"Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы" 2015 жылғы 12 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті (бұдан әрі – Есеп комитеті) ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарттарын бекіту туралы" Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2016 жылғы 31 наурыздағы № 5-НҚ нормативтік қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13647 болып тіркелген, 2016 жылғы 11 мамырда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген нормативтік қаулымен бекітілген 750. Сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының сапа бақылауын жүзеге асыруы бойынша сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарты осы нормативтік қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Есеп комитетінің Заң бөлімі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы нормативтік қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы нормативтік қаулының Есеп комитетінің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы нормативтік қаулының орындалуын бақылау Есеп комитетінің аппарат басшысына жүктелсін.
4. Осы нормативтік қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің Төрайымы |
Н. Годунова |
750. Сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының сапа бақылауын жүзеге асыруы бойынша сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарты
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының сапа бақылауын жүзеге асыруы бойынша сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарты (бұдан әрі – Стандарт) "Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы" 2015 жылғы 12 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 8-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына және 3-тармағына және 24-бабына сәйкес, сондай-ақ Халықаралық жоғары аудит органдары ұйымының (INTOSAI) Сапа бақылауын жүргізу бойынша халықаралық стандарттарының (ISSAI) қолайлы ережелері негізінде әзірленді.
2. Стандарт сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары (бұдан әрі – МАҚБ органдары) жүргізетін тиімділік аудитінің (алдын ала, ағымдағы және кейіннен бағалауды қоспағанда) құрамында жүргізілетін мемлекеттік аудиттің және (немесе) сараптамалық-талдау іс-шараларының нәтижелері бойынша мемлекеттік аудиторлар жасайтын құжаттардың, мемлекеттік аудитті жүргізуге тартылған аудиторлық ұйымдар мен (немесе) сарапшылардың қорытындыларының (материалдарының) сапасын бақылауды жүзеге асыруға және оның нәтижелерін рәсімдеуге қойылатын рәсімдік талаптарды қамтиды.
3. Стандарттың мақсаты сыртқы МАҚБ органдары қызметінің және мемлекеттік аудиторлардың, сондай-ақ мемлекеттік аудитті және (немесе) сараптамалық-талдау іс-шараларын жүргізуге тартылған аудиторлық ұйымдар мен сарапшылардың қызметінің мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарына, сондай-ақ Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2020 жылғы 30 шілдедегі 6-НҚ нормативтік қаулысымен бекітілген Сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21070 болып тіркелген, бұдан әрі – МАҚБ қағидалары) сәйкестігін қамтамасыз ету болып табылады.
4. Стандарттың міндеті мемлекеттік аудиттің, сараптамалық-талдау іс-шараларының, мемлекеттік аудиторлар қызметінің және мемлекеттік аудитті және (немесе) сараптамалық-талдау іс-шараларын жүргізуге тартылған аудиторлық ұйымдар мен сарапшылардың қорытындыларының (материалдарының) сапасын бақылауды жүзеге асыру бойынша рәсімдік талаптарға қойылатын бірыңғай тәсілді белгілеу болып табылады.
5. Осы Стандартта келесі мынадай ұғымдар пайдаланылады:
сапа бақылауы – мемлекеттік аудиторлардың, мемлекеттік аудитті және (немесе) сараптамалық-талдау іс-шарасын жүргізуге тартылған аудиторлық ұйымдар мен (немесе) сарапшылардың жасайтын құжаттарын МАҚБ органдарының Жалпы және рәсімдік стандарттарында, сондай-ақ МАҚБ қағидаларында көзделген талаптардың сақталуы тұрғысынан тексеру түсініледі.
6. Сапа бақылауын жүзеге асыру қағидаттары мыналар болып табылады:
1) тәуелсіздік – жұмыскерлердің сапа бақылауын жүзеге асырған кезде олардың қызметіне кез келген араласуға жол бермеу;
2) объективтілік – сапа бақылауын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қатаң жүргізу, сапа бақылауын жүргізу және сапа бақылауы қорытындыларын ресімдеу кезінде құжаттамалық негізделген және расталған тұжырымдармен бірыңғай тәсілді қамтамасыз ету, мүдделер қақтығысын болғызбау;
3) айқындық – сапа бақылауы нәтижелерін баяндаудың анықтығы, сапа бақылауын жүргізудің барлық мүдделі тараптар үшін оның нәтижелерінің түсініктілігі мен қолжетімділігін қамтамасыз ететін әдістері мен өлшемшарттарын қолдану;
4) құзыреттілік – сапа бақылауын жүзеге асыру үшін жұмыскерлердің қажетті кәсіби білімдері мен дағдыларының жиынтығы;
5) анықтық – сапа бақылауының нәтижелерін құжаттардың түпнұсқаларымен немесе олардың сканерленген нұсқаларымен, сондай-ақ ережелері бұзылған нормативтік құқықтық актілерге сілтемелермен растау.
