"Кемелерді жасауды және материалдар мен бұйымдарды дайындауды техникалық байқау қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 13 мамырдағы № 276 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгіз

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2021 жылғы 16 наурыздағы № 116 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 19 наурызда № 22373 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Кемелерді жасауды және материалдар мен бұйымдарды дайындауды техникалық бақылау қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 13 мамырдағы № 276 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6993 болып тіркелген, 2011 жылғы 29 қарашада Заң газетінің № 175 (2165) санында жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кемелерді жасауды және материалдар мен бұйымдарды дайындауды техникалық байқау қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Кемелерді жасауды және материалдар мен бұйымдарды дайындауды техникалық бақылау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Ішкі су көлігі туралы" 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына және "Мемлекеттік қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және ішкі және аралас "өзен-теңіз" суларында жүзетін кемелерді сыныптау және жасау, сондай-ақ кемелерді жасау және оларға материалдар мен бұйымдарды дайындауды жүзеге асыру кезінде экологиялық қауіпсіздікті тексеру мақсатында Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті "Қазақстан су жолдары" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының "Кеме қатынасы тіркелімі" филиалы техникалық бақылауының нысанын, тәртібін, әдісін және көлемін, сондай-ақ "Ұйымдарды және сынақ зертханаларын техникалық куәландырудан өткізу" мемлекеттік қызметін көрсетудің тәртібін белгілейді.";

      47-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "47. Тану туралы куәлік алу үшін өтініш беруші "электрондық үкіметтің" www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы Кеме қатынасы тіркеліміне ұйымды немесе сынақ зертханасын тану туралы өтінішті (бұдан әрі – өтініш) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жібереді.

      Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі, оның ішінде процестің сипаттамасы, ұсыну нысаны, мазмұны және нәтижесі, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсетудің ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де ақпарат осы Қағидаларға 3-1-қосымшаға сәйкес "Ұйымдарды және сынақ зертханаларын техникалық куәландырудан өткізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында келтірілген (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты).

      Өтініш берушінің "жеке кабинетіне" мемлекеттік қызметті көрсету үшін сауалды қабылдау туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу күнін және уақытын көрсете отырып хабарлама жолданады.

      Кеме қатынасы тіркелімі құжаттарды қараудың, куәландырудың және Тану туралы куәлікті берудің жалпы мерзімі 10 (он) жұмыс күнді құрайды.

      "Ұйымдарды және сынақ зертханаларын техникалық куәландырудан өткізу" мемлекеттік қызметі заңды тұлғаларға көрсетіледі.";

      58-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "58. Тану туралы куәлікті алу үшін өтініш берушіде мыналар:

      1) мәлімденген жұмыстар жүргізілетін жекеменшік немесе жалға алынған өндірістік алаңдар;

      2) мәлімденген жұмыстарға қатысатын мамандар;

      3) мәлімденген жұмысты орындау үшін пайдаланылатын жекеменшік (жекеменшік емес) (станок, стенд, дәнекерлеу, сынау және басқа) жабдық;

      4) орындалатын жұмыстардың сапасын бақылау (кіріс бақылауы, операциялық бақылау, шығыс бақылауы, өлшеу құралдарын мерзімді тексеру және/немесе калибрлеу);

      5) жұмыстарды жүргізу үшін бекітілген технологиялық нұсқаулықтар болуы тиіс.

      Процестің бір бөлігін Кеме қатынасы тіркелімі таныған үшінші тұлғаларға берген өтініш беруші сондай-ақ берген процестердің қамтамасыз етілуін, бақылауын және реттелуін растау қажет.";

      65-тармақ алып тасталсын;

      67-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "67. Егер сауалнаманың нәтижелері мен сынақтардың нәтижелері қанағаттанарлық болса, Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкері осы Қағидалардың 47-тармағында көрсетілген мерзімде, Кеме қатынасы тіркелімінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолы қойылған, осы Қағидаларға Тану туралы куәлік дайындайды және порталға жолдайды.

      Мәлімделген жұмыс түрлерінің бір немесе бірнеше түрлері осы Қағидалардың талаптарына сәйкес болмаған кезде Тану туралы куәлік сапасы расталған жұмыс түрлеріне беріледі.

      Тану туралы куәлікті беруден бас тарту кезінде, порталда өтініш берушінің "жеке кабинетіне" мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту себебін көрсете отырып, электронды түрде хабарлама жолданады.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылады.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кемелерді жасауды және материалдар мен бұйымдарды дайындауды техникалық байқау қағидаларына 3-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кемелерді жасауды және материалдар мен бұйымдарды дайындауды техникалық байқау қағидаларына 3-1-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      осы бұйрыққа 3-қосымшаның редакциясына сәйкес 3-2-қосымшамен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі
Б. Атамкулов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар

      және аэроғарыш өнеркәсібі

      министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық
даму министрінің
2021 жылғы 16 наурыздағы
№ 116 бұйрығына
1-қосымша
  Кемелерді жасауды және
материалдар мен бұйымдарды
дайындауды техникалық
байқау қағидаларына
3-қосымша
  Нысан

Ұйымды / сынақ зертханасын тануға өтінім

      __________________________________________________________________________

                        (өтініш берушінің толық атауы)

      _______________________________________________________________ тұлғасында

                        (лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      мынадай жұмыс түрлерінің орындалу мүмкіндігін бағалау мақсатында ұйымды / сынақ

      зертханасын тану жүргізілуін сұрайды: ________________________________________

      (Қағидалардың талаптарына сәйкес дайындалатын материалдар мен

      бұйымдардың, орындалатын сынақтардың, жұмыстардың тізбесін көрсету)

