"Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесін ұйымдастыру және оның қызметі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 24 ақпандағы № 149 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 18 қаңтардағы № 13 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 20 қаңтарда № 22089 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесін ұйымдастыру және оның қызметі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 24 ақпандағы №149 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11097 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 12 маусымда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесін ұйымдастыру және оның қызметі қағидаларында:

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. АҚМЖ құрылымы мен кіші жүйелерінің құрамы";

      5, 6, 7 және 8-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. АҚМЖ аумақтық кіші жүйелері қабылданған әкімшілік-аумақтық бөлініске сәйкес келеді.

      Әрбір аумақтық кіші жүйе ведомстволық бағыныстағы аумақта азаматтық қорғауды ұйымдастыру мен жүргізуге арналған және облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) және аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссияны, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерін, күнделікті басқару органын ("112" бірыңғай кезекші-диспетчерлік қызметін, кезекші-диспетчерлік қызметтер), осы аумақтағы салалық кіші жүйелердің күштері мен құралдарын, оның ішінде қаржы, азық-түлік, медициналық және материалдық-техникалық ресурстарды, байланыс, құлақтандыру, ақпаратпен қамтамасыз ету жүйелерін қамтиды.

      Аумақтық кіші жүйелердің құрылымы әкімдердің шешімімен айқындайды.

      Аумақтық кіші жүйелердің міндеттері, жұмыс істеуін ұйымдастыру және оның тәртібі, мемлекеттік органдардың объектілік және жергілікті төтенше жағдайлар кезіндегі өзара іс-қимыл жасау тәртібі азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесімен келісім бойынша жергілікті атқарушы органдар бекітетін ережелермен айқындалады.

      6. АҚМЖ салалық кіші жүйелерін азаматтық қорғау іс-шараларын орындау бойынша жұмысты ұйымдастыру үшін өз құзыреті шегінде орталық атқарушы органдар құрады.

      Салалық кіші жүйелердің құрылымын, олардың міндеттерін Қазақстан Республикасының тиісті орталық атқарушы органдары айқындайды және олар осы кіші жүйелер туралы ережелермен бекітіледі.

      Бұл ретте әрбір салалық кіші жүйеге, оның буындарына оның құрылымынан шыға отырып, басшы органдар, күнделікті басқару органдары (кезекші-диспетчерлік қызмет), әлеуетті қауіпті объектілердегі жағдайға бақылау жасайтын және табиғи ортаның жай-күйін қадағалап отыратын күштер мен құралдар, төтенше жағдайларды және олардың салдарын жою жөніндегі күштер мен құралдар кіреді.

      7. АҚМЖ-дың республикалық деңгейіне: Қазақстан Республикасының Үкіметі, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган және оның ведомстволары, сондай-ақ басқа да орталық атқарушы органдар өз құзыреті шегінде, орталық кезекші-диспетчерлік пункттер, төтенше жағдайларды байқау, бақылау және жою күштері мен құралдары, басқару мен байланыстың мобильді пункттері жатады. АҚМЖ шеңберінде олардың іс-қимылын үйлестіруді шешімдері ұсынымдық сипатта болатын Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі ведомствоаралық мемлекеттік комиссия жүзеге асырады.

      8. АҚМЖ аумақтық деңгейіне: жергілікті атқарушы органдар, салалық кіші жүйелерде Қазақстан Республикасы орталық атқарушы органдарының аумақтық бөлімшелері өз құзыреті шегінде, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері (облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың департаменттері, азаматтық қорғаныс бойынша топтарға жатқызылған қалалардың басқармалары, аудандық және қалалық төтенше жағдайлар бөлімдері), ұйымдардың кезекші-диспетчерлік қызметтері, осы аумақтағы төтенше жағдайларды байқайтын, бақылайтын және жоятын күштер мен құралдар жатады. Олардың қызметін үйлестіруді шешімдері ұсынымдық сипатта болатын төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі тиісті аумақтық комиссиялар жүзеге асырады.";

      3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. АҚМЖ басшылығы мен басқару органдары";

