БҰЙЫРАМЫН:
1. "Атом станцияларының ядролық және радиациялық қауіпсіздігі" техникалық регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 20 ақпандағы № 60 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15007 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 2 мамырда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Атом станцияларының ядролық және радиациялық қауіпсіздігі" техникалық регламентінде:
169-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"169. Уәкілетті органда тіркелуге мыналар жатады:
1) 1-қауіпсіздік сыныбының жабдығы мен құбыржолдары;
2) 2-қауіпсіздік сыныбының жабдығы мен құбыржолдары;
3) 3-қауіпсіздік сыныбының жабдығы мен құбыржолдары мынадай жағдайлардың кез келгені болғанда: олардың бұзылуы орташа немесе жоғары белсенді радиоактивтік ортаның шығуына алып келгенде; жылу тасымалдағыштың температурасы 200 градус Цельсийдан (бұдан әрі – оС) асқанда; жылу тасымалдағыштың температурасы 200 оС аспағанда, бірақ текше метрдегі (литрдегі) (бұдан әрі – м3(л)) сыйымдылықтың мега Паскаль өлшем бірлігіндегі (бір шаршы сантиметрге күш килограмы (бұдан әрі – МПа, (кгс/см2)) жұмыс қысымына көбейтіндісі 1-ден асқанда (10000 л
кгс/см2);4) негізгі циркуляциялық сорғылардың корпустары.";
238-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"238. Пайдаланудың соңына қарай нейтрондар флюенсі кемінде 1022 нейтрон/м2 (Е > 0,5 МэВ) жететін дәнекерлеу қосылыстарының үлгі-айғақтары белсенді аймаққа қарсы орналасқан реактор корпусының дәнекерлеу жіктерінің партиясындағыдай дәнекерлеу материалдарымен (флюспен автоматты дәнекерлеу кезінде бір партия флюсімен үйлестіре отырып партиясы бір сыммен, қолмен доғалық дәнекерлеу кезінде партиясы бір электродтармен, аргондық доғалық дәнекерлеу кезінде партиясы бір сыммен) орындалған болуы қажет. Егер маркасы бір, балқытуы бір, диаметрі бір және беткі түрі бір сым әртүрлі партиялармен жеткізілсе, оған жалпы нөмір бере отырып, бір партия (балқыту ) сымы ретінде қарау керек.";
271 және 272-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"271. Жабдық пен құбыржолдарының гидравликалық (пневматикалық) сынақтары сыналатын жабдық пен құбыржолдары металының температурасы қабылданған беріктікті есептеу нормаларына сәйкес айқындалатын, рұқсат етілетін ең төменгі температурадан аз болмайтын сыналатын ортаның температурасында жүргізіледі. Бұл ретте барлық жағдайда сыналатын және қоршаған ортаның температурасы 5 оС-тан төмен емес.
272. Металдың температурасы 5 оС-тан төмен емес болған кезде осы Техникалық регламенттің 271-тармағы бойынша есептеу жүргізбей, дайындаудан немесе монтаждаудан кейін гидравликалық (пневматикалық) сынақтарды өткізуге мынадай жағдайларда жол беріледі:
1) бұйым аустенитті сыныпты, түсті немесе темір-никельді қорытпадан жасалған коррозиялық-төзімді болаттан дайындалғанда;
2) бұйым 20 оС температура кезінде аққыштық шегі 295 МПа кем (30 кгс/мм2) болатын материалдардан дайындалғанда және қабырғасының қалыңдығы 25 мм-ден аспайтын болғанда;
3) бұйым 20 оС температура кезінде аққыштық шегі 590 МПа кем (60 кгс/мм2) болатын материалдардан дайындалғанда және қабырғасының қалыңдығы 16 мм-ден аспайтын болғанда.
Осы Техникалық регламенттің 271-тармағы бойынша есептеу жүргізбей, Тһ гидравликалық сынақтар кезінде металдың ең төменгі рұқсат етілетін температурасын анықтауға мынадай арақатынастарда жол беріледі:
SR2P0,2 <3,5х106 кезінде
Тh >Тkо – 260 + 73 х 10-6 SR2P0,2;
3,5 х 106 < SR2P0,2 <25 х 106 кезінде
Th >Tkо – 17 + 3,1 x 10-6 SR2P0,2;
SR2P0,2 > 25 x 106Th > Tkо + 48 + 0,47 x 10-6 SR2P0,2 кезінде;
мұндағы: Тkо – бастапқы жағдайдағы материал морттығының сындарлы температурасы, оС;
Th – гидравликалық сынақтар температурасы;
S – бұйым қабырғасының ең жоғары номиналды қалыңдығы, мм;
RP0,2 – 20оС температура кезінде материалдың аққыштық шегі, МПа.
Tkо мәні конструкторлық құжаттамада беріледі және дайындау процесінде расталады.";
308-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"308. АС-ты пайдалануды метрологиялық қамтамасыз ету АС-ты әзірлеуге арналған техникалық тапсырмада көзделеді және AC жобасының құрамдас бөлігі болып табылады. АС-ты пайдалануды метрологиялық қамтамасыз ету мыналардан тұрады:
1) бақылауға жататын негізгі параметрлердің номенклатурасы, өлшеулер дәлдігінің нормалары, өлшеулерді орындау әдістемелері, өлшеу құралдарының түрлері;
2) өлшеу құралдарын пайдалану кезінде оларды салыстырып тексеру;
3) өлшеу құралдары мен өлшеу жүйелерін салыстырып тексеру әдістемелерінің номенклатурасы;
4) өлшеу құралдарына қызмет көрсетуге, жөндеуге, салыстырып тексеру мен сақтауға арналған үй-жайларға қойылатын техникалық талаптар;
5) АС-ты пайдалануды метрологиялық қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты орындайтын персоналдың сандық нормативтері және оның біліктілігі.".
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрі |
Н. Ногаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Сауда және интеграция министрлігі