2-тарау. Сапа бақылауын ұйымдастыру
7. МАҚБ органдарының басшылары мемлекеттік аудиторлардың өздерінің қызметі барысында жасайтын құжаттарды МАҚБ қағидаларында айқындалған тәртіппен, тәуекелдерді басқару жүйесі негізінде мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарына сәйкестігі мәніне үнемі тексеру жүргізу жолымен сапа бақылауын ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.
8. Сапа бақылауын жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімше осы Стандартты қолдану жөніндегі әдіснамалық басшылыққа (бұдан әрі – Әдіснамалық басшылық) сәйкес сапа бақылауына жататын аудиторлық іс-шаралардың тәуекелдер көрсеткіштерін есептеуді жүзеге асырады.
9. Сапа бақылауын құзыреті шеңберінде құқықтық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімшенің қорытындысын ескере отырып, МАҚБ органының сапа бақылауын жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімшесі жүзеге асырады.
Сапа бақылауын осы мемлекеттік аудитке және қаржылық бақылауға қатыспаған мемлекеттік аудиторлар жүзеге асырады.
10. Сапа бақылауын жүргізудің қажеттілігі мен мерзімділігі, сондай-ақ сапа бақылауын жүргізудің мерзімі мен ұзақтығы оның жеделдігі мен нәтижелілігін қамтамасыз ету мақсатында белгіленеді.
11. Есеп комитетінің (Тексеру комиссиясының) аудиторлық және (немесе) сараптамалық-талдау іс-шарасын ұйымдастыруға және жүзеге асыруға жауапты мүшесі, мемлекеттік аудитті жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімшенің басшылары және мемлекеттік аудит тобының басшысы өз өкілеттіктері шегінде мемлекеттік аудиторлардың мемлекеттік аудиттің және (немесе) сараптамалық-талдау іс-шарасының нәтижелері бойынша құжаттарды жасаудың тиісінше сапасын қамтамасыз ету қызметін бақылау жөнінде шаралар қабылдайды.
12. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының жұмыскерлері сапа бақылауын және заң сараптамасын жүргізу мақсатында электрондық құжат айналымының ақпараттық жүйесінде қажетті құжаттарды уақтылы және толық көлемде орналастырады.
13. Сапа бақылауын жүзеге асыру барысында оны жүргізу бойынша кедергілер туындаған кезде, соның ішінде қажетті құжаттар мен өзге де ақпарат болмаған және/немесе орналастырылмаған жағдайда, сапа бақылауын жүргізуге және құқықтық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімшелердің басшылары бұл туралы МАҚБ органының басшысына хабарлайды.
14. Сапа бақылауын жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімшенің жұмыскерлері ұсынылған материалдар бойынша мемлекеттік аудит және (немесе) сараптамалық-талдау іс-шарасының нәтижелерін талдайды және оларға сараптама жүргізеді.
15. Сапа бақылауын жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімше сапа бақылауын жүзеге асырады:
1) мемлекеттік аудит объектілерін, Аудит жоспары мен бағдарламасының жобаларын алдын ала зерделеу нәтижелері туралы ақпарат;
2) растайтын құжаттары бар Аудиторлық есептердің, Аудиторлық іс-шара нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктер тізілімінің жобалары (бұдан әрі – Тізілім);
3) Аудиторлық қорытындының, Қаулылар мен Нұсқамалардың, Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктердің жиынтық тізілімінің жобалары (бұдан әрі – Жиынтық тізілім);
4) тартылған сарапшылардың қорытындылары (материалдары);
5) мемлекеттік аудит объектілерінің және басқа да мүдделі тұлғалардың сыртқы мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша Аудиторлық қорытындыда және Нұсқамаларда берілген ұсынымдардың орындалуы туралы ақпараты.
16. Құқықтық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімше МАҚБ қағидаларына, сондай-ақ осы Стандартты қолдану жөніндегі әдіснамалық басшылыққа сәйкес Аудиторлық есептердің және оларға қоса берілген Тізілімдердің жобаларына, Аудиторлық қорытындының, Жиынтық тізілімнің, Қаулы мен Нұсқаманың жобаларына заң сараптамасын жүзеге асырады.
