"Кемелерді және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 165 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2021 жылғы 16 наурыздағы № 117 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 19 наурызда № 22375 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Кемелерді және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 165 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11125 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 18 маусымда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кемелерді және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидаларында:

      31-тармақ мынандай редакцияда жазылсын:

      "31. Кемені халықаралық кеме тізілімінде тіркеу үшін өтініш беруші портал арқылы осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес "Қазақстан Республикасының халықаралық мемлекеттік кеме тізілімінде кемелерді мемлекеттiк тiркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін 3-қызметтің стандарты) сәйкес құжаттарды қоса бере отырып, осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес өтінімді жолдайды.

      Меншік иесінің жеке басын куәландыратын құжаттар (жеке тұлғаларға қатысты) немесе заңды тұлғаны - меншік иесін (заңды тұлғаларға қатысты) мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтер "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпарат жүйелерінен алынады.

      Мемлекеттік қызметті көрсетудің ерекшеліктерін есепке ала отырып үдерістің сипаттамаларын, нысанын, мазмұнын және көрсетудің нәтижесін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі мемлекеттік көрсетілетін 3-қызметтің стандартында мазмұндалған.

      Құжаттарды қарау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру жалпы мерзімі 2 (екі) жұмыс күнін құрайды.

      Өтініш берушінің "жеке кабинетіне" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу күнін көрсете отырып өтінімді қабылдау туралы хабарлама жолданады.

      Кеме халықаралық кеме тізіліміне бұрын енгізілген мәліметтерге сәйкес келмей қалған жағдайда кемені қайта тіркеу осы Қағидаларда белгіленген халықаралық мемлекеттік кеме тізілімінде кемелерді мемлекеттiк тiркеу тәртібімен және мерзімдерде жүзеге асырылады.

      Кемені халықаралық кеме тізілімінен шығару, оның атауын және шығарудың себебін көрсете отырып, кеме меншік иесінің өтініші негізінде осы Қағидаларда белгіленген халықаралық мемлекеттік кеме тізілімінде кемелерді мемлекеттiк тiркеу тәртібімен және мерзімдерде жүзеге асырылады.

      Сондай-ақ Порттың теңіз әкімшілігі Қазақстан Республикасының мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығын уақытша беру туралы шешімнің мерзімі аяқталғаннан кейін үшінші жұмыс күні кемені аталған тізілімнен шығарады.";

      32-тармақ алынып тасталсын;

      33-тармақ мынандай редакцияда жазылсын:

      "33. Порт теңіз әкімшілігінің әрекеттері дәйектілігінің сипаттамасы:

      1) жауапты орындаушы портал арқылы түскен өтініш берушінің мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті өтінішін және құжаттарын олардың толықтығына және осы Қағидалармен белгіленген талаптардың сәйкестігіне қарайды, мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін дайындайды және басшысының қол қоюына енгізеді;

      2) басшы мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесіне қол қояды;

      3) өтініш беруші мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін өзінің "жеке кабинетінде" алады.";

      34-тармақ алынып тасталсын;

      36-тармақ мынандай редакцияда жазылсын:

      "36. Порттың теңіз әкімшілігі қызметкерлерінің шешіміне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Порттың теңіз әкімшілігі, уәкілетті орган басшысының атына және (немесе) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға жолданады.

      Өтініш берушінің Порт теңіз әкімшілігіне, уәкілетті органға түскен шағым оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады.

      Өтініш берушінің мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға түскен шағым оны тіркеген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады.

      Келіспеген жағдайда өтініш беруші шағымды қараудың нәтижелерін сот тәртібінде шағымдай алады.";

      42-тармақ мынандай редакцияда жазылсын:

      "42. Бербоут-чартер тізілімінен:

      1) опат болған немесе хабарсыз жоғалып кеткен;

      2) конструкциялық жағынан күйреген;

      3) қайта жасау немесе кез келген басқа да өзгерiстер нәтижесінде кеме сапасын жоғалтқан;

      4) осы Заңның 11-бабының 5-тармағында көзделген талаптарға сәйкес келмей қалған;

      5) оған қатысты уәкілетті орган Қазақстан Республикасының мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығын уақытша беру туралы шешімнің күшін жойған кеме шығарылуға жатады.

