Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 26 маусымдағы "Өрт сөндіруді ұйымдастыру қағидалары туралы" № 446 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 21 қаңтардағы № 25 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 25 қаңтарда № 22112 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Өрт сөндіруді ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 26 маусымдағы № 446 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15430 болып тіркелген, 2017 жылғы 10 тамызда Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық актілердің эталонды бақылау банкіде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Өрт сөндіруді ұйымдастыру қағидаларында:

      көрсетілген Қағиданың 6-қосымшасына:

      оныншы жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

Төтенше жағдайлар министрлігінің басшылық құрамы (Қызыл фон)



  ".

      2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өртке қарсы қызмет комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министрлеріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрі
Ю. Ильин