17. Сапа бақылауына сыртқы МАҚБ органдарының аудиторлық, сараптамалық-талдау қызметінің дайындық, негізгі және қорытынды кезеңдері, мемлекеттік аудиторлардың барлық қызметі, осы Стандартты қолдану жөніндегі әдіснамалық басшылыққа сәйкес өлшемшарттар негізінде мемлекеттік аудитті жүргізуге тартылған аудиторлық ұйымдар мен сарапшылардың қорытындылары (материалдары) жатқызылады.
18. Сапа бақылауын жүргізудің ішкі тәртібін нақтылау және оларды жүргізу бойынша тәуекелдерді басқару жүйесінің өлшемшарттары осы Стандартты қолдану жөніндегі әдіснамалық басшылықта белгіленеді.
3-тарау. Аудиторлық іс-шараның дайындық кезеңінің сапасын бақылау
19. Мемлекеттік аудит объектілерін алдын ала зерделеу нәтижелері туралы ақпаратты, Аудит жоспары мен бағдарламасының жобаларын, Есеп комитетінің (Тексеру комиссияның) аудиторлық іс-шараға жауапты мүшесінің (Мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне өзгерістер енгізілген кезде) қызметтік жазбасын мемлекеттік аудит тобының жетекшісі мемлекеттік аудитті жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімше басшысының қолымен аудит объектісіне шыққанға дейін сегіз жұмыс күні бұрын сапа бақылауын жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімшеге ұсынады.
20. Сапа бақылауын жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімше осы Стандарттың 19-тармағында көрсетілген құжаттардың қолданыстағы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарының және МАҚБ қағидаларының талаптарына сәйкестігі мәніне сараптама жүргізеді.
21. Ұсынылған құжаттарды қарау нәтижелері бойынша сапа бақылауын жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімше үш жұмыс күні ішінде Есеп комитетінің (Тексеру комиссиясының) мүшесіне және мемлекеттік аудитті жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімшенің басшысына сараптамалық қорытынды енгізеді.
4-тарау. Аудиторлық іс-шараны жүргізудің негізгі кезеңінің сапасын бақылау
22. Мемлекеттік аудиторлар қол қойған аудиторлық есептің жобасын, Бұзушылықтар тізілімін және басқа да қосымшаларды (болған кезде) мемлекеттік аудит тобының жетекшісі (мемлекеттік аудитор) аудит объектісінде аудиторлық іс-шараны аяқтағаннан кейін сапа бақылауын жүргізу үшін МАҚБ қағидаларында көзделген тәсілдермен сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органына жібереді.
23. Аудиторлық есептердің жобалары және оларға қоса берілген Тізілімдер бойынша аудиторлық есептің жобасы Есеп комитетінің (Тексеру комиссиясының) кеңсесінде тіркелген күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде сапа бақылауы рәсімі жүргізіледі.
24. Сапа бақылауын жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімше сапа бақылауы бекітілген өлшемшарттары бөлінісінде ережелері бұзылған құжаттарға және нормативтік құқықтық және құқықтық актілердің тармақтарына сілтеме жасай отырып, нақты фактілерді көрсете отырып, бұзушылықтар мен сәйкессіздіктердің анықталған фактілерін, сондай-ақ сапа бақылауы нәтижелері бойынша тұжырымдарды көрсетеді.
25. Құқықтық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімше құқықтық сараптама шеңберінде бұзушылықтар тізілімінде тіркелген бұзушылықтар бойынша аудиторлық дәлелдемелердің болуы мен толықтығына, бұзушылықтарды (кемшіліктерді) саралау кезінде заңнаманы қолданудың дұрыстығына, сондай-ақ қылмыстық және (немесе) әкімшілік құқық бұзушылық белгілерінің болуына баға береді.
26. Аудиторлық есептер жобаларының және оларға қоса берілген тізілімдердің (соның ішінде МАҚБ-ның басқа органдарымен бірлескен тексерулер бойынша аудиторлық есептер жобаларының) сапа бақылауын жүргізу нәтижелері бойынша сараптамалық және заң қорытындылары қалыптастырылады (МАҚБ әрбір органының аудитке ұшыраған мәселелер шеңберінде жеке бірлескен тексерулері бойынша).
27. Аудиторлық есеп осы Стандартты қолдану жөніндегі әдіснамалық басшылықта айқындалған өлшемшарттар бойынша мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарына сәйкес келмеген жағдайда, МАҚБ органының басшысы мемлекеттік аудит нәтижелерін қайта тексеру қажеттілігін айқындайды.
5-тарау. Мемлекеттік аудитті немесе сараптамалық-талдау іс-шараларын жүргізуге тартылған аудиторлық ұйымдар мен сарапшылар қорытындыларының (материалдарының) сапасын бақылау
28. Мемлекеттік аудитті немесе сараптамалық-талдау іс-шарасын жүргізу кезінде тартылатын сарапшылар Заң нормаларын, сондай-ақ сыртқы МАҚБ рәсімдік стандарттарында және МАҚБ қағидаларында белгіленген талаптарды басшылыққа алады.
