БҰЙЫРАМЫН:
1. "Азаматтық авиация әуеайлақтарының (тікұшақ айлақтарының) пайдалануға жарамдылығы нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 381 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімінде № 12303 болып тіркелген, 2015 жылғы 31 желтоқсанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Көрсетілген бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы азаматтық авиация әуеайлақтарының (тікұшақ айлақтарының) пайдалануға жарамдылығы нормаларында:
1, 2, 3, 4, 5, 6, 7 және 8-тарау тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:
"1-тарау. Жасанды төсемді әуеайлақтарды және ұшу-қону жолақтарын сыныптау";
"2-тарау. Әуеайлақ элементтерінің геометриялық өлшемдері";
"3-тарау. Әуеайлақтың жасанды төсемдерінің беріктігі және топырақты ұшу-қону жолағының көтергіштік қабілеті";
"4-тарау. Әуеайлақтың жасанды төсемдерінің және топырақтық беттерінің жай-күйі";
"5-тарау. Кедергілерді анықтау";
"6-тарау. Кедергілерді шектеу";
"7-тарау. Кедергілерді есепке алу және жою";
"8-тарау. Жалпы талаптар";
88-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"88. Әуеайлақ оттары мен жарық маяктарында Мемлекетаралық авиация комитеті (МАК) берген үлгі сертификаты немесе сәйкестікті растау жөніндегі аккредиттелген орган берген немесе "Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес танылған Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ICAO) талаптарына сәйкестік сертификаты болуы қажет. Электр жабдығы мен жарық сигналдық жабдықты қашықтықтан басқару аппаратурасының ҚР АА ӘПЖН талаптарына жауап беруін және сәйкестік сертификаттарының болуын қамтамасыз ету қажет.";
9, 10, 11, 12, 13, 14, 15 және 16-тарау тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:
"9-тарау. Әуеайлақтарды, кедергілерді және объектілерді таңбалау";
"10-тарау. Әуеайлақ оттары";
"11-тарау. Жарықты сигнал жабдығы";
"12-тарау. Глиссаданың көрнекті индикациялау жүйесі";
"13-тарау. РД оттары және "тоқтат" сызығындағы оттар";
"14-тарау. Жарықсигнал жабдығының сипаттамасы";
"15-тарау. Әуеайлақтық белгілер";
"16-тарау. Маркерлер";
27, 28, 29, 30, 31, 32, 33, 34, 35, 36, 37, 38, 39, 40, 41, 42, 43, 44, 45, 46, 47, 48, 49, 50, 51, 52, 53, 54, 55, 56, 57, 58, 59, 60, 61, 62, 63, 64, 65, 66, 67, 68, 69, 70, 71, 72, 73, 74, 75, 76, 77, 78, 79, 80, 81, 82, 83, 84, 85, 86, 87, 88, 89, 90, 91 және 92-тарау тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:
"27-тарау. Әуеайлақтарды электрмен жабдықтау және электр жабдықтары";
"28-тарау. Әуеайлақтың объектілерін электрмен жабдықтау";
"29-тарау. Қоректендірудің дербес көздері";
"30-тарау. Тікұшақ айлақтарының жіктеуіші";
"31-тарау. Тікұшақ айлағының сипаттамалары, өлшемдері";
"32-тарау. Бет деңгейіндегі тікұшақ айлақтары";
"33-тарау. Беттің үстінен көтеріңкі орналасқан тікұшақ айлақтары";
"34-тарау. Тікұшақпалубалары";
"35-тарау. Кеме палубаларындағы тікұшақ айлақтары";
"36-тарау. Кедергілерді шектеу беттері мен секторлары";
"37-тарау. Кедергілерді шектеуге қойылатын талаптар";
"38-тарау. Кеменің тұмсық немесе артқы бөлігінде орналасқан арнайы жабдықталған тікұшақ айлақтары";
"39-тарау. Тікұшақ айлағының кеменің ортаңғы бөлігінде орналасуы";
"40-тарау. Кеменің бүйірлік бөлігінде орналасқан жабдықталмаған тікұшақ айлақтары";
"41-тарау. Тікұшақ айлағының тану таңбалауы";
"42-тарау. Тікұшақ айлағы атауының таңбалауы";
"43-тарау. Ең жоғарғы шекті массаны таңбалау";
"44-тарау. Ең жоғарғы шекті D мәнін таңбалау";
"45-тарау. Ұшу-көтерілу мен қонуға кірудің соңғы сатысы аймағының маркері немесе таңбалауы";
"46-тарау. Ұшу-көтерілу мен қонуға кірудің соңғы сатысы аймағының белгілерін таңбалау";
"47-тарау. Дәлдеп қону нүктесінің таңбалауы";
"48-тарау. Қону және жерден көтерілу аймағының таңбалануы";
"49-тарау. Қону нүктесін/берілген орналасу орнын таңбалау";