      Порттың теңіз әкімшілігі Қазақстан Республикасының мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығын уақытша беру туралы шешімнің мерзімі аяқталғаннан кейін үшінші жұмыс күні кемені аталған тізілімнен шығарады.";

      47-тармақ мынандай редакцияда жазылсын:

      "47. Жасалып жатқан кемелер тiзiлiмiнде жасалып жатқан кемеге меншiк құқығын мемлекеттік тiркеу үшін өтініш беруші портал арқылы осы Қағидаларға 16-қосымшаға сәйкес "Жасалып жатқан кемелер тiзiлiмiнде жасалып жатқан кемеге меншiк құқығын мемлекеттік тiркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін 5-қызметтің стандарты) сәйкес құжаттарды қоса бере отырып, осы Қағидаларға 15-қосымшаға сәйкес өтінімді жолдайды.

      Меншік иесінің жеке басын куәландыратын құжаттар (жеке тұлғаларға қатысты) немесе заңды тұлғаны - меншік иесін (заңды тұлғаларға қатысты) мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтер "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпарат жүйелерінен алынады.

      Мемлекеттік қызметті көрсетудің ерекшеліктерін есепке ала отырып үдерістің сипаттамаларын, нысанын, мазмұнын және көрсетудің нәтижесін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі мемлекеттік көрсетілетін 5-қызметтің стандартында мазмұндалған.

      Құжаттарды қарау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру жалпы мерзімі 2 (екі) жұмыс күнін құрайды.

      Өтініш берушінің "жеке кабинетіне" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу күнін көрсете отырып өтінімді қабылдау туралы хабарлама жолданады.

      Кеме жасалып жатқан кемелер тізіліміне бұрын енгізілген мәліметтерге сәйкес келмей қалған жағдайда кемені қайта тіркеу осы Қағидаларда белгіленген жасалып жатқан кемелер тiзiлiмiнде жасалып жатқан кемеге меншiк құқығын мемлекеттік тiркеу тәртібімен және мерзімдерде жүзеге асырылады.

      Кемені жасалып жатқан кемелер тізілімінен шығару, оның атауын және шығарудың себебін көрсете отырып, кеме меншік иесінің өтініші негізінде осы Қағидаларда белгіленген жасалып жатқан кемелер тiзiлiмiнде жасалып жатқан кемеге меншiк құқығын мемлекеттік тiркеу тәртібімен және мерзімдерде жүзеге асырылады.";

      48-тармақ алынып тасталсын;

      49-тармақ мынандай редакцияда жазылсын:

      "49. Порт теңіз әкімшілігінің әрекеттері дәйектілігінің сипаттамасы:

      1) жауапты орындаушы портал арқылы түскен өтініш берушінің мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті өтінішін және құжаттарын олардың толықтығына және осы Қағидалармен белгіленген талаптардың сәйкестігіне қарайды, мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін дайындайды және басшысының қол қоюына енгізеді;

      2) басшы мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесіне қол қояды;

      3) өтініш беруші мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін өзінің "жеке кабинетінде" алады.";

      50-тармақ алынып тасталсын;

      52-тармақ мынандай редакцияда жазылсын:

      "52. Порттың теңіз әкімшілігі қызметкерлерінің шешіміне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Порттың теңіз әкімшілігі, уәкілетті орган басшысының атына және (немесе) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға жолданады.

      Өтініш берушінің Порт теңіз әкімшілігіне, уәкілетті органға түскен шағым оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады.

      Өтініш берушінің мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға түскен шағым оны тіркеген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады.

      Келіспеген жағдайда өтініш беруші шағымды қараудың нәтижелерін сот тәртібінде шағымдай алады.";

      көрсетілген Қағидаларға 11-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген Қағидаларға 12-қосымша алынып тасталсын;

      көрсетілген Қағидаларға 16-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі
Б. Атамкулов
      "КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының

Сыртқы істер министрлігі
      "КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
      "КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және

аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Индустрия және
инфрақұрылымдық
даму министірінің
2021 жылғы 16 наурыздағы
№ 117 бұйрығына
1-қосымша
  Кемелерді және оларға
құқықтарды
мемлекеттік тіркеу
қағидаларына
11-қосымша

"Кемелерді Қазақстан Республикасының халықаралық кеме тiзiлімiнде мемлекеттік тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Порттың теңiз әкiмшiлiгi

2

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері

"электрондық үкіметтің" веб-порталы

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

2 (екі) жұмыс күні

4

Көрсету нысаны мемлекеттік қызмет көрсетудің

электрондық (толық автоматтандырылған)