29. Мемлекеттік аудитті немесе сараптамалық-талдау іс-шараларын жүргізуге тартылған аудиторлық ұйымдар мен сарапшылар қорытындыларының (материалдарының) сапасын бақылау аудиторлық есептердің сапасын бақылау шеңберінде жүзеге асырылады.
6-тарау. Аудиторлық немесе сараптамалық-талдау іс-шарасының қорытынды кезеңінің сапасын бақылау
30. Есеп комитетінің (Тексеру комиссиясының) аудиторлық іс-шараға жауапты мүшесінің басшылығымен дайындалған Аудиторлық қорытындының, Жиынтық тізілімнің, Қаулының және Нұсқаманың жобаларын мемлекеттік аудитті жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімше Есеп комитетінің (Тексеру комиссиясының) отырысы өткізілгенге дейін тоғыз жұмыс күні бұрын сапа бақылауына және құқықтық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімшелерге бір мезгілде жібереді.
31. Аудиторлық қорытындының, Жиынтық тізілімнің, Қаулының және Нұсқаманың жобалары бойынша заң сараптамасы кейіннен заң сараптамасының қорытындысын Есеп комитетінің (Тексеру комиссиясының) аудиторлық іс-шараға жауапты мүшесіне сапа бақылауына және мемлекеттік аудитті жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімшелерге жібере отырып үш жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
Құқықтық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімше құқықтық сараптама шеңберінде бұзушылықтарды (кемшіліктерді) саралау кезінде заңнаманы қолданудың дұрыстығына, соның ішінде біліктілік түрлері бойынша және бұзушылықтарды жиынтық тізілімге енгізудің толықтығына баға береді.
Заң қорытындысында Аудиторлық қорытындының ұсынымдары мен тапсырмалары мазмұнының заңнама талаптарына сәйкестігі туралы, соның ішінде нұсқаманың атаулылығы бойынша мәселелер көрсетіледі.
Құқық қорғау органдарына беру үшін Аудиторлық қорытындыда жазылған бұзушылық фактілері бойынша қылмыстық құқық бұзушылық белгілерінің болуы немесе болмауы туралы қорытынды ұсынылады.
32. Аудиторлық қорытындының, Жиынтық тізілімнің, Нұсқаманың және Қаулының жобалары бойынша сапаны бақылау келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
7-тарау. Аудиторлық қорытындыда (соның ішінде бірлескен Аудиторлық қорытындыда) қамтылған ұсынымдарды және Нұсқамалардың (Қаулылардың) тармақтарын іске асырудың орындалу сапасын бақылау
33. Сыртқы мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша Аудиторлық қорытындыда және Нұсқамаларда берілген ұсынымдарды орындау бойынша мемлекеттік аудит объектілерінен және өзге де мүдделі тұлғалардан келіп түскен ақпарат бойынша сапа бақылауына жауапты құрылымдық бөлімше Аудиторлық қорытындыда берілген ұсынымдардың және мерзімінде міндетті түрде орындау үшін жіберілген Нұсқамалардың орындалуын бақылауға жауапты Есеп комитетінің (Тексеру комиссиясының) мүшесімен бірлесіп, келіп түскен күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде мыналардың уақтылығы мен толықтығы тұрғысынан бақылау мен талдауды жүзеге асырады:
1) аудит объектілерінің Аудиторлық қорытындыда берілген ұсынымдарды, соның ішінде қарау нәтижелері туралы ақпаратты және оларды қарау мен шешім қабылдау туралы растайтын құжаттарды қарауы;
2) Нұсқамалардың тапсырмалық тармақтарының орындалуы, соның ішінде Нұсқамалардың орындалу нәтижелері туралы ақпарат және растайтын құжаттар.
34. Ұсынылған құжаттарды қарау нәтижелері бойынша сапа бақылауын жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімше Есеп комитетінің (Тексеру комиссиясының) аудиторлық іс-шараға жауапты мүшесіне ұсынымдар мен нұсқамалардың орындалу нәтижелері туралы қызметтік жазбаның жобасын енгізеді.
35. Аудиторлық қорытындыда (соның ішінде бірлескен) қамтылған ұсынымдарды және Нұсқамалардың құқықтық сипаттағы тармақтарын (сот талқылауларына қатысу, заңнаманы жетілдіру) орындау нәтижелері бойынша дайындалған қызметтік жазбаның жобасы мен сұрау салу жобасы құқықтық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімшемен келісіледі.