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Азаматтық қорғау саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты қалыптастыру және жүргізу бойынша ұсыныстарды әзірлеу мақсатында төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссиялар құрылады, оның ішінде:

      1) Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі ведомствоаралық мемлекеттік комиссия;

      2) облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) және аудандардың (облыстық маңызы бар қалалар) төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі аумақтық комиссиялар;

      3) орталық және жергілікті атқарушы органдардың эвакуациялық және эвакуациялық қабылдау комиссиялары;

      4) азаматтық қорғаныс санаттарына жататын ұйымдардың, олардың басшыларының шешімі бойынша құрылатын эвакуациялық комиссиялар.

      Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі ведомствоаралық мемлекеттік комиссияның құрылымы мен құрамын, сондай-ақ олардың жұмыс істеуі туралы ережені Заңның 7-бабының 2-тармағына сәйкес айқындайды.

      Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі аумақтық комиссиялардың құрылымы мен құрамын, сондай-ақ олар туралы ережені Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдарының шешімдерімен айқындайды.

      Орталық және жергілікті атқарушы органдардың эвакуациялық және эвакоқабылдайтын комиссиялардың құрылымы мен құрамын, қажет жағдайда олардың құрылуын орталық және жергілікті атқарушы органдардың сәйкес басшыларының шешімдерімен айқындайды.";

      14-тармақтағы екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның кезекшілік-диспетчерлік қызметтерінен;";

      4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-тарау. Жұмыс істеудің әртүрлі режимдерінде АҚМЖ қызметін ұйымдастыру тәртібі";

      16-тармақ 3)-тармақшадағы оныншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "АҚМЖ, оның кіші жүйелерінің және буындарының жұмыс істеуінің осы немесе басқа режимін енгізу туралы шешімді нақты жағдайды ескере отырып, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган басшылығы, аумақтық бөлімшелермен (облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың департаменттерімен), облыстық маңызы бар қалалардың басқармаларымен, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аудандық төтенше жағдайлар бөлімдерімен келісу бойынша АҚМЖ түрлі деңгейдегі басшы органдары қабылдайды.";

      5-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5-тарау. АҚМЖ жүйесінде даярлау және оқыту";

      6-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6-тарау. Төтенше жағдайлар қаупі төнгені және туындағаны туралы хабар беру тәртібі";

      21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "21. Төтенше жағдайлардың туындауы туралы хабар беру мына тәртіппен жүзеге асырылады:

      1) төтенше жағдайлар туындаған кезде төтенше жағдай фактісі және ахуал туралы ақпарат:

      барлық деңгейдегі әкімдердің аппараттары, ұйымдар, сондай-ақ халық – дереу азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелеріне;

      ұйымдар – өздерінің өкілеттіктеріне сәйкес дереу орталық атқарушы органдарға;

      азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері – дереу Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Дағдарыс жағдайларында басқару орталығына; орталық атқарушы органдар – Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Дағдарыс жағдайларында басқару орталығына ведомстволық бағынысты ұйымдардағы төтенше жағдайлар туралы ақпарат береді;

      2) жаhандық және өңірлік төтенше жағдайлар туындаған жағдайда олар туралы ақпаратты қосымша:

      азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері – азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның тиісті аумақтық бөлімшелері арқылы Қазақстан Республикасының шекаралас әкімшілік-аумақтық бірліктерінің әкімдеріне;

      азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган - өздерінің өкілеттіктеріне сәйкес дереу Қазақстан Республикасының Үкіметіне, орталық атқарушы органдарға береді.".

      7-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7-тарау. Төтенше жағдайларды жоюды ұйымдастыру тәртібі";

      2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеген күннен кейін күнтізбелік он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрі
Ю. Ильин

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ауыл шаруашалығы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Білім және ғылым министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Денсаулық сақтау министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Индустрия және инфрақұрылымдық

      даму министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қорғаныс министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Сыртқы істер министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ішкі істер министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Экология, геология және табиғи

      ресурстар министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Энергетика министрлігі