      Заңды мекенжайы __________________________________________________________

      Нақты мекенжайы _________________________________________________________

      Телефон (қала кодын көрсете отырып) ________________________________________

      E-mail ____________________________________________________________________

      БСН ______________________________________________________________________

      Ұйым туралы мәліметтер:

      1) мәлімденген жұмыстар жүргізілетін жекеменшік немесе жалға алынған өндірістік

      алаңдардың болуы (құжаттардың атауы, нөмірі, берілген / жасалған / бекітілген күні,

      жарамдылық мерзімі, тиісті құжаттар кімге, не үшін, кімге берілгенін көрсете отырып)

      _______________________________________________________

      2) мәлімденген жұмыстарға қатысатын мамандар, олардың кәсіби дайындығы,

      біліктілігі, саны, мамандықтары, қай жерде және қай маман тартылатындығы туралы

      мәліметтер (құжаттардың атауы, нөмірі, берілген / жасалған / бекітілген күні,

      жарамдылық мерзімі, тиісті құжаттар кімге, не үшін, кімге берілгенін көрсете отырып)

      _______________________________________________

      3) мәлімденген жұмысты орындау үшін пайдаланылатын жекеменшік (жекеменшік

      емес) (станок, стенд, дәнекерлеу, сынау және басқа) жабдықтың саны және

      сипаттамалары (құжаттардың атауы, нөмірі, берілген / жасалған / бекітілген күні,

      жарамдылық мерзімі, тиісті құжаттар кімге, не үшін, кімге берілгенін көрсете отырып)

      _______________________________________________________

      4) орындалатын жұмыстардың сапасын бақылау туралы мәліметтер (кіріс бақылауы,

      операциялық бақылау, шығыс бақылауы, өлшеу құралдарын мерзімді тексеру

      және/немесе калибрлеу) (құжаттардың атауы, нөмірі, берілген / жасалған / бекітілген

      күні, жарамдылық мерзімі, тиісті құжаттар кімге, не үшін, кімге берілгенін көрсете

      отырып) _______________________________________________

      5) жұмыстарды жүргізу үшін бекітілген технологиялық нұсқаулықтардың бары туралы

      мәліметтер (құжаттардың атауы, нөмірі, берілген / жасалған / бекітілген күні,

      жарамдылық мерзімі, тиісті құжаттар кімге, не үшін, кімге берілгенін көрсете отырып)

      _____________________________________________________________

      6) өтініш берушінің оған тарап ұйымдары берген процестердің қамтамасыз етілуін,

      бақылауын және реттелуін растайтын мәліметтер (процестің бір бөлігін үшінші

      тұлғаларға берген ұйымдар үшін) (құжаттардың атауы, нөмірі, берілген / жасалған /

      бекітілген күні, жарамдылық мерзімі, тиісті құжаттар кімге, не үшін, кімге берілгенін

      көрсете отырып) ______________________________________

      Байланыс жасайтын адам _________________________________________

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық
даму министрінің
2021 жылғы "___" ___________
№ ___ бұйрығына
2-қосымша
  Кемелерді жасауды және
материалдар мен бұйымдарды
дайындауды техникалық байқау
қағидаларына
3-1-қосымша

"Ұйымдарды және сынақ зертханаларын техникалық куәландырудан өткізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті "Қазақстан су жолдары" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының "Кеме қатынасы тіркелімі" филиалы

2

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері (қол жеткізу арналары)

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы жүзеге асырылады

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

10 (он) жұмыс күні

4

Көрсету нысаны мемлекеттік қызмет көрсетудің

Электрондық (толық автоматтандырылған)

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Тану туралы куәлік немесе осы Қағидаларға 3-2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжделген жауап

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 156-бабының 1-тармағына сәйкес ақылы негізде көрсетіледі.
Алым сомасын төлеу екінші деңгейдегі банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол ақшалай немесе қолма-қол ақшасыз нысанда немесе "электрондық үкіметтің" төлеу шлюзі арқылы жүзеге асырылады.

7

Жұмыс кестесі

1) портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады);
2) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының Кодекске сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 12.00-ден 13.00-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 08.00-ден 17.00-ға дейін.

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұйымды немесе сынақ зертханасын тану туралы өтініш;
2) мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем туралы түбіртектің электрондық көшірмесі.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігі анықталғанда;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдар мен мәліметтер осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмегенде;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімі (үкімі) болған жағдайларда.

10

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі порталдың "жеке кабинет", көрсетілетін қызметті берушінің анықтама қызметі, Бірыңғай байланыс-орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары www. miid. gov. kz интернет-ресурсында және мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығында көрсетілген: 1414.

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық
даму министрінің
2021 жылғы "___" ___________
№ ___ бұйрығына
3-қосымша
  Кемелерді жасауды және
материалдар мен бұйымдарды
дайындауды техникалық байқау
қағидаларына
3-2-қосымша

[көрсетілетін қызмет берушінің мемлекеттік тілдегі атауы] мемлекеттік тілдегі деректемелері



 

[көрсетілетін қызмет берушінің орыс тілдегі атауы] орыс тілдегі деректемелері

Уәжделген бас тарту

Нөмір: [Нөмір] Берген күні: [Берген күні]

[Өтініш берушінің атауы]

[УО атауы], Сіздің [Өтінім беру күні] № [Өтінім нөмірі] өтінішіңізді қарап, Тану туралы куәлікті беруден бас тарту туралы хабарлайды.
[Бас тартудың себептері].

[Қол қоюшының лауазымы]

[Қол қоюшының (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)]