"50-тарау. Тікұшақпалубаның кедергілерден бос секторын таңбалау";
"51-тарау. Тікұшақпалубаның бетін таңбалау";
"52-тарау. Тікұшақпалубаның қонуға тыйым салынған секторын таңбалау";
"53-тарау. БРЖ-н таңбалау";
"54-тарау. Әуе арқылы бұру-жылжуға арналатын БРЖ таңбалары";
"55-тарау. Әуе арқылы бұру-жылжу бағдарларының маркерлері";
"56-тарау. Жүкшығырдың көмегімен жүктерді өңдеу аймағының таңбалануы";
"57-тарау. Жалпы ережелер";
"58-тарау. Тікұшақ айлағының маягі";
"59-тарау. Жақындау оттарының жүйесі";
"60-тарау. Қону алаңы бағыттағышының ішіне қарай визуалды бағыттау жүйесі";
"61-тарау. Қонуға визуалды кіру глиссадасының нұсқағышы";
"62-тарау. Кедергілерді қорғау беті";
"63-тарау. Ұшу-көтерілу мен қонуға кірудің соңғы сатысы аймағының оттары";
"64-тарау. Дәлдеп қону нүктесінің оттары";
"65-тарау. Қону және жерден көтерілу аймағы оттарының жүйесі";
"66-тарау. Ескерту жүйесі (Жағдай оттары)";
"67-тарау. Шығырдың көмегімен жүктерді өңдеу аймағының прожекторлық жарықтандыруы";
"68-тарау. БРЖ оттары";
"69-тарау. Кедергілерді белгілеудің визуалды құралдары";
"70-тарау. Кедергілердің прожекторлық жарықтандыруы";
"71-тарау. Кедергілерді жарықпен қоршау";
"72-тарау. Желмеңзегіштер";
"73-тарау. Тікұшақ айлақтарын радиотехникалық жабдықпен жарақтандыру";
"74-тарау. Жетектік радиостанция (ЖРС)";
"75-тарау. Әуе электрбайланысының ЕЖЖ құралдары";
"76-тарау. ҚТ электрбайланысы";
"77-тарау. Ішкі байланыс құралдары";
"78-тарау. Жазбалау құралдары";
"79-тарау. Ұшуларды ақпараттық қамтамасыз ету";
"80-тарау. Тікұшақ айлақтарын метеорологиялық жабдықтау";
"81-тарау. Метеожабдық құрамына қойылатын талаптар";
"82-тарау Метеожабдыққа қойылатын техникалық талаптар";
"83-тарау. Тікұшақ айлақтарын электрмен жабдықтау және олардың электржабдығы";
"84-тарау. Тікұшақ айлақтарының апаттық-құтқару жабдығы";
"85-тарау. Беттік деңгейде орналасқан тікұшақ айлақтарының және бет үстінен көтеріңкі орналасқан тікұшақ айлақтарының авариялық-өртке қарсы қамтамасыз етілуі";
"86-тарау. Тікұшақ айлақтарын (тікұшақ палубасы) өртке қарсы қамтамасыз ету";
"87-тарау. Тікұшақ айлағының (тікұшақ палубасы) көпіршікті жабдығының техникалық қызмет көрсетілуі мен қолданылуы";
"88-тарау. Тікұшақайлақтарын (тікұшақпалубаларын) өртке қарсы қамтамасыз етудің қосымша құралдары";
"89-тарау. Тікұшақ айлақтарында (тікұшақ палубаларында) өрт сөндіру құралдарының қорларын басқару";
"90-тарау. Тікұшақтарды пайдалануға арналған қосалқы жабдық";
"91-тарау. Персонал құрамы және дайындық деңгейі";
"92-тарау. Жеке қорғаныс жабдығы.";
2. "Әуеайлақтардың (тікұшақ айлақтарының) азаматтық әуе кемелерін пайдалануға жарамдылығы нормаларына сәйкестігін бағалау әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 376 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімінде № 12408 болып тіркелген, 2016 жылғы 15 қаңтарда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Көрсетілген бұйрығымен бекітілген Әуеайлақтардың (тікұшақ айлақтарының) азаматтық әуе кемелерін пайдалануға жарамдылығы нормаларына сәйкестігін бағалау әдістемесінде:
1 және 2-тарау тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:
"1-тарау. Жалпы ережелер";
"2-тарау. Әуеайлақтың деректері және әуеайлақтардың физикалық сипаттамалары";
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Әуеайлақта:
1) ұшудың әрбір бағыты үшін:
екпiн алу орындалатын қашықтық (ЕОҚ);
ұшуда орындалатын қашықтық (ҰОҚ);
үзiлген ұшу орындалатын қашықтық (ҮҰОҚ) орналастырылады;
2) қонудың әрбір бағыты үшін:
Егер осы ұшу-қону жолағында (бұдан әрі - ҰҚЖ) аралық ҰҚЖ-ның шеттеріне жалғаспайтын) рульдеу жолдарынан (бұдан әрі - РЖ) ұшуға рұқсат берілсе, онда ЕОҚ, ҰОҚ пен ҮҰОҚ әрбір осындай РЖ-дан анықталады. Бұл ретте қашықтықтың басы есебінде РЖ-ның осі желісінің ЖҰҚЖ-ның осі желісімен қиылысу орны қабылданады.
