"Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2021 жылғы 30 наурыздағы № 95 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 30 наурызда № 22424 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21366 болып тіркелген, 2020 жылғы 9 қазанда Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланды) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Жер учаскесінің сапалы жағдайы туралы мәліметтер беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларында:

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Қызмет берушінің қызметкері жер учаскесінің сапалық жай-күйін анықтау үшін қабылданған құжаттарды 15 (он бес) минут ішінде жерді зерттеп-қараумен айналысатын құрылымдық бөлімшеге (бұдан әрі – ҚБ) жолдайды.".

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
С. Омаров