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

1) меншік құқығындағы теңіз кемесі үшін:
осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Теңіз кемесінің Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туын көтерiп жүзу құқығы туралы куәлік;
осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кемеге меншiк құқығы туралы куәлік;
осы Қағидаларға 17-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кеменің Қазақстан Республикасының халықаралық кеме тiзiлiмiнен шығарылғаны туралы куәлiк;
осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжделген жауап;
2) бербоут-чартер бойынша пайдалануға ұсынылған теңіз кемесі үшін:
осы Қағидаларға 18-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бербоут-чартер шарттарында жалға алынған шетелдiк теңiз кемесiне Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтерiп жүзу құқығын уақытша беру туралы куәлiк;
осы Қағидаларға 17-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кеменің Қазақстан Республикасының халықаралық кеме тiзiлiмiнен шығарылғаны туралы куәлiк;
осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжделген жауап;
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін алым "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексiнде (Салық кодексi) белгiленген мөлшерлемелер бойынша және тәртiппен жүзеге асырылады.
Алым мөлшерлемелерi:
1) мемлекеттік тіркеу үшін – 60 АЕК;
2) қайта тiркеу үшін – 30 АЕК құрайды.
Алым сомасын төлеу екінші деңгейдегі банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол ақшалай немесе қолма-қол ақшасыз нысанда немесе "электрондық үкіметтің" төлеу шлюзі арқылы жүзеге асырылады.

7

Жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;
2) портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Кодекске сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

меншiк құқығындағы теңіз кемесін тіркеу (қайта тіркеу) үшін:
1) кемеге меншік құқығын растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
2) өлшеу куәлiгiнің электрондық көшірмесі;
3) сыныптау куәлiгiнің электрондық көшірмесі;
4) осы мемлекеттің туын ауыстырғанға дейін тікелей тіркелген тізілімнен шет мемлекеттің кемесінің алынып тасталғанын және ипотека ауыртпалығы жоқтығын куәландыратын құжаттың электрондық көшірмесі.
Теңіз кемелерінің мемлекеттiк кеме тiзiлiмiнде кеменiң тiркелуi жарамды болған жағдайда теңiз кемесiнiң Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туын көтерiп жүзу құқығы туралы куәлiк және кемеге меншiк құқығы туралы куәлiк тек электрондық көшiрмелерi ғана ұсынылады.
Бербоут-чартер бойынша пайдалануға ұсынылған теңіз кемесі үшін Қазақстан Республикасының мемлекеттiк туын көтерiп жүзу құқығын уақытша беру туралы уәкілетті орган шешiмінiң электрондық көшiрмесi ғана ұсынылады.
Бербоут-чартер тiзiлiмiнде кеменiң тiркелуi жарамды болған жағдайда бербоут-чартер шарттарында жалға алынған шетелдiк теңiз кемесiне Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туын көтерiп жүзу құқығын уақытша беру туралы куәлiктiң электрондық көшiрмесi ғана ұсынылады.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігі анықталғанда;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдар мен мәліметтер осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмегенде;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімі (үкімі) болған жағдайларда.

10

Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары www.miid.gov.kz интернет-ресурсында және мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығында көрсетілген: 1414.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі порталдың "жеке кабинет", көрсетілетін қызметті берушінің анықтама қызметі, 1414, 8 800 080 7777 Бірыңғай байланыс-орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болса портал арқылы электрондық нысанда мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға мүмкіндігі бар.

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық
даму министрінің
2021 жылғы "___" ___________
№ ___ бұйрығына
2-қосымша
  Кемелерді және оларға
құқықтарды
мемлекеттік тіркеу
қағидаларына
16-қосымша

"Жасалып жатқан кемелер тiзiлiмiнде жасалып жатқан кемеге меншiк құқығын мемлекеттік тiркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Порттың теңiз әкiмшiлiгi

2

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері

"электрондық үкіметтің" веб-порталы

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

2 (екі) жұмыс күні

4

Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны

электрондық (толық автоматтандырылған)

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

осы Қағидаларға 19-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалып жатқан кемеге меншiк құқығын мемлекеттік тiркеу туралы куәлік;
осы Қағидаларға 17-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кемені жасалып жатқан кемелер тiзiлiмiнен шығару туралы куәлік;
осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжделген жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін алым "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексiнде (Салық кодексi) белгiленген мөлшерлемелер бойынша және тәртiппен жүзеге асырылады. Алым мөлшерлемесi 60 АЕК құрайды.
Алым сомасын төлеу екінші деңгейдегі банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол ақшалай немесе қолма-қол ақшасыз нысанда немесе "электрондық үкіметтің" төлеу шлюзі арқылы жүзеге асырылады.

7

Жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;
2) портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Кодекске сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

1) кеменi жасауға арналған шарттың электрондық көшiрмесi;
2) кеме жасау ұйымының киль салу немесе тең бағалы құрылыс жұмыстарын жүргiзудi растайтын сарапшының қорытындысы туралы жазбаша растауының электрондық көшiрмесi.