ҚР АА ӘПЖН-ның тәртіптеріне әуеайлақ ҰҚЖ-ның орындалатын қашықтықтардың мәні осы СБӘ-нің 3-қосымшасына сәйкес сәйкестік кестесіне енгізіледі.
Сәйкестік кесте мынадай тәртіппен толтырылады:
1-бағанда ҚР АА ӘПЖН-ның тармағы көрсетіледі;
2-бағанда қашықтықтардың мәндері көрсетіледі. Бұл ретте ұшуға рұқсат етілген барлық РЖ-дан ұшу қашықтықтары көрсетіледі;
3-бағанда растау құжаттарының нөмірлері: Әуеайлақ нұсқауы;
4-бағанда орындалатын қашықтықтардың ҚР АА ӘПЖН-ның тармағының талаптарына сәйкестігі туралы көрсетіледі;
5-бағанда ҰҚЖ-ны ұшуға қолдану ерекшеліктері туралы мәліметтер (ҰҚЖ-ды бір жақты қолданғанда ұшу МБ=..., ғана, қону МБ=..., ғана, сондай-ақ тежеудің шеткі жолағының (бұдан әрі - ТШЖ) және/немесе кедергіден бос жолағының (бұдан әрі - БЖ) болуы және олардың ұзындығы, аралас шегі) көрсетіледі.
Кестенің соңында растау құжаттарының атауы мен күні көрсетіледі. Әуеайлақта екі және одан да көп ЖҰҚЖ болған кезде осы СБӘ-нің кестесі әрбір ЖҰҚЖ үшін толтырылады.
3, 4, 5, 6, 7, 8, 8, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16 және 17-тарау тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:
"3-тарау. Визуалды құралдардың сәйкестігін бағалау";
"4-тарау. Радиотехникалық жабдықтардың сәйкестігін бағалау";
"5-тарау. Метеорологиялық жабдықтың сәйкестігін бағалау";
"6-тарау. Электрмен жабдықтаудың және электр жабдығының сәйкестігін бағалау";
"7-тарау. Тікұшақ айлақтарының мәліметтерінің, тікұшақ айлақтарының түрлерінің және физикалық сипаттамаларының сәйкестігін бағалау";
"8-тарау. Жер үстінен көтеріңкі тікұшақ айлақтары";
"9-тарау. Тікұшаққа арналған палубалар";
"10-тарау. Кемелер палубаларындағы тікұшақ айлақтары";
"11-тарау. Кедергілерді шектеудің және жоюдың сәйкестігін бағалау";
"12-тарау. Кедергілерді есепке алуың сәйкестігін бағалау және кедергілерді жою";
"13-тарау. Визуалды құралдардың сәйкестігін бағалау";
"14-тарау. Радиотехникалық жабдықтың сәйкестігін бағалау әдістемесі";
"15-тарау. Метеорологиялық жабдықтың сәйкестігін бағалау";
"16-тарау. Электрмен жабдықтаудың және электр жабдығының сәйкестігін бағалау";
"17-тарау. Авариялық-құтқару құрылғысының сәйкестігін бағалау".
3. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі |
Б. Атамкулов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрлігі
2020 жылғы "___"____________
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрлігі
2020 жылғы "___"____________
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
2020 жылғы "___"____________
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігі
2020 жылғы "___"____________
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігі
2020 жылғы "___"____________