________________________________________
20______жыл ______________ № сметасы бойынша қалдық ______
Оның ішінде авиабилеттер:
Мынадай сомаға: есеп берді.
Корреспонденттік субшот | Сома | |
Дебет | Кредит | |
1 | 2 | 3 |
________________________________________________________________
іссапарға жіберілген адамның/есеп берушінің қолы
Күні ____________________________________________________________
Аванстық есепті қабылдаған _______________________________________
Аванстық есепті тексерген _________________________________________
Басқарма басшысы _______________________________________________
Аванстық есеп іссапар аяқталғаннан кейін үш күннен
кешіктірілмей ұсынылады парақтың сыртқы беті
Шығындарды толық таратып көрсету (шетел валютасында)
Іссапарға жіберілген адам | Шығыс түрі | Шығыс түрі | сома |
Барлығы |
________________________________________
іссапарға жіберілген адамның/есеп берушінің қолы
___________________________________________________________________
барлық есептерге растаушы құжаттар қоса беріледі
Өкілдік шығыстар Қазақстан Республикасының Президенті Кеңсесі Бастығының,
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесі Басшысы орынбасарының,
Сыртқы істер министрлігінің Аппарат басшысының, Қазақстан Республикасының
Орталық сайлау комиссиясы төрағасының немесе мемлекеттік органдардың
лауазымды адамдарын жіберген кезде өкілеттік берілген адамның қолы елтаңбалық
мөрмен расталған актіге сәйкес есептен шығарылады. Ескерту Қосымша төленді:
Іссапарға жіберілген адам | Шығыс түрі | Авиабилет нөмірі | Сома | Жеңілдік | Сома |