"Ұқсас мамандықтар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 мамырдағы № 242 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 12 қаңтардағы № 12 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 14 қаңтарда № 22076 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Ұқсас мамандықтар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 мамырдағы № 242 бұйрығының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2018 жылғы 11 маусымда № 17027 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік-құқықтық актілердің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 15 маусымда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1)  осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі интернет-ресурсында орналастыруды;

      3)  осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік етуші Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
А. Аймагамбетов