"Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы нормативтерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 18-03/271а бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2021 жылғы 15 наурыздағы № 67 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 17 наурызда № 22347 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМАЫН:

      1. "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы нормативтерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 18-03/271а бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11005 болып тіркелген, 2015 жылғы 20 мамырда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      қөрсетілген бұйрықпен бекітілген аң аулау объектілері болып табылатын жануарлар түрлерін алып қою нормативтері осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Экология, геология және табиғи
ресурстар министрдің м.а.
Е. Нысанбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Экология, геология және табиғи
ресурстар министрдің м.а.
2021 жылғы 15 наурыздағы
№ 67 Бұйрығына қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2015 жылғы 30 наурыздағы
№ 18-03/271а бұйрығына
3-қосымша

Аң аулау объектілері болып табылатын жануарлар түрлерін алып қою нормативтері

Аң аулау объектілері болып табылатын жануарлар түрлері

Алып қою нормативтері (%)

1

2

3

1

Бұлан (Аlces аlсеs)

10

2

Марал, аскания бұғысы (Сеrvus еlарhus)

10

3

Сібір елігі (Сарrеоlus pygargus)

15

4

Сібір тау ешкісі (Сарrа sibirica)

10

5

Қабан (Sus scrofa)

40

6

Құдыр (Моschus moschiferus)

10

7

Қоңыр аю (Ursusarctos),Тянь-Шань аюынан басқасы

6

8

Ор қоян (Lерus еurораеus), ақ қоян (Lерus timidus), құм қоян (Lерus tolaі)

45

9

Байбақ немесе дала суыры (Маrmota bobac), сұр немесе Алтай-Тянь-Шань суыры (Маrmota baibacina), ұзын құйрықты немесе қызыл суыр (Маrmota саudata)

20

10

Зорман (Spermophilus fulvus)

25

11

Кәдімгі тиін (Sсіurus vulgaris)

50

12

Ондатра (Оndatra zibethicicus)

50

13

Өзен құндызы (Саstor fiber)

20

14

Жанат тектес ит (Nyctereutes procyonoides)

50

15

Түлкі (Vulpes vulpes)

50

16

Қарсақ (Vulpes corsac)

30

17

Борсық (Меlеs meles)

20

18

Құну (Gulo gulo)

10

19

Кәмшат (Lutra lutra), ортаазиялықтан басқасы

10

20

Бұлғын (Маrtеs zibellina)

20

21

Сасық күзен (Мustela eversmanni)

25

22

Ақкіс (Мustela еrminea)

25

23

Сарғыш күзен (Мustela аltaica)

25

24

Ақ қалақ (Мustela nivalis)

25

25

Сары күзен (Мustela sibirica)

25

26

Американ су күзені (Мustela vison)

25

27

Сілеусін (Lуnх lуnх), түркістандықтан басқасы

20

28

Сұрқаз (Аnser аnser), ақмаңдайлы қаз (Аnser albifrons), қырманқаз (Аnser fabalis), қарашақаз (Вrаntа bernicla)

15

29

Дыркептер (Соlumba palumbus), түзкептер (Соlumba оеnаs), көк кептер (Соlumba livia), құз кептер (Соlumba rupestris), кәдімгі түркептер (Streptopelia turtur), үлкен түркептер (Streptopelia orientalis)

20,0

30

Отүйрек (Таdorna ferruginea), сарыалақаз (Таdorna tаdorna), барылдауық үйрек (Аnаs plathyrinchos), ысылдақ шүрегей (Аnаs сrесса), боз үйрек (Аnаз strepera), сарыайдар үйрек (Аnаs реnеlоре), қылқұйрық (Аnаs асuta), даурықпа шүрегей (Аnаs quetquedula), жалпақ тұмсық (Аnаs clypeata), қызылбас сүңгуір (Netta rufina), көк сүңгуір (Ауthya ferina), айдарлы сүңгуір (Ауthya fuligula), айдарсыз сүңгуір (Ауthya marila), ұшқыр үйрек (Clangula hyemalis), сусылдақ (Вucephala сlаngula), қара тұрпан (Меlаnitta nigra), кіші бейнарық (Меrgus albellus), секпілтес бейнарық (Меrgus serrator), үлкен бейнарық (Меrgus merganser), қырылдақ шүрегей (Аnаs formosa), айдарлы үйрек (Sоmateria spectabilis)

15 (жалпы лимиттің 5 %-ынан аспайтын мөлшердегі аталық үйректі көктемгі аулауды қоса алғанда)

31

Барылдауық үйрек (Anas plathyrinchos), ысылдақ шүрегей (Anas crecca), қылқұйрық (Anas acuta), даурықпа шүрегей (Anas querquedula), жалпақ тұмсық (Anas clypeata), қызылбас сүңгуір (Netta rufina), көк сүңгуір (Aythya ferina), айдарлы сүңгуір (Aythya fuligula)

Аталық үйректерді көктемгі аулауға жергілікті аталық үйректердің (ұя салуға қалатын) жалпы санының 50 %-ынан аспайды

32

Маймақ қаз - қызыл жемсаулы (Gravia stellata), қара жемсаулы (Gravia аrctrica)

3,5

33

Қасқалдақ (Fulica аtrа)

11,5

34

Қызғыш (Vanellus vanellus), күжіркей (Рhуlomachus pugnax), шаушалшық (Lуmnocryptes minimus), тауқұдірет (Gallinago gallinago), орман маңқысы (Gallinago megala), азиялық тауқұдіреті (Gallinago stenura), тау маңқысы (Gallinago solitaria), маңқы (Gallinago media), жылқышы (Sсоlорах rustricola), үлкен шалшықшы (Numenius arquata), орташа шалшықшы (Numenius phaeopus), үлкен шырғалақ (Lіmоsа lіmоsа), кіші шырғалақ (Lіmоsа lарроnіса)

3,5

35

Ақ шіл - (Lаgорus lagopus), тундралық (Lаgорus mutus), сұр (Реrdix реrdіх), сақалды (Реrdix dauurica), дала (Аmmoperdix griseogularis)

20,0

36

Құр (Lyrurus tetrix)

15,0

37

Саңырау құр (Теtrах urogallus)

5,0

38

Сұр құр (Теtrаstеs bonasia)

12,0

39

Гималай ұлары (Теtraogallus himalayensis)

15,0

40

Кекілік (Аlесtoris сhukar)

25,0

41

Бөдене (Соturnix cоturnix)

15,0

42

Қырғауыл (Рhаsіаnus соlсhicus)

24,0